Фермата –дыбысты еркін созу белгісі
Фугетта – кішірек фуга,бірінші бөлімдегі тақырыпты өткізумен және екінші,үшінші бөлімдегі қысқартаған тақырыптармен. Егер шығарма фугадан бастап, гомофонияға кең тараса мұндай қабылдау фугировалық құрылым деп аталады.
«Хорды дирижерлеу» пәні бойынша тәжірибелік сабақтарды жүргізуде әдістемелік нұсқау
Дирижерлік өнер – өзіне тән кәсіптік көркемдеуші құралдарымен (дирижерлік жест, музыка мазмұнына сай мимикалық қозғалыстар жасау және түсіндірмелі сөздер арқылы), орындаушы ұжыммен бірге шығармашылық жұмыстың пайда болуын қамтуымен және образды суреттеуді көркемдікпен жеткізу жағдаятын тудыруымен ерекшеленеді. Бұл нәрселер үнемі жүйелі түрде дирижер мен хор ұжымы арасындағы үзіліссіз байланыста дамып жетіледі. Дирижер үш процестің (музыкалық шығарманың композиторы, орындаушылар, тыңдаушы – көрермен) арасындағы шығармашылық байланыстың ашылуына ықпал ететін және оны игеретін басты тұлға. Композитордың шығармасын өне бойынан өткізе отырып, ол шығарманың идеялық – көркемдік мазмұнын орындаушы ұжымға жеткізіп, орындаушылардан композитордың айтайын деген ойын жеткізуін талап етеді.
Дирижер өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болады. Өйткені, дирижер да музыкалық шығарманың қоюшы режиссері болып табылады.Дирижердің (орындайтын шығарманы хорға үйретпес бұрын өзі танып біліп) композитор ойын іштей сезінуі сол туралы өз ой - толғауының пайда болуына әсер етеді. Композитор музыканы жазу кезінде не ойлады, нені сезді? –деген сұрақтарға жауап бере отырып, шығарманы рухани қабылдауы керек. Сондықтан, дирижерлауға үйрену, музыканы іштей ести білу қабілетін жетілдірумен бірге, соған өз ойын ұштастыра білуді көздейді. Дирижердің тікелей негізгі жұмыс істейтін тірі аспабы – оның алдындағы орындаушылар ұжымы болып табылады. Сондықтан , оған ерекше талап қойылған.
Дирижерлік шығармашылық өз ішінде маңызды әрі қажетті іс-әрекетті біріктіреді. Біріншіден, дирижер музыкалық шығарманың, оның көркемдік жүйесін, формасын, стилистикалық ерекшеліктерін қабылдап, ұғынуы қажет. Ал әуенді қабылдау – барынша күрделі үрдіс. Оған арқау, негіз болатын нәрселер – шындықтың көркемдік бейнесін сезіне және толғана білу. Екіншіден, дирижер барлық ұжымды шығармашылық қалыпқа жеткізіп, оны қызықтырып, жандандырып, берілген шығарманы өзіндік сезінуіне, қабылдауына сәйкес орындатуға міндетті. Үшіншіден, дирижер өзінің орындаушылық мақсаттарын анық әрі нақты анықталуы қажет. Содан кейін концерттік орындаушылықты жүзеге асыру.
Бұл мақсаттарды орындау үшін, дирижерге музыкалық, интерпретаторлық, музыкалық шығарманы қоюшы сияқты сапалармен қатар спецификалық әсіресе дирижерлық мамандықтың сапаларын игеруі қажет, және орындаушылармен шығармашылық контакт орнату, хор орындаушыларына талап қойып, оны орындату, репитиция жоспарлап құрып, орындаушылардың сеніміне кіре алуы керек. Міндетті түрде педагогикалық қабілеті болу керек, себебі хор жеттекшісі тек қана музыкант қана емес, ол сонымен қатар педагог – тәрбиелеуші болып табылады.
Осы айтылғандардың барлығын іс жүзінде іске асыру үшін дирижер шығармашылық жұмысының мына кезеңдерден өтуі тиіс: шығарманы талдап, танысу жұмыстары (орындаушылық ойдың қалыптасу кезеңі), хорға шығарманы үйрету, дайындық жұмыс(ойдың шындалуы), концерттік орындаушылық(ойдың жүзеге асыуы). Осы аталған кезеңдердің әрбіреуі бір-бірінен өзіндік әдістемесімен, спецификалық құралдары және тәсілдерімен, техникасымен ерекшеленіледі. Дайындық кезеңіне дейін, дирижер шығармамен танысу, талдау жұмысын үш кезеңге бөліп, қарастыруға болады:
1.Берілген әуен жайлы негізгі көркемдік бейнелері жайында жалпы түсініктерді қалыптастыру.
2.Берілген шығарманың түп негізіне біртіндеп тереңірек бойлау.
3.Жасалған жұмыстың қорытындысы ретінде орындаушылық ойдың қалыптасуы, шығармаға жекеше талдау оны іске асыру жоспары.
Сонымен шығармаға жүргізілетін барлық жұмыстар онымен толықтай танысудан басталады. Орындаушының алғаш ойнауынан немесе тындауынан туған түрлі әсерлер әуез айқындығының дәрежесін сезінуге толық мүмкіндік береді. Ал шығарманың тек партитурасымен танысу оның толығымен естілу әсемділігін көрсете алмайды, өйткені ол тек қана бір тембрлік бояудағы, оның ырғақтық және хор фартитурасындағы жеке элементтерінің дыбысаралық қатынастарын анықтайды.
Автордың ойластырғанына едәуір жақын келетін музыкалық бейнені қалыптастыру дирижердің шығармашылық қиялына музыкалық ести білу қабілетіне тікелей байланысты. Бірақ ондай қабілетті дамыту оңайға түспейді. Көп жағдайда ол хор ұжымының көп уақыт бойы жасалатын дайындық және концерттік шығармашылығы нәтижесінде қалыптасып дамиды. Шығарманың алғашқы көрінісі неғұрлым жарқын және толығырақ болса, жүргізілетін келесі жұмыстар соғұрлым нәтижелі және табысты болып, болашақтағы орындаушылық жобасының түп негізін көру жеңілге түседі. Алайда орындаушы әуеннен алғаш алған әсері мен интуитивтік сезіммен шектелмеуі қажет.
Шығарманың келесі бір кезеңі дирижердің терең ойластырған талдауымен байланысты. Ол орындаушының әуен және мәтіндік бейнелеу мазмұны жөнінде түсініктерін тереңдетіп, объективтік және де жеке орындаушылық трактовкасының қалыптасуына толық жағдай жасайды.
Концерттік орындаушылық дирижерден орындаушылық техниканы қажет етеді.
Орындаушылық талдаудың келесі кезеңі – ноталық жазудың барлығын музыкалық дыбысталуда шыңдау. Ол үшін қажетті әдіс-тәсідерді іздестіріп, таңдай білу қажет. Осы орайда музыкалық шығарманың мазмұнын көрермендерге жеткізу үшін орындаушының өзі қандай әдістерді қолдануы қажет? Деген сұрақ туындайды. Музыка шығарманың мазмұнын биіктік, ұзақтық, дыбыс күші және тембр сияқты қасиеттерін иемденген дыбыс арқылы береді. Ал дыбысты өзінің қалауы бойынша бағындыратын –музыкант-орындаушы. Ол берілген әуенді көтеріңкі дауыспен немесе бір қалыпты орындауы мүмкін. Мұнынң барлығы орындаушының музыкалық тәжірибесі арқылы көптен белгіленген тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Бірақ дирижер мынаны ұмытпауы керек: хорға талап қоймас үшін, ол өзіне үлкен талап қоя білуі қажет.
Орындалудың сәттілігі тек дирижерға ғана байланысты емес, сондай-ақ хордың техникалық мүмкіндігіне, шеберлігіне де қатысты. Сондықтан да хордың типін, түрін, құрылысын, дауыстардың фактурасын, тесситурасын, диапазонын, ансамблін музыкалық ести білу қабілетіне тікелей байланысты. Бірақ ондай қабілетті дамыту оңайға түспейді. Көп жағдайда ол хор ұжымының көп уақыт бойы жасалатын дайындық және концерттік шығармашылығы нәтижесінде қалыптасып дамиды.
Хордағы орындаушылық спецификасының қиыншылықтарын (вокалдық, ырғақтық, интонациялық динамикалық, тесситуралық, дикциялық) анықтаумен қатар вокалды-хор дыбысталудың ерекшеліктерімен байланысты жүргізілетін жұмыстар дирижерлік партитура талдауының соңғы кезеңі болып табылады. Бұл хор мен берілген шығарманы жаттаудағы негізгі міндеттерді анықтау, қиынлық келтіретін бөліктерін белгілеу, тиімді құралдарды таңдау, дайындық уақытын белгілеу.
Шығарманы хормен жаттамас бұрын дирижер алдымен партитураны жан – жақты меңгеруі қажет. Ол үшін үлкен дайындық жұмысын жүргізіледі. Бұл жұмыстың түрлері мынадай:
Шығарманы ойнап көріп, оның музыкалық және поэтикалық мәтінімен танысу.
Тарихи эстетикалық талдау жасау (автордың шығармашылығымен таныстыратын арнаулы әдебиеттерді оқу, хордың мазмұнын, идеясын анықтау).
Партитураны вокалдық және аспаптық жолмен меңгеру.
Теориялық талдау (партитураның гармониясы мен көп дауысты хор фактурасының даму ерекшеліктері).
Шығарманы дирижерлау техникасын меңгеру (өлшемін, жылдамдығын, ұн кідірістері, цезураларды мәнерлік белгілерін көрсету, хорды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауды қамтамасыз ету).
Шығарманы хорға үйретудің жоспарын жасау, дайындық жұмыстардың түрлерін белгілеу.
Шығарманы бірнеше рет ойнап көріп, жалпылама танысқан соң, оның әдетте музыкалық мәтіндерін жақсылап жаттап, олардың структуалық, интонациялық ерекшеліктерімен мүмкіндіктерін пайымдап, идеясы мен шеберлігінің шыңдалуына вокадық жаттығулардың тигізетін пайдасы өте зор. Әрбір жаттығудың өзіндік ерекшелігі мен мақсаты болады.
Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстың бірқалыпты шығуына, тыныстың дұрыс алынуына және жуан дауысты дыбыстардың еркін созылып, ал дауыссыз дыбыстардың анық, қысқа айтылып, орындалуына үнемі мән беріп отырған жөн. Әрбір буындағы дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны жаттықтыру үшінәр түрлі буындарды ақырын және жылдам айтқызу өте пайдалы.
Хор басқарушы, яғни дирижер бұларды ең алдымен, қысқа, жеңіл, әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу, созып айту әншінің өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте – бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағын да үнемі қадағалап отыру қажет. Әнді орындау кезінде ойды үзбей, өлең сөздерін анық айту оңай емес. Кейде әншілер вокалдық желіні, әуенді нақышына келтіре отырып, бірақ көмескі айтады. Бұл дұрыс емес, тек сөзді анық естігенде ғана тыңдаушы шығарма мазмұнын толық түсіне алатынын ұмытпау керек.
Дегенмен ән айту – сөйлеу емес, сондықтан тіліміздегі сөйлеу орфоэпиясын ән салуда түгелдей дерлік пайдалануға болмайды. Демек, үндестік заңының ережелерін ән салуда өте ұқыптылықпен икемді түрде пайдаланған жөн. Бұл ретте жұмыс барысында басшылыққа алатын басты принцип – сөздердің мазмұны мен түрін өзгертіп жібермеу және әуеннің үнділігіне нұқсан келтірмеу.
Қисын, яғни логика – вокалды –хор дикциясының басты элементі. Әндегі жалаң сөздерді емес, осы сөздер жеткізіп тұрған нақтылы ойды дөп басу, осыған орай дауыс ырғағы мен үн бояуын дұрыс келтіру хор әншілеріне қойылатын негізгі талап.
Хор шығармасының көркемдік әсемдігі мен хор ұжымының техникалық шеберлігі тікелей дирижерға байланысты болғандықтан, автор алдында да, орындаушы алдында да, тыңдаушы алдында да дирижердің жауапкершілігі шексіз. Өзінің спецификалық дарындығына , спецификалық тәсілдеріне және спецификалық техникасына сүйене отырып хор ұжымының шығармашылығын реттеп қана қоймай, оның түбегейлі мазмұнын көрермендерге, тыңдаушысына жеткізу мақсаты мен қиялын іс-тәжірибеде жүзеге асыра алады.
Хор өнері түрлі музыкалық өнерден тұрады, ал хормен ән айту трлі музыкалық орындаушылық болып табылады. Хор деп әртүрлі дауыстардан құрылған хор ұжымын айтамыз. Хор жанрының халық арасында кеңінен таралып, көпшілігі орындалатын лайықты шығармаларды уағыэдау, халықты өнерге тәрбиелеумен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды. Тіпті, жеке дауыста орындауға бейім шығармаларды бәрі бәр дауыста орындаса да, хормен орындадық деп, мәз болысады. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға болмайды. Хор - әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып ұйымдасқан коллектив. Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз - шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбау, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағұлматы бар коллективі. Хормен ән айтудың өзіне тән спецификалыық ерекшеліктер болады. Атап айтсақ:
а) адам факторы (хор –тірі организм),
б) синтетикалық мінез–құлық (сөздердің байланысуы),
в) аспаптар спецификасы (адамның дауысы),
г) ұжымдық мінез – құлық,
д) дирижер.
Достарыңызбен бөлісу: |