Психокоррекция бағыты индивидтің бүтіндік дамуы мен қызметіне психологиялық әсер ету болып табылады



Pdf көрінісі
бет13/29
Дата10.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#147383
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
 
«Айна» 
Мақсаты – қиялды, кеңістікке бағдарлануды, ересек қимылдарын қайталау 
іскерліктерін дамыту. 
 


16 
5 жаттығу:
 
«Тыныштықты тыңдау» 
Мақсаты - өзіндік бақылауды, есту, зейін, эмоционалды қысымды түсіру, 
қозғалыс белсенділігін төмендету.
Балаларға 15 сек.үндемей және тыныштықты тыңдау ұсынылады. Содан 
кейін әрқайсысы не істегенін ортаға салады. 
6 жаттығу:
«Көңіл-күй өлшегіші» 
Мақсаты – қысымды түсіру, жағымды эмоционалды хал-ахуал жасау. 
Жүргізуші балалардан жалпы өлшейтін заттар туралы сұрастырады. 
(термометр, дене қызуын өлшеуіш) және ол не үшін қажет. Содан кейін өз 
көңіл-күйлерін тек қолдарымен көрсетеді: нашар көңіл-күй алақан бір-
бірімен жанасады, жақсы – қолдары екі жаққа бағытталған. 
 
 
10-ші сабақ
Мақсаты – топта жағымды хал-ахуал қалыптастыру, эмоционалды қысымды 
түсіру, өзара қарым-қатынасты анықтау. 
1 жаттығу:
«Бетперделер» 
Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін мен сендерге үш 
бетпердеден дайындадым. Онда үш келбет бейнеленген: көңілді, мұңлы және 
ашулы. Оларға мұқият қарап сабаққа келген көңіл-күйіңізді таңдаңыз және 
не үшін екенін түсіндіріңіз 
2 жаттығу: 
«Атомдар және молекулалар» 
Мақсаты – қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар осы жаттығу 
көмегімен балалардың өзара қарым-қатынастарын бақылауға болады. 
Балалар бөлмеде еркін қозғалады. Бірнеше уақыттан кейін психолог: 
«Сендердің әр қайсысың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, 
сондықтан атомдар екіден бірікті, содан кейін үштен, және т.б.(қатысушылар 
санына байланысты)» 
3 жаттығу: 
«Аяқталмаған фигуралар» 
Балаларға фигуралар (шеңбер, шаршы, ұшбұрыш, түрлі сынық сызықтар) 
салынған парақтар таратылады.балалар 5-10 минут ішінде оларға түрлі 
сызулар қосып заттық бейне салулары қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет