Құрастырған: Жалпы тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер


Археологиялық деректемелер түрлері



Pdf көрінісі
бет12/104
Дата11.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#135256
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104
Байланысты:
растыр ан

Археологиялық деректемелер түрлері.
Деректемелер негізін көне заманнан 
жеткен заттар құрайды, олар көнеліктер, қалдықтар деп те жазылады. Адам 
жасаған немесе еңбегімен өзгерткен заттардың бәрі «артефакт» деп аталады. Бұл 
термин, әсіресе, тас ғасыры мүлкіне байланысты жиі қолданылады, себебі: тас 
құралдарының функционалды қызметін дәл анықтау қиын. 
Археологиялық деректер табылу жағдайына, сақталу деңгейіне және олармен 
жұртшылықтың танысуына байланысты әртүрлі аталады. Археологиялық 
деректемелердің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оларды бірнеше топқа 
бөлуге болады: 
1.
Еңбек құралдары
. Жасалған шикізаты, дәуірі есепке алынады. Мысалы: тас, 
мыс,темір құралдары. Сонымен қатар, құралдар атқаратын қызметіне қарай 
да жіктеледі. 
2.
Қару үлгілері
. Жасалған шикізаты және қызметі бойынша жіктеледі 
Мысалы: шабуыл, қорғаныс құрал-жабдықтары. Сыртқы келбеті мен пішіні 
есепке алынып, түр-түрімен зерттеледі. 
3.
Тұрмыс заттары
. Аса үлкен топ. Бұған киім-кешек бөлшектері, заманында 
қолданылған заттар жатады. 
4.
 Ыдыс
. Ғылымда ыдыстар тиянақты жіктелді, олар ескерткіштердің 
уақытын білуге, мәдениетіне сипаттама жасауға үлкен көмек көрсетеді. 
Археологиялық мәдениеттердегі ыдыстардың көпшілігі – керамикалық 
ыдыстар. 
5.
Ат әбзелдері
. Көбінесе көшпелілер мәдениеттеріне тән. Ауыздықтар, 
сулықтар, үзеңгілер, айырбастар. Сүйектен, қоладан, темірден жасалуы 
мүмкін. Мәдениеттерге сипаттама беруге үлкен көмек көрсетеді. 
6.
Өнер туындылары
. Бұған көркем әшекейлер, көне суреттер, мүсіндер, 
ғимарат қалдықтары, жазулар жатады. 
7.
Сүйек қалдықтары
. Олар адам, мал, аң-құс сүйектері болып бөлінеді. Бұл 
деректеме тобын дұрыс тану үшін анатомиялық және зоологиялық білім 
қажет.
Археологиялық деректемелердің бір ерекшелігі – олардың толық, тұтас 
күйінде жетпейтіндігінде. Көп жағдайда бөлшектермен, фрагменттермен жетеді, 
өзгерістерге ұшырайды, деформацияланады, диффузияланады, ыдырайды. Қатты 
тотыққан металл, шіріндіге айналған ағаш пен тері сақталуы нашар деректемелер 
қатарына жатады. Сол себепті, археологиялық деректемелер түрлі препараттар 
арқылы қалпына келтіруді және арнайы жабдықтардың пайдалануымен сапалы 
сақтауды талап етеді. Консервациялық жұмыстардың бір бөлігі далалық жағдайда 
жүзеге асуы керек. Сонда ғана заттар мен қалдықтар маңызды мағлұмат бере 
алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет