21
8.
Психогимнастика. Мына кейіпкерлерді бейнеле: а) сиқыршыны, б) кір
тастарды көтерген алыпты, в) жыланды, г) сынық әйнекте жүрген
иогты.
9.
«Белгілері бойынша іздеу» мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға екі белгі беріледі. Мысалы: жеңіл
және рәзіңке. Олар осындай белгілері бар заттарды көбірек атауы тиіс.
Мысалы, «үрлемелі шар», «доп», «рәзіңке етіктер» және т.б. кім көп
заттарды атаса сол жеңіске жетеді.
10.
«Менің отбасым» ертегілер бейнесінде суреті. Балалар өз отбасының
мүшелерін белгілі балалар ертегілерінде
кейіпкерлерді пайдаланып
салады. Сурет салынып болғаннан кейін талқылау жүргізіледі.
11.
Психогимнастика «Ине мен жіп» Балалар бірінің артынан бірі тұрып,
алдында тұрған адамның белінен ұстайды. Бірінші қатысушы «ине»,
қалғандары «жіптер». «Ине» бөлмеде бірде жылдам, бірде жәй қозғала
бастайды. «Жіптердің міндеті» «иненің» артынан үзіліп қалмай жүріп
отыру. «Ине» үнемі ауысып отырады.
12.
«Айналмақ». Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап күлімсірейді.
13.
Сабақты қорытындылау.
3 с
абақ.
1.
Танысу. Қуаныш шеңбері. Қатысушылар шеңбер бойына отырып, өз
есімдері мен сүйікті ойыншықтарын атайды. Мұнан соң көршісінің
қолын қысып, үнсіз қол жылуын жібереді. Бір бірінің көздеріне қарап,
күлімсіреп, ойша жақсы көңіл күй тілейді. Мұнан кейін барлығы
шеңбер бойына отырып қазіргі сәттегі есімдерімен алмасып, кешегі
күнді қалай өткізгендерін әңгімелейді.
2.
Психогимнастика «Затты жалғап жібер» Балалар шеңбер тұрып,
жетекшінің белгісі басталғаннан кейін пантомимика арқылы қандай да
бір заттарды алып берулері тиіс: ыстық картопты, мұзды көбелекті,
ауыр кір тасын, үрлемелі шарды.
3.
«Соқыртеке». Мақсаты, жағымды эмоционалдық
әсерді қалыптастыру,
қорқынышты болдырмау, өзіне сенімділігін жоғарылату.
Ойынның жүргізілуі: бір ойыншының көзін байлап, есік жаққа апарып,
босағаға тұрғызып қолынан ұстауға бұйырады да, бәрі бірге келесі
өлеңді айтады:
мысық, мысық, қызанақ
қызықты етіп бізді қу.
Көздеріңді шешпестен
Ұстап алып көрші енді.
Мұнан кейін балалар әр жаққа тарап кетеді. Мысық ойыншыларды
ұстап алады.
4.
«Екі қолмен сурет саламыз» Мақсаты, кеңістікті бағдарлауды, қолдың
икемділігін дамыту.
22
Жаттығудың жүргізілуі: балалар көздерін жұмып екі қарындашпен
жетекшінің ұсынған суретін салады. (бірін оң, екіншісін сол қолға).
Мысалы, шеңбер, шаршы, шырша. Мұнан кейін суретті күрделендіруге
болады. Бірнеше заттардың немесе картинаның суреттерін салулары
қажет. Сурет салып болғаннан кейін тапсырманы орындау жеңіл ме
әлде күрделі болды ма, сурет салу барысында
қандай сезімдер
туындағанын пікірлесуге болады.
5.
«Көршінің суретін аяқта» Мақсаты, балаларды топта ортақ іс әрекет
жасауға үйрету.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға дербес сурет ойлап табу ұсынылады.
Жетекші шапалақ ұрғаннан кейін оң жақтағы көршіге сурет беріледі.
Сурет өзіне қайтып келмейінше сурет салу жалғаса береді.
6.
«Соқыр мен жетелеуші» ойын. Балалар жұпқа бөлінеді. Біреуінің көзін
байлайды. Екіншісі жетелеушінің ролін ойнайды. Жетелеуші соқырды
жетелеп жайлап, ақырын бөлмеде ертіп жүреді. Мысалы, оңға бір адым
жасап,жанымен өту үшін түрлі кедергілерді айналып өту қажет. Ьұнан
соң ойыншылар рольдерімен ауысады. Ойын аяқталғаннан кейін
талқылау болады: балада жетелеушінің немесе соқырдың ролінде
болғанда қандай сезім туындады.
7.
Бос уақыт. Пазлалармен жұмыс.
8.
Психогимнастика «Заттарды бейнелеу» бала
қимылмен, ишарамен
затты бейнелейді, қалған балалар оны табады. Кім дұрыс тапса, сол
жетекші болады.
9.
«Мәндес жұптар» мақсаты, логикалық ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: мұны өткізу үшін қарапайым сөздер жазылған
жолақтар жиынтығы қажет. Жолақтың жоғары жағында мағынасы бір
бірімен байланысты екі сөз жазылады (мысалы: алма ─алмұрт). Бұл
баланың екінші жұп сөзді құруға арналған бағыты. Жолақтың төменгі
жағында екінші сөз (мысалы: қайың)
және бір бірімен мағынасы
байланысқан бес сөз нұсқасы ұсынылған мысалы, а) жапырақ, б) емен,
в) тал, г) жер, д) саябақ. Бала бұл сөздердің ішінен тек мағыналық
жұбын құруға мүмкіндік беретін сөзді таңдайды.
1)
Алмұрт жеміс;
қайың: а) жапырақ, б) емен, в) тал, г) жер, д) саябақ.
2)Қоршау циркуль;
шаршы; а) дөңгелек, б) қарындаш в) қағаз, г) сызық, д) сызғыш.
Стол: а) паркет, б) үстел, в) дастархан, г) мебель, д) бөлме.
10.
Жаттығу «Анықтама бер» мақсаты: логикалық ойлауды жаттықтыру.
Жаттығудың жүргізілуі: балаларға
бір таныс зат аталады да , мысалы,
«қарындаш» осы затқа нақты анықтама берулері тиіс. «Қарындаш» бұл
жазу құралы, ағаштан немесе пластмассадан жасалған.
1.
Стақан бұл ... (ішуге арналған ыдыс, шыныдан жасалған)
2.
Алма ағашы…….(алма өсетін ағаш)
3.
Үтік бұл….. (үтіктеуге арналған тұрмыстық құрал)
23
4.
Шам бұл…..(жарық беретін электрлік құрал)
5.
Мұғалім бұл….. ( білім беретін, оқытатын адам)
11.
Жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: