Құрастырған п.ғ. к., доцент Ерғалиева Г. А


Жалпы адамзаттық құндылықтар - тұлғаны қалыптастырудыц негізі



бет11/21
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#64447
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
1.Жалпы адамзаттық құндылықтар - тұлғаны қалыптастырудыц негізі.Ізгілік пен адамгершілік тапшы болып отырған қазіргі жағдайда оқушыларды тәрбиелеу бағыттарының бірі, аталған тапшылыкты толтырудыц негізгі және тәрбиесінің бір бөлігі ретіндс халық педагогикасының маңызы зор. Нарықтық катынастарды барынша көп дамытумен байланысты Қазақстан Республикасында түбегейлі жүргізіліп жатқан экономикалық реформа осы заманның теориясы мен практикасын ғьлыми тұрғыдан жасауға жаңаша көзқарастардың болуын талап етеді. Осымен байланысты мсктептің бірінші кезектегі мінідетгерінің бірі оқушыларды жалпыадамзаттық құндылыққа негіздей отырып тәрбиелсу болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықты осы заманғы дүниетанудың алдыңгы шебіне шығару үшіи адамның рухани мөдениеті мен адамгершілігін барынша қайта өзгсртуді кажет етеді.
Құндылық деген ұғым философиядағы, қоғамтанудағы жәнс педагогикадағы негізгі құбылыстардың бірі болып табылады. Мәселен, философияда құндылық қоршаган дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылыстардың дұрыс немесе бұрыс мәнін көрсететіи (игілік, жақсьлық пен жаманшылық, әсем және көріксіз) түсіндіру үшіи қолданылады.
Сондай-ак., құндылықты құбылысты қоғамдық сана түрінде (әдәлеттілік немесе әделетсіздік) сипаттап қана қоймайды, сонымен біргс оларға баға береді, оларды мақұлдайды немесе айыптайды және олардың жүзеге асуын талап етеді, немесе кемшілікті жоюдың өлшем болып табылады. Жалпы адамзаттық кұндылықгардың арасында философтар прогресшіл ойшылдар мсн педагогтар әрқашан бірінші орьнда адамның құқығын, оның бостандығын және сәйкес келетін тәрбие білімді боліп қарастырған. Кез келген халықтың өмірінде жалпы адамзаттык, құндылықтардын орнығуы қоғамның тарихи дамуының заңды нәтижелері болып табылады. Адам құқығының адамгершіпік мүмкіндігі басқа жалпыадамзаттық кұндылықтар сияқты мыңдаған жылдар бойы жинақталды және жаңа үлгінің негізі мінез-құлқын реттеуші ретінде кызмет етті. Мамандар дәлелдегендей оқушылардың рухани - адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен коғамдык - тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметгік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді катар игертуге болатынын дәлелдеп берді. Бүл өлшемдер халықтық дәстүрлерде адамгершілік уағыздарда, діни мәдсниетте нақты жазылып койылған және әлеуметтік ойдың тәуір белгілері, тұлғаның қасиеттері адамгершілік үлгілері шоғырландырьлған күйдс әдептіліктіктің қоғамда қабылданған үлгісі ретінде көрінеді.
Діни сеніммен байланысты бүгінде біздің қоғамда дінге деген ынта-ықылас күшеюде. Ол мүмкін еліміздің нарықтық қатынасқа көшуімен байланысты жалпы дағдарыс туғызған уақытша жағдай болар.
Алайда, оның ұрпақ тәрбиесімен байланысты үлксн тәрбиелік әсері бар ертеден келе жатқан құбылыс екенін мойындауға тура келеді. Осымен байланысты соңғы кездер тәжірибеде байқағандай тәрбие мәселесінде қиыншылықтардың кездесіп отырғанын да жасыруға болмайды. Елімізде жетпіс жыл бойы дін адам санасын уландыратын апиын деп келгсн кеңестік дәуірде қалыптасқан көзқарасты бір күндс өзгертугс болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бүгінде дін жөніндегі көзқарастың кіріктірушілік маңызымен бірге, қоғамды бұзушы да болып отыр. Мысалы Косово мен Хорватиядағы, Грузиндер мен Абхаздар арасындағы ұлтгық алакөздік діни көзқараспен байланысты туындауда. Бұл айтылғаннан шығатын қорытынды мұғалімдерге, тәрбиешілерге, мектеп қызметкерлеріне, ата-аналаларға қала берді оқушыларға дін жөнінде оның пайдасы мсн зияны туралы ғылыми жеткілікті дәрежеде талдауға көңіл бөлу қажет. Жалпы адамдардың дінге көзқарасы олардың рухани даму дәрежесін айкындаушы рол атқарады.
Дін әлеуметтік ақиқат, шындық, фактор екенін еске сақтауга тура келеді.
Дін адамзат қоғамында адам санасынан тысқары өмір сүрген емес. Ол қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі болыл саналады. Сондықтан оны қоғамнан тысқарылауға болмайды. Ол әлеуметгік өмірдің мәніне кірігіп кеткен құбылыс.
Тарих дәлелдегендей дін әрқашанда қоғамның және мектептің дамуымен тығыз байланысты болады. Белгілі кезендерде, қала берді бүгінгі уақытта дін мен қоғамның, мектеп пен діни мекемелердің арасында белгілі карым-қатынас орнайды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялиқ, байырғы, құқықтық және әлеуметтік мемлеке ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мем бостандығы» — делінген. Ал осы Конституцияның 19-бабында «Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататындығын өзі анықтауға хақылы» делінген.
Бұл адамдардың қай дінді қабылдаса да, немесе мүлде дінді мойындамаса да өз еркі өзінде деген бас бостандығьш уағыздауды қолдайтын демократиялық құқықтық қорғаудан туындаған ұстаным.
Сондай-ақ, Конституцияның I-14 бабында «тегіне әлсуметтік лауазымдық және мүлікек жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дінге көзқарасына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды «деп Қазақстан азаматтарының жеке басының құқығын қорғау ды қаматамасыз еткен.
Қазақстан Реслубликасының білім беру заңыңда да мемлекеттік саясатын басты бағыты ретінде мемлекеттік оқу орындарында жастарға діни уғымынан тысқары ғылыми көзқараста білім беріледі және ол діни бірлестіктердсн бөлекгелінген» деп мемлекеттің оқу-ағарту саласындағы дін жөніндегі саясаты ашык көрсетілген.
Ата-аналар немесе олардың орнын басушылар өз баласын от басында өз көзқарасынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ бұл істе баланы зорлап дінді мойындатуға жол берілмейді.
Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік кайырымдылық деген ұғымдарға бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адамгершілік қасиеітерге. құндылықтарға тәрбиеләудә діннің таза ізгілікке. адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады. Бүгінгі мектептерде ділнің осы ұстанымдарын уағмздай отырып, бірақ оқудың ғылыми негізіне баса көңіл бөлуге тура келеді. Яғни білім беру мен тәрбие ісінідс ғылымилық, оның күнделікті өмірмен байланыстылығы, баланың жас және жеке бас ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдарын басты қағида етуді үнемі еске сақтау қажет.
Кез келген халықтың адамгершілік-рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогика үлгілері бай және саналуан, өйткені ол сантүрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжіриебесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас сыңары болып табылады.
Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында өзімің этикалық халықтық сананың табиғи бөлінбес бөлігі екенін көрегтгі. Соған қарамастан дөстүрлердің ескісі де, жаңасы да бұрын болмаған өзгерістерге ұшырауда. Бірақ олардағы басты нәрсе -өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс сақталып келеді. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мәні халықтардың ілгерілік, Ізгілік дәстүрлерін қақта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болыл табылады.
Жоғарыда айтылғандарды еске алумен ғалым-педагогтар осы
заманғы педагогиканың алдында еікі басты міндет тұр деп санайды.
Бір жағынан, педагогиканы жалпыәлемдік құндылық деңгейіне
(педагогикада жақсы көру және бостандық) көтеруге әрекет жасаған
жөн екінші жағынан барынша жетілген, адамзаттық идеалды құру,
жоғары жөне тұтас екі мәнді мәдени мұраны кіріктіруден пайда
болған адами мұрат жасау.
Бұл міндеттерді орындауға жету- үшін үйлесімді даму - баланың табиғатпен, мәдениетпен үйлесуін көрсететін жалпыадамзаттық құндылықты - бостандық пен сүйіспеншілікті ескеру керек.
Достық сүйіспеншілік және мейірбандылық беделінін әр халыққа тән шынайы бедел екендігі, сонымен бірге әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшеліктің, салт- дәстүрдің болатыны және оның жеке тұлға әлеуметтік қатынасқа түскеңде көрініс беретіні дәлелденген.
Әр халықтың прогресшіл педагогикалық тұжырымдамасы жасы кіші адамға, балаға, оның бостандығы мен даму құқығын қорғауға, тәрбиесі мен білімінің демократтиялық және ізгілікті принципте дамуын қуаттайды.
Сондықтан осы күнге дейін адамды жоғары құндылық деп тануда адамның тұлғасына, оның қасиетіне - жақсылық мұратына рухан күшіне құрмет көрсетумен қарау, оны қоғамдануының елеулі қозғаушы күші деп санау халықтық педагогиканың жалпы адамзаттық мұратының негізгі мәні болып келді.
Халықтардың өмірінде түрлі тарихи дәуірде пайда болған жалпы адамзаттық құндылықтар белгілі бір ұлттық жәмс интернационалдық күндылықтардың жиынтығы, олар бірін-бірі толықтырушы жоне дамытушы, бірак, олар адамзаттың жалпы мүддесіне қайшы келмейді.
Жалпы әлемдік құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс. Сол себепті де ол жалпыадамзаттық деп аталады, өйткені олар біртіндеп жинақталды және XX ғасырдың соңында Халықаралық топ алғашқы ррт дүниежүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық негізге алынатын құжаттар жасады. ( Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Баланың құқықғары туралы конвенция» және т. б.) 1, оларда тәрбиснің методологиясы мен теориясы, оның жаңартылған мақсат, мүдделері қарастырылған. Онда халықтардың мұраттарын және рухани құндылықтарын дамытуда жаңа көзқарастарға негізделген халықаралық стандарт (өлшем) болып табылатын жалпы адамзаттық құндылықтар, адамның құқықтары мен бостандығы көрсетілген. Сол себепті Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (1993) Заңына сәйкес жоғарыда аталған құжаттардың басты идеялары біздің еліміздегі білім саласында мемлекеттік саясаттың негізіне алынды. Оған негіз болып отырған мәселе бүкіл тәрбие жұмысын жалпыәлемдік құндылықтарға негіздей отырып, жаңа құндылықтар құруға талпыныс жасау дәлел бола алады. Оның мәні біздің жас ұрпақты басқаларда бар нәрсені бағалай білуге үйрету, солай жасау халықтардың күш-жігерімен жасалған және олар үшін ардақтылардың бәрін құрметтеу жәнс қорғай білуге қосылу.
Мәдеми тарихи әжірибе дәлелдегендей, жалпы әлемдік құндылық болыл саналатын: қайырымдылық, сүйіспеншілік, еркінділік дегендерді педагогикада адамгершілік өнідемдердің көрсеткіші деп санайды. Олар біріншіден — өз бетімен болушылықпен, ойына келгенді-істеушілікпен, адамгершілік тұрғыдан ауа жайылушылықпен, екінші жағынан, қаталдықпен, немқұрайдылықпен, озбырлықпен, волюнтаризммен сыйыспайды.
Сондықтан педагогтар мем тәрбиешілер - тек мәдеииет қана нсгізінен адамның рухани бейнесін қалыптастыратынын берік есте ұстауы керек. Олай болса, педагогикалық халықтық медениет сияқты педагогикалық дәстүрлік-тұрмыстық мәдениет те ең алдымен жас өспірімнің тұлғасын қалыптастырады. «Халықтық педагогика» деген терминнің мәнін бұқара халықтың педагогикалық санасы, ал «дәстүрлі педагогика» деген терминнің мәні белгілі бір ұлтқа ортақ, этникалық педагогикалық санасы деп қараған жөн.
Бүгінгі заманға тарихи жағдайларда осы мәдениеттен педагогикаға «жалпыадамзаттық мақсаттар» деген ұғым енді. Ол қай елде, қандай да болмасын ұлттық мектепте жүзеге асырылмасын біртұтас әлеуметтік қызметті, мақсатты, тәрбиенің мазмұны мен бағыттылығын атап көрсетеді. «Жалпы әлемдік мақсаттар» деген ұғымның өзін танымдық, -әсерленгіштік және мінез-құлықтық сипаттарын қамтитын әлеуметтік мақсат ретінде қарастыру керек. Осы заманғы өркениет жалпыадамзаттық құндылықты бірінші орынға қоя отырып, демократияны, адам құқығын оның маңызды сыңарлары деп қарайды.
Бүл күңде тәрбиеде халық педдгогикасының идеялары мен тәжірибесін молынан пайдалануға шексіз мүмкіндіктер туып отыр. Сонымен бірге онда бірінші кезектегі артықшылық бағыт — жалпы-адамзаттық құндылықтарға сүйенген болуы керек. Тұтас педагогикалық үрдістің бәрінде ешқандай ұсақ мүмкіндігі қалдырылмастан, оқушылардың рухани байлығын арттыру үшін әр халыклың жетістіктерімен алуан түрлі мәдениетін пайдалану керек. Жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруде біріктіруші бастама тәрбиенің маңызды құралы ретінде ана тіліне берілуге тиіс.
Осы орайда К. Д. Ушинскийдің «Баланы халық тіліне ендіру арқылы біз оны халықтың рух саласына, халықтың ой-сезіміне халық өмірінің ішкі дүниесіне ендіреміз»... «Ана тілн меңгеру арқылы бала тек жалғыз сөзді ғана меңгермейді, олардын қурылымдары мен құбылыстарың ұғымның шексіз көптігін, заттарға көзқарасын, олардың, сезімдердің, көркем бейнелердің, ойлардың және тілдің философиясын да игереді. «Ана тілі осылайша халықтың ұлы педагогы» атанып осы заманғы жағдайларда ерекше педагогиккаық маңызға ие болады» (собр. сп. т 5. МЛ. 1949, с 345. там же т 2. МЛ. 1948. 560).

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет