қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. Өзгелердің
идеялары мен ойларын тыңдап,
құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
Бұл жерде
саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады.
«Миға шабуыл» әдісін қолдану мақсаты: Бұл әдіс ұжымдық жұмыс түрінде яғни оқушылардың
барлығын жұмылдыра қатыстырып, сабақтың бастапқы кезеңінде ғана қолданылады. Себебі
оқушылардың сабаққа дайындығын, өткен және жаңа тақырып бойынша алдыңғы білімін тексеру мақсатында ой қозғау сұрақтары беріледі.
Рефлексия: Бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды. Өйткені сабақтың бастапқы кезеңінен соңына дейін оқушының нені оқып меңгергенін білу
мақсатында және сабақты бекіту, қорытындылау үшін
«Бес саусақ» әдісі арқылы
оқушы өзінің жауабын жазып, ұсынады.