Рахимгалиева пакизат сармановна



бет39/56
Дата21.11.2023
өлшемі0,75 Mb.
#192716
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Байланысты:
rahimgalieva-pakizat-sarmanovna-phd-s-sp
ТҮЙІНДЕМЕ Сейдахметова Асел, Эндрюстің эксперименттік изотермдері., Camtasia Getting Started Guide.1ppt, Сайыс сабақ қазақ тілінде Қызықты физика 7-сынып, Ұстаз 2 курс каз.яз ВШП -, аксезим, МКБ, Авесхан Анель Пмно 22-1-3, Модульное обучение, Тілек
Кеуде шеңбері

5 %

7%

2%

25%

39%

11%

11%

Бұл жағдайда, студенттік жас кезеңі дененің қалыпты конституциясын сақтау үшін қолайлы екенін жоққа шығаруға болмайды. Жоғары оқу орнына қабылданар алдында, студенттер барлық медициналық бағыттағы тексерулерден өтеді, сондай-ақ организмнің зат алмасу процесстерінің қалыпты жұмысы дене салмағын жылдам реттеуге мүмкіндік жасайды. Алайда, түрлі эндокринологиялық және басқа да бұзылыстарға байланысты артық салмақтан зардап шегетін студенттер де жоқ емес. Ондай студенттерге бағдарлама аясында профилактикалық медициналық қарап-тексерулер жүргізіліп, тереңдетілген медициналық зерттеп-қарауға жіберу жұмыстары орындалды.


Антропометриялық көрсеткіштер негізінде студенттердің 12-ші кестеге сәйкес, физикалық даму индексі анықталды.


Кесте 12 – Студенттердің физикалық даму индексі



Физикалық даму индексі

Қалыптыдан төмен

Қалыпты

Қалыптыдан жоғары

Кетленің индексі бойынша

13 %

87 %

-

Физиологиялық тұрғыда студенттің физикалық даму деңгейін анықтаудың ең жиі қолданылатын формуласы Адольф Кетлеге тиесілі: ДМИ = ДМ/ДБ, кг/м.


Бұл индекс дене массасының жеткіліксіз, қалыпты немесе артық екендігін бағалайды. Алынған нәтижелер көрсеткендей, 13% студентте қалыптыдан төмен, 87% қалыпты дәрежені көрсетті. Бұл студенттермен физикалық белсенділік жағынан жұмыстардың жасалу қажеттілігін көрсетеді.
Біз жоғары оқу орнында студенттермен тиімді өзара әрекеттесу формасы ретінде олардың жеке көзқарастары ескерілуі керек деп есептейміз. Студенттердің жеке ұсыныстарында дене салмағын бақылаудың маңыздылығы, тамақтану, еңбек, демалыс және физикалық белсенділікті дұрыс үйлестіру арқылы реттеу туралы нұсқаулықтар болғаны жөн.
Дене белсенділігін денсаулықты сақтау мен күтудің бір әдісі ғана емес, сонымен қатар жастар ортасында зиянды әдеттердің алдын-алу шаралары ретінде қарастыруға болады. Өкінішке орай, зиянды әдеттерге әуестену студенттер арасында да жиі кездеседі. Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сәйкес, студенттерге жаңа нәрсені байқап көруге деген ұмтылыс, зиянды заттарды тұтынудың салдары туралы жетік білмеу (темегі, алкоголь, есірткі т.б), еліктегіштік тән. Қазіргі ақпараттық қоғамда зиянды заттардың ағзаға тигізетін теріс ықпалын оқып, біліп алу еш қиындық тудырмайды. Алайда, олардың денсаулыққа тигізетін зардабын білсе де, осы қадамға баратын студент жастар бар. Зиянды бұйымдар адамға өмір сүруге қажетті ең маңызды деген ағзалардың: тыныс алу, зат алмасу, жүйке жүйесі, бауырдың қызметі т.б жұмысын бұзады. Төменде берілген 13-ші кестеде студенттердің зиянды әдеттерге әуестену деңгейін анықтау бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері ұсынылған.

Кесте 13 – Студенттер арасындағы зиянды әдеттерге әуестену деңгейін бағалау нәтижелері (%)







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет