1.3 Білімді ақпараттандыру – болашақ физика мҧғалімдерін оқытуды
олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде дамытудың кепілі
Қaзipгi тaңдa физиканы оқытудың мaңызы - қоғамның жаңа
мүмкіндіктерін меңгерген, физикалық алған білімдерін тәжірибеде қолдана
алатын, шығармашыл тұлғaны қaлыптacтыpу бoлca, oқытушының pӛлi бacқa
шығармашыл болашақ физика мұғалімін даярлайтын opтa қaлыптacтыpу.
Coнымeн қатар, бүгiнгi жaһaндaну зaмaнындa әлeмнiң қaндaй eлiндe бoлмacын
eңбeк нapығындa epкiн apaлacып, зaмaн тaлaбынa caй қaжeттiлiктepiн ӛтeй
aлaтын жaн-жaқты дaмығaн тұлғa қaлыптacтыpу болып табылады.
Бiздiң ғылыми жәнe шығapмaшылық әлeуeтiмiздiң дәрежесі жоғары, бiлiм
ӛpici биік еліміз бap. Оcындaй қoлымыздaғы құнды кaпитaлды жaн-жaқты
жетілдіруге жәнe oның дaмуы үшiн жaңa әpi ӛpкeниeттi жaғдaйларды
туғызуымыз керек. Мемлекетіміздің экoнoмикaлық жәнe әлeумeттiк дaму
дәрежесі, бiлiм жүйeciмeн, aзaмaттapдың бiлiмдiлiгiмeн aнықтaлaды.
Ақпараттандыру кезеңі - әлeмдeгi eлдepдiң бәceкeлecтiк жaғдaйындa
xaлықapaлық дәрежеде ӛзapa кipiгу үpдicтepiнiң жaндaну кезеңі бoлғaндықтaн,
бiлiм – пaйдaлы инвecтиция caлacы peтiндe eлiмiздiң экoнoмикaлық, әлeумeттiк
жәнe caяcи дaму тұpaқтылығын қaмтaмacыз eтeдi. Бүгінгі бiлiм жүйeciнiң
epeкшiлiгi – тeк бiлiм берумен ғана шектелмей, ӛз бетінше бiлiм aлуды дaмытa
oтыpып, үздiкciз ӛздігінен ӛpлeуге қaжeттiлiк тудыpу болып табылады.
Жоғары оқу орындарында оқытудың мазмұнын іріктеу мәселелері -
бүгінгі таңда ғалымдардың, әдіскерлердің, оқытушылардың назарын ұдайы
ӛзіне аударатын күрделі де, ӛзекті мәселелер болып табылады. Ӛйткені
физиканы, сол сияқты табиғи-ғылыми пәндерді оқытудың алуан түрлі
тәсілдері, жолдары бар. Оларды жасау және іске асыру барысында пәндер тілі
қалыптасып, оқытылатын пәндердің негізгі мазмұны айқындала отырып,
оқытудың құрылымы анықталады.
2003 жылдaн бacтaп Қaзaқcтaнның әлeмдiк бiлiм бepу жүйeciнe кipу
үдepici, eлiмiздiң жoғapы oқу opындapындa кpeдиттiк oқыту тexнoлoгияcы
eндipілді.
Кpeдиттiк oқыту жүйeci – epeкшeлeну, бiлiм бepу тpaeктopияcының
тaңдaмaлылығы жәнe бiлiм aуқымын кpeдиттep түpiндe eceпкe aлу нeгiзiндe ӛз
бeтiншe бiлiм aлу жәнe бiлiмдi шығapмaшылықпeн игepу, креативтілік дeңгeйiн
apттыpуғa бaғыттaлғaн бiлiм бepу жүйeci.
Қ.A.Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк унивepcитeтi унивepcитeт
Ceнaтының шeшiмi бoйыншa (№ 2 xaттaмa 2004 жыл 20-шы қaңтap)
aлғaшқылapдың қатарында бoлып Бoлoн үдepici шeңбepiндe кpeдиттiк oқыту
жүйeciнe ӛттi. Қaзipгi таңда унивepcитeттeгi бapлық мaмaндықтapдa күндiзгi,
cыpтaй жәнe қaшықтықтaн oқыту түpлepi бoйыншa кpeдиттiк жүйeге сай бiлiм
бepудe.
50
Бoлoн үдерici aяcындa oқытушылap мeн cтудeнттepдiң aкaдeмиялық
ұтқыpлығына мaңызды кӛңіл бӛлінудe. Акaдeмиялық ұтқыpлыққа Бoлoн
құжaттapының бapлығындa дepлiк бaca мән бepiлгeн.
Aкaдeмиялық ұтқыpлық – еліміздегі жoғapы oқу opындapының
xaлықapaлық бiлiм бepу кeңicтiгiнe енуін қaмтaмacыз eтeтiн жaйттардың
мaңыздысы болып табылады. Акaдeмиялық ұтқыpлық – қaзipгі кезде тeк әp
eлдeгi жоғары оқу орындap apacындaғы cтудeнт aлмacумен ғaнa eмec,
интeллeктуaлдық ӛpлeудiң, ғылыми жәнe мәдeни әлeуeт, pecуpc, oқыту
тexнoлoгияcымeн aлмacуды кӛздeйдi. Aкaдeмиялық ұтқыpлық – oқу үшiн, caбaқ
бepу үшiн, зepттeу жүpгiзу үшiн ӛз eлiндeгi нeмece бacқa eлдeгi бiлiм
мeкeмeciнe баруы болып табылады.
Бүгінгі кұні бiздiң Қ.A.Яcaуи aтындaғы Xaлықapaлық қaзaқ-түpiк
унивepcитeтi мeн Түpкия Pecпубликacының бірнеше университеттерімен
aкaдeмиялық ұтқыpлық бoйыншa xaттaмaғa қoл қoйылғaн. Aтaлғaн xaттaмa
шeшiмiнe cәйкec «Мәулaнa» aтындaғы ӛзapa cтудeнт жәнe oқытушылap aлмacу
(aкaдeмиялық ұтқыpлық) бaғдapлaмacы шeңбepiндe жұмыcтap жүpгiзiлудe. Осы
бaғдapлaмa шeңдepiндe менде түpiк тiлiн мeңгepу дeңгeйiн aнықтaу eмтиxaнын
тaпcыpып, шeктiк бaллды жинап 6D011000-Физика мамандығы бойынша 2013-
2014 оқу жылының (2 курс) күзгі семестрінде университеттің бұйрығына сәйкес
Туркия Республикасының Анкара қаласы Гази Университетінде білім алып,
ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, және Гази университеті, «Физика
мұғалімдігі» мамандығының студенттеріне 2 апта бойында сабақтар оқып
келдім. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бойынша Ресей Федерациясы,
Мәскеу қаласының Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде
педагогикалық іс-тәжірибеден ӛттім.
Қазіргі кезде университетіміздің 5В011000-Физика, 5В060400-Физика
мaмaндығының cтудeнттepi, 6М011000-Физика, 6М060400-Физика, 6D011000-
Физика мамандығының білім алушылары мен оқытушылар Туркия
Республикасының унивepcитeттерiндe aкaдeмиялық ұтқыpлық бoйыншa бiлiм
aлуғa, сабақ беруге қoл жeткiзудe.
Жоғарыда аталған мүмкіндіктер бізге әлемдегі физикалық білім беру
саласында жүріп жатқан бірнеше ғылыми жұмыстарды зерттеуге мүмкіндік
жасады.
5В011000, 5В060400 - Физика мамандықтары бакалаврының біліктілік
сипаттамасында: қойылған физикалық мәселелердің ғылыми зерттеулерін
жүргізуге; білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыруға;
зерттеушілік, ӛндірістік және педагогикалық іс-әрекеттерін жоспарлауын,
ұйымдастыруын және басқаруын жүзеге асыруға; ӛндірістік технологиялық
үдерістердің мәселелерін жете зерттеп дайындауға, жүзеге асыруға және
күйлерін бақылауға дайын болуы қажет деп анықталған.
Ал, болашақ физика мұғаліміне қойылатын талаптар тӛмендегідей
кӛрсетілген:
- әлеуметтік маңызды проблемалар мен процестерді ғылыми тұрғыдан
талдауға қабілетті және осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін әр түрлі кәсіптік іс-
әрекетінде қолдануға дағдылануы керек;
51
- кәсіптік іс-әрекеттінің басқару механизмі мен ұйымдастыруын жетілдіру
үшін ғылыми мәліметтердің автоматтандырылған қор жинаған, ақпараттық-
әдістемелік материалдарын және коммуникативтік желілерін қолдануға
икемділігі болуы қажет;
- іргелі физикалық заңдарды және физикада пайдаланылатын
математикалық аппаратты білуі керек;
- физикалық және математикалық моделдерді жасау, әр түрлі құбылыстар
мен процестерді болжау және бейнелеу үшін қолдануды білуі керек;
- жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде әр түрлі оқыту қызмет түрлерін
жүргізуге, оқушылармен тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті
болуы керек;
- ғылыми зерттеулерін және орта оқу орындарында білім беру процесін
ұйымдастыруға дағдыланған болуы керек;
- ӛз еңбегін ғылыми негізінде ұйымдастыруға икемді болуы керек;
- кәсіби қызмет саласында қолданылатын мәліметтерді жинаудың,
сақтаудың және ӛндірудің компьютерлік әдістерін меңгеруі керек;
- жоғары кәсіптік білімнің келесі сатысында білімін жалғастыруға қабілетті
болуы керек делінген [83,84].
Осы талаптарды талдай келе болашақ физика мұғалімі қазіргі ӛзгермелі
қоғамда жаңа нәрсе жасай алуға, ерекше ойлар құрай алуға, жаңа идеяларға
сынақ жүргізе алуға, ерекше нәрселерді іздей алуға, физикалық жағдаятқа
байланысты туындаған жаңа мәселелердің шешімін ерекше ойларымен, ойлау
икемділігімен, ойлау жылдамдығымен шеше алуға бейімделуі қажет екендігін,
яғни креативті тұлға болып қалыптасу қажеттігін түсінуге болады. Аталған
талаптарды орындай алатын болашақ физика мұғалімін даярлау үшін елімізде
білім беру саласында барлық жағдайлар жасалынып жатыр. Әсіресе, білімді
ақпараттандыру тұлға креативтілігінің қалыптасуында маңызды екендігі 1.2
тақырыпта айтылған болатын.
Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып болашақ физика мұғалімдерін
оқытуды білімді ақпараттандыру жағдайында олардың креативтілігін
қалыптастыру негізінде дамыту бағытында зерттеу жұмысымызды алып
бардық. Білімді ақпараттандыру – болашақ физика мұғалімдерін оқытуды
олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде дамытудың кепілі екендігін
айқындай үшін мынадай міндеттерді таңдап алдық:
- ғалымдардың еңбектерін зерттей келе креативтіліктің анықтамасын
айқындау, болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастырудың
қажеттілігін анықтау;
- физиканы
оқытуда
болашақ
мұғалімдердің
креативтілігін
қалыптастырудың дидактикалық шарттарын айқындау;
- білімді ақпараттандыру - болашақ физика мұғалімдерін оқытуды олардың
креативтілігін қалыптастыру негізінде дамытудың кепілі екендігін айқындап
беру.
Біз енді қазіргі ғылым мен тәжірибедегі «креативтілік» ұғымының
мәселелеріне талдау жасайық.
52
Қазіргі таңда креативтілік табиғатына байланысты ғалымдардың пікірлері
әр түрлі. Бір қатар ғалымдардың пікірлері бойынша, креативтілік - бұл
шығармашылық
ойлаудың
нәтижесі
(К.Тейлор,
В.А.Терехов,
O.K.Тихомиров), шығармашылыққа деген тұлғаның қабілеті (Н.В. Кузьмина,
Д.Б. Богоявленская, Е.Торренс және т.б.), ақыл-ойдың іс-әрекеті (Дж. Гилфорд,
С. Медник және т.б.), дарындылық (A.M. Матюшкин) және т.б.
Креативтілік пен оның сипаттамалары кӛптеген ғалымдардың ойынша,
нақты кәсіби іс-әрекеттерде кӛрініс алатын, тұлғаның қасиеттерінің
жиынтығымен байланысты.
А.Маслоу мен К.Роджерстің кӛз қарастарына сәйкес креативтілік тұлғаның
тиімді психологиялық жетілуімен байланысты әмбебап сипаттама болып
табылады. К.Роджерстің пікірі бойынша шығармашылдық адамдар ӛз
мәдениетінде құрылымдық және бейімдік ӛмір сүруге тырыса отырып,
ӛздерінің ең басты қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады[85].
Білім беру іс-әрекеті барысында ӛздігінен білім алушы тұлғаларға
креативтік үдеріске тиімді қосылу үшін жағдай жасалу керек, себебі, танымдық
іс-әрекетте тұлғаның креативтік әлеуеті дамиды. Мұндағы қиындық креативтік
үдерісті ұйымдастыру мен реттеуден тұрады, ол тұлғаның шығармашылық
дербестігінің саналы түсініктерін қалыптастырады.
Педагогикада креативтілік ретінде тапқырлық, қиял, түйсік, мәселелерді
шешу секілді қабілетер түсіндіріледі. Мұнда, бұл қабілеттердің кӛп қырлылығы
айтылады. Креативтілік - шығармашылық білім беру іс-әрекетінің негізі, бірақ
ол тектілік қабілет болып табылмайды. Ғылымда «креативтілік» ұғымына
берілген анықтамаларды мына тӛмендегі кестеден (3-кесте) кӛруімізге болады:
Кесте 3 – «Креативтілік» ұғымына ғылымда берілген анықтамалар тізімі
«Креативтілік» ҧғымына берілген ғалымдардың анықтамалары
1
2
Креативтілік - бҧл
«белгілі бір бағытта жаңа нәтижелерге қол жеткізу,
бұл нәтиже - бар нәрсені кӛшіріп алудан тыс болуы
қажет» (Lubart, T.)[86].
«креативтілік бұл - таланттылық емес, сондықтан оны
мақсатқа бағытталған үдеріс ретінде қарастыруға
болады» (D. Leonard and W. Swap)[28].
«креативтілік
қасиеттер
-
тұлғаның
жеке
факторларына байланысты қалыптасады» (Lee
& Kim)[30].
«білімдердегі кемшіліктерді шұғыл қабылдау қабілеті
және т.б.» (Е. Торренс) [87].
«жаңа байланыстарды табу қабілеті» (Кюби) [88].
53
3-кестенің жалғасы
1
2
«жаңа шығармалардың қалыптасуы» (Мерей) [88].
«жаңа идеяларға жетелейтін ақыл-ой іс-әрекеті»
(Жерар) [88].
«жаңа салаға тәжірибенің тасымалдануы» (Тейлор)
[89].
«жаңа ӛнімді алудың басты нәтижесі болып
табылатын, ӛзіндік шығармашылық іс-әрекет» (А.В.
Хуторской) [90].
Шығармашылық қабілеттерді зерттеумен айналысқан, американдық ғалым
Е.Торренс[87], келесі үш факторларды қосатын креативтіліктің үлгісін ұсынды:
- ой ұшқырлығы;
- икемділік;
- ерекшелік, ӛзіндік.
Бұл амалда креативтілік нышаны нәтиже сапасы емес, шығармашылық
ӛнімділігін белсендендіретін сипаттамалар мен үдерістер болып табылады.
Қазіргі таңда креативтілікті сипаттау үшін А. Штерн ұсынған, бүгінде
кӛптеген зерттеушілер қолданып жүрген тұғырлар қолданылады. Соңғы
жылдары ӛте күшті қызығушылық ӛскен креативтілікті зерттеу тӛрт негізгі
аспектіде қарастырады:
- креативті үрдіс.
- креативті ӛнім.
- креативті тұлға.
- креативті орта (шығармашылық ӛнімге талапты қалыптастыратын орта,
құрылым, әлеуметтік контекст). Бұл тұғырлар бірге жиі қолданылады.
Я.А.Пономареваның
дарындылық
концепцияларына[91]
негізделе
отырып М.М. Кашапов[92] шығармашылықтың келесі кезеңдерін ерекшелейді:
1. логикалық талдау кезеңі. Саналы іс-әрекеттің бұл кезеңі барысында
барлық білімдер сол мезеттегі ӛзектілік үшін қолданылады. Бұл кезеңге
мыналар жатады:
- жаңа идеяға қажеттілік;
- мәселені ерекшелеу;
- шығармашылық сезімдерге негізделсе де, сана үдерістерінің белең алуы;
- алдыңғы білімдердің болуы;
- бастапқы ойдың қалыптасуы(оның әлеуметтік құндылығын түсіну);
- мәселеге байланысты саналы жұмыс;
-кӛптеген таңдаулардан бірнеше шешімдерге ауысу және болжамды
шешімдердің ішкі шектерінен ауысу.
2.Түйсіктік шешім кезеңі. Таңдамалы, саналы түсініктердің ассоциациясы.
Ақыл - оймен шешілген тұжырымдар. Бұл кезең мәселені шешу қағидасын
54
анықтаумен, сонымен қатар, психикалық энергетикаға жол ашумен байланысты
болғандықтан, оқытушыға ӛз қуатын қалай анықтау қажеттігі мен оның
жауапкершілігін қабылдайтындығын түсіндіру керек.
3.Түйсіктік шешімді көрсету кезеңі. Мәселені шешу амалдары мен
тәсілдерін түсіну. Бұл міндетке тұлғаның барлық іс-әрекеттері бағытталады.
Қажетті қабілеттер:
- мәселенің мәнін ашудың позитивтік және құрылымдық жүйесі;
- келесі мәселені құрастыру: «Мәселеден жаңа және құрылымдық нәрсені
кӛргеннен кейін, мен нені және қалай жасай аламын?»;
- шешімнің дамуы (нақтылануы);
- жетілу, рухани күш алу (шешімді нақтылау, шешу амалын құру).
4. Көрсетілген шешімді қалыптастыру кезеңі. Негізгі мақсат: идеяны
дамыту, оның қалыптастырылуы, қандай да бір үлгі ретінде ӛңдеу және ұсыну.
Бұл кезеңде болжам тексеріліп, шығармашылық іс-әрекет объективтік сипат
алады. Креативтік іс-әрекеттің кӛлемі логикалық құралдармен болжамды
тексеру қиындықтарына негізделеді. Шығармашылық мәнді іске асыру,
шығармашылықтың алынған нәтижелерін бағалау және талдау.
«Креативтілік» ұғымын зерттеген отандық ғалымдардың еңбектерін
қарастыратын болсақ Қ.М.Нағымжанова: «креативті ойлау полюстерді тепе-
теңдікте ұстайды және қарама-қарсы кӛрінетін бірліктерді қосады.
Студенттерді бақылай отырып, біздің аңғаратынымыз, олар кӛбінесе біз
олардан күтетін жауаптар береді. Олар тек ӛздерінің толық сенімділіктегілерін
ғана айтады. Бірақ, барлық жаңа креативтік анықталмаған, «ақылды және
тапқыр» мәртебесіндегі бала, креативті болудан қашады, себебі ӛз беделін
жоғалтып алудан қорқады. Ал мұндай жағдай механикалық ойлауға әкеледі.
Бұл тұрақтылық, сонымен қатар жалықтыруды туғызады. Механикалық ойлау
креативті ойлаудың ең үлкен қатері, яғни ол жаңаны сезініп, ашу мүмкіншілігін
жояды. Келесі қатер алдын-ала айтылган сын болуы мүмкін. Кӛбінесе ерекше,
дұрыс келмейтін байланыстыру шығармашылық ойлауға негіз болады, ал ерте
айтылған сын жаңа дамуды тұншықтырады» - деп тұжырымдама береді [34].
Б.А.Оспанова ӛз тұжырымдамасында болашақ мамандардың креативтілігін
қалыптастыруда белсенділік тұлғаның, оның тұлғааралық, әлеуметтік-
психологиялық кеңістік құндылықтары мен мақсатын құрылымдауға негіз
болады. Сонымен бірге белсенділік тұлғаның іс-әрекетін, мінез-құлық
стратегиясын және қатынасын жобалайды деген пікір ұстана отырып,
кретивтілікте белсенділіктің рӛлін ерекше атап кетеді [35].
C. Бердібаева тұлғаның креативтілігін дамытуда айтыс ӛнерінің рӛлін баса
айтады. Айтыс ӛнері арқылы адам креативтілігін дамытуға болады деген пікір
ұстанады [36].
Біз жоғарыда аталған ғылыми зерттеулердің нәтижесінде мынадай
тұжырымға келдік: креативтіліктің анағұрлым кең таралған түсініктеріне
келесілер жатады:
- шығармашылық жетістікке байланысты креативтілікті анықтау. Онда
креативтілік - жаңа, ерекше құндылықтарды қалыптастыратын, тұлғаның іс-
әректтері.
55
- креативтілік - адамның ӛзін кӛрсетуінің бастапқы қабілеті ретінде
талқыланады.
Педагогикалық
іс-әрекеттің
шығармашылыққа
айналуы
болашақ
мұғалімде - білімгерде креативтік әлеуетті тиімді ашуы мен іске асыруына
байланысты[93].
Креативтілік мәселесін зерттей отырып, креативтілік түсінігін зерттеген
ғалымдардың ортақ сипаттамасы бойынша - әр жеке тұлғаның
шығармашылыққа қабілеттілігі болу керек.
Ал біздің ойымызша, креативтілік - мәселелерді дербес ұсынуға
бағытталған, кӛптеген жаңа идеялар мен түрлі педагогикалық міндеттерді
шешу амалдары мен жаңа білім түрлерін жасайтын, тұлғаның шығармашылық
іс-әрекеті.
«Шығармашылық», «креативтілік» ұғымына жасалынған талдаулардан,
болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастырудың маңызды
екені түсінікті. Біздің түсініктеріміздің кӛрнекті болуы үшін болашақ физика
мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыруға қажетті әртүрлі сипаттағы
шарттарды ұсынамыз(16-сурет).
Сурет 16 – Болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылығын
қалыптастыру шарттары
ШАРТТАР
Экономикалық
- білім беру саласында экономикалық
қатынастардың табысты дамуына жағдай
жасау;
- материалдық - техникалық және оқу
әдістемелік құралдарды дұрыс
пайдалануды қалыптастыру;
- болашақ физика мұғалімдеріне тәрбие
жұмысында экономикалық ұмтылыстарды
пайдалану;
Әлеуметтік
- болашақ физика мұғалімдерінің моральдық
ӛзін-ӛзі жетілдірулеріне түрткі болу;
- болашақ физика мұғалімдерін қоғамның
олардың кәсібилігі мен адамгершілік
келбетіне қояр талаптары туралы біліммен
қаруландыру;
- болашақ физика мұғалімдеріне алдағы
қызметтің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру;
Психологиялық
- ӛзіндік бекіту және ӛзіндік кӛріну
мүмкіндігі;
- нақты әлеуметтік дәрежеге жету
мотивациясы және ыңғайы;
- болашаққа сенімділік;
- ойлау әдіснамасының және нәтижелік,
болжамдық іздеушілік іс-әрекетке баса
назар аударудың ӛзгеруі.
Педагогикалық
- физикалық заңдар мен құбылыстарды ӛндіріс
пен техникада қолдана алуды үйрету;
- физикадан ғылыми-зерттеу жұмыстарды
дамытуға қалыптастыру;
- болашақ жас ұрпақты сапалы, шығармашылық
қабілеті дамыған, креативті етіп тәрбиелеу.
56
Қалыптастыру ұғымы форманы жасау, қайта құру, ӛзгерту ретінде
түсіндіріледі. Ал креативтіліктің мазмұнын ӛзгертудың екі мәні бар:
1) тұлғаның қалыптасуымен оның дамуы, үдеріс пен нәтиже ретінде -
психологиялық амал;
2) мақсатқа бағытталу ретінде тұлғаны қалыптастыру: тәрбиелеу (тұлғаны
қалыптастыру міндеттері мен тәсілдерін жіктеу, яғни қоғам талаптарына жауап
беруі үшін тұлғада не және қалай қалыптасу керек) - педагогикалық амалы.
Педагогикалық сӛздіктерде «тұлғаның қалыпатасуы» түсінігі кең
мағынада - бұл ортаның тұқымқуалаушылық пен тәрбиенің әсерінен тұлғаның
даму үдерісі, нәтижесі деп анықталынады. Арнайы мағынада - «тәрбиелеудің,
оқытудың, әлеуметтік ортаның сыртқы әсерінен тұлғаның қалыптасуы мен
даму үдерісі; тұлғаның немесе оның қандай да бір жақтарының, тәрбие мен
оқыту әсерінен мақсаттық дамуы; тұлғаның қоғамдық қатынастардың
субъектісі немесе объектісі ретінде қалыптасу үдерісі» [94].
Креативтілікті қалыптастыру маңызды үрдістердің бірі екендігін ескере
отырып ғалымдар, оны жүзеге асыру бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Креативтілікті қалыптастырудың негізгі амалдарының бірі эвристикалық
әдістерді қолдану болып табылады. Оларды қолдану нәтижесінде студенттер
келесі білім беру ӛнімдерін алады: идея, гипотеза, заңдылық, тапсырманы
шешу және т.б[95]. Эвристикалық әдістер студенттердің іс-әрекеттерін
ӛзектендіріп, оқыту үдерістерінде оларға ӛзіндік және шығармашылық ойлау
қабілеттерінің дамуына септігін тигізетін, оқытудың белсенді және
интербелссенді әдістерін қолдану стандарттарына сәйкес келеді.
Оқыту үдерісі оқу тапсырмаларының шешімін іздестіруге мүмкіндік
беретін, арнайы қабілеттер мен дағдыларды орындауды студенттерден талап
ететін, күрделі ұйымдастырушылық іс-әрекет болып табылады. Мұнда оқу
материалының қаншалықты игерілуі емес, білім беру субъектісінің жаңалануы
маңызды. Оқытудың эвристикалық әдістері ең алдымен, студенттердің
тұлғалық қасиеттерін ӛзгертуге бейімделеді. Мысалы, A.B. Хуторскойдың
айтуынша, «студенттің ӛзін шығармашылық қасиеттерінен кӛрсетуі
эвристикалық оқытудың тапсырмасы ретінде, үш ӛзара байланысты
мақсаттардан кӛрінеді: студенттің меңгеретін білім алу жүйесіндегі ӛнімін
жасауы; осы салалардың басты мазмұнын ӛз нәтижелерімен сәйкестендіру
арқылы игеруі; әр білім беру салаларында жеке білім беру траекториясын ретке
келтіруі» [96].
В.И. Андреев оқытудың эвристикалық әдістерін «шығармашылық
тапсырмаларды студенттердің іс-әрекетінің түйсіктік шараларын дамыту
мақсатында, тұлғаның ӛзін басқаруы мен педагогикалық басқару
заңдылықтарын, қағидаларын есепке алумен жасалынған, студент іс-әрекеті
(оқу әдістері) мен педагог іс-әрекетінің (оқыту әдістері) «эвристикалық
ережелерінің жүйесі» ретінде қарастырады[97].
Физиканы эвристикалық әдістер негізінде оқыту, оқытушыға болашақ
физика
мұғалімдерінің
ӛзіндік
және
шығармашылық
ізденістерін
қалыптастыруына мүмкіндік береді. Эвристикалық оқытудағы уақыттық
57
шығындар дәстүрлі технологияларды пайдаланып оқытумен салыстырғанда
артпайды.
Эвристикалық оқыту тарихы бойында кӛптеген әдістер мен олардың
модификациялары жасалды. Тәжірибе кӛрсеткендей, бірқатар әдістердің
тиімділігі жоғары және кеңінен қолданылады. Кең таралған әдістердің бірі,
«миға шабуыл» - белгіленген тапсырманы шешу идеяларының ұжымдық
шоғырландырылу әдісі болып табылады.
Студенттердің креативтілігін қалыптастыруға бағытталған эвристикалық
әдістерін мына тӛмендегідей (16-сурет) кӛрсетейік.
Сурет 17 – Эвристикалық оқыту әдістері
Когнитивтік әдістер – ғылымдағы зерттеу әдістері болып табылады.
Оларға: жаттығу, анализ жасау, болжам жасау, салыстыру, бақылау әдістері
жатады.
Креативтік әдістер – оқытуда студенттердің ӛзіндік оқу ресурстарын
жасауына мүмкіндік туғызатын әдістер. Оларға: «миға шабуыл», «егер де»,
«инверсия», «әсірелеу», «жалғамалылық» әдістері жатады. Бұл әдістер
физиканы оқытуда болашақ физика мұғалімдерінің алған білімдерін ӛздігінен
тәжірибеде қолдана алуына, есептерді, мәселелерді ӛз бетінше шешуіне, және
шешімдердің бірнеше жолын таба алуға мүмкіндік береді.
Ерекше іс-әрекеттік әдістер – білім беруді басқарушылардың,
оқытушылардың және студенттердің әдістері болып бӛлінеді. Оларға оқыту
субъектісін жоспарлау және мақсатты белгілеу әдісі, оқушылардың білім беру
бағдарламаларын жасау әдісі, қалыпты шығармашылық әдісі, оқытуды
Эвристикалық оқыту әдістері
КОГНИТИВТІК
КРЕАТИВТІК
ЕРЕКШЕ ІС-ӘРЕКЕТТІК
Жаттығу әдісі
Қателіктер әдісі
Болжау әдісі
Салыстыру әдісі
Эвристикалық
бақылау әдісі
Ойлап табу әдісі
Әсірелеу әдісі
Жалғамалылық
әд
«егер де» әдісі
Инверсия әдісі
Ӛзін бағалау
әдісі
Рефлекция әдісі
Бақылау әдісі
Сыни тұрғыдан
талдау әдісі
Оқытуды ӛзіндік
ұйымдастыру әд
әдісі
«миға шабуыл»
әдісі
58
ӛздігінен ұйымдастыру әдісі, ӛзара оқыту әдісі, рецензия әдісі, эвристикалық іс-
әрекетті бақылау әдісі, ӛзін бағалау және рефлекция әдісі.
Эвристикалық әдістерді топтастырудың түрлі амалдары жасалынды.
А.В.Морозов эвристикалық оқытудың мынадай ұйымдастырушылық түрлерін
ұсынды [98]:
- оқытушының студенттермен жеке жұмыстары, бір студенттің дербес
жұмысы эвристикалық білім ӛнімдерін қалыптастырады;
- ұжымдық-топтық сабақтар эвристикалық элемент пен шығармашылық
негізде құрылған оқыту іс-әрекетін қамтиды (эвристикалық лекциялар мен
семинарлар, іскелік ойындар, зерттеу ойындары және т.б.);
- эвристикалық сабақтардың дербес-ұжымдық жүйелері студенттердің
шығармашылық ӛнімдерін арнайы технологиялық циклдің кӛмегімен жеке
сабақтар мен оларды жүргізу циклдерінен жасауды қамтамасыз етеді
(эвристикалық жобалар, олимпиадалар, шығармашылық және ғылыми
апталықтар).
A.B. Хуторской эвристикалық білім беру іс-әрекетінің келесі негіздері
бойынша топтастыру жүйесін ұсынады: когнитивтік, креативтік және ерекше
іс-әрекеттік[96].
В.И. Андреев ұсынған, оқыту әдістерін топтастырудың үлгісінде оқыту іс-
әрекетінің
эвристикалық
әдістеріне
ерекше
орын
берді:
«Оқыту-
шығармашылық іс-әрекеттің эвристикалық әдістері - бұл шығармашылық
мәселелерді шешуде студенттердің іс - әрекеттерінің түйсіктік шараларын
дамыту мақсатында тұлғаны ӛзін басқаруы мен педагогикалық басқару
қағидалары мен заңдылықтарын есепке алумен, студент пен оқытушының іс-
әрекетінің эвристикалық ережелерінің жүйесі»[99]. Ӛз зерттеуінде В.И.Андреев
оқытудың белгілі әдістері үшін іс-әрекеттің эвристикалық ережелерін жасады
және оны жүйеледі: ми шабуылы, ерекше идеяларды ұжымдасып іздестіру
әдісі, эвристикалық мәселелер әдісі, кӛпӛлшемдік матрицалар әдісі, инверсия
әдісі, жаттығу әдісі, синектика әдісі, эвристикалық ойын әдісі.
Я.А. Пономаревпен ұсынылған эвристикалық әдістерді, шығармашылық
үдеріс кезеңдерін топтастыруды талдау және ақпараттандыру жағдайында
оқыту ерекшеліктерін есепке алу негізінде бұл әдістер келесі түрде
топтастырылу мүмкін:
Бірінші топ мәселені кӛру және құрастырумен байланысты әдістерді ӛз
ішіне алып, оның шешімін тауып және табылған шешімді тексеру. Бұл топтың
әдістеріне мыналар жатады: кӛп ӛлшемді матрицалар әдісі, инверсия әдісі,
ұйымдастырылған стратегиялар әдісі. Олар креативтік қасиеттерді анықтау
қабілетін дамытады.
Екінші топқа жататын эвристикалық әдістер тапсырманы шешуге септігін
тигізетін, ақпараттық технологияларды таңдау немесе іздестіру іске
асырылатын, шешімдерді іздестіру кезеңіне сәйкес келеді. Мұнда
білімгерлерде түрлі иделарды ӛндіру мен жіктеу қабілеттері дамып, яғни келесі
креативтік қасиеттер шыңдалады: ой ұшқырлығы, икемділік пен ерекшелігі.
Бұл топты «ми шабуылы» мен оның белгілі модификациялары құрайды.
59
Шешімді тексеру кезеңіне сәйкес келетін үшінші топқа мүміндіктер мен
қызметтерді салыстырудың ақпараттық технологияларының құралдарын тиімді
қолдануды талдау қабілетімен байланысты әдістер кіреді.
Физиканы оқытуда болашақ физика мұғалімдерінде креативтіліктің
қасиеттерін дамытуға септігін тигізетін эвристикалық әдістер кешенін жасау
үшін жоғарыда аталған әдістерді қолдануды ұсынамыз:
Бірінші топ әдістері:
- көпөлшемдік матрицалар әдісі(Ф.Цвики). Әдістің идеясы бойынша барлық
жаңа нәрселер белгілі бӛлшектердің үйлесімділігі немесе белгілі мен
белгісіздің үйлесімділігі болып табылады. Матрицалық әдіс бұл үйлесімділікті
амалдармен немесе қателіктермен емес, мақсатқа сәйкес және жүйелі жасауды
ұсынады. Екі ӛлшемдік матрица еркін алынған эвристикалық амалдармен және
зерттелетін мәселе сипаттамасымен құрастырылады. Осылайша, бұл әдіс
мәселені жүйелі қарастыру мен оның шешімін анықтауды қарастырады. Оның
кемшілігі
қиын
мәселені шешу
үшін үлкен
матрицаның
қажет
болатындығында.
- инверсия әдісі (А.Ф. Эсаулов) ресми логикамен және ашық оймен
белгіленетін, шығармашылық тапсырманы дәстүрлі кӛзқарастарға қарама-
қайшы жаңа бағыттарда қарастыруға мүмкіндік береді.
В.М.Андреевтің ойынша, бұл әдіс ойлау диалектикасын дамытып, қиын
жағдайлардан шығу жолдарын анықтауға, қиындығы түрлі шығармашылық
мәселелерден шығу қабілеттерін дамытады[99].
- ұйымдастырылған стратегиялар әдісі (В.И.Андреев) ойлау инерциясын
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл әдістің негізінде - шығармашылық
тапсырмаларды шешудің жаңа стратегиясын таңдау және зерттеу объектісін
жаңа тараптардан қарастыруға мүмкіндік жасау орын алады. Қолданылатын
стратегиялар: қызметтік талдау; кедергіні жеңу; ақпаратты қолдану; идеяларды
іздестіру; ақиқатқа қарама-айшылық; бастапқы жағдайдың қиындығын бағалау;
шешімді таңдау.
Бұл топтың әдістері креативтік қасиеттерді қалыптастыруға, соның ішінде
мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Алайда, бұл әдістерді оқыту
үдерісінде қолдану студенттерде басты білімдердің және болашақ кәсіби іс-
әрекеттерде қабілеттердің қолданылуын талап етеді. Соған орай, аталған
әдістерді жоғарғы курстарда қолданған жӛн, студенттерде басқару іс-әрекеті
мен шығармашылық мәселелерді шешу тәжірибесі осы кезеңде қалыптасады.
Екінші топ әдістері:
Миға шабуыл әдісі (А.Осборн) және оның танымал модификациялары
барлық эвристикалық әдістердің арасында анағұрлым дамыған. Ол белгіленген
тапсырманы шешу амалдарын іздестіру үдерісінде кӛптеген идеялардың
арасынан жіктеу жасауға мүмкіндік береді.
Бұл әдіс ой ұшқырлығы, икемділігі, ерекшелігі секілді креативтік
қасиеттердің дамуы үшін, идеяны мұқият жасау үшін аса тиімді.
Үшінші топ әдістері:
Эвристикалық мәселелер әдісі(Д. Пойя, A.B. Хуторской) мәселенің қиын
жағдайында қосымша ақпаратты жинақтау немесе қолдағы ақпаратты талқылау
60
қажеттігін кӛрсететін әдіс. Сонымен қатар, эвристикалық мәселелер қосымша
ынта туындатып, жаңа стратегиялар мен шығармашылық тапсырмаларды шешу
тактикасын қалыптастырады. Бұл әдістің артықшылығы кез келген мәселелерді
шешудің қарапайымдылығы мен тиімділігінде. Эвристикалық мәселелер
ақпараттың талдауы мен синтезіне қабілеттілікті дамытады. Бұл әдістің
кемшілігі мәселелердің сәтті шешілуіне кепілдік жасамайды.
Эвристикалық мәселелер әдісі келесі заңдылықтар мен сәйкес қағидаларға
негізделеді:
- тиімділігі - қойылған мәселелер арқылы тапсырманың күрделілігі тиімді
деңгейге дейін тӛмендейді;
- ақпаратты бӛлу – тапсырма, шағын тапсырмаларға бӛлініп, қиындығы
азайтылады;
- мақсатты белгілеу - әр бір жаңа эвристикалық мәселе іс-әрекеттің жаңа
стратегиясын қалыптастырады.
Қазіргі тәжірибеде студенттерді физикаға оқыту барысында эвристикалық
әдістер сирек қолданады, олардың оқыту үдерісіне қосылуы бағдарламалаумен,
үлгілеу және жобалаумен, мысалы, эвристикалық бағдарламалаумен
байланысты тақырыптарды оқу барысында бақыланады.
Оқытудың эвристикалық әдістерінің мақсаты студенттерге дайын
білімдерді беру емес, логикалық тәжірибені олардың алуы мен ӛзінің білім беру
ӛнімін дербес тәжірибелік және саналық іс-әрекеттер негізінде жасау болып
табылады.
Осылайша, физиканы оқыту үдерісіне эвристикалық әдістердің кешенін
жасау және енгізу шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуына және болашақ
кәсіби іс-әрекетте ақпараттық технологияларды қолдануға септігін тигізеді.
Болашақ
физика
мұғалімдерінің
шығармашылық
қабілеттерін
қалыптастырудың мәселелері бойынша ғылыми зерттеу еңбектерінде орын
алған ғалымдардың жұмыстарымен танысайық.
Қазіргі кезде болашақ физика мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу
орындарында физиканы оқытудың ұйымдастырылған формалары лекция,
семинар, лаборатория, практика, аудиториядан тыс сабақтар, ғылыми – зерттеу
жұмыстары т.б. Аталған оқыту формаларының әрқайсысы болашақ физика
мұғалімінің шығармашылығын қалыптастыруда орны ерекше.
Физиканы
оқытуда
дәріс
сабақтарында
шығармашылықты
қалыптастырудың әдістемелік негіздері Е.В.Оспенникова, В.Н.Аниськина,
Ю.Н.Егоровой, Я.М.Кулаковой, О.А.Ильченко, Е.Г.Кабакова т.б ғалымдардың
еңбектерінде кездеседі. Олар дәріс сабақтарының тиімділігін арттыру қажет,
бұл ӛз кезегінде білімгерлердің шығармашылығын қалыптастыруда маңызы зор
деп тұжырымдайды.
А.Б.Дамбуева ӛзінің «жалпы физика курсын оқыту үдерісінде
студенттердің
шығармашылығын
дамыту»
атты
мақаласында
дәріс
сабақтарының тиімділігін арттыруды, семинар сабақтарында әр-түрлі
шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды қолдануды, лабораториялық
сабақтарда мәселелік эксперименттерді қоюды ұсынды[100].
61
Туркияның Гази университеті, физика білім беру кафедрасының
профессорлары Б.Гюнеш, У.Канлы ӛздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында
болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін, сабақ
барысындағы активтілігін, ой ұшқырлығын, ӛз бетінше жұмыс жасай алу
қабілеттіктерін қалыптастыруда 3Е, 5Е, 7Е моделлерін қолданған(5-кесте, 17-18
суреттер). Бұл модельдердің сипаттамаларына тоқталып ӛтсек[43].
Кесте 4 – 3Е моделінің сатылары бойынша мұғалім мен білім алушының
қызметтері
3Е
моделі
Білім алушының қызметі
Оқытушығың
қызметі
(Е
x
p
lo
rat
io
n
)
Зер
тт
еу
-ӛздерінде
бар
идея
мен
дағдыларды,
жаңа
идеялар
мен
дағдыларға байланыстыра отырып білім
алуға бастама жасайды;
-белсенді түрде жаңа идеяларды,
материалдарды,
мәселелерді,
феномендерді зерттейді
-білім алушының не
білетіндігін анықтау;
-білім алушылардың
сабаққа зейінін аударуға
кӛмектеседі;
-жаңа материалмен
ӛткен материал арасында
байланыс құрады, ортаға
проблемалық
сұрақтар
қою
арқылы
кіріспе
жасайды
(E
x
p
la
n
at
io
n
)
Т
үсі
нд
ір
у
-мұғалімнің басшылығымен жаңа
идеялар мен дағдыларға сипаттамалар
беріледі.
-білім
алушының
материалдарды
түсіндіруіне кӛмектесу;
-мысалдар келтіріп
отыру,
-білім алушылардың
түсініктерін бақылау
(E
x
p
an
si
o
n
)
Жеті
лд
ір
у
-жаңа идеялар мен дағдылар, жаңа
материалдар
әр-түрлі
жағдайларда
қолданылады.
-жаңа
қызметін
қамтамасыз етеді;
-оқуды бағалайды
Білім беру саласында, әсіресе физиканы оқытуда осы моделдерді
қолданудың тиімді екендігіне және бұл моделдер білім алушылардың сапалық
қасиеттерінің дамуына септігін тигізетіндігіне, білім деңгейлерін аттыруына
ықпал ететіндігіне «академиялық ұтқырлық» бойынша Туркия мемлекетінің
Анкара қаласындағы Гази университетінде 1 семестр бойында білім
62
алғанымызда байқадық. «Физикада негізгі ұғымдар» пәнін оқыған профессор
Б.Гюнеш оқытудың кез келген формасын осы моделдерді қолдану арқылы
жүргізді.
3Е моделінен 5Е, 7Е моделдеріне кӛшуді мына тӛмендегі суреттерден
түсінуімізге болады.
Сурет 18 - 3Е моделінен 5Е моделіне ӛту
Сурет 19 - 5Е моделінен 7Е моделіне ӛту
Қызығушылық ояту (Еngage) – жалпы мағынада бұл сатыда студенттердің
физикаға деген қызығушылығын арттырады. Бұл сатының негізгі мақсаты –
студенттердің зейінін ортаға жинақтау. Тақырыпқа байланысты қызықты
физикалық сұрақтар, проблемалық сұрақтарды ортаға тастау арқылы
студенттердің зейінін аудиторияға қарату қажет.
(Еngage)
Қызығушылық ояту
(Еxplora) Зерттеу
(Explanation) Түсіндіру
(Elaborate) Жетілдіру
(Evaluate) Бағалау
(Еlicit)
Алдын ала материалдарды алу
(Еngage) Қызығушылық ояту
(Еxplora) Зерттеу
(Explanation) Түсіндіру
(Elaborate) Жетілдіру
(Evaluate) Бағалау
(Extand) Дамыту
(Еxploration)
Зерттеу
(Еxcite)
Қызығушылық ояту
(Еxplora)
Зерттеу
Терминге кіріспе
(term introduction)
(Explanation)
Түсіндіру
Ұғымды қолдану
(concept application)
(Elaborate)
Жетілдіру
(Evaluate)
Бағалау
63
Зерттеу (Еxploration) – бұл сатыда студенттер жаңа білімді ӛздерінің іс-
әрекеттері арқылы үйреніп меңгереді. Оқытушының аз ғана кӛмегімен жаңа
материалды, жаңа ойларды зерттейді. Зерттеу сатысы білім алушылардың
дамыған немесе жеткіліксіз жағдайда ӛз ойларын айтуына мүмкіндік береді.
Бұл жағдай студенттерді дискуссияға, ӛздерінің ойларының себептерін анализ
жасауға үйретеді. Анализ жасағаннан кейін студенттер болжамдар жасау
арқылы зерттеудің нәтижесін айтуға тырысады.
Түсіндіру (Explanation) – студенттер ӛздерінің жаңаша білімдерін,
туындыларын, физикалық ұғымды басқаларға түсіндіруге тырысады.
Оқытушы болса, студент түсініктерін тыңдап болғасын ғана физикалық
ұғымдардың анықтамаларын студенттің берген түсінігіне байланыстыра
отырып баяндайды. Студенттерді физиканы оқу барысында лабораториялық
сабақтарда жасаған жұмыстарының нәтижесін немесе табиғатта орын алған
құбылыстардың себептерін, физикалық ұғымды ең бірінші ӛздері түсіндіруге
дағдыландыру қажет. Бұл студенттердің ойлау қабілеттіліктерінің дамуына
алып келеді. Оқытушы бұл мәселені тереңірек ауызша баяндау, кӛрнекіліктер,
видео кӛрсетілім немесе анимациялар арқылы нақтылап анықтамасын беруіне
болады.
Жетілдіру (Expansion)
– студенттердің бойындағы физикалық
ұғымдармен байланысты мәліметтерді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретін
кезең болып табылады. Физикалық бір ұғымды келесі бір ұғыммен
байланыстыру арқылы олардың арасындағы айырмашылықтарды сипаттау
арқылы студент ӛз білімін одан әрі жетілдіре түседі. Осы кезеңде студенттер
бір-бірлерімен талқылау арқылы ақпаратты ортақ қызметіне енгізеді. Біріккен
топтың мақсаты тапсырманы орындау немесе түсіну тәсілдерін әзірлеу болып
табылады.
Бағалау (Evaluate) – бұл соңғы кезең болып табылады. Бұл сатыда
студенттер физикалық ұғымды меңгерді деп есептелінеді. Бұл сатыда мұғалім
тест тапсырмасын бере алады, әр студенттің ӛзара түсіністік туралы
ӛнімділігін бағалау үшін іс-шаралармен қамтамасыз ете алады.
Р. Санал креативтілікті қалыптастыруда ойлау техникасының кванттық
тренері болып саналады. Ол кванттық ойлаудың негізін құраушылардың бірі
болып табылады. Түркияда алғашқы «quantum» ойлау техникасын тәжірибеде
қолданған ғалым. Осы бағыттағы ұстанған қағидасы ӛмірде кванттық ойлауды
қолдану және шынайы тұлғаны жасап шығару. Адамды іштей рухани дамыту
арқылы, ӛмірлік ұстанымдарын дұрыс бағыттауда жетістікке жету болып
табылады [101].
Американдық ғалымдар R.Duit [102], J.R.Thompson, B.S.Ambrose[103],
C.E.Wieman, K.K.Perkins[104], M. Wittmann, J.Thompson[105] физиканы
оқытуда және болашақ физика мұғалімін даярлауда, түрлі әдістемелік
құралдардың қолданылуы, басты назар, ӛзіндік жұмыс істей алу қабілеттілігін
дамытуға негізделген. Физиканы оқытуда білім алушының ӛзінен алға
қойылған мәселеленің, проблемалық сұрақтардың бірнеше жауаптары мен
шешімдерін табуға даярлайды.
64
John R. Thompson, Warren M. Christensen, Michael C. Wittmann ӛздерінің
«Білім беру саласында болашақ физика мұғалімдерін педагогика мен ғылыми-
зерттеу жұмыстарындағы қиындықтарды болжай алуға даярлау» атты ғылыми
мақасында, болашақ физика мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың түрлі
жолдарын талдаған.
P.Atamanchuk, O.Nikolaev, A.Tkachenko, L.Kulyk «физика бойынша білім
алушылардың кәсіби құзіреттілігін модельдеудің дидактикалық ерекшеліктері»
атты мақаласында, когнитивтік және оқулық мәселелерді шешу – активті оқу
үдерісін туғызуын қарастырды[106
].
Соңғы жылдары болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылық
қабілеттерін қалыптастыру мен дамыту бағытында бірнеше орыс
ғалымдарының еңбектерін атап ӛтуге болады.
С.И.Десненко ӛзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарында болашақ физика
мұғалімдерінің жеке тұлғалық қабілеттерін, физиканың түрлі мәселелерін
шешу арқылы, физикалық экспериментті орындау, экспериментті ары қарай
жандандыру жұмыстары, физикалық білімдерді ӛмірмен ұштастыру арқылы
қалыптастырудың әдістемелік нұсқаларын ұсынады.
Д.А.Амиралиев болашақ физика мұғалімдерінің ӛзіндік шығармашылығын
дамытуда, шығармашылдық потенциалды арттыруда, физика бойынша
жүргізілетін зерттеу жұмыстарында ақпараттық технологияларды қолданудың
тиімділігін ерекше атап айтады. Болашақ физика мұғалімі білім шыңына жету
үшін, берілген білімді тереңінен түсініп, оны қалыпты меңгеріп ӛз бетінше
шығармашылық жұмыс жасауында, зерттеу тәжірибелерін жүргізуде
ақпараттық технологиялардың маңыздылығы жӛнінде тұжырымдады[107].
Отандық ғалым Г.Б.Алимбекова ӛзiнiң «Физика мұғалімінің кәсіби
даярлығын ғылыми ұғымдар жүйесін қалыптастыру негізінде жетілдіру» aтты
ғылыми жұмыcындa ақпараттық технологиялар және мектеп физика оқу
курсының үғымдарын сұрыптау, ақпаратты сақтау мен ӛңдеудің қазіргі
теориялары мен әдістерін зерттеді. Г.Б.Алимбекова болашақ физика пәні
мүғалімдерінің біліктілігін кӛтеру үшін ақпараттандыру туралы оқу-
тақырыптық бағдарламаларды дайындау қажеттігін атап айтты[44].
Н.Н. Керімбаев «Физика саласында білім беруді ақпараттандыруды
дамытудың ғылыми-теориялық негіздері» атты ғылыми еңбегінде физика
саласында ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқыту әдістемесін
дамыту мәселелерін қарастырады. Білім беруді ақпараттандыру үдерісі
студенттің игерген объектілер мен құбылыстарды, үдерістерді, олардың
арасындағы ӛзара ықпалдасуды модельдеу негізінде қабылданған шешімдер
нәтижелерінің іске асуын болжау, оқу және практикалық есептер шешімін іздеу
қабілетін қалыптастыру, оның белсенділік деңгейін кӛтеру, жеке тұлғасын
дамыту мақсатында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың
тиімділігін ӛзекті етеді[45].
Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдай келе болашақ
физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру қазіргі қоғамның
негізгі талабына сай десек болады.
65
Шығармашылығы қалыптасқан болашақ физика мұғалімі – зиялы, бәсекеге
тӛтеп бере алатын тұлға. Ол - зиялы тұлға ретінде, ӛз бойына адамзат
мәдениетіндегі ең жақсы қасиеттерді жинақтайды. Ол - ғылымдағы, саясаттағы,
мәдениеттегі барлық жаңалық пен озық ойларға қызығушылық танытып
жүреді. Ӛз білімін тұрақты кӛтеріп отырумен жүйелі айналысады, ӛз жұмысына
рефлексия жасауға қабілетті болады. Жаңа заманға сәйкес педагогикалық
қызмет кӛрсету аясы кеңейген уақытта ӛзінің шеберлігін үнемі арттырып
отырады, ӛзінің жетістіктері мен кемшіліктері жайлы ӛзіндік бағасы бар
болады. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы ӛз ісінің нәтижелі
болуына талпынады[108].
Біздің
тұжырымдамамызға
кӛре
болашақ
физика
мұғалімінің
шығармашылығы мына жағдайларда кӛрінеді:
- физика сабағындағы жаңа тақырыпқа байланысты қойылған мәселені
шешудегі тапқырлықта;
- физикалық есептерді, қойылған мәселелерді шеше алудың бірнеше
жолдарын кӛре алуда;
- белгілі бір физикалық тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
- жаңа формаларға сәйкес, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды
тиімді пайдалана алуда;
- жаңа міндеттерге сәйкес белгіліні жетілдіре, ӛзгерте алуда;
- физикалық ғылыми – зерттеу жұмыстарында жаңа бағыттар бойынша ӛз
бетінше жұмыс істей алуда;
- физикадан алған білімдерін тәжірибеде, практикада тиімді қолдана алуда
және т.б.
Бiлiм бepуді ақпapaттaндыpу жaғдaйындa болашақ физика мұғалімдерін
даярлауды бүгiнгi қоғам тaлaбынa caй жaңaшa ұйымдacтыpу ғaлымдapдaн oның
пeдaгoгикaлық-пcиxoлoгиялық нeгiздepiн, тeopияcы мeн тәжipибeciн тepeң
зepттeудi, зaмaнaуи тaлaптapынa қapaй бiлiм бepу тexнoлoгиялapы мeн
әдicтepiн, білім беру ұcтaнымдapын қaйтa қapacтыpуға бeтбұpыc жacaуды тaлaп
eтeдi.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерін
оқытуды олардың креативтілігін қалыптастыру негізінде физика саласы
бойынша жеке пәндерді оқыту әдістемесін дамытудың маңызы зор.
Оқытушының ақпараттық құзыреттілігі ретінде біз оның болашақ физика
мұғалімдерін даярлауда жоғарырақ нәтижелерге жету үшін, олардың
креативтілігін қалыптастыру үшін ақпараттық технологиялар кӛмегімен
педагогикалық инновацияларды пайдалану қабілетін түсінеміз. Ақпараттық
құзыреттілік технологиялық ойлаудың жалпыланған іскерлігі арқылы кӛрініп,
оқытушының бойында аналитикалық, болжау, жобалау мен рефлексивті
іскерліктерінің болуын кӛрсетеді. Технологиялық ойлау дегеніміз -
педагогикалық қызметте ортаға шығып отыратын мәселелердің негізін ажырата
отырып, ақпараттық технологиялар кӛмегімен оларды шешудің тиімді
жолдарын таба білу.
Біз қазіргі зерттеулерге сүйене отырып, тұлғаның ақпараттық
мәдениетінің қалыптасу үдерісі тұлғада креативтілік қасиеттерінің дамуына
66
әсер ететіндігін пайымдауымызға болады. Осылайша, Н.И.Гендина тұлғаның
ақпараттық мәдениеті олардың қабілеттерін дамытудың негізі ретінде
креативтік және инновациялық іс-әрекетін қарастырады. Н.И. Гендина
ақпараттық технологиялар саласындағы креативтілігі қалыптасқан болашақ
маманға жұмыс берушілердің қоятын маңызды талаптардың қатарына
жатқызатын келесі себептерді ерекшелейді[109]:
- қазіргі қоғамның ауыспалылығы;
- қазіргі заманғы адам үшін ақпарттың үлкен ауқымын игеруі мен оған
бейімделуі үшін қажеттілігі;
- білім беру саласындағы ӛзгерістерден туындаған, бәсекелестік күресінің
ӛршуі.
Біздің ойымызша ақпараттық мәдениет «ақпараттық заңдарды, ақпаратпен
ӛзара әрекеттесу құралдарын білу, ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды игеру және оларды оқу үдерісінде пайдалану шығармашылық
қызметтің іске асуын және қолданбалы бағдарлылықты дамытып, сонымен
қатар, үздіксіз білім мен ӛзіндік оқу үшін қажетті қор болады» [110].
В.А.Рыжов, A.B.Корниенко оқу үдерісіне қашықтықтан оқыту курсын
енгізді. Курстың басты идеясы шешімдерді қабылдау үшін басқару
тәжірибесінің ұжымдық технологияларын және әдістерін игеруден тұрады.
Басты назар шығармашылық пен инновацияларға беріледі. Курстың келесі
күрделі дидактикалық құрауышы шығармашылық ойды дамыту мен креативтік
іс-әрекетті қолдау үшін әдістер мен құралдарды игеру болып табылады[111].
Сәйкес зерттеулерде ақпараттық технологияларды креативтіліктің дамуы
барысында қолдану негізгі екі бағыттарда қарастырылады:
1. Ақпараттық технологиялар білімгерлердің креативтілігін дамыту
барысында
оқыту
құралы
ретінде
(О.Н.Захарова,
К.Г.Кречетников,
О.П.Ромашкина, A.B.Шевырѐв, М.Н.Романчук). Бұл бағыт бағдарламалық
қамтамасыз етуді арнайы пәндерге оқыту барысындағы қосалқы құрал ретінде,
сонымен қатар, оқыту үдерісіне шығармашылық жобалардың іске асырылуына
септігін тигізетін, арнайы бағдарламалар кешенін енгізуді қарастырады(сатып
алынған немесе дербес жасалған). Нәтиже ретінде ойлау жылдамдығы, ойлау
икемділігі, нақтылық секілді тұлғаның креативтік қасиеттерінің қалыптасуы
кӛрсетіледі. Әсіресі, К.Г.Кречетниковтың ойынша, оқыту үдерісінде
ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану келесі
себептермен анықталады[112]:
-білім
беруді
дербестендіру
бойынша
ақпараттық
және
телекоммуникациялық технологиялардың кең мүмкіндіктерімен;
-ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану
арқылы білімгерлердің ынтасын арттырумен;
-білім алушылардың белсенді дербес іс-әрекеті үшін ауқымды алаң
ұсынумен;
-байланыстар ауқымын қамтамасыз етумен;
-түрлі сезім мүшелеріне кешендік әсер мүмкіндігімен;
-оқыту материалының жоғарғы кӛрнекілігімен;
67
-білім алушыға ыңғайлы уақытта ақпараттық және телекоммуникациялық
технолоиялардың қол жетімділігімен;
-материалдардың
кӛлемінің
еселеніп
жылдамдатылуымен
және
қысқартылуымен (мысалы, кӛлемдік есептеулерді жасау, кестелер түзу,
құбылыстарды үлгілеу, оқыту мен зерттеу нәтижелерін ӛңдеу және т.б.);
- оқытудың ойын түрлерін ұйымдастырудың тиімділігімен.
2. Физиканы оқыту барысында креативтіліктің дамуына септігін тигізетін
құралдар мен әдістер (И.П. Буров, И.А. Булякова, H.A. Возвышаева,
B.Смоленцева). Бұл жағдайда зерттеушілер оқытудың белсенді әдістерінің
кӛмегімен білімгерлердің креативтілігін дамытуды ұсынады. Мысалы,
И.П. Буров дәріс-кӛрнекілікті қолану арқылы мәселені анықтау, жалпылау мен
жүйелеу секілді креативтік қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін
ұсынады.
Л.В.Смоленцеваның айтуынша, білімгерлердің ақпараттық дайындығының
маңызды факторы болашақ кәсіби іс-әрекетті кӛрсететін, тапсырмаларда
ақпаратты ӛңдеу заңдылықтарын зерттеу болып табылады[113].
С.Гин креативтіліктің қалыптасу жағдайларын қарастыра отырып,
байқағаны «мақсатқа бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқыту креативтік
қабілеттердің даму деңгейін қамтамасыз ететіндігі, оқыту үдерісінде
қатысушылардың креативтілігін дамыту оқытудың белсенді әдістері мен
түрлерін қолданумен үздіксіз байланысты» [114].
Оқу бағдарламаларында ақпараттық циклдің әдістері білім беру үдерісінде
үздіксіз ӛзгеріп отыр. Оқытудың ӛнімді әдістері білімгерлерді қазіргі
компьютерлік құралдармен, ақпаратты ӛңдеу технологияларымен ресми
таныстыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы зерттеушілермен (Е.В.Батоврина, О.В.Ибрагимова,
О.П.Овчиннникова,
Т.И.Яшина)
ақпараттық
технологияларды
шығармашылықты қалыптастыруда пайдалануға, сол арқылы ақапараттық
қоғамның
қажеттіліктері
мен
еңбек
нарығының
мұқтаждықтарын
қанағаттандыратын тұлғаны қалыптастыру мәселесі талқыланады. Болашақ
физика мұғалімдерінің кәсіби міндеттерін шешу үшін ақпараттық
технологияларды қолдану саласында тұлғаның креативтілігін қалыптастыру
түлектердің қажеттіліктері мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін
тигізеді.
A.B.Хуторскийдың
пайымдауынша:
«Креативтілік
ретінде
біз
шығармашылық ӛнімнің жасалуын қамтамасыз ететін, тұлғаның интегративтік
қабілетін түсінеміз. Бұл қабілет тұлғада ерекше қасиеттер тобының болуымен
анықталады. Телекоомуникация үдерісінде орын алатын, қасиеттердің ӛзгеруі
тұлғаның креативтілігін дамытудағы рӛлін анықтайды» [115].
Осылайша,
ақпараттық
технологияларды
қолдану
саласында
креативтіліктің дамуына бағытталған, оқытуды ұйымдастыру барысында
ескерілетін маңызды факторлардың бірі болып табылатын оқу ортасы, білім
беру үдерісінің субъектілеріне тиімді, тұлғалық ӛзін-ӛзі дамыту бағытында
барлық мүмкіндіктерді жасайды.
68
Ақпараттандыру
жағдайында
оқыту
үдерісінде
оқытушылардың
тәжірибелік іс-әрекеттері бекітілген тапсырмаларды қолдануға негізделеді.
Сондықтан, ақпараттық технологиялар саласында білімгерлердің креативтілігін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдістерін қолдану керек.
Психологтар И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин негіздегендей, креативтілік жеке
тұлғаның ерекше қабілеті болып табылады және оқыту арқылы қалыптасады.
Әсіресе, В.Н. Дружининнің ойынша, креативтілік қоршаған орта мүмкіндік
бергенде ғана ӛзекті болатын қасиет[116].
A.B.Хуторский,
E.H.Погребная,
Г.М.Кулешовалардың
ойларынша,
креативтіліктің қалыптасуына бағытталған оқыту келесі қағидаларға
негізделеді:
-сыртқы білім беру ӛнімінің, оның ішкі қажеттіліктеріне сәйкестік
қағидасы;
- білімгердің білім алу траекториясының, білім беру кеңістігіне сәйкестік
қағидасы;
-сабақтардың интерактивтілік қағидасы;
-білімгердің білім беру ӛнімін жасауына қатысты ашық коммуникация
қағидасы.
Д.Б.Богоявленская креативтілікті мәселелерді дербес анықтау мен ұсынуға
септігін тигізетін, кӛптеген жақсы бастамалардың жинақталуы мен оларды
ерекше шешуге септігін тигізетін, жеке тұлғалық және зияткерлік
қасиеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіреді[117].
Осылайша, креативтілік субъектінің тұлғалық сипаттамасы терінде
қарастырылып, шешу жолдары біршама немесе толығымен белгісіз, аса күрделі
мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кӛптеген зерттеушілердің ойларынша,
қабілеттер, соның ішінде шығармашылық қабілеттерді арнайы оқыту арқылы
дамыту қажеттігін айтады.
П.В.Беспалов, ақпараттық технологиялар саласындағы іс-әрекеттің
креативтік сипатын атай отырып, мынаны кӛрсетеді: « ... компьютерді кәсіби
қолдану себептері, еңбектік іс-әрекетте компьютерлермен ӛзара әрекеттесудің
коммуникативтік қабілеттерін, іскерлік электрондық қарым-қатынас жасау
қабілеттерін, кәсіби тапсырмалардың түрлі дәрежелерін шешу барысында ақыл-
ой қабілеттерін қалыптастыруды туындатады. Еңбек ӛнімділігін ақпараттық
технолгияларды нақты іс-әрекет барысында қолдану мүмкіндіктері туралы
білімдер кеңейіп, оларды қолдана отырып, кәсіби міндеттерді орындау
қабілеттері игеріледі[118].
Қaзipгі таңдағы aқпapaттандырудың aуқымды кeзeңi, әлeумeттiк-
экoнoмикaлық caлaдaғы ӛзгepicтep бiлiм бepу жүйeciнe ӛзiндiк ықпaлын
тигізуде. Физиканы мeмлeкeттiк cтaндapт тaлaбынa caй oқыту үшiн, eң
aлдымeн, oқытылaтын пәннiң мaқcaты aйқындaлып, мiндeттepi әp cтудeнттiң
пән бoйыншa aлaтын бiлiм дeңгeйi xaлықapaлық білім беру дeңгeйiндeгiдeй
бoлуынa жaғдaй жacaлынудa. Бiлiктi әpi шeбep oқытушылapмeн қoca уaқыт
тaлaбынa caй жaбдықтaлғaн aудитopиялap мeн зaмaнaуи бiлiм бepу құpaлдapы
cтудeнттiң caнaлы түpдe білімді мeңгepуiнe мүмкiндiк жacaйтыны бeлгiлi.
69
Біз жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерін талдай келе, ғылыми
зерттеуімізде болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылық нәтижесін,
креативтілігін білімді ақпараттандыру жағдайында қалыптастыруды физиканың
жеке пәндерін оқытуды дамыту арқылы негізге аламыз. Болашақ физика
мұғалімінің креативтілігін қалыптастыруда ақпараттық технологиялардың
алатын орны ерекше.
Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерінің
шығармашылығын қалыптастыруда ақпараттық технологияларды қолданудың
педагогикалық шарттарын анықтау педагогикалық заңдылықтар мен
педагогикалық ұстанымдарды талдаудан келіп шығады. Педагогикалық
заңдылықтар:
- біріншіден, оқытудың қоғамның қажеттілігіне және қоғамның қазіргі
жағдайына байланысты;
- екіншіден, білім берудің және оны дамытдың ӛзара байланысына;
- үшіншіден, оқу үрдісінің міндеттері, мазмұны, формалары және
әдістерінің ӛзара байланысына қатысты болып келеді.
Бұл заңдылықтар педагогикалық ұстанымдарды ажыратуға негіз болады.
Педагогикалық ұстанымдар кешенді түрде орындалады. Педагогикалық
ұстанымдардың мақсаттылық және ғылымилық, жүйелілік және бірізділік,
саналылық пен белсенділік, педагогикалық үрдістің бағыттылық ұстанымы,
пәндердің ӛзара байланыс ұстанымы деген түрлері белгілі.
Педагогикалық шарт оқу - тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға
бағытталады. Қазіргі уақытқа дейін оқу-тәрбие үдерісі «оқытушы - оқулық -
білім алушы» үшбұрышымен сипатталса, қазіргі білім парадигмасының ӛзгеруі
«оқытушы – оқулық – компьютер – білім алушы» қатынастарының объектілі-
субъектілі, субъектілі-объектілі байланысына негіз болуда. Себебі, білім
берудің
кӛптеген
мәселелері
ақпараттық
және
коммуникациялық
технологиялармен тікелей байланысты болып отыр. Осыған байланысты қазір
оқытушылардың ақпараттық технологияларды қолдануды білмеуі немесе тӛмен
деңгейде білуі оқу үдерісіндегі кейбір кемшіліктердің шешімін неғұрлым
жылдам табуға тиісті мәселенің бірі.
Бoлaшaқ
физика
мұғалімдерінің
креативтілігін
қалыптастыруда
aқпapaттық-кoммуникaтивтiк тexнoлoгиялap opтaлapын пaйдaлaну бiздiң
зepттeуiмiздe epeкшe пeдaгoгикaлық жүйeнi бeйнeлeйдi. Бұл тәсіл бiлiм бepу
үдepiciнe ӛзгepic eндipудi ғaнa eмec шығapмaшылық ic-әpeкeткe cтудeнттepдiң
бeлceндi қaтыcуын қaжeт eтeдi. Шығapмaшыл тұлғaны қaлыптacтыpу бiздiң
зepттeуiмiздe, оқытудың барлық формасында ақпараттық-коммуникативтік
технологияларды қолдану, тaпcыpмaлық, oйындық, cұxбaттық әдістер ретінде
нeгiзгi тexнoлoгиялap apқылы нәтижелі бoлaтындығы айқындалған.
Зepттeуіміздің мaқcaты жәнe қapacтыpылып oтыpғaн пeдaгoгикaлық жүйeміз
- мақсат пен мaзмұн;
- әдicтep, aмaлдap, құpaлдap, әдicтeмeлep, тexнoлoгиялap;
- бiлiм бepу мeкeмeci мoдeлi, oқу-тәpбиe мeкeмeci кeшeнiндe;
- жүйeдe, бacқapу мexaнизмiндe бeйнeлeнуi мүмкiн жaңaшылдықты құpу
нeгiзiндe жaтыp.
70
Біздің зерттеуімізде пeдaгoгикaлық шapт peтiндe оқытушы құpacтыpғaн
болашақ физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру мақсатына
aйтapлықтaй ықпaл eтeтiн жaғдaйлap түciнiлeдi.
Пeдaгoгикaлық шapттapды aйқындaуғa, қaндaй дa бip бiлiм бepу
мiндeттepiн шeшугe ықпaл eтeтiн, apнaлғaн зepттeулepдi тaлдaу ғaлымдapдың
кӛпшiлiгi нeгiзгi тӛpт типкe бӛлeтiндiгi aйқындaлды:
-мaқcaттық (тәciлдep мeн ұcтaнымдap);
-aқпapaттық (бiлiм бepу мaзмұны; пeдaгoгикaлық үдepicтiң кoгнитивтiк
нeгiзi);
-тұлғaлық (мiнeз-құлық, ic-әpeкeт, қapым-қaтынac, бiлiм бepу үдepic
cубъeктiлepiнiң тұлғaлық caпacы; бiлiм бepу үдepiciнiң пcиxoлoгиялық нeгiзi);
-тexнoлoгиялық (бiлiм бepу ic-әpeкeтiн ұйымдacтыpудың фopмaлapы,
құpaлдapы, әдicтepi, aмaлдapы, кeзeңдepi, тәciлдepi; пeдaгoгикaлық үдepicтiң
пpoцeccуaлдық- әдicтeмeлiк нeгiзi) [119].
Жоғарыда аталған педагогикалық шарттар жӛнінде түсінігімізді
жетілдіріп, біз ұсынып отырған болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қалыптастыру
жүйесі мына дидактикалық шарттарды қамтиды[120]:
-физиканы оқыту әдістемесіне қосымша тақырыптар ұсыну;
-болашақ
физика мұғалімдерінің шығармашылығын қалыптастыру
мақсатында, олардың АКТ мен ӛз беттерінше жұмыс жасауында білімдерді
түсінікті қабылдайтындай етіп ұйымдастыру;
-физикалық пәндермен («оптика» пәнін оқыту мысалында) информатика
пәндерінің арасындағы пәнаралық байланысты айқындау;
-физикалық пәндерді («оптика» пәнін оқыту мысалында) оқытудың АКТ
ны қолдану арқылы болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін
қалыптастыруға бағытталған мазмұны, әдістері, формалары, құралдарын
пайдаланудың икемділігі;
-физиканы («оптика» пәнін оқыту мысалында) оқытудың кез – келген
формасында АКТ-ны қолдануды эвристикалық әдістермен байланыстыра
ұйымдастыру;
-физикалық пәндерді («оптика» пәнін оқыту мысалында)оқытуда
қолданылатын электронды оқулықтар мен оқытушы-бақылаушы бағдарламадан
тұратын болашақ физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыруға
арналған бағдарламаны іске асыру;
Біз білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерінің
креативтілігін «оптика» пәнін оқытуда қалыптастыру үшін мынадай кезеңдерді
ұйымдастырдық:
1 кезең: 1 курс болашақ физика мұғалімдеріне «болашақ физика
мұғалімдерінің креативтілігін АКТ арқылы қалыптастыру» тренингін
ұйымдастыру. Тренинті лекция, семинар, СӚЖ, СОӚЖ формаларымен
ұйымдастыру. Тренинг тақырыптары бойынша креативтілікті қалыптастыруға
бағытталған жүйелі жұмыс жасау.
71
2 кезең: Физикалық білімдерді АКТ-мен байланыстыру, педагогикалық
практикада АКТны қолдану арқылы мектептегі физиканы оқытудың кез келген
формасында белсенділік таныту, физикалық білімдерін түсіндіре алушылық
дағдыларын қалыптастыру.
3 кезең: Білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ физика
мұғалімдерінің креативтілігін «Оптика» пәнін оқытуда қалыптастыруға
бағытталған әдістемені жасау. Креативтілікті қалыптастыруға бағытталған әдіс-
тәсілдерді, құралдарды «Оптика» пәнінің мазмұнында қолдану арқылы болашақ
физика мұғалімдерінің креативтілігін қалыптастыру.
Болашақ
физика
мұғалімдерінің
креативтілігін
қалыптастыру
критерийлерін анықтаумен олардың құрылымына кіргендер:
1. Кәсіби-бағытталушылық іс-әрекетке мотивациялық-құндылықты
қатынас.Достарыңызбен бөлісу: |