Проза Поэзия


Композицияның қосымша құралдары



бет8/11
Дата21.03.2022
өлшемі29,78 Kb.
#136508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Жанрр (1)

Композицияның қосымша құралдары:
Лирикалық шегініс, кіріспе эпизодтар (шығарма сюжетімен тікелей байланыспайды); көркем аңдату – шығарманың негізгі сюжеті туралы түсінік; көркемдік толықтыру – оқиғаны бастап немесе аяқтайтын, толықтыратын, қосымша мәннің үстелуі.
Композициялық тәсілдер – ішкі монолог, күнделік және т.б.
Көркем шығарманың ішкі пішіндік деңгейі:
Баяндаудың субъектілік ұйымдастырылуы: баяндау жеке лирикалық кейіпкер атынан, кейіпкер-әңгімеші атынан, баяндаушы (жақсыз) атынан берілуі.

  1. Адамның көркем бейнесі: сырт кейпі, характері (әрекеті, мінез-құлқы, өзге кейіпкерлермен қатынасы, әрекет ортасы, ахуалы, портреті, тілі); пейзаж: кейіпкердің әрекеті мен ой-сезімін терең түсінуге көмектеседі. Кейіпкердің өмір сүретін әлеуметтік ортасы, қоғамдық жағдайы; прототиптің болу-болмауы.

  2. Бейне-персонажды жасаудағы негізгі тәсілдер:

  • Кейіпкердің әрекеті арқылы мінездеме беру;

  • Кейіпкердің портреттік сипаты;

  • Тікелей авторлық мінездеме;

  • Психологиялық талдау;

  • Кейіпкерге басқа қатысушылардың берген мінездемесі;

  • Көркемдік деталь - кейіпкерді қоршаған зат пен құбылыс арқылы сипаттау.

  1. Бейне-персонаждардың түрлері

  • Лирикалық; драмалық; эпикалық

  1. Бейне-персонаждардың жүйесі. Жекелеген бейнелер бір топқа шоғырлануы мүмкін. Олардың өз ара бірігіп, топтасуы әрбір кейіпкердің болмысын жекелей ашуға көмектеседі де, сол арқылы туындының тақырыбы, идеясы ашылады. Осы кейіпкерлердің бәрі шығармада суреттелген қоғамдық ортаны (әлеуметтік, этникалық) бейнелейді.

  2. Көркем туындыдағы уақыт пен кеңістік (мекеншақ) автордың суреттеуі арқылы беріледі. Олар нақты, шартты, жинақы, кең түрде болады. Көркемдік уақыт тарихи кезеңмен сәйкеседі немесе сәйкеспейді, үзілісті мен үзіліссіз болады, ұзақ немесе тез (шапшаң), мәңгілік немесе өткінші, ашық немесе тұйық түрде беріледі.

  3. Автор ұстанымы және оның көріну тәсілдері

Авторлық бағалау: тура және жанама.Көркем бейнені жасау тәсілі: баяндау (оқиғаның өту кезімен байланыстыра беру), суреттеу (жекелеген құбылыс, белгі, сипат-қасиеттермен үйлестіре беру), ауызша сөйлеу арқылы (диалог, монолог арқылы) береді.
Көркем детальдің орны мен маңызы (көркемдік тұрғыда тәптіштей суреттеу арқылы кең мәлімет беру).
Сыртқы пішін деңгейі. Көркем шығарманың тілдік сипаты
кейіпкерлердің тілі; баяншының тілі; жалпыхалықтық тілді пайдалану ерекшелігі, көркемдік тәсілдер арқылы көрінеді.
Шығарманың композициялық құрылысы – әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы. Шығарманың композициясы сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті, мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет