Чжун юн (қытай) – қытай философиясының алтын ортасы деген этикалық ұғымы.
Ш
абда (үнді) – Куәлік (шабда) – қабылдауға жатпайтын, қабылданбайтын оъектілер туралы беделді адамдардан сонымен қатар ведаларға сүйене отырып, алынатын білім.
Шрути (үнді) – жаратушының қасиетті ілімі.
Шу (қытай ) – адамдарға деген қамқорлық.
Эклектика – қарама-қарсылықтарды ешбір дәлелсіз бір-біріне қосу.
Эволюция – обьектінің сандық көрсеткіштерінің белгілі бір сапа деңгейінде дамуы.
Экзистенциализм – (тіршілік философиясы) – философиядағы иррационалистік бағыт. Экзистенциализмнің идеялық көздері – өмір философиясы. Басты мәселесі: адам болмысы, оның мәні мен тағдыры. Категориялары: жалғыздық, жауапкершілік, үрей, ажал, шекаралық жағдай, бостандық.
Эмпиризм – гносеологиядағы бағыт, ақиқат білімнің бірден-бір көзі сезімдік тәжірибе деп санайды.
Эсхатология – (гр. eschatos –соңғы және logos – ілім, сөз) әлем мен адамзат тағдырының ақыры туралы, ақырзаман мен тозақ туралы діни ілім.