Құрастырған п.ғ. к., доцент Ерғалиева Г. А


Білім берудегі парадигманы таңдауды бинарлық оппозиция айқындайды



бет14/21
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#64447
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Білім берудегі парадигманы таңдауды бинарлық оппозиция айқындайды:


Педүдіс өзарақарым-қатынас

Тұлға әлеумет авторитарлық гуманистік




Мазмұн Педтехнология, беруге есептелген
Білімдік дамытушылық
Мәдени-тарихи материал

Мәдени-генететикалық шығармашылық потенциял


Мектеп бағыты

Мемлекетке демократиялық қоғамға




8-апта
8 кредит сағат
№8 дәріс тақырыбы: Дж.Дьюи метебі жаңа парадигманың негізі ретінде

  1. Тұлға дамуы мен оқытудағы Дж.Дьюидің ойлары.

  2. Джон Дьюи және білім берудің жаңа парадигмасы

  3. Дьюидің білім философиясы- бүгінгі білім беруде.

Дж.Дьюи метебі жаңа парадигманың негізі ретінде. Дж.Дьюи «прогрессивті мектеп», немесе «әрекет мектебінің» парадигмасының бастаушысы, Американдық ғалымға өзіндік тұжырымдамасын жасаудан бастап, оны мектеп жағдайында жүзеге асыруға дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті, нәтижесінде ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тағы педагогикалық мәдениеттің үстем парадигмасын қалыптастырды. Сонымен бірге Дьюи көптеген жаңашылдарға тән қателіктен қаша білді. Бұл өзіне дейінгі дәстүрлі педагогикалық принциптері мен тұрғыларды жоққа шығару еді. Керісінше Американдық ғалым бар тәжірибені жоққа шығарудың пайдасы аз деп, өзінің мектебін жасауда өткеннің жақсы қырларын алуға тырысты. Осы мағынада оның авторлық мектебі комбинаторлық өлшемдерге жауап беріп, «тәуелсіз мектеп» пен «еңбек мектебінің» жақсы қырларын біртұтастықта жинақтады.
Оның авторлық тұжырымдамасының негізінде төмендегі базистік ұғымдар мен құндылықтар жатыр.

  • әр оқушының жеке ерекшелігін дамыту мақсатында балалардың тәуелсіз, белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • оқушының өз тәжірибесін оны оқыту мен тәрбиелеуде алғы шарт ретінде тарту;

  • «жасау арқылы» оқыту;

  • біртұтас педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың демократиялық қауымдастығын жасауды мақсат көздеу;

  • мектеп әлемін кеңіту оған «өзгергіш қоршаған әлемнің» қосумен жүзеге асыру.

Ең жалпы түрде Дьюидің мектебінің «құндылық ядросын» немесе «миссиясын»- «тәжірибе», «даму», «демократия», және «тәуелсіздік» категогрияларымен көрсетуге болады.
«Тәжірибе» Дьюидің педагогикасының негізінде жатыр. Бір жағынан бұл философиялық рефлексия осы категорияны мазмұнды толықтырушы. Бір жағынан бұл педагогикалық қызметте іске асыруға қажетті көзқарастар жиынтығы,ең кем дегенде екеу:

  1. балада бар өмірлік тәжірибені тану мен құндылықты мойындау

  2. мектеп қабырғасында позитивті интеллектуальдық, еңбектік, адамгершілік пен эмоциональдық тәжірибені жоспарлы түрде қалыптастыруға ұмтылу.

Балалық тәжірибені бұлайша қарастыруға байланысты баланың мектепке деген қарым-қатынасы оның барлық өміріне байланысты деген кең сұрақ туындайды. Бұл мағынада Дьюи өткендегі гуманистік педагогиканың дәстүрін ұстанды. Ол «өзіміз жасаған өлі үлгімен емес» тірі баламен жұмыс жасауды уағыздады. Ғалым «егер біз өмір мен бала өміріне сенсек, онда барлық сабақтар мен барлық пәндер,... онда барлық тарих пен барлық жаратылыстану тәрбиге пайдалы құрал мен материал болады».
Дьюи тәрбие үрдісін әлеуметтік өмірдің кең контекстінде қарастырды.Ал оның басты мақсаты баланың толыққанды дамуы деп санады, ол ол оларда пайдалы дағдыларды қалыптастыруды білдіреді. Балалық шақты бағалауда, дағды мен балалардың бейімделуін бағалауда қателесу- даму мақсат емес, құрал деп саналғандықтан. Сондықтанда тәрбие балалардың табиғи қасиеттерін пайдаланбай және олардың инциативасын басып, механикалық жаттығуларды көп қолданады. Айтылған мақсат кез-келген балалар мекемесіндегі оқу-тәрбие жұмысын түгелімен басқаша құруды, оның рухы мен жұмыстың мазмұнын жаңартуды қажетсінеді. Соңғысы өз кезегінде әртүрлі белсенді жұмыстарды енгізуді, «жаратылыс білімі өнер мен тарих ғылымдарының бастауы» рөлін күшейіп, бастысы «оқушылар мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастың және өзіндік әрекеттің моральдық атмосферасының өзгеруін» талап етті.
Бұл мағынада Дьюи мектепті ұйыдастырудың ең жақсы және жалғыз жолы демократия деп санады. Ол мұғалімдер мен оқушыларға толыққанды дамуға тең мүмкіндік береді деп санады. Алайда демократиялық жағдай балалар мен үлкендер басқару үрдісі мен шешім қабылдауға өзбетімен араласқанда жоғары тәрбиелік ықпал береді. Міне сондықтан да әр мектеп өз қабырғаларында үлкендер-балалар қауымдастығын құруға ұмтылу қажет. Онда бірлесу мен әріптестік қарым-қатынастың үстем түрі болса, ал құндылықты тексеру қалыптасқан жағдайды әр біреуінің өзіндік жүзеге асыруы. «Менің педагогикалық кредом» деген жұмыста Дьюи дәстүрлі мектептермен салыстырғанда өзінің авторлық мектебінің бірнеше басты артықшылықтарын атайды. Жинақтаған тәжірибенің ішіндегі ең жақсы сапа жеке тәуелсіздікті сыйлау; балалардың жас ерекшелік қажеттіліктеріне сәйкес мүмкіндіктер беру; соңғысы олармен қарым-қатынаста үлкен қайырымдылық.
Басынан бастап Дьюи мұндай мектепке басқа типті, яғни авторлық тұжырымдаманың негізгі принциптерін бөлісетін, бастысы баланың табиғатының ғажап мүмкіндігіне ,сондай-ақ ұжымдық бірлесе алған тәжірибенің интеллекті мен күшіне шын көңілден сенуге қабілетті мұғалімдер қажет екенін түсінді.
Осылайша авторлық тұжырымдама өзінің теориялық бейнеленуі мен оның педагогикалық практикада жүзеге асуын Дьюидің өзі жасаған Чикагалық университеттің 1896 жылы экспериментальдық «лабороториялық мектепте» және өткен ғасырдың басындағы Индиана штатындағы Гари қаласындағы мектепте көрсетті. Бұл мектептердің жұмысы осы тұжырымдаманың негізділігі мен өмірсүргіштігін дәлелдеп қана қойған жоқ, сонымен бірге АҚШ-тың көптеген мектептерінде жүзеге асуына жол салды.Олардың ішінде жақсы нәтижеге жеткен Массачусетес штатындағы Бруклайн орта мектебі.
Дью авторлық үлгісінің пайда болды деп айтуға келесі қадам оның ойларының ғасырдың басында Гари қаласындағы мектептерде (Индиана штаты, АҚШ) кең тарауы еді. Осы қаланың мектеп округін басқаратын Вирт Дж.Дьюидің авторлық тұжырымдамасның белсенді жақтаушысы болды және өзінің қол астындағы мектептерге кең таратты. Нәтижесінде олар Дьюидің ұғымдарының арнайы қырларын алды. Алғашқыда оны Чикаголық лабороториялық мектеппен қатар қойған, кейін өзінің шыққан жерінен де асып түсті. Айтылған қырларға мыналарды жатқызуға болады.

  1. Бұл мектептің негізгі құндылығы балалардың денсаулығы болды. Бұл медициналық және педагогикалық қызметкерлердің санитарлық-гигиеналық жұмысымен кең танысумен, мектеп жатаханасының ережелері мен қалыптарының қалыптасуында азық-түліктің кейбір қатарларын фалсификацияға қарсы, мысалы, сүт және т.б. мектеп оқушыларының бұл іске,күреске араласуы (қала деңгейінде) қарастырылды.

  2. Класс-сабақ жүйесінен бас тарту және мектеп бағдарламасның балалардың жеке ерекшелігіне икемді болуы. Бағдарлама әр екі ай сайын қарйта қаралып, сабақтардың сипаты оқылып жатқан материалдың темпіне сәйкес өзгеріліп отырды. Балалар «жұмысқа қабілеттілік деңгейіне» қарай бөлінді, бұл «ақылдылар» мен «ақылсыздар» деп бөлуді білдірген жоқ, керісінше бұл олардың максималды жеке ерекшелігін ескеруге мүмкіндік берді.

  3. Мектеп балалардың «өмір орны» болды. Оларға күні бойы онда болуға мүмкіндік берді, кластағы сабақты шеберханадағы жұмыспен, спорттық және балалар алаңындағы ойындармен ұштастыруға, қарым-қатынасқа мүмкіндік берді.

  4. Мектеп жұмысы жалпы жиналыс, оқушылар кеңесі мен оқушылар үкіметінің толықтай өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асты. Жиналыстар тек басқару мақсатын көздеген жоқ, сонымен бірге танымдық қажеттілікті және эстетикалық сезімді, ақпараттық міндеттерді дамытуға Балада бар өмірлік тәжірибені тану мен құндылықты мойындау.

  5. мектеп қабырғасында позитивті интеллектуальдық, еңбектік, адамгершілік пен эмоциональдық тәжірибені жоспарлы түрде қалыптастыруға ұмтылу.

Гари қаласындағы мектептердің жұмысының ерекшелігі мен нәтижесі осындай. Ол сондай әсерлі болып шықты, тіпті ол туралы тек елдің педагогикалық және ғылыми қауымы ғана емес, сонымен қатар халықаралық педагогикалық қауымдастықтың назарына ілікті. 20-жылдардың ішінде Дьюидің авторлық модельі бағыттың сипатын алып, мұхит асып ТМД-ға да бейімделген түрде жетті. Мұны қолданудың жалпы тәжірибесі оның икемділігі мен технологиялығын және көкейтестілігін көрсетіп отыр.
Батыс елдерде Дьюидің парадигмасының гүлдеуі 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдары басына келсе, АҚШ-та 50-жылдардың басына дейін жалғасты.
Кең тараған ғалымдардың ойларынан бас тарту шұғыл сын мен күтпеген бас тарту АҚШ-тағы «спутниктен кейінгі шокпен» және басқа «сабақ мектебі» парадигмасына байланысты болды. алайда 80-жылдары Дьюиге қызығушылық жаңа өрістеуін тауып және оның авторлық тұжырымдамасының жаңа жүзеге асуы жүрді.
Бұл парадигманың қазіргі жағдайы мен оның ену деңгейін талдауды мектептегі оқу-тәрбие үрдісін деңгейін демократизациялаудың кез-келген талпынысы соңғы нәтижеде Дж.Дьюидің жұмысына алып келді. Алайда үнемі Дьюидің мектеп демократиясын адамдардың санасында әр кез жаңадан «ашу» және әр кез қайтадан қалыптасқан әлеуметтік мекемеде жаңадан жасауы керек деп санады. Американдық педагогтың ойынша мектеп демократиясы- бұл әр әлеуметтік топтағы көп мүшесінің келісуі барысында салмақты ойланудың, талдаудың, практикалық әрекеттің және нәтижесінде құндылықтар мен әлеуметтік үрдістер ,ұғымдардың жиынтығы. Демократиялық мектеп- үнемі жаңаға ашық, үнемі оқу сабағының мазмұнын қайта салмақтауға және оқыту әдістерін қайта қарауға, басқару құрылымының өзгерісі мен оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың өзгеруіне даяр мектеп. өмірдегі практикада демократиялық мектеп ұжымның қалауындағы мектеп. Бруклайндық орта мектепте білімнің басымдығы танылды. Оған дәлелдер көп. Мысалы, 78 \ түлектер жоғары оқу орнына түсті, оның ішінде сол елдегі ең алдыңғы қатарлы Гарвард университеті. Алғашқы қадамнан оқушыларды топтарға бөледі: базалық, стандарттық, ерекшелігімен және біршама «алға кеткендердің» тобы. Топтардың арасында ерекше шекара жоқ, ал оданда жоғары оқу деңгейіне көшу оқу жетістіктері мен оқушылардың және ата-аналардың қалауы анықтады.
Бір жағынан мұнда кластық-сабақтық жүйе басымдық танытады және сабақтар Дьюи айтқан түрде болмады.; екінші жағынан, дәстүрлі сабақ Бруклейнде басқа сипат алды, мұның өзі оны Дьюидің тұжырымдамасына жақындатты. Бір мысал: Дьюи үнемі мектеп өмірін оқушылардың интеллектуальдық қажеттіліктеріне сәйкестіруге шақырды. Таңдау бойынша 500 оқу курсы осыған дәлел. Тек қана ағылшын тілі бөлімі қалаушыларға шешендік өнерді, журналистиканы және Ұлыбританияның, АҚШ-тың және басқа елдердің әдебиетін терең оқуды ана тілімен тең түрде оқуға мүмкіндік берді.
Сабақтарға қатысу, әсіресе гуманитарлық пәндерге (әдебиет пен таррих), оларға тән қырларды анықтауға мүмкіндік берді.

  • Диалог пен талқылауға бағыттау;

  • Педагог пен оқушылардың оқу пәндерінің үрдісін таңдау мен оқу тапсырмаларын орындауда бірлестігі;

  • өте әртүрлі ұғымдар мен мәтіндерді таңдау мен талқылаудағы ашықтық

  • әр оқушы мен педагогқа сәттілік жағдайына бағыттау;

  • шығармашылық белсенділігін стимулдау;

  • ғалым-педагогтармен үнемі байланыста болу, мектептің педагогикалық жұмысын Дж.Дьюидің ойларына сәйкес түзетіп отыру.

Жалпы алғанда мектеп нақты оқу жоспарын орындауға бағытталады, бірақ оның басты мақсаты әр оқушының тұлғасын дамыту, мектепте әр адамға эмоциональдық- қолайлы климат жасау болып табылады.
Аяқтай отырып бірнеше жалпы қорытындылар шығаруға болады.
Біріншіден, Дж. Дьюидің парадигмасын талдау авторлық тұжырымдаманың туындауынан Чикагалық лабораториялық мектеп жағдайында жүзеге асуына дейінгі жолды бақылау Джон Дьюидің авторлық мектебінің проект ретінде жоспарланып, оның үлгі және бағытқа ауысуына жол салды.
Екіншіден, Джон Дьюидің авторлық тұжырымдамасын 20-жылдарың басы мен ортасында әртүрлі оқу орындарында қолдану оларға тән ерекшелікті, концептуальдық ядро мен құндылықтар негізін айқындауға мүмкіндік береді, бірақ сонымен бірге әлеуметтік-саяси және мәдени жағдайлардың өзгеруіне икемді. Бұл тұжырымдаманың бейімделгіштік деңгейін арттырып және оны ұлттық етіп жібереді. Мұндай ерекшелікке төмендегілерді жатқызуға болады:

  • баланың денсаулығына басты педагогикалық құндылық ретінде бағытталу, бұл оның бір жағынан педоцентристігін, екінші жағынан жоғары гуманистік потенциалын көрсетеді;

  • баланың тұлғасының дамуын тәрбиенің басты мақсаты және барлық қажетті психологиялық, адамгершілік және материалдық жағдайларды дамытуға жағдай жасауға бағытталу ретінде акцент берді;

  • өзін-өзі басқаруды жалпы жиналыс пен мектеп үкіметі түрінде ұйымдастыру, бұл мектептің барлық жұмысына демократиялық негіз беріп және азаматтың қалыптасу үрдісін жеңілдетті.

  • Мектеп ішінде балалар-үлкендер қауымдастығын жасауға бағытталған жағдайды интенсификациялау, ол бірлесу, серіктестік және қауым рухын қалыптастыруға әкелетін принциппен құрылды;



№9 кредит сағат
№9 дәріс тақырыбы: Білім беру жалпы адамзаттық құндылық ретінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік «Білім» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің даму жолдарын анықтай отырып, мұғалімдер бойында тамыры тереңге кеткен әлемдік және қазақстандық педагогикалық мұраларды, ізгі педагогикалық ойларды қалыптастыруда мақсатты жұмыстың қажеттілігін алға тартады. Мектепте жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту қажеттілігі неліктен бүгінгі таңда пайда болып отыр. Бұл үшін біріншіден, біз өмір сүріп отырған қоғамның қазіргі даму жағдайын ой елегінен өткізіп алғанымыз жөн сияқты.
Қазіргі қоғамды сал аурумен теңеуге болады. Өйткені, тұлғаның интеллектуальдық сапаларын бір жақты ғана дамыту жүріп жатыр. Соның салдарынан техногендік өркениетті құруға ақырындап жылжып барамыз. Мұндай жағдайда адам тұлға ретінде дамиды деп айтуға ауыз бармайды. Қоғамды қалыптастыруда техниканың дами түскені жаман тенденция емес. Бірақ дамудың тек техникалық жағын ойластырып, басқа басты мәселелерді кейінге шегере берсе, одан адам да, тіпті қоғам да түбінде зардап шекпек. Адам факторын ескермей қоғамды алға жылжыту, тұлғаны жан-жақты дамыту әсте мүмкін емес. Онсыз да әлем үлкен дағдарыс алдында тұр: индивидуальдық, қоғамдық және қоршаған орта бойынша.
Индивидуальдық дағдарысқа мыналар кіреді:

  • Интеллектуальдық ( аса көп ақпараттар адасулар туғызады, себебе ақпараттар тұрақты түрде және тез алмасып отырады, телекөрсетілімдер, компьютер және жарнамалардың да әсері үлкен);

  • Эмоциональдық (тұрақты бәселестік, көшбасшылыққа ұмтылу, оның салдарлық себептері, ішімдікке әуестік пен нашақорлықтың, қылмыс түрлерінің өсуі);

  • Физикалық ( сана-сезімге салмақ түсуден аурудың көптігі, психикалқы ауытқулар, қанағаттанғысыз әлеуметтік жағдайлар- жұмысссыздық, кедейшілік т.б.)

Қоғам дағдарысын мынадай бірнеше түрге бөлуге болады:

  • Экономикалық ( биржа бағасының төмендей түсуі, жұмысссыздық, қоғамдағы бай мен кедей адамдардың арасындағы үлкен алшақтық т.б.);

  • Саяси (жемқорлық пен сыбайластықтың өсуі);

  • Мәдени ( адамдардың мәдениетке сұранысының төмендеуі, телекөрсетілім мен компьютерлердің театр мен мұражайларға баруға, кітап оқуға деген ынта-ықыласты шегеруі, жастардың өз туған мәдениеті мен тілінен безіп, батысшылдыққа бой ұруы, олардың өз елінен кетуге ұмтылатындығы);

  • Отбасылық ( жеткіліксіз отбасы санының ұлғаюы, жұбайлар ажырасуының көбеюі, үлкенге құрмет көрсетпеу);

  • Білімділік ( жастарға ғылым негіздерінен білім берумен ғана шектелу, мектепте тәрбиелік аспектілерге көңіл бөлудің әлсіреуі).

Ал қоршаған ортаның дағдарысына мыналарды жатқызуға болады:

  • Климттық ( бүкіл әлемде табиғатқа көзқарастың бұзылуы салдарынан ауа райының күрт өзгеруі, радиоактивтік қалдықтармен жерді және адам өміріне қажет азық-түліктерді зақымдау);

  • Ресурстық ( жер байлығын құрту, пайдалы қазбалардың азаюы);

  • Табиғи ( орманды кесу, токсиндік қалдықтармен ауа райын және суларды ластау).

Бұл дағдарыстардың қайсысы болсын, өзара тығыз байланысты және тамыры бір. Біз, педагогтер үшін білімдік дағдарыстың алдын алу қажет. Білім беру жүйесіндегі дағдарыс баланың оқуға ықыласының жоқтығынан, мұғалімнің өз жұмысына қанағаттанбауынан туындайды. Біздіңше бұл дағдарыстың себеп- салдары мынаған саяды: интеллектіні дамытудың бір жақтылығы, одан тек білім ғана жинақталады, ал ең бастысы, оқушылар бойында адамгершілік құндылықтарды дамыту жеткіліксіз болып қалып отыр. Нәтижеде адамды білімді еткенімізбен, өзгелерді түсінетін, ақпараттық және материальдық заттық жүйелерді бағдарлай алатын, қоғамға бейімделе білетін жан-жақты тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Бұл жерде аға ұрпақ жастарға мінез-құлқын, өзіне және қоғамға көзқарасын қалыптастыруға кмек қолын созуға тиіс. Адами ізгіліктерге қол жеткізуге бала өсу үрдісі арқылы өтеді. Білім беру мақсаты да сол: жан-жақты жетілген, қандай жауапкершілік болсын мойнына ала алатын, тарихи сабақтардан тиісті нәтиже шығаруға қабілетті адам қалыптастыру.
Жалпы адамзаттық құндылықтарды оқыту негізінен өзара үш аспектіден тұрады: білім, дағдылар және құндылықтар жүйесі. Осы әдіснама- білім, дағды, құндылықтар жүйесін дамытудың ең тиімді тәсілі. Қалыптастыратын дағдылар тұлға саасын дамытудың мынадай бағыттары кіреді: интеллектуальдық, тұлғалық, физикалық, әлеуметтік, эмоциональдық аспектілері.
Құндылықтар жүйесінде рухани-адамгершілік аспектісі кіреді. Ол мынадай дағдыларды қамтыйды:

  • Алынатын білімнің маңызын сезіну;

  • әрбір адам- дүниенің бір бөлшегі, яғни жанжалдан гөрі ықпалдастықтың мәні үлкен екеніні ұғыну, өйткені адам өз әрекеттеріне жауапты, егер күш-жігерін біріктірсе, әлемді жақсартуға болады;

  • жер бетіндегі өз міндетін терең түсіну;

  • өзін-өзі реттеу мен анықтауға үйрену.

Гуманистік педагогика (ГП) - тәрбиелеудің қазіргі теориясы мен практикасындағы бағыт. Ол АҚШ-та ХХ ғ. 60 жылдарында гуманистік психологияның идеяларын педагогикалық жүзеге асыру ретінде пайда болды. Г.П. философиялық-идеологиялық бағытталғандығы педоцентризм, жаңа адамды тәрбиелеу және “прогрессивизм” идеяларына жақын. Г.П. зейінінің орталығында - бірегей тұтастық тұлға болады. Ол өзінің мүмкіншілігін барынша жүзеге асыруға ұмтылады, жаңа тәжірибені қабылдауға ашық, әр түрлі өмірлік жағдайларда саналы және жауапкершілікті таңдауға қабілетті болады.
Гуманизм (лат. адамгершілікті) - өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Г. - бұл баланың жеке басын сыйлау. Педагогикалық үрдістің барлық дәрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. Сондықтан тұлғаны тәрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының негізгі мақсаты болуы тиіс. Гуманистік педагогика құндылық бағытталғандығына қарай мәдени білім алу сұранысын қанағаттандыруды, әрбір жеке адамға тән қолы жететіндей білім алудың дәрежесін, сапасын, бағытталғандығын таңдауды, оны алудың тәсілін, сипатын және нормасын қамтамасыз етеді. Оқыту үрдісін оқушыға ден қойып бағыттайды.
Гуманистік педагогика тәрбиеленушіге адами қатынасты талап етеді; оның құқы мен еркіндігін, оқушының пікірін, тұрғысын, өзімен өзі болуды; сыйлауды; денелік және оқушының абыройын түсіретін жазалауды қолданудан бас тарту.
Гуманистік педагогикалық жүйелерді жасаушылар - М.Монтессори (еркін табиғатқа сәйкесті тәрбие идеясы), Р.Штайнер (вальдорф педагогикасы, әрбір баланың даму ерекшелігін есепке алатын), С.Френе (балалардың жастық психологиясын және қызығушылығын есепке алу, олардың интеллектуалдық және эмоционалдық белсенділігін мақсатты бағытталған түрде ынталандыру).

10-апта
10 кредит сағат


№10 дәріс тақырыбы: Алғашқы кадеттік корпус гуманистік тәрбие жүйесі ретінде
1.Алғашқы кадеттік корпус гуманистік тәрбие жүйесі ретінде «Гуманистік тәрбие жүйесі» термині педагогикалық теорияда соңғы онжылдықта пайда толса да, педагогикалық өмірдегі феномен ретінде бұрыннан бар.Ресейде алғашқы гуманистік тәрбие жүйесі С-Петербургтегі 1-кадет корпусы .
1 Петрдің 1714 және 1723жж жарлығымен барлық жас дворяндар мектепте немесе үйде білім алуға тиісті еді.
1723 ж. жаңа құрғақта жүретін кадеттік корпус алғашында ерекше оқу орны болып құрылып, оған 13 тен 17 жас аралығындағы дворянның балаларын қабылдады. Онда арифмитикаға, артилерияға, шпакпен әрекетке, атпен жүруге және басқа қажетті ғылымға қажетті өнер түрлеріне үйретеді. Анна Иоаннова айтқандай «кез келген адамның табиғаты әскери іске қабілетті емес және сондай-ақ мемлекетке саяси және азаматтық оқыған адамдар да аз қажет емес. Корпустың тәрбиеленушілері шетел тілін, тарих, география, заңгерлік, би, музыка және табиғи бейімділігіне байланысты басқа да пайдалы ғылымдарды игеруі қажет болды. сабақ күніне 6 сағат болып, тәрбиеленушілер әртүрлі пәндер бойынша әртүрлі кластарда оқи алды. пәнге деген қарым-қатынас пен ішкі тәртіп басқа оқу орындарына қарағанда біршама тәуелсіз болды.
Мұндай қолайлы жағдайды кадет корпусының директоры И.И.Бецкойдің кезіндегі өзгерістер гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесіндегі өзгерістерінің арқасында болды. Еуропалық ағартушылардың гуманистік идеяларының әсерінен ол өз көзқарасын практикада жүзеге асыруға тырысады. Іске қарым-қатынасы гуманизм тұрғысынан болады.
Ол өзінің жарғысын қабылдады. Жарғыда ол тәрбиеленушілерді 5 жас кезеңіне бөлді. Бастауыш бөлімдегілер бөлек орында болып, оны басқарушы басқарды. 5-6 жастағы барлық балалар 12-15 адамнан тұратын топтарға бөлініп, оларға тәрбиелеуші бекітілді.Ол балалармен барлық күнді өткізіп, балалармен ойнап, серуендетіп, жақсы мәнерге үйретіп және француз тілін үйретті. Сонымен қатар олар орыс тілін үйреніп, би және сурет салуға үйретті. Құдай заңы тіптен оқытылмады.
Мұғалімдер пән бойынша бөлімдерді кадеттерге «жеңіл және ұнамды болатындай» өткізуі тиісті болды. Оқуға күштеу білімнің пайдалылығы жөнінде көз жеткізу мен, тәрбиеленушілердің қызығушылығын дамытумен алмастырылды. Бұл үшін корпуста библиотека, натуралдық кабинет, ботаникалық бақ, арсенал, механикалық және архитектуралық орындар, әсем суретті галерия ұйымдастырылды.
Ағымдағы бағалау болған жоқ, бірақ сатақ кезінде оқушылар сұралынып , мұғалім олардың қабылдау деңгейі туралы ақпаратты болып отырды. Баға емтиханда қойылды. Кадеттіктердің жетістіктерін марапаттау үшін, ерекше көрінгендерін жұрттың көзінше үлкен салтанатпен алтын медальдар берді.
Бецкойдың ойынша жақсы тәрбиеші бір мезгілде оқытушы,үнемі қасынан табылатын жан. Ол әр тәрбиеленушінің мінезі мен қызығушылығын танып-білу қажет және күнделік жүргізіп, оған бақылағанын түсіріп отыруға тиісті. Онда олардың мінез-құлқы, табиғи дарыны, ғылымдағы жетістігі,т.б. Әр 6 ай сайын тәрбиелеуші бастықтарға өз бақылауының нәтижесімен таныстырады. Бүгінде мұны біз психологиялық-педагогикалық зерттеу деп атаймыз.
Мұнда эстетикалық ортаның қалыптасуына көп көңіл бөлінді.
11-апта
№11 кредит сағат
№11 дәріс тақырыбы: К.Майдың гимназиясы: мектеп дәстүрін сақтау мен дамыту

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет