Рабочая учебная программа Рухани адамгершілік білім беру мазмұнының негіздері модуль немесе пән атауы/наименование модуля или дисциплины Мамандық /Специальность 10 000 «Бастауыш білім беру»


тақырып Махаббат және адам тағдыры



бет24/61
Дата29.03.2022
өлшемі0,87 Mb.
#137090
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61
Байланысты:
ruhani adamgershilik bilim beru mazmun n n negizderi zhbb

3.1 тақырып Махаббат және адам тағдыры.

Ұлы Абай “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп айтқаны тегін емес. Ал адам өзінің таным көзін жоғары ақиқатқа бағыттап, жаратушысын тани алатындай мүмкіндікпен ақылдың иесі етіп жаратылды. Адамның өзге жан иелерінен айырмашылығы да оның ақылында. Махаббаттың түп иесі осылайша адамды жоғары ақиқатты танитындай нұрлы ақыл иесі етіп жаратуының өзінде үлкен Махаббат бар. Ғұлама Абай өзінің 38-қара сөзінде “...ықыласпен оқып ұғып алыңыздар, оның үшін махаббат төлеуі махаббат.Махаббат - бұл біздің әрқайсымыздың жүрегіміздегі күн шуағы секілді. Оның әдемі шуақтары ғажайып жағдайлардың болуына әсер етеді.


Олай болса, өзіміз солай жасап көрелік. Елестетіңдерші, сендер барлығың күн шуақтарысыңдар. Біздің «күніміздің» айналасына тұра қалып, өзіміз қалаған адамға өз тілегімізді білдіреміз. Ал ол үшін мына сөздерді пайдаланамыз: Сүйіспеншілік шуағын шашып,Баршаға денсаулық тіледім!
Әбу Насыр Әл-Фараби. «Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, сезіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт калады». Абай Құнанбаев.Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті. Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады. Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны және т.б. Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар-намысына, абыройына нұқсан келмейтін әрекеттерге ғана барады. Әйелдің шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез-құлқында ғана. Адамгершілік оның тыныс алысы сияқты, қарапайымдылығы оның өмірлік күші, ақиқат жолында жүруі оның күнделікті парызы. Ана өзінің ар-намысын сақтауда өзін құрбандыққа да шала алады. Ол өз даналығы мен ақылдылығының арқасында күйеуінің алдында кішірейе де алады. Күйеуінің амандығын, оның қуанышы, оның тілектері мен қалауларын сезініп, түсінуі өзінің де игілікке жетуінің кілті екенін түсінуі керек. Мұндай әйелдер Жаратушынның ризашылығына бөленеді. Яғни өмірдегі бар жақсылыққа кенелетіндер де осылар екен. Егер әйел рухани, ізгі болмаса онда осы барлық қасиеттерді күйеуінен ада етеді. Ең бірінші ол күйеуінің қоғамдағы орнын, яғни жақсы атағын жоқ қылады.Сонан кейін сәттілік оған жолдас болмайды да, ол өзіне лайықсыз әрекеттер жасай бастайды. Онан соң оның сөзі өзгереді. Ақыл-есі нашарлай бастайды. Онан соң ол жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата алмайды. Мақсатқа талпынушылықтарын жоя бастайды, ешнәрсе қызықтырмайды. Шыдамдылығы таусылады. Нәтижесінде түрлі келеңсіз жәйттер болады. Әйелге сыпайылық, ибалылық қажет. Онсыз әйел сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Сыпайы, ибалы әйел өзін әрдайым ішкі түйсігімен сезініп дұрыс әрекеттер жасап отырады. Ол тек қана ізгі, дұрыс әрекеттерге барады. Сыпайы, ибалы әйел өз отбасында ибалықпен билік жүргізіп, ол қоғамға, бүкіл әлемге ықпал етеді. Сыпайы, ибалы әйел тұрмыстың тауқыметімен ұсақталып кетпейді, өзі сыйлап, өзін де сыйлата алады. Отбасындағы береке әйелге байланысты. Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Бір-ақ әрбір әйел білуге тиіс нэрсе. Егер отбасыңызда бақ, береке, молшылық болсын десеңіз отбасыңыз тек кана өзінің ішкі қызығушылығымен ғана өмір сүрмеуі керек. Бұл ой-ниет дастақаннан басталады. Егер отбасы мүшелері өз дастарқандарына жай ғана басқаларды шақыра алатын болса, өздерінің ас-тұзымен өзгелермен бөлісе алса, онда ол отбасында молшылық, береке орнайды Шығыс даналығы бойынша: «...Ұлт ананың мәдениетінің негізінде қалыптасып, дамиды. Өмірге келген ұрпақ бүгінгі ананың негізінде қалыптасады. Кешегі, бүгінгі, келешекте ана бәрінің өзегі болмақ. Ұлттың жүрегі, тынысы болмақ. Ананың міндеті - руханилық пен адамгершіліктің негізін салу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет