Р. Т. Айтбай Еуропаның орта ғасырлық тарихы



Pdf көрінісі
бет107/115
Дата29.05.2022
өлшемі2,16 Mb.
#145443
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115
Байланысты:
Aitbau Europaortagasr
vse formuly mat sauat 3, Досмагамбетова Аружан Бауыржановна 21.06.09, Документ (47), Биология 8сынып Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы ЗЖ презентация, Tonkoe iskusstvo pofigizma pdf, кери титрлеу
 
ГЛОССАРИЙ
Аббат
- католик шіркеуіндегі барлық дін қызметкерлері-
нің құрметті аты. 
Абсолютизм 
– бір адамның (император, король, патша) 
шексіз билігі. Жоғарғы өкімет билігі толық бір адамның ғана 
қолында болған басқару түрі. 
Ариандық - 
күпірлік қозғалыс.
 
ІҮ ғ. Александрияда дін 
басы Арий негізін салды. Ариандықтар құдайдың үшеулігі 
жайындағы ресми діннің тұжырымын мойындамай, Иисус 
Христоста құдайлықтан гөрі, адамдық жағы басым деп уа-
ғыздап, ресми шіркеуге қарсылық көрсетті.
 
Аутодафе 
- 1.Күпірлерді жазалау үкімін жиналған көп-
шілік алдында салтанатты түрде жариялау. 2.Испанияда күпір-
лерді көпшілік алдында өртеу. 
Багаудтар
көтерілісі - ІІІ-Ү ғғ. Солтүстік-батыс Галлияны 
қамтыған (кельттің 
бага
-күрес деген сөзінен алынған), кейін 
Шығыс Испанияға таралған ұсақ жер иелері, жерді жалға алу-
шылар, құлдардың мемлекетке, латифундистерге
де қарсы шығуы.
Барон
– батыс еуропадағы феодалдың атағы. ҮІ-ҮІІ ға-
сырларда ауқатты адамдардың бәрі осылай, ал ХІ-ХІІ ғасыр-
ларда корольдің тікелей вассалы-ірі феодалдар ғана осылай ғана 
аталды. 
Барщина – 
орыстың «еңбекпен өтеу салығы» деген сөзі
шаруаның феодал иелігінде тегін істелетін еңбегі. 
Бас штаттар
– феодалдық Франция мен Нидерландыдағы 
өкілдіктің жоғарғы органы. Қалалардың өсуіне, әлеуметтік қай-
шылықтардың шиеленісуіне және таптық күрестің күшеюіне 
байланысты пайда болды. Францияда 1302 жылы ІҮ Филипптің 
кезінде Жүз жылдық соғыс қарсаңында шақырылды. 
Бург 
- жау шапқыншылығыннан қорғану үшін салынған 
батыс Еуропадағы бекініс орын. Кейін олар қалаларға айналды. 
Вандалдар
- Римді талан - таражға салған герман тайпасы. 
Олар 455 жылы Римді басып алып, ондағы көптеген теңдесі 
жоқ өнер туындыларын құртып жіберді. «Вандал» деген сөз 
топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген мағынада 
қолданылады. 


171 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет