Психотерапия технологиялары


тақырып. Когнитивтік психотерапия



бет11/43
Дата20.12.2023
өлшемі0,9 Mb.
#197859
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Байланысты:
b231 3

5 тақырып. Когнитивтік психотерапия.
Жоспар.
1. Тұжырымдаманың жалпы сипаттамасы.
2. Альберт Эллистің тиімді-эмотивтік терапиясы.
3. Аарона Бектің когнитивтік психотерапиясы.
4. У.Глассердің шынайы терапиясы.
Когнитивтік психотерапия эмоциональдық серпілістер мен психикалық бұзушылықтар бұрын пайда болған танылатын құрылыстар мен актуальдық танылатын үдерістермен жанамаланған сияқты қарастырылатын мінез-құлық психотерапияның дамуы болып табылады, басқаша айтқанда, мұнда аралық ауыстырылатынның орнына ой (когниция) жүреді.
Танылатын парадигма кеңес беру мен психотерапияда — тәжірибелік психологиядағы таза американдық бағыт. Олардың мінез-құлық пен эмоцияларға деген АКЦЕНТ пен Бихевиоризм мен гештальт-психологиясына реакциясы ретінде танылатын психология дамуымен байланысты, когнитивтік психотерапия негізінен психиканың танылатын құрылысына көңіл аударады және жеке тұлға, жеке тұлғалық құрылымдар, және тұтас логикалық қабілеттерге сүйенеді. Ең соңғы жылдары когнитивтік бағыт өзінде үш түрін біріктірді: А.Эллистің рационалды-эмотивтік терапия (РЭТ), А.Бектің когнитивтік терапиясы және Э.Бернның трансактілік талдауы.
РЭТ негізін қалаушы А. Эллис ортодоксальдық психоаналитик сияқты бастаған, содан кейін К.Хорни басшылығында оқыды. Жиырмасыншы ғасырдың елуінші жылдарында А.Эллис тәжірибешілік психологиядағы жаңа бағыттың негізін қалаған ережелер қатарын тұжырымдаған. А. Эллиспен жиі айтылатын сондай ережелердің бірі тарихшы Эпиктеттің нақыл сөзі болып табылады: “Адамдарға нәрселер емес, оларды қаншалықты көру көзқарасы бөгет жасайды”. А.Эллис тұжырымдамасында адам екі жағы бар белгілі күш-әлеуетпен туады: рациональды және рациональды емес; махаббат пен өсуге және бұзылу мен өзін-өзі кінәлауға ұмтылатын құрылымдық және бұзылған.
РЭТ-тегі маңызды ұғым «қақпан» болып табылады – дәлелсіз (жүйке төзғандық) қорқыныш, ашушаңдықты сезінетін барлық когнитивтік құбылыстар.
А.Эллис латын әліпбиінің алғашқы әріптерімен (А+В+С+D — теория) аталған жеке тұлғаның мінез-құлық актілерінің көп компонетті құрылысын ұсынды. Бұл теория тәжірибелік психологияда кең қолданысын тапты, себебі ол клиенттің өзіне күнделік жазбалары түрінде тиімді өз-өзін байқау мен өзін-өзі талдауына жағдай жасайды. Бұл А тұжырымдамалық кестеде – активтеген оқиға, В (belief) — оқиға туралы пікір, С (consequence) — оқиғаның салдары (эмоциональдық немесе мінез-құлық); D (dispating) — оқиғаға деген кейінгі серпіліс (ойлау өңделуі нәтижесінде); Е (effect) — аяқтайтын құнды пайымдау (құрылымдық немесе бұзылған).
Жалпы РЭТ психологиялық келесі алғышарттары бар:
1) өз мәселелеріне жеке жауапкершіліктің мойындалуы;
2) бұл мәселелерге табанды әсер ету мүмкіндігінің бары туралы идеяны қабылдау;
3) эмоциональды мәселелер рациональды емес түсініктерден шығатынын мойындау;
4) осы түсініктердің табылуы (сезінуі);
5) сол түсініктерді талқылаудың пайдалылығын мойындау;
6) өзінің ұқсас көзқарастарының конфронтациясына күш салуға келісу;
7) РЭТ-ті қолдануға келісім.
Басты мақсаты — пікірлер, нормалар мен түсініктер жүйелерін қайта қарауға көмек. Жеке мақсаты — өзін-өзі кінәлаудан босау. Осы тұжырымдамамен жұмыс жасайтын психолог-кеңес беруші немесе психотерапевттің бағдары директивті. Ол түсіндіреді, сендіреді, ол — олардың нақсыздығы мен еріксіздігіне нұсқай отыра, қате пікірлерді жоққа шығаратын беделді болып табылады. Клиентке оқушының рөлі беріледі, және сәйкесінше, оның табыстары оқушының рөлімен мотивациясы мен сәйкестендірумен байланысты түсіндіріледі. Клиент көрегендіктің үш деңгейінен өтеді деп жорамалданады: үстіңгі (мәселені сезіну), тереңдетілген (өзіндік түсіндірулердің танылуы) және терең (мотивацияның өзгеру деңгейінде).
РЭТ-ке жақын А.Бектің когнитивтік психотерапиясы болып табылады, онда ең басты эмоционалдық бұзуларға көңіл бөлінеді. Эмоционалдық бұзылу А.Бекпен ең алдымен танылатын бұзылу ретінде түсіндіріледі. Психотерапия процедурасы психологпен қатынас жасауды арнайы ұйымдастырудан тұрады, онда: «Егер...., сен неден айырыласың?» немесе «Сен білесің бе ..... тырысуға нәтижесіз...». Өзін-өзі кінәлау, өзін-өзі сынау деңгейі, баламалық шешімдер мен әрекет ету тәсілдерін шығару қарастырылуда.
Рационалдық-эмоционалдық психотерапия тәрізді, когнитивтік психотерапия объект не оқиғаны сезіну ойлау арқылы жүзеге асады, және тек сол көмекші түйінді түсінген кезде ғана жеке тұлғаның серпілісін, ең алдымен эмоциональды және мінез-құлық аспектілерін түсінуге болатынынан шығады. Қоршаған орта мен жеке тұлғаның өзара әрекеттесу кестесі S->O->R (түрткі — ең алдымен қабылданғанның когнитивтік өңделуі кіретін О аралық ауысу серпілісімен болады) түрінде айқындалады. Когнитивтік психотерапия нейрофизиологиялық бұзылулар кезеңінің алдындағы психологиялық бұзылулар ойлау аберрациясымен байланысты. Бек ойлау аберрациясын объекті мен жағдаятты көруін жоятын ақпараттың когнитивтік қайта өңдеу сатысындағы (белгілеу, сұрыптау, шоғырлану, түсіндіру) бұзылулар деп түсінген. Бұзылған танулар (когницийлер) жалған түсініктер мен өзіндік белгілердің, демек сәйкес емес эмоциональдық сірпілістердің себебі болып табылады. Сондықтан К.п. мақсаты сәйкес емес когницияларды түзету. К.п. өмірлік міндеттерді оң жолымен шешуде және олардың шешілуінің мәселелі салаларға топтап қорытуындағы науқас тәжірибесін максимальды түрде қолдану неғұрлым қажет болып саналады. Бек когнитивтік психотерапевт жүргізетін жұмысты музыкалық аспапта ойнау кезінде қөзғалмалы стереотиптің түзетуімен салыстырды.
Ақпараттың сәйкессіз өңдеу ережелерін сезіну және оларды дұрысына ауыстыруК.п. басты міндеттері. Ол адамдарға неғұрлым өзін-өзі байқау және өз ойларын талдай білу қабілетімен көрсетілді. Психотерапевт пен науқас арасындағы өзара серіктестікке жақын екі жақты қарым-қатынасын айтады. Науқас және психотерапевт ең басында психотерапия мақсаты (түзетуге жататын орталық мәселе), оған жету құралдары, емделудің мүмкін болатын ұзақтығына қатысты келісімге келу керек. Психотерапия сәтті болу үшін, науқас жалпылай К.п. эмоциялардың ойлауға тәуелділігі туралы базистік деңгейді қабылдау керек: «Егер біз сезімдерді өзгерткіміз келсе, оларды тудырған идеяларды өзгерту керек». Қатынастың орнауы науқас ауруының біртіндеп К.п. бағдарына ауысатын сырқаты туралы психотерапевтттің бірнеше түсініктерін қабылдаудан басталуы мүмкін. Психотерапевттің артынан білмей жүру және жоғары скептицизм – алдағы болатын емдеуге теріс қарым-қатынастың полюсі. Сондықтан орталыққа осындай бағдарларды келтіру – психотерапия сәттілігінің кепілі.
1960 жж. У.Глассермен жасалған шынайылылық терапия бастапқыдан жас құқық бұзушы әйел адамдармен психологиялық түзету жұмысына арналған болатын. У Глассер мінез-құлықтары ауытқыған қыз балаларға арналған мектепте жұмыс істеп, өз тұжырымдамасын әзірлеген, оның негізгі тағайындалуы — шынайы көріністегі ақиқат контекстінде, жауапты және шынайы мінез-құлыққа оқыту.
У.Глассердің шынайы терапиясы адамның өзіндік шешімдерімен мінез-құлқын негіздеуден сондай-ақ психодинамикалық көзқарастың кейбір бағдарларынан шығады. У.Глассердің ойынша адам — негізгі психологиялық қажеттіліктері бар өз-өзінен детерминаланған тіршілік иесі. Адам — өз өмірінің субъектісі, ол өз-өзіне жасайтын әлемнің субъектісі.
Негізгі ережелер:
1) жеке тұлға өз бағдарын өзі таңдайды — құрбан немесе жаратушы;
2) жеке тұлға әрдайым оларға бақылау жасай отыра, армандайтын әлем мен тілейтін мінез-құлықты өзі таңдайды;
3) психотерапияның медициналық үлгісін және, әрине, терминологиясын жоққа шығару;
4) персоналдану мен оң жеке тұлғалық бағыттылықтың табыстылығы — жеке тұлға денсаулығының шарты.
Ең бастысы — клиентке парасатты және эмоциональдық жағынан тұрақты болуға көмек көрсету. Жеке мақсаттар — жеке тәуелсіздікке жету, өзін-өзі сезіну деңгейін арттыру және өзін-өзі жетілдіру жоспарын әзірлеу. Психолог бағдары мұғалімге жақын тәрізді анықталады; белгілі кәсіптік қасиеттер қажет: сензитивтілік, эмпатичность, талапшыл болу қабілеті және мінез-құлық үлгісі болу.
Психотехникамен пайдаланбай, (түсіндіру, көрегендік, іркіліс, қарсыласу талдауы), шынайылылық терапияның өкілдері тәжірибешілік жұмыстың негізгі құралы ретінде (У.Глассердің артынан) психопедагогикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін клиентпен бірге жасайтын жұмыстың жеті кезеңінің (қадам) бірізді іске асуында деп тапты:
1.Клиентпен қарым-қатынасты орнату.
2. Өткенді ұмыту және негізі көңілді ағымдағы мінез-құлыққа аудару.
3.Клиент мінез-құлқын бағалауда мадақтау. Мұндағы маңызды сәті — клиенттің жасағаны оған көмектесетінін немесе кедергі жасайтынын анықтауға жәрдемдесу.
4. Әрекеттердің баламалық тәсілдерін іздеуге және жоспарды әзірлеуге көмек көрсету.
5. Жоспарды орындау туралы міндеттемені алу.
6.Кешірімдерді қабылдаудан бас тарту.
7.Қатал болу, бірақ жаза қолданудан аулақ болу және бастысы, еш уақытта клиенттен, клиентпен жұмыс жасаудан бас тартпау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет