Мұртшаға айналған жапырақтар.
Асбұршақ, үрмебұршақ мұртшалары əлсіз сабақтарының жарыққа қарай көтеріліп өсуіне сүйеніш.
Қабыршаққа айналған жапырақтар.
Бүршіктердің сыртындағы қабыршақтар, тамырсабақтағы қабыршақтардың барлығы түрін өзгерткен жапырақтар. Бүршіктің, пиязшықтың ішкі бөліктерін зақымданудан, улы газдардың зиянды əсерінен қорғайды. Орамға айналған жапырақтар жүгері собығының сыртын орап тұрады.
Шырынды жапырақтар.
Пияз, қырыққабат өсімдіктерінің жапырақтары қоректік заттарды қорға жинайтындықтан қалың, шырынды. Құрғақшылық болғанда шырын, қор заттарын пайдаланып, тіршілік етеді.
Əлсіз жетілген жапырақтар.
Ылғал жетіспейтін шөлді, шөлейтті, құмды жерде өсетін өсімдіктер мен паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің жапырақтары жетілмейді немесе мүлде болмайды. Мысалы:сексеуіл, жүзгін, қылша, арамсояу, сұңғыла жəне т.б.[3]
Достарыңызбен бөлісу: |