Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет20/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
transfer-receipt-2066896327, transfer-receipt-2066896327, БОТА ШПОР, 7 сын 2 тоқсан ұлдар
8.
 
Пазлалармен жұмыс. 
9.
 
«Сиқырлы орман» пластиллиннен жасалған аңдар және жалпы ертегі 
шығармасы. 
10.
 
«Айналмақ» Балалар бір─бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып 
тұрады және бір ─біріне күлімсірейді. 
11.
 
Сабақты қорытындылау. Шеңбер бойынша әр бала осы сәтте өзін қалай 
сезініп тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не 
ұнамағанын, келесі сабақта немен айналысқысы келетінін айтады. 
6 сабақ.
1. 
Сәлемдесу. «Қуаныш шеңбері». Бір─бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың 
жылулығын үнсіз береді, бір─бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және 
жақсы көңіл ─күй тілейді. Кейін шеңбер құрып отырып, осы сіттегі 
сезімдерімен алмасады және кешегі күнді қалай өткізгендігін айтады.


27 
2
. Тренинг: « Көңілді әріптер »
Мақсаты: Әріптерді әуенге қосып айту арқылы жақсы тыныс алып, 
жақсы көңіл күй орнату . 
Өту барысы: Қатысушылар терең демалып, босаңсып, дөңгеленіп отырады. 
Ең алдымен терең тыныс алып дыбыстарды қайталау . Ән тындап сол
әнді дыбыстар арқылы айту. 
Бір әріпке 30 секунд беріледі. 
А- Барлық дене мұшелеріне жақсы әсер береді. 
Е- дыбысты шығаруға жақсы әсер береді 
И-ми, көз, мұрын, құлаққа жақсы әсер береді. 
О-жүрекке, өкпеге жақсы әсер береді. 
У- іш құрыстарға жақсы әсер береді 
Я- Барлық іштегі сезімдерге жақсы әсер береді 
М- барлық дене мүшелеріне жұмыс істеуге көмектеседі 
Х-дененің тазаруына көмектеседі 
ХА- көңіл- күйді жақсартуға көмектеседі 
3. Жаттығу: «Қызықты арифметика». 
Мақсаты: Алдын- ала берілген алгоритм бойынша қарапайым 
операцияларды ойша орындай алуды дамыту. 
Жаттығудың жүргізілуі: Барлық қатысушылар шеңбер бойына тұрады. 
Қатысушылардың бірі жетекші ролін орындайды. Оның қолында доп болады. 
Ол тапсырма беріп, сол тапсырманың дұрыстығын тексереді. Тапсырма 
әртүрлі болуы мүмкін.
1.
Нұсқа. Жетекші үш саннан тұратын қатарды атайды, мысалы, 7.4.1.деп 
ойыншылардың біріне допты лақтырады. Допты ұстаған бала сандарды 
кері қатарда атайды. (1.4.7.). мұнан кейін ол допты жетекшіге қайтарады.
Егер ойыншы шатасса, ол ойыннан шығады. Кім жетекшімен бірде - бір 
қалса сол жеңіске жетеді.
2.
Пуантилизм - саусақ өнері.
Мақсаты бейнені өздігімен құруға үйрету.
Балаларалдымен сурет салып, суретті бір немесе бірнеше саусақтарымен 
және мақтасы бар таяқшалардың көмегімен суреттерді бояу ұсынылады. 


28 
3.
«Белгілерді белгіле». Мақсаты: Зейіннің ауысуы мен ақыл - ойдың 
жұмысқа қабілеттілігін дамыту.
Ойынның жүргізілуі: Ойынды екі нұсқада жүргізуге болады. Олардың 
біріне бала мұқият қарап алып тез арада үш түрлі белгімен «*»- 
дөңгелекпен, «!»- бір сызықпен, «=» шаршымен белгілейді. Тапсырманы 
орындауға бес минут уақыт жұмсалады.
4.
«Барлаушылар» мақсаты: Моторлы- есту есін дамыту, тежелу қозғалысын 
түсіру. Ойынның жүргізілуі: Бөлмеде үстелдер ретпен орналастырылған. 
Бір бала барлаушы (барлаушы) бөлмеде үстелдерді кез келген жағымен 
айналып өтеді, ал келесі бала болса барлаушының жүрген жолын есте 
сақтап, жасақты сол жолмен алып өтеді. Мұнан кейін барлаушы мен 
жасақ топ басшысы басқа балалармен ауысады. 
5.
Релаксациялық жаттығу «Теңіз жағасында». Жәй музыка жүреді, балалар 
диванға жайғасып отырып көздерін жұмып, жетекшіні тыңдап, болғаннан 
соң өз сезімдерімен бөліседі. 
6.
Сурет салу. Релаксация кезінде елестеткен заттардың бейнесін тор 
көздерге салып береді. 
7.
«Қылыш пен қалқан». Мақсаты: Эмоционалды қысымды түсіру, 
агрессияны шығару. Қалқанға допты түсіру 
8.
«Айналмақ» Балалар бір─бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер құрып 
тұрады және бір ─біріне күлімсірейді. 
9.
Сабақты қорытындылау. 
7- сабақ. 
1.
Сәлемдесу. 
Бір - бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, 
бір - бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл- күй 
тілейді.
2.
Ребустар. Мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру және ойша 
әрекет жасауға қабілеттендіру.
Жаттығудың жүргізілуі: Балаларға ребусты ұсынбас бұрын оны өз 
бетімен шешу үшін негізгі ережелермен таныстырған жөн. 
Алғашында үш әріптен құралған жеңіл ребустарды шешуден 
бастағандары дұрыс. Мұнан кейін бірте бірте тапсырманы 
күрделендіру жолымен әріп санымен суреттер ұлғайтылады. 


29 
3.
«Кім болғым келеді?» Балаларға өскенде кім болғылары 
келетіндіктерін қиялдап көз алдарына елестету ұсынылады. 
Қысқаша талқылап, өздерін қалайша елестеткендерін сурет салу 
арқылы көрсетеді.
4.
«Белгілерді белгіле» Мақсаты: Зейіннің ауысуы мен ақыл ойдың 
жұмысқа қабілеттілігін дамыту.
Олардың біріне бала мұқият қарап алып тез арада үш түрлі белгімен
«*»- дөңгелекпен, «!»- бір сызықпен, «=» шаршымен белгілейді. 
Тапсырманы орындауға бес минут уақыт жұмсалады.
5.
Ойын. «Жел соғады оған» Мақсаты: Зейінді, қозғалыс белсенділігін 
дамыту. Жаттығудың жүргізілуі: Балалар шеңбер бойында 
орындықтарда отырады. Музыка ойналады, музыка тоқтап қалған 
кезде орындаққа отырып үлгермеген бала ойыннан шығып қалады. 
Ең соңғы қалған адам ойын жеңімпазы атанады. 
6.
«Айналмақ» Балалар бір─бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер 
құрып тұрады және бір ─біріне күлімсірейді. 
7.
Сабақты қорытындылау. 
8- сабақ

1.
Сәлемдесу. Бір - бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың 
жылулығын үнсіз береді, бір - бірлерінің көздеріне қарайды, 
жымияды және жақсы көңіл күй тілейді.
2.
Ойын. «Қоян» 
Ойынның жүргізілуі: Жетекші мәтінді оқиды, белгілі бір 
қимылдарды көрсетеді, балалар жетекшінің сөзі мен қимылын 
қайталайды. Алдымен мәтін түгел оқылады, содан кейін бір 
жолдан қимылдармен алмастырылады. Өлеңнің соңында ғана 
қимылдармен көрсетеді. 
Орманда бір үйшік тұрды. 
Үй алдында аңшы бопты, 
Қоян өтті жүгіріп,
Тоқылдатып есікті.
«Көмектес» деп айқайлап,
Айтты сыртта тұрғанын 
Мылтығымен аңшының 
«Кірсең үйге тезірек 
Боласың сен аман»
3.
«Сіріңкелермен бас қатырғыш» 
Мақсаты: бейнелі ойлауды жаттықтыру. 
Жаттығудың жүргізілуі: тапсырма әртүрлі болуы мүмкін. Белгілі 
сіріңке санынан берілген тапсырманы, санды немесе санды құрастыру. 
Ойын ережесі бойынша сіріңкелер шешім дайын болғанда ғана жайып 
көрсетіледі. Шешім шығару барысында мұны жасап көруге болмайды. 
Шешімді тек ойша іздеу керек. 


30 
А) Екі шаршыдан үш үшбұрышты жасаңыз: 
Б) Сіріңкелермен тордағы мысықты бейнелеңіз. 
4.
Ойын: «Болады - болмайды» Мақсаты: қиялды дамыту. 
Жаттығудың жүргізілуі: Балаларға сөйлем оқылады. Егер сөйлем 
орныды болса балалар шапалақтайды, егер сөйлем орнысыз 
болса аяөтарымен жерді тарсылдатады. Мысалы, қасқыр орманда 
жүреді, қасқыр ағашта отыр. Ит аспанда жүзіп жүр, үй қыздың 
суретін салып отыр.т.с.с. 
5.
Ойын: «Тыңда және орында». Мақсаты: есту, моторлы есті 
дамыту. Жаттығудың жүргізілуі: бірнеше әрекеттерді атап, 
бірақ оларды көрсетпейді. Бір екі рет қайталауға болады. Балалар 
бұл әрекеттерді ретімен қимыл арқылы көрсетеді.
1.
Басты оңға қарай бұру, басты тік бұру, басты төмен қарату, 
басты тік ұстау. 
2.
Оң қолды жоғары көтеру, сол қолды жоғары көтеру, екі қолды 
төмен түсіру. 
3.
Отыру, тұру, бір аяқты көтеру, бір аяқпен тұру, төмен түсіру, 
еңкею. 
6.
Монотипия. Мақсаты: аффективті, қозғыш балалардың 
эмоционалды қозуын бәсеңдету.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға екіге бүктелген парақта түрлі 
түсті дақтарды салу ұсынылады. Алынған түрлі - түсті дақты 
парақта бүктелген екінші жағымен жауып шеңбер қозғалысымен 
сипалау қажет. Мұнан кейін ұқсас даққа қарап бейнеге енгенше 
суретті аяқтайды. 
7.
Ойын: «Сен не істеп жатырсың».
Жаттығудың жүргізілуі: Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. 
Жетекші қандай да бір әрекетті атайды. Мысалы, тісін тазалайды. 
Сол жағындағы қатысушы оға сұрақ қояды, «Сен не істеп 
жатырсың?» жетекші басқа әрекетті атайды мысалы, «Қолымды 
жуып жатырмын», қатысушы ол қолын қалай жуып жатқанын 
көрсетеді. Осылай шеңбер бойымен жалғаса береді. 


31 
8.
Психогимнастика. «Кеме». Мақсаты: «Көз алдарыңызға 
елестетіңіздер, біз кемеде келе жатырмыз. Ауа райы тынық, күн 
шығып тұр» сөздерін айтқанда жылы, бірқалыпты ауа райын 
бейнелейсіңдер. «Боран» сөзінде шу басталып, кеме қатты 
теңселеді. Кемеде келе жатқан бала, мен бораннан қорықпаймын, 
мен ең күшті теңізшімін деп айқалауы тиіс. 
9.
Сурет салу. Мақсаты: қарама - қарсы түсініктерді салыстыра 
білуді қалыптастыру және өзінің эмоционалдық күйін жеткізе білу.
Жаттығудың жүргізілуі: жетекші балаларға қуанышты және мұңды 
суретті салуды ұсынады.
10.
Психогимнастика «Шеңбер бойынша жалғастыр». Балалар 
шеңбер бойына тұрып, жетекшінің белгісі басталғаннан кейін 
пантомимика арқылы қандай да бір затты алып берулері тиіс: ыстық 
картопты, мұзды көбелекті, ауыр кір тасын, үрлемелі шарды. 
11.
«Айналмақ» Балалар бір─бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңбер 
құрып тұрады және бір ─біріне күлімсірейді. 
12.
Сабақты қорытындылау. 
9 - сабақ.
1.
Сәлемдесу. 
Бір - бірлерінің қолдарынан ұстап қолдың жылулығын үнсіз береді, 
бір - бірлерінің көздеріне қарайды, жымияды және жақсы көңіл күй 
тілейді.
2.
«Үрлегіш пен доп». Мақсаты: Бұлшық еттерді шынықтыру.
Ойынның жүргізілуі: бұл жатығуда екі адам қатысады. Біреуі үлкен 
үрленетін доп та, ал екіншісі осы допты үрлегішпен үрлейді. «Доп» 
аяғын сәл бүгіп, қолы мен мойнын бос ұстайды. Денесі сәл алға 
шығыңқы, басымен салбырап тұрады. Доп толық үрленбеген. Ал 
«үрлегіш» ысылдап қолдың қимылымен допты толтыра бастайды. 
Әрбір дыбыс шыққан сайын, доп үрлене бастайды. Бірінші 
дыбыстан кейін «доп» ішіне толтырып ауа жұтады, екіншіден кейін 
түзеле бастайды. Үшіншіден кейін басын көтереді, мүнан кейін беті 
үрленіп, қолын құлаштайды. «Доп» үрленіп болды, жолдасы
«үрлегішті» доптан шығарады. «Доптан» аса үлкен күшпен «Ш» 
дыбысы шығады. Дене салбырап бұрынғы қалпына қайта түседі. 
Ойнаушылар орын ауыстырады. 
3.
«Жұдырығымда не бар?» Мақсаты: шығармашылық қабілетті 
дамыту. Жаттығудың жүргізілуі: қандай да бір шағын зат 
жұдырықта жасырылады. Балалар бұл заттың не екенін табу үшін әр 
түрлі заттар қойылады. Мысалы ол заттың көлемі, неден жасалғаны, 
оны қалай зерттеуге болады? т.б. 


32 
4.
Витражды бояулармен сурет салу. Мақсаты: витражды бояуларды 
қолдана білу. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту. 
Сурет салынған ақ парақты салафанмен қаптап, суретті салафанның 
сыртынан витражды бояулармен бастырып бояп шығамыз да тұтас 
бояп шығамыз. Кепкеннен соң дайын болған суретті әйнекке немесе 
айнаға жапсырып қоюға болады. 
5.
Коллаж. «Мен өз болашағымды қалай елестетемін?» Мақсаты: 
қиялды, шығармашылықты дамыту. Болашақты жоспарлау. 
Жаттығудың жүргізілуі: Алдымен әңгіме жүргізіледі. Әр баладан 
өскенде кім болғысы келетіні сұралады. Ол өзі таңдаған 
мамандықты қалай елестетеді. Мұнан кейін балаларға ватман 
қағазы, желім, ескі түрлі түсті журналдар, қайшы таратылады. 
Балалардың міндеті: өздерінің болашақ мамамндықтарын қағаз 
бетіне бейнелеу. Бұл үшін олар журналдан сәйкес келетін суреттерді 
қиып алып жапсырады. Ең маңыздысы бала өздерінің суреттерін 
неге бұлай жапсырғанын түсіндіре алса болғаны.
6.
Ортақ сурет. Мақсаты, балалар бірлесе отырып, ұйымшылдыққа, 
бірлесіп сурет салуға үйрету. Еркін тақырыпта үнсіз отырып бір 
сурет салып шығады. 
7.
Сабақты қорытындылау. Әр бала осы сәтте өзін қалай сезініп 
тұрғанын және бүгінгі сабақта не ұнағанын және не ұнамағанын 
айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет