Тілдің дыбыстық қоры дамиды. 3 жаста – 1000-1500 сөзді, 6 жаста -2500-3000 сөзді белсенді қолданады.
Сөз құрамы жетіледі. Фонематикалық естуі қалыптасады.
Тілдің грамматикасы. Бала тілдің морфологиялық, синтаксистік қырларын меңгереді. Ересектердің сөзін дұрыс түсінеді.
Сөз құрамын таниды, қажетті формада қолдана алады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тұлғалық қалыптасу
Өзіндік таным – қарқынды интеллектуалды және тұлғалық даму негізінде мектепке дейінгі кезеңнің соңында қалыптасады. Қоғамдық қатынастар жүйесінде 3 жаста «сыртқы» өзіндік таным болса, 7 жаста «өзіндік» таным болады.
Өзін-өзі бағалау. Бала алдымен өзгелердің әрекетін бағалайды, кейіннен өз әрекеттеріне баға бере алады. 7 жаста өзін адекватты бағалайды.
Өз көңіл-күйін бағалау. Кезең сонында бала өзінің эиоционалды күйіне баға бере алады.
Жыныстық сәйкестік. Өз жынысына тән мінез-құлық танытады.