Қр денсаулық сақтау министрлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет19/41
Дата24.04.2024
өлшемі0,73 Mb.
#201308
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Kaz testy intern inf bol ispr (2)

Паротитті инфекция (8)
381. Паротитті инфекцияда сілекей бездерінің зақымдануының типті белгісі:
а) пальпация кезінде қатты ауырсыну
b) жергілікті гиперемия
c) жергілікті гипертермия
+d) «қамыр» сияқты жұмсақ консистенциялы
e) бір жақты зақымдану
382. Урологиялық бөлімшеде науқас орхоэпидидимит деген диагнозбен жатыр. Ауырғанына 20 күн болған, дене қызуы 380 С дейін көтеріледі. Ауруының басында дене температурасының көтерілуі кезінде бетінің құлақ маңы ісінген, аздап ауырған, бір апта бұрын іші белдемелі түрде ауырып, жүрегі айнып, 5-6 рет құсқан, іші өткен, 2 күн бұрын дене қызуы қайта көтерілген, ал кеше оң жақ жұмыртқасы ісінген .
Қандай ауру туралы ойлау керек?
а) бактериалды орхит
b) хламидиоз
+c) паротитті инфекция
d) жұмыртқаның карциномасы
e) жедел бруцеллез
383. Урологиялық бөлімшеде науқас орхоэпидидимит деген диагнозбен жатыр. Ауырғанына 20 күн болған, дене қызуы 380 С дейін көтеріледі. Ауруының басында дене температурасының көтерілуі кезінде бетінің құлақ маңы ісінген, аздап ауырған, бір апта бұрын іші белдемелі түрде ауырып, жүрегі айнып, 5-6 рет құсқан, іші өткен, 2 күн бұрын дене қызуы қайта көтерілген, ал кеше оң жақ жұмыртқасы ісінген .
Дәрігердің тактикасы:
а) жұмыртқаны ота жасап алып тастау
b) антибактериалді ем
c) дезинтоксикациялық терапия
+d) жұқпалыауруханаға ауыстыру
e) физиотерапиялық ем
384. 19 жастағы ер адам, ауырғанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері «қамыр» сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалді белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.
Сіздің диагнозыңыз:
+а) паротитті жұқпа, серозды менингит
b) паротитті жұқпа,жедел панкреатит
c) жедел іріңді сиалоденит
d) менингококкты менингит
e) цитомегаловирусты инфекция
385. Паротитті интекцияның объективті белгілері:
а) құлақтың артының ісінуі
b) терісі қызарған
c) терісі кернелмеген
d) зақымданған бездер пальпациялағанда ауырады
+e) зақымданған бездер пальпациялағанда ауырмайды
386. Паротитті инфекцияға тән асқыну
а) пиелонефрит
b) гепатит
c) энтерит
d) остеомиелит
+e) орхит
387. Науқаста қызба, менингит белгілері, безді ағзалардың зақымдануы кезінде қандай ауру туралы ойлауға болады:
а) герпестік менингит
b) лептоспирозды менингит
+c) паротитті менингит
d) менингококкты менингит
e) листериозды менингит
388. 19 жастағы ер адам, ауырғанына 3 күн болғанда келіп түскен. Құлақ маңындағы сілекей бездерінің маңы ісінгеніне, басының қатты ауруына, қайталанған құсуға шағымданып келген. Пальпациялағанда сілекей бездері «қамыр» сияқты жұмсақтау, аздап ауырады, Мурсу симптомы оң, дене температурасы 39ºС, менингеалді белгілері оң. Лейкоциттер саны – 5.400 1 мкл қанда, ЭТЖ – 4 мм/сағ. Ликворда лимфоцитарлы цитоз.
Қандай зерттеу жүргізу қажет:
+а) жұлын миының пункциясы
b) бас миының КТ
c) электроэнцефалограмма
d) бас миының МРТ- сы
e) бас миын УДЗ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет