Көпкүтір, Таскүтір елді мекендері - сол кезең топонимиясының бүгінгі
белгілері.
Батыс Қазақстан өңіріндегі кірме топонимдердің бір тобы қазақ даласында орыс
казактары әскери құрылымдарының бекіністер мен бекеттер салуына байланысты қалыптасты.
Ондай атаулар қатарына
Кардон, Казарма, Вышка, Калмыков, Раздольное, Фокеево, Порт Артур топонимдерін жатқызуға болады.
Қазақ даласында капиталистік қатынастың орнай бастауы, Столыпин реформасы кезінде
орталық Ресей мен Украинадан шаруалардың қазақ даласына көшірілуі де топонимиялық
қабатта өзінің тарихи ізін қалдырды. Батыс Қазақстан облысы топонимиясының құрамындағы
ондай атаулар қатарына
Солянка, Подстепное, Черноярово, Гремячий, Харкино, Киевка, Переметное, Покровка, Меловые горы т.б. топонимдер кіреді. Бұл атаулардың бәрі бірдей
бұрын жергілікті халық тарапынан белгі тағылмаған объектілерге ғана қойылған жоқ. Олар
қазақтардың талай ғасырлар бойы ат қойылып, айдары тағылған өзен - көлдерінің, тау-
тасының, ауыл-аймағының атаулары бірте-бірте осы кірме топонимдермен ауыстырды. Орыс
тілінен енген кірме топонимдер қазақ топонимиясына тікелей де, жанамалай да әсер етті. ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына жаппай ене бастаған кірме топонимдердің
әсерінен қазақ руларының бұрыннан келе жатқан байланысы бұзылып, этнографиялық
топонимия кейпінің жаппай өзгеруіне әкеліп соқтырды. Бұрын қазақтар мал қыстатқан күздік
пен қыстақ атауларының, төрт түлік мал өсіріп, төл алған көктеу мен жайлау атаулары бірте-
бірте қолданыстан ығыстырылып, олардың орнын жаңа атаулар басты. Қазақстанның ұлттық
топонимиясы өзгеріске ұшырап, оның жүйесіндегі халықтық атаулар мақсатты түрде
өзгертіліп, олар орыс және отаршыл әкімшілік қайраткерлерінің, Романовтар әулетіндегі
патшаның ерекше адамдарының, үздік деп танылған миссионерлердің, әскер басшыларының
есімімен атала бастады. Оларды ғалым М.Мырзахметов «Отарлау топонимдері» деп атайды
3
.
Жер-су атауларын ауыстырудың қоғамға қарсы іс екенін және бұл процесте көне
атаулардың тарихи маңызына ерекше көңіл бөлінбей отырғанын өкінішпен айта келіп,
К.Г.Паустовский «Книга скитаний» деген еңбегінде былай дейді: «Исчезли имена, связанные с
жизнью многих великих людей. Этот случай с переименованием свидетельствуют об
отсутствии первичной культуры, пренебрежении к народу, к стране и, конечно, об отсутствии
выдумки и вооброжения»
4
. Кеңес өкіметі кезінде бұл процесс жаңа мазмұнға ие болып, қазақ
даласына орыс тілді топонимдердің енуі үздіксіз жалғасын тапты. Ендігі ене бастаған атаулар
коммунистік идеялогияның әсеріне ұшырады. Осындай топонимдер Батыс Қазақстан жер-су
атауларында да бар. Тек соңғы жылдардағы ел өміріндегі өзгерістер нәтижесінде қазақтың
тарихи атаулары қайтадан қалпына келтіріле бастады.
Орыс тілінен енген географиялық атауларының ішінде сан жағынан ойконимдер басым
түседі. Бұл - заңды құбылыс. Көшіп келушілер,
негізінен, елді мекендердің атауларын өзгертуге тырысты. Орыс тілді топонимдерді кластарға
бөлген кезде олардың басым көпшілігінің антропотопонимдер екендігі анықталды. Сонымен,
қорыта келе, Батыс Қазақстан облысы топонимиясының құрамындағы орыс тілінен және орыс
тілі арқылы басқа да тілдерден енген топонимдерді ену кезеңі тұрғысынан мынадай топтарға
бөлдік:
3
Парасат журналы , 1991. № 1.
4
Новый мир, 1963, №11, С.83.
28
1.
Батыс Қазақстанға алғаш қоныстанған орыс казактарының бекіністері мен
күтірлерінің, станицаларының атаулары. Мысалы,