|
Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді
|
бет | 9/11 | Дата | 21.03.2022 | өлшемі | 29,78 Kb. | | #136508 |
| Байланысты: Жанрр (1)Сюжеттік байланыс – адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді.
Сюжеттеік даму адамдардың өзара қарым-қаиынасынан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістерге байланысты.
Шиеленісуі – оқиғаның, адамдар арасындағы әрекеттің шиеленісіп, ширығуы.
Шарықтау шегі – сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешімі – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиғаға қатысушылардың ең ақырға хал-күйі, күллі құбылыс-көріністерінің соңғы сахнасы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|