27
Ресей мен қазақ жерлерінің шекаралас болуы сол кезде-ақ қазақ тілінің басқа түркі
тілдерден ерекшеленіп, қалыптасуына себепші болды.
Қазақ халқының Россиямен ХҮІІ ғасырдың басында басталған экономикалық, сауда-
саттық, саяси байланыстары екі ел тілінің лексикасында да өз ізін қалдырғанын қазақ тіліне
енген орыс сөздерінің құрамынан анық байқауға болады. Сол сөздердің белгілі бір тобын жер-
су атаулары құрайды.
Батыс Қазақстанның орыс жерімен шекаралас аудандарында алғашқы орыс елді
мекендері ХҮІІ ғасырдың басында пайда болды. 1748 жылдан бастап орыс патшасы казактарға
қазақ даласында күтір (хутор) салуға рұқсат берді. Жаңадан пайда болған орыс селоларына
орысша атаулар беріліп, қазақ топонимиясының құрамы енді орыс тілді жер-су атауларымен
толықтырыла бастады. Мысалы, Саратов облысымен шекаралас жатқан Казталовка
ауданындағы
Достарыңызбен бөлісу: