Құрастырған: педагогика кафедрасының оқытушысы Семей 2013


БӨЛІМ 2.ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



бет2/12
Дата25.08.2017
өлшемі2,56 Mb.
#26909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

БӨЛІМ 2.ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Мақсаты:студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету

Міндеттері:


  • Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру;

  • Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту;

  • Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету.

Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді.

Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі.

Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық:


  • Сабаққа кешікпеңіз;

  • Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз.

  • Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз.



2.1 Дәріс тақырыптары және оның қысқаша мазмұны

Модуль 1. Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері

Тақырып 1. Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Мақсаты: педагогика ғылым туралы, мұғалімнің теориялық және праткикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру.

Міндеттері:

а) педагогика және оның категориялық аппараты туралы ұғым беру;

б) педагогикалық пәндердің мазмұнын ашып көрсету;

в) педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын көрсету;

г) педагогиканың және педагогикалық пәндердің әдіснамалық мәнін ашып көрсету.

Жоспары:


  1. Педагогика-адам туралы ғылым.

  2. Педагогика пәні, педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.

  3. Ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері.

  4. Педагогика ғылымының міндеттері.

Педагогика тәрбие туралы ғылым. Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogas» баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз қожасвның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие – қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның «тәрбиенің» қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін – делдал – ұстаз, мұғалім керек. педагогика басқа ғылымдар сияқты, белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Қандайда болса ғылымның дамуы ұғымдар жүйесі арқылы ғылыми білімнің тұрақтануымен байланысты. Ғылымның негізгі ұғымдары категориялар деп аталады. Педагогикада негізгі ұғымдар «категориялар) жүйесі жүзжылдық бойында қалыптасты. Ол кездейсоқ емес, өйткені алдымен педагогикалық білімдер философия төңірегінде жинақталған, педагогика философиядан бөлінуі педагогикалық ғылымның объектісінің (насынасынысң) анықталуымен байланысты.

Категориялар мазмұндарында объективті шындықтың маңызы жақтары бейнеленуі, яғни уақыт анықталған категорилар құрамы, ос ығылым зерттейтін, объектвиті шындықтың толық бағалы сипаттамасын жасауға мүмкіншілік береді. Бірақта бұл үшін зерттеліп отырған шындықтың шекарасын білу керек. ғылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратау,а болады. Ғылымдарды олардың ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге латын саласы. Пән – бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын объективтік шындықтың жақтары, педагогиканың насынасы болады.

Ал педагогика пәні – индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тысуақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады. Ұстаздар әлеуметтік тәжірибенің мазмұны мен оқушылар арасындағы келістіруші делдал болып табылады, тұлғаның қалыптасуы олардың белсенді қайта өзгерткіш әрекетіне байланысты.

Сонымен қатар, педагогикада жалпы ғылыми басқада адам туралы ғылымдар ,ұғымдар пайдаланады.

- тұлға, іс-әрекет, даму, қалыптасу, педагогикалық болмысқа қатысты іс-әрекет мағналы болады, егерде ол табысты болса, өйткені осы жағдайда тұлға өзін-өзі ұйымдастыра алатын жүйе ретінде өмір сүре алады. Яғни іс-әрекет табыстылығы, қазіргі кезеңдегі білім берудің тұлғаға бағытталған парадигмасы тұрғысынан, педагогикалық негізгі категориялар құрамына кіретін ұғымға жатады.

Педагогиканың негізгі ұғымдары (категориялары) өзара тығыз байланысты – мазмұнды түрде бір-бірін өзара толықтырады, әртүрлі жақтарын бейнелейді. Толық бағалы теориялық білім дәл негізгі ұғымдар рақылы бекітіледі.

Педагогикалық ғылымдар және олардың мазмұны. ХІХ ғасырға дейін ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі(даралануы) белсенді жүрып жатты. Сонымен бірге білімдер аумағының өсуі жеке пәндерінің бөлінуіне алып келеді, яғни пәннің өзінің ішінде бөлініп даралануы басталды. Педагогика да бірте – бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсатары, жаса ерекшеліктері, оқу-тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшелегі бар салалар айқындала түсті.


Уақыт
































Іс-әрекет табыстылығы, ХХI ғ. А. Рысбаева













әлеуметтендіру ХХ ғ.

С.Т. Шацкий, П.П. Блонский















Педагогикалық процесс

ХIХ ғ. П.Ф. Каптерев















Тәрбие,

ХVIII ғ. Р. Оуэн















ХVIII-XIX ғ. білім беру

Д. Локк, И.Г. Песталоции















оқыту,

ХVII Я.А. Коменский














Түсінік




1.1-сурет «Тәрбие», «білім беру», «педагогикалық процесс», «оқыту», «әлеуметтендіру», «іс-әрекет табыстылығы» ұғымдарын, «категорияларын») педагогикалық құбылыстарды танып білуде қолданылуы
Педагогика ғылымдарының жүйесіне, жалпы педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінге педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, коррекциялық педагогиика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі және т.б. жатады. Кейінгі кезде педагогикалық білімнің дербес салалары ретінде әлеуметтік педагогика және т.б. бөліне бастады.

Жалпы педагогика педагогиклық процесс пен білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді.

Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогоикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, ол педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.

Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінлде, діни ілімдерде, саясатануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы (дифференциалдануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциалдануға,педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ- ХХ ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың, іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалуға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогиклық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық слыстыру және тағы басқалар) пайдаланылады.

Педагогика ол ағзаның материалды-энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықатырна (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне осыдан, педагогикның социологияның білім социологиясы, студенттер социаологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.



Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы. «Әдіснама» грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген мағынаны береді. «Метод» «әдіс» термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан әдіснама – зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы әдіснама, ғылыми ұғымның, теориялық нгізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми әдіснаманы жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және әдіснаманың олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұның қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика объективті шындықты тану әдістері негізінде табтғат, қоғам және адам ойлауының заңдары жатқанын негізге алады. Таным әдісі табиғат пен қоғамның объективті заңдарын көрсеткнеде ғана ғылыми бола алады. Сондықтан ғылыми танымның принциптері, оның категориялары мен ұғымдары адамның ақылымен жасалған кездейсоқ ережелерінің қосныдысыемес, ол табиғат, адам және қоғам заңдылықтарының бейнесі болып табылады.

Педагогикадағы жалпы теориялық зертетулерге педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, биологиялық пен әлеуметтіктің ра қатынасын; педагогикалық процесте тұлғаны қалыптастыру; тұлға және ұжым; ұжым тұлғаны қалыптастырудың әлеуметтік ортасы ретінде; педагогиклық процестің принциптері, оны ұйымдастырудың формалары мен әдістері және т.б. жатады.

Әрине, қазіргі педагогиканың кең көлемдегі сұрақтары пәнаралық және ғылым аралық байланыстарын дифференциаландыру мен интеграцияландыру негізінде педагог – зертетушілер мен праткиктардың зерттеу процесін ұйымдастырудағы дайындығына байланысты тиімді жасалуы мүмкін.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді:


  • тақырыпты үйлестірудегі және оның көкейкестілігін дәлелдей білуді;

  • ғылымдағы тақырыптың зерттелу жағдайын дәне пайда болған қайшылықатрын анықтай білуді;

  • зерттеу мәселесін үйлестіре білуді (яғни жауапты талап ететін сұрақты);

  • мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын) нысана және зерттеу пәнін анықтай алуды:

Ғылыми зерттеуге тән нәрсе, сол мәселеде үйлестірілген сұрақ және болжамды белгілін бір жобаланған жауап ретінде бейнеленеді.

Осыдан зерттеудің міндеттері шығады: зерттеу пәнінің теориясын негіздеу (теориялық сипаттама) және зерттеудің теориялық моделін жасау, эмпирикалық тәжірибені меңгеруді анықтаушы эксперимент және пелагогикалық шындықты қайта құруды қамтамасыз ету қлыптастырушы эксперимент.

Қойылған міндеттерді шешу зерттеушінің соған сай ғылыми әдістерді қолдауын талап етеді. Теориялық және теориялық қолданбалы міндеттерді шешу үшін – теориялық деңгейдегі әдістер (теориялық және салыстырмалы талдау, нақтыдан абстрактылық және абстралылықтан нақтылыққа көтерілу, моделдеу, ойша эксперимент) қолданылады. Теориялық қолданбалы және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешу үшін: бақылау, әңгімелесеу, анкеталық педагогикалық құжаттарды оқып танысу, эксперимент қолданылады.

Ғылыми зерттеулердің басты белгісі қолдантын терминдердің біртектілігі (бір мағыналылығы) болып табылады, себебі басынан бастап, басты ұғымға қандай мағына мән берілетіндігі, не туралы екендгі айқын болуы керек.

Бір терминді (сөзді) бірнеше мағынада қолдануға болмайды. Бұның маңыздылығы сонда, зерттеу пәнінің ұғымдық сиапттамасы зерттейтін құбылыстың мәнін мазмұнды ашып көрсетудің оның теориялық моделін жасаудың кепілі болады.

Соңғысы арқылы зерттеу құбылытарының нақытлы педагогикалық шындықтағы жағдайын және практикалық іс-әректетер үшін берілетін нұсқаулардың тиімділігі бағаланады, олар праткика үшін қажетті әдістемелік материалдар мен нұсқаулар пакеті ретінде болашақ педагогикалық іс-әректетер жобасыда қаланады.



Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар

1.Педагогика пәні және оның негізгі ұғымдары.

2.Педагогиканың дамуы және басты міндеттері.

3.Тәрбие және оқу мәселелерін тиімді зерттеу үшін педагогика қандай ғылымдармен тікелей байланысты.



Әдебиеттер

1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.

2.Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

3.Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.

4.Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.

5.Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.

6.Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.

7.Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.

8.Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.

9.Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.

10.Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996

11.Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.


Тақырып 2.Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы. Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерінің оқу-тәрбие процесінде ескерілуі.

Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы бiлiм жүйесiн қалыптастыру.

Мiндеттерi:

а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi және қалыптасуының өзара байланысының негiзгi ұғымдарын ашу.

ә) жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерiн сипаттау.

б) жеке тұлғаның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау.

в) субъектiнiң іс-әрекетi рөлiн жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекшi факторы ретiнде негiздеу.

Жоспары:

1.Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысы.

2.Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.

3.Жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар.

4.Мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама.

5.Мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктері.



Жеке тұлға туралы түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесi дәуiрлердiң прогрессивтi философиялық және психологиялық-педагогикалық пiкiрлерiнде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, адамның тектiлiгi тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесiнде де пайда болады. “Әлеуметтiк мұрагерлiк” адамның қоғамдық тәжiрибеге ие болуы нәтижесiнде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтiк бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлi түсiндiрмелерi бар, бiрақ олардың көбiсi мына түсiнiкке келiп тiреледi: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).

Жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегi” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады.

Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi – оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. Осылайша, мұғалiмнiң даралығы оның терең бiлiмдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. “Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады.

Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi осында.

Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі,терiске шығарылуы мүмкін).Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.

Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.

Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында мақсатты тәрбие мен бiлiм беру жетекші рөл атқарады.

Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” терминi жиi қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi дегендi және оның пайда болып, тұтастыққа, бiр қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз – бiр нәрсеге пiшiн (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бiр түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәнi өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда – адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екi түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тiк жүру бейiмдiлiгi, сана, ақыл, сезiм мүшелерi дамуының бейiмдiлiгi, шартсыз рефлекстер, нәсiлдiк және ұлттық белгiлер) және даралық (жүйке жүйесiнiң түрi, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).

Ағзаның тектiлiк негiзi немесе генотипi төмендегi суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта: адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Қоршаған орта макро және микро болып бөлiнедi. Макро-орта бұл – адамға қажетті әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететiн өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемi. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етедi. (Кесте 1).


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет