1-ші тұрғы.Құндылықтық (аксиологиялық)
мәдениет адамның өмірінің мәні ретінде қабылданады, яғни мәдениетті жасау және оған жету.
2-ші тұрғы. Іс-әрекеттік.
Мәдениет материальдық және рухани құндылықтарды жасауда сыналған іс-әрекеттің әдісі болып түсіндіріледі.
3-ші тұрғы. Тұлғалық .
Мәдениет белгілі бір тұлға типіне -----
Мәдениетке деген әртүрлі тұрғы білім беруде әртүрлі парадигмаларға шарт болды.
Барлық парадигмалар білім берудің алдына өзінің сұрағын қояды:
Қандай білім, іскерлік, дағды құнды болып табылады және кім үшін.
Парадигма оқушы мен педагогтың арасындағы педагогикалық өзара әсерлесу сипаты мен мақсатына қарай ерекшеленеді.
Білімділік дәстүрлі парадигма.
Білімділік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, кез-келген құнмен». Дәстүрлі парадигма өзінің негізінде «сақтандырушы», мектептің консевативті (оң мағынада) рөлін, яғни оның мақсаты жас ұрпаққа адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарының басты бөліктерін – қажетті көптүрлі маңызды білім, іскерлік және дағды, сондай –ақ жеке даму мен әлеуметтік тәртіпті сақтауға мүмкіндік беретін мұраттар мен құндылықтарды сақтау және беру. Сондықтанда мектеп бағдарламасының мазмұны функциональдық сауаттылық пен индивидтің әлеуметтенуіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін базалық, негізгі, уақыт сынынан өткен білім, іскерлік, дағдыларға сүйенуі қажет. Бұл академиялық бағыт, ол мектепті өмірмен байланыстырмайды.
Қорытынды: білімділік парадигмада білім берудің басты мақсаты – ұрпақтан ұрпаққа өркениет пен мәдениеттің маңызды белгілерін тарату.
Бихевиористік рационалистік парадигма.
Рационалистік парадигма негізгі назарды мазмұнға қоймайды, керісінше оқушылардың әртүрлі білім түрлерін тиімді игеру әдісін қояды. Рационалистік білім беру парадигмасының негіінде әлеуметтік инженер Б.Скинердің бихевиористік тұжырымдамасы жатыр. Мектептің мақсаты – оқушыларда батыстық мәдениеттің әлеуметтік қалыптары, талаптары мен күтілулеріне сәйкес бейімделген « мінез-құлықтық репертуарын» қалыптастыру. Бұл жерде «Мінез-құлық» терминімен «адамға тән барлық реакция – оның ойы, сезімі және әрекеті» (Р.Тайлер).
Бұл парадигма мектепті оқушының оптимальды мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында білімді игеру жолы деп қарастырады, яғни кез-келген мектеп - қоршаған ортаға бейімдеудің білім берушілік механизмі. Басты термин: «Мектеп – бұл фабрика, ол үшін оқушылар –«шикізат»».
Мұндай оқытудың негізгі әдістері үйрету, тренинг, тестілік бақылау, индивидуальдық оқыту, түзету.
Барлық оқыту нақты мінез-құлық терминіне аударылуы қажет. Мысалы, телефонмен қалай байланысу, ауру анаңмен қалай сөйлесу, емтиханда жауапты білмегенде жағдайдан қалай шығу, яғни оқушылар мазмұнды игеру үшін не істеу қажет.
Еш күмәнсіз оқытудың дәстүрлі де, рационалистік модельі деөзінің артықшылықтары бар, бірақ олардың ешбіреуі де оқушыны өмірдің субъектісі, өзін дамытуға қажеттілігі бар тәуелсіз және рухани тұлға ретінде қарастырмайды. Бұл бағыттарға айқын гуманиз жетпейді, олар баланың ішкі әлемін дамытуға дамытуға, тұлғааралық қарым-қатынасқа, диалог, жекелік өсуге көмекке бағытталмаған.
Гуманистік (феноменологиялық) парадигма негізгі назарда оқушыны өмірдің субьектісі, өзін дамытуға қажеттілігі бар тәуелсіз және рухани тұлға деп қарайды. Гуманистік парадиманың өкілдері бір көзқараспен ерекшеленбейді. Оның аумағында біршама әртүрлі білім беру моделі бар. Оларды тұтастыратын балаға құндылық ретінде қарау мен оның балалығын адам өміріндегі ерекше кезеңі деп қарау; баланың дамуын (ақыл-ой, адамгершілік, дене, эстетикалық) мектептің басты міндеті деп тану. Гуманистік парадигманың аумағындағы әр білім беру жүйесі шығармашылық ізденісте және өзідік мазмұны, әдісі, тәрбие мен оқыту құралын табуда. Гуманистік бағыт оқушының да, педагогтың да тәуелсіздігі мен шығармашылығын қарастырады.
И.А.Колесниковтің пікірінше адам мен әлемнің өзара әрекеттесуінің одан да жоғарғы деңгейі бар, яғни эзотерикалық парадигма. Оның мәні Ақиқатқа мәңгі және өзгермейтін ретінде қарым-қатынас деп қарастыру. Ақиқатты тану мүмкін емес деп санайды бұл парадигманың өкілдері, оған тек ----(озарение) жағдайында мойын ұсынуға болады. Педагогикалық қызметтің жоғары мағынасы оқушының табиғи күштерін космоспен қарым-қатынасқа, жоғары санаға шығуға босату мен дамыту . Бұл жерде Мұғалімнің оқушының мәнді күштерін адамгершілік, денелік, психикалық даярлап және дамытатын қорғаушылық қызметі ерекше маңызды.
Ғылыми-техникалық, технократиялық парадигмада басты мақсат «дәл» ғылыми білімді практиканы жетілдіру үшін беру мен игеру. «Білім-күш», сондықтанда адамның құндылығы оның танымдық мүмкіндіктерімен анықталады. Адам өзімен өзі құнды емес, ол тек белгілі бір білім мен мінез-құндылықтың эталонын таратушы.