Психологиялық жаттығулар жинағы І. ӘРіптестік қарым -қатынас тренингі психологиялық тренинг: ТҮсінігі, тарихы, міндеттері, Ұстанымдары



бет157/201
Дата23.05.2020
өлшемі1,93 Mb.
#70829
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   201
Байланысты:
Жігітбекова Б.Д.

16 жаттығу. Бұл жаттығуды орындау үшін топ мүшелеріне алдын-ала: «Сізде басым және оларды орындамау сіздің бойыңызда шиеленіс тудыратын әдеттер, ұстанымдар мен ойлардың тізбегін құрыңыз» деген үй тапсырмасын беру қажет.

Жұмыс үш кезеңде жүзеге асады.

Бірінші кезеңде топ әрқайысысында 4-5 адамнан болатын шағын топтарға бөлінеді.

Нұсқаулық: «Қазір шағын топтарда талқылау барысында сіздің топ үшін ортақ орындамау сіздердің бойларыңызда шиеленіс тудыратын сіз ұстанатын әдеттер, ұстанымдар мен ойлардың тізбегін құрыңыздар. Жалпыламалауға ұмтылмаңыз: сіздің тізімізге кіретін әдеттер, ұстанымдар нақты болсын».

Бұл тапсырманы орындауға шамамен 30—40 минут уақыт кетеді. Екінші кезеңде қатысушылар жартылай шеңбер құрап отырады. Жаттықтырушы тақтаға немесе үлкен ватман қағазға (қалауы бойынша, себебі ақпарат тренингтің соңына дейін сақталады) әр шағын топтың дайындағанын жазады. Бұл жұмыстың барысында, талқылау туындайды, топ мүшелері олардың қандайда бір ұстанымды ұстанулары өмірге, мінез-құлқына, көңіл-күйіне қалай әсер ететіндігін айтады.

Креативтік тренинг тобының мүшелері жиі тізбекке енгізетін ойлардан, ұстанымдар мен әдеттерден мысал келтірейік:


  • әр уақытта сөз бергеніңді орындау керек:

  • жоспарлағанның жүзеге асуы тиіс;

  • хаттарға бірден жауап беру керек;

  • тазалық пен тәртіпті жақсы көру;

  • тәрбиесіздік көрсетпеу керек;

  • жағдайға сәйкес киіну қажет;

  • қарызға ақша алуға болмайды;

  • өз сезімің туралы баршаның көзінше айтпау керек;

  • мен туыстарымның барлық өтінішіне қолдау көрсетуім керек;

  • бір уақытта екі істі жақсы істеуге болмайды;

  • маңызды істерді соңына дейін және өте жақсы жүзеге асыру керек және т.с.с.

Ортақ тізбек құрылғаннан кейін топ жұмыстың үшінші кезеңіне өтеді.



Нұсқаулық: «Біз жасаған тізбекті мұқият оқып шығыңыз, және одан ең алдымен сіздің бойынызда шыныменде бар бірақ, әлі күнге дейін мойындамаған екі ойды, ұстанымды, әдетті белгілеңіз, және, екіншіден, - сіздің бойыңызда бар, бірақ қазір бұрынғыдай күшті әсер етпейтін екеуін белгілеңіз».

Барлығы бұл тапсырманы орындап болғаннан кейін, жаттықтырушы әрбір қатысушыға жалпы тізбек бойынша жұмыс барысында анықталған, бірақ адамға ендігәрі күшті әсер етпейтін екі ойды, ұстанымды, әдетті атауын ұсынады. Әрі бұрын қалыптасқан қатаң идентификацияны жеңу үшін не көмектескендігі туралы айтуды ұсынуға болады.

Әрине, бұл жердегі мақсат әдеттерден, стеротиптерден, ойлау мен мінез-құлық үлгілерінен толықтай бас тартуда емес, олардың ішінде жаңа шешімдерді табуға, дамуға кедергі жасайтындарын сезіну қабілеттілігінде болмақ. Аталмыш жаттығуда осыған бағытталған.

Р. Уотермен (41): «Жаңарту дилеммасы әдеттер пайдалы екендігінде құралады. Олар бізге қайталанатын оқиғаларға жылдам қимыл көрсетуге жағдай тудыра отырып күнделікті өмір қиыншылықтарына жол ашуға мүмкіндік береді... Алайда, өте пайдалы емес әдеттер, бір жағынан, құбылмалы әлемге сәйкес күнделікті күреске негізгі кедергілер болады» - деп жазды.

Негізінен креативтіліктің көрінуіне адам әдетте қатты сүйенетін, оларға сүйенбеу шиіленістік, қолайсыздық тудыратын ойлар, әдеттер, ұстанымдар кедергі жасайды. Бұған ұқсас жағдайлар осы ұстанымдар мен стеротиптерге басқа адамдар сәйкес келмеген, ұстанбаған сәтте туындайды. Мұндай әдеттер мен стеротиптердің адам бойында басым болуы, статистіктің, және әдетте оның тәжірибесін толық сезінбеудің айғағы болмақ. Сананың стереопиттелінген үзінділерінің қатаңдық деңгейі адамның жаңа тәжірибеге ашықтығын, сондай-ақ, айналасындағы өзгерістердің оған қаншалықты қайғылы болатындығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   201




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет