Психологиялық тренинг және оны қолдану туралы түсінік


«Үнсіз сурет салу» жаттығуы



бет3/3
Дата24.02.2020
өлшемі145,27 Kb.
#58945
1   2   3
Байланысты:
тренингтер жинагғы


«Үнсіз сурет салу» жаттығуы

Тыңдаушыларды жұппен отырғызып, алдарына таза ақпарақ және маркер беру. Нұсқау: «Бастадық» деген бұйрық берілгенде, олар өзара келіспестен маркерді алып, сурет сала бастайды, қандай сурет салады, оны бір біріне айтпайды. Сурет салып біткен соң, талқылау.



-Бірінші қаламды кім ұстады? Неге?

- Қарсыластық болды ма?

-Қаламды бірінші ұстауға не кедергі болды?

-Сурет салуда туындаған қиындықтар?

-Қиындық кімде болды? Бірінші ұстағанда немесе екінші ұстағанда ма?

-Кімге не оңай болды? Бағындыру немесе бағыну ма?

-Кім не салғысы келді? Ойыңдағы суретті сала алдың ба? және т.б.сұрақтар қою арқылы кім басшы, кім бағынушы болғанын және оның себептерін анықтау

«Құпия фарватер» жаттығуы

7-8 тыңдаушы бір-бірімен жалғасып, паровоз болып орналасады. Бір тыңдаушыдан басқалардың көздері байланады. Бірінші ойыншы – жүргізуші. Жүргізуші өз кемесін қарсы қабырғаға дейін үндемеген күйде «кедергі-миналардан» өткізуге тиісті. Мұндағы негізгі қиыншылық соңғы ойыншыда, себебі, соңғы ойыншы еркін қозғалып «минаға» тап болуы мүмкін, сондықтан, осы жағдайды болдырмас үшін әрбір ойыншы алдыңғы ойыншының қимыл-қозғалысын тура қайталап отыруға тиіс.

Жаттығуды кеменің ұзындығын өсіріп және миналарды көбейту арқылы қиындатуға болады.

Бір мезгілде жүзуге бірнеше кеме жіберуге болады; ол кезде кемелер соқтығысып, «минаға» жарылмас үшін үлкен тиянақтылық қажет.



«Автобус» жаттығуы

Бір-біріне жақындау арқылы «халық» (15-20 адам) автобустағы тығыздалған адамдар секілді жинақталады.

Ойыншының мақсаты осы тығыз массаны алдау, арбаумен емес күштілігімен және өжеттігімен жарып өту. «Автобустағы халық» ойыншыны қолдарымен ұстамайды және өздері бір-бірімен қол ұстасуға болмайды, бұл жерде жай ғана бір-біріне жабысқан тығыз масса бар. Сонымен қатар «тығыз масса» ойыншыны өткізбей жатса да дауыстарымен «Кәне!» «Тағы да!» «Алға» деп оған рухани күш беріп жатады. Бұл мықты жаттығу қарапайым күш көрсету жаттығуы болып кетпес үшін, ойыншы тренердің көмегімен мұндай қиындықты жеңетін жағдай өмірде кездесе ме, бұл жағдай оны неге үйретті, өмірде осы секілді жағдай кездескенде тәжірибенің пайдасы бола ма деген сияқты сауалдарға жауап бере білуі керек.

Мұндай жаттығудан кейін адам түйсігінің өзгерген уақытында психологтың айтқан пікірлері ол адам үшін өте терең жатталып қалуы тиіс. Жаттығу қарама-қарсы байланыспен аяқталады: топ не сезді, не көрді, ойыншы және ойын туралы олар не ойлайды, осылар туралы ойларын айтады.



«Тізеде отыру» жаттығуы

Мақсаты: Команда жұмыс, сенім, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.

Өзіңізден басқаларды дөңгелектеніп тұруды сұраңыз. Кейін барлығын келесі ойыншының арқасына қарайтындай оңға бұрылуын сұраңыз. Барлығы алдында тұрған адамның иығына екі қолын қойсын. Сіз 1,2,3 деп санағаннан кейін барып, «отыр» сөзін айтуын түсіндіріңіз! Барлығы сіздің артыңызда 1,2,3 деп қайталап, «отыр» сөзін айтқаннан кейін алдағы ойыншының иығынан қолдарын алмай артындағы адамның тізесіне ақырын отыру керек. Бұл жаттығу қызықты және жақсы ынтымақтастықты тудырады. Бірақ та барлығы істей алатынына көз жеткізу қажет. Егер де, сіздің тобыңыз мықты болатын болса, сіздер дөнгелек бойымен жүре аласыз және де жаттығуды бірнеше рет қайталауға болады. Кейін ойыншылардан бұл жаттығуды орындаған кезде не сезгендерін сұраңыз. Олар бұл тапсырманы орындай алатындығын сұраңыз? Бұл шынайы өмір тәжірибесін суреттейді ме? (Есте сақтайтын жағдай: бұл жаттығуды сіздің тобыңызда өткізуге болады деп мақсат етіп шешім қабылдайсыз ба?)

«Шеңберден басып өту» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенім, ынтымақтастықты қалыптастыру.

Ойыншыларды шеңберді қалыптастыруға бұйырыңыз. Әрбір ойыншы қарама-қарсы кім тұратынын анықтайды. Сіз «жүр» дегенде әрбір ойыншы көзін жұмып шеңберден өтіп және қарама-қарсы тұрған ойыншының орнына тұру керек. Мұны барлық ойыншылар бір сәтте істеп және көздерін ашпау қажет! Әдетте қатысушылар шошынады да, бірақ ақырын-ақырын үйренеді. Кейін ойыншылардан көздері жабық болған кезде не сезінгендерін сұраңыз. Жаттығу шынайы өмірмен қалай сәйкес келеді?

«Кім көшбасшы?» жаттығуы

Топтың шеңбер бойымен тұруын сұраңыз. Ойыншылардың ішінен өз еркімен бөлмеден шығуды бұйырыңыз. Шеңберде тұрғандар өз ішінен жасырын көшбасшы таңдап алу керек. Бұл көшбасшы әрекетті бастауы қажет. Мысалы, шапалақтап немесе аяқпен жерді бір тарс ету шарт. Әрекет әр 15 секунд сайын ауысып отыруы қажет. Шеңбер бойында тұрған қалғандары оған қарамай көшбасшының әрекетін қайталайды. Ерікті ойыншы бөлмеге бұл әрекет жүйесін орындауға қайтып келеді. Еріктіге көшбасшыны табуға үш кезек береді.



«Көшбасшыға ілесу»жаттығуы

Ойыншыларды шеңбер бойына тұруды сұраңыз. Көшбасшы шеңбердің ортасына тұрып шеңбер бойымен жүгіріп және «мен сияқты істе» деп дауыстайды, ал топ «мен сияқты істе» деп оның артынан қайталайды. Кейін көшбасшы шеңбердің сыртынан шығып «мен сияқты істе» деп қайталай береді.

Көшбасшы мен билеп жатырмын, мен секіріп жатырмын, т.б деп айта бастайды. Топ көшбасшының қимылын қайталайды. Көшбасшы барлығы шаршағанша мен сияқты «істе» деп қайталай береді.

«Вербалды емес қарым-қатынас» жаттығуы

Топтан екі тыңдаушы таңдалынып «тарабар» тілінде сөйлесуі ұсынылады. Әңгімелесуде өз тілінен басқа тілдің бәрін (немесе екеуіне де сүйікті тілден басқа) пайдалануға болады, ол мимика, дыбыстау, қолдарын сермелеу болу мүмкін.

Екі мұғалімнің міндеті - бір-бірімен әңгімелесу, тіпті пікірталас жасау ойынкезінде партнерлер бір-бірінің пікірлерін мұқият қадағалауды оның ойын көрсете алатын ерекшеліктерін, белсенділігін бақылау арқылы серіктестігінің не айтқысы келіп тұрғанын түсінуге тырысады.

Көрермендердің міндеті - пікірлесуші екі адам не жайында айтып отырғанын ұғыну.

Диалог аяқталған соң алғашында бақылаушылардың пікірлері, содан кейін әрбір ойыншы өз пікірлерімен не жайында айтқаны туралы бөліседі. Ойынның екінші кезеңінде барлық ойыншылар үштіктерге бөлінеді. Әрбір үштікте - бақылаушы және бір-бірімен «тарабар» түрінде пікірлесуші екі ойыншы болады.

Қалған тыңдаушылар пікірлесудің әр сәтін қалт жібермей қадағалайды да, әңгіменің тақырыбы не жайында екенін анықтауға тырысады.



«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы

Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз. Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек. Тыңдаушы ештеңе айтпау шарт, тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет. Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз. Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді, бірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды. Оған есінеуге, бұрылуға немесе ысқыруға болмайды. Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді. Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз. Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме? Жаттығуды талқылаңыз.



«Қағаздарды жинақтау» жаттығуы

Мақсаты: Қарым-қатынас және қабылдау дағдысын дамыту

Барлық ойыншылардан көздерін жұмуды сұраңыз. Оларды қарамауға бұйырыңыз! Жүргізуші барлығына қағаз таратады. Ойыншыларды қағазды екі бүктеуге және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз. Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын. Қарауға болмайтынын ескертіңіз! Енді көздерін және қағазды ашып қалған ойыншыларға көрсетсін.

Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі. Ойыншылардан бұл жаттығу не байқатқанын сұраңыз. Біріншіден, ең жеңіл нұсқауларды да әркім әртүрлі түсінеді.

Біз жиі ойлаймыз, айтылған нәрсеміз басқаларға түсінікті болатындығы, тек кейін айтылған нәрсемізді әркім басқаша қабылдайтынын аңғарамыз. Барлығы нұсқауды дұрыс орындады, бірақ қорытынды әртүрлі.

«Кеден» жаттығуы

Ойыншылар ішінен екі «кеден қызметшісі» және екі «шетелдік» таңдалынып алынады.«Екі кеден қызметкерінің» міндеті «шетелдіктермен» сөйлесу барысында олардың қайсысы «контрабанда» алып өткізгісі келгенін анықтау. «Багаж» ретінде «кеденшілерге» «шетелдіктер» алып келген екі кітап болуы мүмкін, ал «контрабанда» ретінде біреуінің ішіне салынған бір парақ қағаз болуы мүмкін. «Кеденшілер багажды» тексеруге құқығы жоқ. Ол өздерінің байқағыштығы мен сезімталдығына сүйеніп өз мақсаттарына жетуге тиіс. «Шетелдіктер» сыртта өздерінің қай елден, қандай мақсатта келгендігі жайлы аңыз ойлап шығарып жатыр. «Шетелдердің» негізгі мақсаты «кеденшілермен» әңгіме барысында күдік тудырмайтындай аңыз ойлап шығарып, кеденшілердің көңілін аулау. Әңгіме «кеденшілердің», «шетелдіктердің» қайсысында «контрабанда» жасырылғанын анықтауға дейін жалғасады. Жауап алынғаннан кейін басқа ойыншылар өздерінің шешімдерін айтады. Тек содан кейін ғана «шетелдер» мойындайды.

Ойын соңында ортақ пікірлесу болады, пікірлесу барысында топ мүшелері қай жауап және неліктен дұрыстығын сұрыптайды. «Кеденшілер» мен көрермендердің қандай белгілер арқылы «шетелдіктер» «контрабанда» жасырынғаны және қайсысында екендігі анықтағаны белгілі болады.

«Карусель» жаттығуы

Қатысуышылар карусель тәртібімен отырады (немесе тұрады), яғни бір-біріне қарап екі шеңбер құрып тұрады: ішкілер қозғалмайды (ойыншылар ортаға сырттарын бұрып тұрады) және сыртқы қозғалатын (ойыншылар шеңбердің ортасына қарап тұрады). Тренердің белгісі бойынша сыртқы топтың ойыншылары бір немесе екі адым оңға қарай жасайды немесе өздерінің оң жағында тұрған орындықтарға отырады және басқа партнердің алдына келіп тұрады. Ойында ондай ауысулар бірнешеу. Сонымен қатар ойыншылардың рөлін тренер өзі өзгертіп отырады.



Жағдайдың мүмкін болатын мысалдары:

  • сіздің алдыңызда көңілсіз, бір мазасыз күйге түскен адам оның жанына барып әңгіме бастаңыз, тыныштандырыңыз.

  • сіздің алдыңызда бірінші сыныпта бірге оқыған сыныптасыңыз келеді. Сіз оны бірден танымадыңыз, себебі сол көп жылдан бері көрмеген едіңіз. Шамалы уақыт ойланғаннан кейін сіз оған жақындап, сөйлесесіз...

  • мектеп алаңында сіздің өз сыныбыңыздағы екі оқушы төбелесіп жатқанын көресіз.

Сізді көре сала біреуі қашып кетеді, екіншісі орнында қалады. Онымен сөйлесіп жағдайдың себебін анықтаңыз.

Әңгімелесу мен қарым-қатынас бекіту уақыты әрбір жағдаятта 2-3 минут. Содан кейін ойын басқарушы белгі береді, ойыншылар 30 секунд ішінде басталған әңгімені аяқтауға тиісті, қоштасып, оң жаққа келесі партнерға қарай ауысады.



«Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы

Мақсат: Ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасын үйлестіру.



Барысы: Мұнда мұғалімдерге өзіне ұнайтын әріптестірінің атын немесе суретін салдыру тапсырылады. Әр суретке сипаттама беріледі. Неге? Не үшін? Қай іс-әрекеті жағымды? деген сұрақтар арқылы олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы өзгереді .

«Біздің ұйымшыл топ» жаттығуы

5-6 адамнан 4 команда құру. Оларды жеке столдарға отырғызу. Әр командаға фломастерлер, қаламдар беріледі. Әр топ өздері таңдаған тақырыпқа сурет салады. Қатысушылар сурет салып жатқанда тыныш баяу музыка қойылады. Суретті салып болған соң әр команда қалаулары бойынша суреттердің атын атап мазмұнымен таныстырады. Қалған командалар сол суреттерге қатысты өз эмоцияларын білдіреді (секіру, үндемеу).



«Қақтығыс» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер жанжалға қатысушыларсыздар деп, әр қайсысына жауапкершілік артады.



  • қақтығысты бастау;

  • қақтығыстағы дәнекер;

  • қақтығысты тоқтату.

«Жанжалға не әсер етеді?» - деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы өз тапсырмаларын қорғайды. Жүргізуші жанжал кезіндегі мінез - құлықты қадағалап отырады.

Жүргізушіге кеңес:

  • Қақтығыс кезінде мені не мазалайды?

  • Қақтығыс маған қалай әсер етеді?

  • Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? - деген сұрақтарды қолданады.

«Екі жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет болса қақтығыс кезінде қолданылатын дене жаттығулары жасалынады.

«Мейірімді есім» жаттығуы

Мақсаты: эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон жасау.

Әр тыңдаушыға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды).

Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған«Туған күн» жаттығуы

Бұл жаттығуды тілек айту ауызша (вербалды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен қатысушылардыңқиялы, ойлау деңгейі және қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір -біріне деген сенімдері күшейді.



«Менің күшті жақтарым» жаттығуы

Қатысушылар жұпқа бөлінеді, серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір - біріне айтады. Егер кімде - кім қиналса, тренер өзі бағыт береді. Әңгімелесуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез – құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рөлдер ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылау болады. Енді мұғалімнің өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін әңгімелейді.

Кездесу соңында мұғалімдер өз сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді: «Бүгінгі жаттығуда сіз үшін не пайдалы болды?».


  1. балаға деген сүйіспеншілік

  2. тұрақты қатынас

  3. аса қамқор болу

  4. шектен тыс талап қою

  5. парықсыздық

  6. қатаң қару.



«Мен сені түсінемін» жаттығуы

Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі. Оған 5 мин уақыт беріледі.



Жүргізушіге кеңес: қатысушылар жаттығу басталмас бұрын өздеріне серіктес таңдаулары қажет. Белгілі уақыт аралығында қатысушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Содан-соң бір-бірінің пікірін талқылайды. Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады.

«Мен және басқалар» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өздерінің автопортреттерін салады.

Парақтың шет жақтары бос болуы тиіс. Жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Уақыты 10минут. Жұмыс аяқталған соң, мұғалімдер өз суреттерін әріптестерімен ауыстырады, барлық мұғалім өз аты-жөндерін қалағандарынша жазып шығулары қажет. Жұмыс толық аяқталған соң талқылау жүргізіледі.

Талқылау:



  • Сенің автопортретің өзіңе ұнайды ма?

  • Тағы кімдікі ұнайды?

  • Кім туралы білу саған қызықты болды?

«Менің есімім» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өз есімдірін әсерлеп жазулары тиіс.

Жұмыс аяқталған соң жүргізуші жинап алып, педагогтарға көрсете отырып сұрақ қояды:


  1. Есімің өзіңе ұнайды ма?

  2. Есіміңнің мағынасын білесің бе?

  3. Есіміңді кім таңдады, кім қойды?

Талқылау:

  • жаттығу ұнады ма?

  • Қандай есімдер ұнайды?

«Сөздерді құраймыз» жаттығуы

Өз есімдерінің әріптерінен сөздер құрау қажет. Талқылау кезінде балалардан жаттығу жасау қияндыққа түсті ме, жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға болады.



«Сүйікті өзіме хат» жаттығуы

Жаттығу жеке-жеке орындалады. Әр педагог өзінің «меніне» қалағанынша хат жазады. Кім оқығысы келсе, сол педагогты оқытуға және көпшілік талқысына салуға болады.



Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау жаттығулары

Мақсаты:Тұлғаның негізгі және жанама қабілеттілігін анықтау, өзін-өзі тану қабілетін дамыту, өзіне-өзі баға беруге қалыптастыру, басқалармен санаса білуге үйрету.

Төмендегі ұсынылып отырған жаттығулар тұлғаның мына сапаларының дамуына ықпал етеді: сенім, қатынас, шыдамдылық, шыншылдық және сыпайылық, өзіндік дербестік.

1-жаттығу. «Зағип және бағыттаушы»

Бұл классикалық ойынды барлық жастағы топтармен өткізуге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.

Топ мүшелері екі-екіден жұптарға бөлінеді. Біреуінің көзі байланады, екіншісі соны бағыттаушы рөлін атқарады.Сөйлеуге болмайды.

Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар рөлдерімен алмасады.

Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:

«Зағиптың» рөлінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?



  • Бағыттаушы сізді қалай алып жүрді?

  • Бағыттаушының рөлі ұнады ма?

  • Жұптауыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?

  • Сізді алып жүрген ұнады ма жоқ, әлде сіздің басқаны алып жүргеніңіз ұнады ма?

2-жаттығу. «Сенбеу - сену» мүсінін жасау

Топ мүшелерінің арасынан бір қатысушы таңдап алынады. Екінші бір қатысушы скульптордың рөлін атқарады да, «сенбеу» мүсінін жасайды. Бұл мүсіннің қандай сапаларына қарап отырып, оның сенімсіздікке жасалғандығын анықтауға болатыны талқыланады. «Сену» мүсініне қалай айналдыруға болады? деген сияқты сұрақтар қоя отырып, мүсінді ауыстыруға болады.



3-жаттығу. «Сенім өлшемі»

Қатысушылар ойдан жасалған «сенімсіздік пен сенімділік» аталатын координата түзуінің бойынан, өз қалаған жерлерінен орын тауып тұрулары тапсырылады. Координата түзуінің шеткі нүктелерінде тұрған қатысушылар өз әсерлерін ортаға салулары тиіс. Қалған қатысушылар оларға көмек ретінде өз ойларын ортаға салғаны жөн.

Қорытындылау мақсатында мақал-мәтелдер, ертегілерді пайдалануға болады.

4-жаттығу. «Қол алысу»

«Қазір біз бөлме ішінде ары-бері жүреміз. Мақсатымыз қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы осы уақыт ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенімізді санаймыз». Жаттығуға 2-5 минут уақытқа жүргізіледі. Тренер кімнің өзі барып қол алғанын, ал кім біреудің қол күтіп тұра бергені секілді сәттерде бақылап үлгеруі қажет.



5-жаттығу. «Көз түйістіру»

Қатысушыларға бөлме ішіндегі өз құрбыларының көздерінің түстерін есте сақтау тапсырылады. Бұдан соң тез арада қатысушылар көз түстерінің «қоюлануына» қарай қатарға тұру қажет. Қатысушылардың көздерінің түстерін айтып бере алулары тиіс.



6-жаттығу. «Алақан»

Жаттығу жұп-жұппен жүргізіледі. Жұптар алақандарымен шапалақтай отырып, максималды жылдамдыққа жету керек. Сөйлеуге болмайды. Қателескен жұптар қарсыласын ауыстыруы тиіс. (алақанмен шапалақтап ойнағанда жалықпай, ұзақ уақыт қарым-қатынасқа түскен кезде де өзін жақсы, еркін ұстай алады).



7-жаттығу. «Тынысты ұстау»

Шыдамдылыққа арналған жаттығулардың алдында жүргізуге қажет. Белсендіру үшін-тыныс алу, тыныс шығару-тыныштандырады. 3-5 минут шұғылдануға болады.



8-жаттығу. «Досымның қолы»

Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қоюы қажет. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс. Оны тапқанша шыдамдылық таныту кім болса соның қолынан келе бермейді.



9- жаттығу «Кім жылдам?»

Қатысушыларға кім шыдамдылық жайлы мақал-мәтел көп біледі? Қатысушылардың белсендіктерін, жылдамдылықтарын бақылауға мүмкіндік те береді.



Шыншылдық және Сыпайылық туралы жаттығулар

1-жаттығу. «Өтірікшілері мен шыншылдар қаласы»

Топ 3-4 топшаларға бөлінеді. Екі топ өтірікшілер мен шыншылдар қаласының тұрғындарын сипаттауы қажет те, ал қалған топтар олардың жасырып отырғанын табуы қажет. Не жасырып отырғанын табу үшін сұрақтар қоюларына болады. Ойын аяқталғаннан кейін талқылау жүргізілуі қажет.



2-жаттығу «Қырық өтірік»

Топтағы тыңдаушылар өз еріктерімен қатыса берулеріне болады. Тазша баланың жолымен өзі қиыстырған өтірік әңгімені басқа тыңдаушыларға жеткізу керек. Әңгіме арасында бірде бір шын оқиғаны қосуға болмайды. Жаттығу аяқталғаннан кейін міндетті түрде өтірік айту қиынға соқты ма, әлде оңай болды ма деген тақырыпта талқылау жүргізу қажет

Қорытындылау: тренинг барысы бойында қатысушылардың алған тәжірибелерін жинақтау, өзі туралы ойларын бекіту болып табылады .

Әңгімені барысында мына сұрақтарды қамтуға болады:



  • сабақ барысында өзіңізге деген көзқарасың өзгерді ме?

  • өзіңіз туралы жаңалық аштыңыз ба?

  • басқалар жайлы не біле алдыңыз?

  • не ұнады?

  • не қиындық туғызды?


Қорытынды
Бұл жаттығуларда тапсырма немесе құрал - жабдықтар нақты берілмейді, оның орнына тұлғаның басқалармен бірлескен іс- әрекеттегі қарым- қатынас кезіндегі күйзелісіне, қайта бағдар беру мүмкіндігін жасайды. Көптеген адамдар қарым-қатынас кезінде қиындықтарды басынан кешіруінің бір нұсқасы болуы мүмкін. Өзіңнің  көңіл - күйің дұрысталғаннан кейін өзіңе ғана емес, өзгелерге де көмек жасауға болады.  Ал қайта бағдар берудің екінші нұсқасы негізсіз тәжірибелердің құндылықтары жөніндегі  әңгіме. Осы арқылы адам қоршаған әлем турасында тану дәрежесіне жетеді.Сонымен, танымдық - белсенділік адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшегі. Топта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін  адамның, оқушының, маманның және тб. іс-әркетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады. Оның дәлелі ретінде психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғаның танымдық белсенділігін дамытуға тиімді қол жеткізуге болады.

Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Тренерге арналған нұсқаулық

  2. http://ustaz.kz/. Ашық сабақтар сайты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет