Дезадаптация – адамның әлеуметтік орта жағдайына бейімделу қабілетін жартылай немесе толық жоғалтуы, яғни бейімделе алмауы.
Физиология (грекше physis – табиғат, logos – ілім) – тірі организм мен оның жүйке жүйелері, ағзалары, жасушаларының әрекеттерін, қызметін зерттейтін биологиялық ғылым.
Физикалық даярлық – бұл адамдардың денсаулығының жай-күйін сипаттайтын маңызды көрсеткіш. Физикалық даярлық адамның физиологиялық, психологиялық және моральдық қасиеттерінің күрделі кешенін қамти отырып, көбіне адамның кәсіби іс-әрекетке деген физикалық жарамдылық деңгейін білдіреді. Физикалық дайындығы жоғары студенттер сыртқы қысым мен жүйке-психикалық стрессті жеңіл өткереді және қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына оңай төзеді.
Жоғары жүйке қызметінің типі – жүйке жүйесінің кешенді түрдегі тұрақты қызметі. Мұндай қызмет жоғары жүйке қызметінің сипаттары мен қасиеттерін білдіреді және ол қасиеттер адамның әлеуметтік ортада атқаратын жұмысы мен іс-әрекетіне байланысты жаңа сапаларға ие болады. Жоғары жүйке қызметінің типтері мен сипаттары адам мінезінің физиологиялық негізі болып табылады.
Вегетативтік жүйке жүйесі –зат алмауын, өсіп-өну процестерін, ішкі ағзалардың қызметін сыртқы және ішкі орта әсеріне бейімдеп, реттеп отыратын жүйке жүйесі.
Белгілеулер мен қысқартулар