Құрастырған п.ғ. к., доцент Ерғалиева Г. А



бет16/21
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#64447
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
1.Патша ауылындағы Е.С.Левицойдың мектебі: Ресейдегі «Жаңа мектепті» қалыптастыру тәжірибесі
19 ғ. Аяғында Батыста жаңа мектептер ашыла бастады. Олар бір-бірінен концептуальдық құндылықтарымен, білім беру мазмұнымен, оқу-тәрбие жұмысының түрі мен әдістерімен ерекшеленді. Осы қозғалыстың әртүрлігіне қарамай , оларға ортақ қыр дәстүрлі педагогикаға теріс қарым-қатынас болды. «Жаңа тәрбие өкілдері» оқыту мен тәрбиенің бастапқы нүктесі етіп баланың жеке тұлғасын тәрбиелеуді қойды. Мұнымен бірге баланың тұлғасының дамуында шешуші рөліне оның өзіндік тәжірибесі қойылды.
әдетте «жаңа мектептер» қала сыртында орналасты, мәселен, вальдорфтық. Бұл жеке оқу орны болды., мұның өзі оны классикалық гимназиядан ерекшелеп тұрды. Ер балалар қыздармен бірге оқытылды. Мұғалім оларды әртүрлі мәдениетпен, әртүлі құндылықтармен таныстыруға тырысты.
Ғасырлардың тоғысында, ХХ ғасырда Ресейде бірнеше «жаңа мектептер» пайда болды. Тәрбие табиғатқа жақын, баланың үйлесімді даму күшіне қамқорлықпен қарай отырып, дене тәрбиесіне және оқушылардың өмірінің гигеналық жағдайы мен еңбегіне, оқу үрдісін дұрыс ұйымдастыру және басқа «жаңа мектептер» сияқты тәрбиені білімділік, еріктік қыры бар, шаруашылықты басқара алатын, дамушы капитализм қажетсінетін «индустрияның капитандарын» тәрбиелеу. Алғашқы осындай мектепті Е.С.Левицкая (танымал жазушы және тарихшы Н.А.Полевойдың немересі) ашты, ол Англияда, кейін Франция мен Германияда болып, «жаңа мектептердің» ұйымдастыруына көңіл бөліп, осындай мектепті Ресейде ашуға бел буады.
Мектепке отбасылық сипат беру өте маңызды болды. Ешқандай қазыналық формализмге ұқсатпау қарастырылды. Көптеген қызықты жұмыстар, ойындар, экскурсия мен әңгімелер мүмкін болғанынша басым орын алды. 10-15 оқушы жүктелген тәрбиеші олардың оқытушысы да болды. Тәрбиеленушімен бірге тұрған, олардың барлық сабақтарында, ойындарында және бос уақытарында бірге бола отырып тәрбиеші олардың жеке ерекшеліктерінің барлығын білді.
Барлық қолайлы отбасылық сипатқа қарамай Левицкаяның мектебінде іскерлік қарым-қатынас, анық,тіпті қатал тәртіп болды. Күн тәртібі қатал сақталып, барлық тәртіпке байланысты ережелер оқушылармен, сондай-ақ мұғалімдерде киім киісінде де, сыртқы келбетінде де міндетті түрде орындалды. Ливицкая киімде де, жүрісте де, еңбекте де
Балалардың мектептегі алғашқы күнінен оларды өз беттілікке үйретті. Барлық қажеттіге олар өз-өздеріне қызмет ету қажет еді: төсек жинау, аяқ киімді, киімдерін және жеке заттарын қадағалау. Кейін оларға әртүрлі тапсырмалар берілді: класта, асханада, телефонда,спорттық құралдарды , оқулықтарды иеленуде кезекшілік, почта салу мен алуда т.б. басшылар мен тәрбиешілердің демалыс уақытында олардың орнын тәрбиеленушілер толығымен басты (олардың демалыс уақыты қасиетті деп саналып, олардың бұл уақытында ешкімде ешқандай төтенше жағдаймен мазалай алмайды.
Үлкен тәрбиеленушілерге өзбетімен шығарып салушысыз үйге баруға, демалысқа рұқсат етілді, оларды тапсырмамен Петербургке жіберіп, мектептегі қандай да бір қазыналық қаражатты басқаруға немесе оқушылардың қалталық ақшаларын сақтауға рұқсат етілді. Қалта ақшасының болуы тәрбиелік әсердің көзі болып саналды. Балаларды ата-аналарынан алған ақшаларын есеппен, экономды, артын ойлап жұмсауды үйретті. Сонымен қатар, тәрбиеленушілер мектеп заттарын бүлдірсе орнын толтыру қажет. Мұндай жоспарланбаған шығыс пен үнемсіздік тәрбиеленушіні демалыстан айыруы мүмкін, өйткені ол жол ақшасынан айрылады.
Мектеп уақыт өте келе үлкен үйдің, істің, қызметтің иелері мен басқарушыларын тәрбиелеп жатқанын біліп, іскерлік сапаларды , жинақылықты, ұйымдасқандықты, есепшілдікті және қалыптасқан тәртіпке сөз айтпай бағынуға үйретті.
Левицкаяның мектебі адамгершілік тәрбиенің маңызды міндеті ерікті тәрбиелеу болып саналды. Ұрыс кезіндегі өзінің тітіркенуін ұстау, өзін-өзі ұстау, мысалы, шөлдеп тұрған кезде сусындау қалауын тежеу, үлкен ерлік болып саналды. Кез-келген әлсіздіктің көрінуі, еріксіздік талқыланып және арнайы әлеуметтік әңгімеге айналып отырды.
«Джентельмен» сапасының қалыптасуына үлкен рөл бөлінді. Балаларға үнемі өтінішке, бұйрыққа кішіпейілділікпен орындау, қоршаған ортаға көмек көрсету әр тәбиелі адамнан талап етіледі. Бір біріне деген дөрекілік, мақтаншақтық, әділетсіздік кінәланып отырды. Арыздауда кінәланып, педагогтар жолдастарын арыздағанды қабылдамады. Жолдастарына деген өтірік, алдау, қулық, ыза, мектеп тәртібін сыйламау жолдастық сотқа беріліп отырды. Соттың шешімін мұғалім бекітуі де, бекітпеуі де мүмкін. Соңғысы сирек болды. Сот мектеп басқаруында үлкен орын алды. Ол өзбеттілікті, жауапкершілікті тәрбиелеу мен қоғамдық пікірді, ұстанымдарды қалыптастырды.
Мектеп өмірінде мектеп клубтары үлкен орын алды. Олардың жұмысын оқушылардың өзі ұйымдастырды; тәрбиелеушілер дебаттарға шақырылды, оқушылардың жазған рефераттары талқыланғанда, әдеби және ғылыми оқуларда және басқа клубтық сабақтарға шақырылған қонақ ретінде қатысты.
Мектептің ерекше зейінінде оқушылардың денсаулығы да болды. оны шешпей басқа оқу- тәрбиелік жұмысты шешуге болмайды. Көптеген «жаңа мектептер» сияқты бұл оқу орны қаланың сыртында орналасты. 50 десятина жерде сиырлары, шаруашылығы орналасқан фермалар, бақ, бау-бақша, футболға арналған алаң, лаун-теннис, каток орналасты. 36 десятина жерде үлкен ойын, серуен, мереке өткізетін алаң алып жатты. Қолайлылық, қарапайымдылық, ғажап тазалық, гүлдердің көптігі, жарықтың молдығы дене жағдайына ғана емес, балалардың жалпы бағытталуына, сергектік пен өмір қуанышын сақтап, эстетикалық тұрғыдан тәрбиеледі. Барлық орындар, әсіресе жатар бөлме мұқият желдетіліп, онда біршама төмен температура сақталды.
Дене шынықтыру жаттығуларына, қозғалыс ойындарына, спортқа көп уақыт бөлінді: қыста-коньки, лыж, хоккей, мұз төбешігін орнату, қар тазалалау; жаз бен көктемде- футбол, крокет, теннис, лапта, бақта және бақшада жұмыс. Сабақтардың арасында 20 минуттық гимнастикамен айналысуға уақыт бөлінді. Ол жиі ауда, музыкамен жүрді. Кез-келген ауа райында барлық тәрбиеленушілерге таң жүгіру мен салқын сумен құюмен немесе сүртінумен басталды.
Аптасына 3 рет арнайы әскери оқытушы сап жаттығуларын жүргізді. Жаңа келгендер мен физикалық тұрғыдан әлсіз балаардың дене шынықтыруы жекеше түрде өтті. Жоғары класс оқушыларын жатар алдында гимнастикамен шаршату пайдалы деп саналды. Жыл сайын үлкен спорттық мерекелер ұйымдастырылып, онда балалар өздерінің жетістіктері мен біліктерін көрсетті.
Ақыл-ой тәрбиесі басқа «жаңа мектептердің » принципін басшылыққа алды. Оқыту мазмұнын анықтағанмен министрлік бекіткен міндетті бағдарламадан шыға алмады және толымсыз жерлерін тереңдетілген курстармен, қосымша сабақтармен, ағылшын тілін қосумен толықтыруға тырысты. Бағдарламаның кеңуі оқу үрдісін күрделендіріп жіберудің алдын алу үшін, оқыту әдістемесін жетілдіру, сабақтарды ойластырылған түрде өткізу, күн тәртібін тиімді қолдану маңызды мәнге ие болды. Интернат жағдайы оқу жүктемесін үйлесімді жоспарлауға мүмкідік берді.
Өзбеттілікке үйретудің маңызын ескеріп мектеп оқудан тыс уақытта даярлануға қолайлы жағдай жасады.тәрбиеленушілер тәжірибе жүргізіп, коллекция, гербарии жинақтауға, қолөнермен айналысуға, реферат пен баяндамалар даярлауға, әдебиет көздерімен жұмыыстануға мүмкіндігі болды. Апта сайын мектепте химия, астрономия, өнер тарихынан ғылыми-қызықты лекциялар тыңдалды.
Оқытушылар экспериментальдық психологиялық зерттеулердің нәтижесіндегі педагогика ғылымы жасақтаған жаңа әдістерді тексерумен қатар оқуға деген қызығушылықты арттыратын, оқушылардың өзбетті ойлауын дамытатын өздерінің оқыту әдістері мен тәсілдерін жасақтады.
Мұндай білім-тәрбие жүйесі басқа «жаңа мектептерде» де қалыптасты. Өз жұмысын жаңа педагогика жетістіктеріне сүйеніп, балаларға «джентельмендік» ұғымымен сендіре отырып, ар, шыдам, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысымен тәрбиелеп,денені шынықтыра отырып, ақыл-ойды дамыту және көркем талғамды көздеді. Бұл мектептер сол кездегі Ресейдің элитасын қалыптастырды.
2.Виккерсдорфтағы «Тәуелсіз мектеп қауымы». «Тәуелсіз мектеп қауымы» 1906 жылы Виккерсдорфтағы танымал неміс педагогы Густав Винекен (1875-1964) негізін салды. Мектеп 1933 жылға дейін қызмет жасады. Оның орналасуына қарай «жаңа мектептердің қатарына қосатын. Алайда мұндай ұқсату өте дәл емес еді. Виккерсдорфтағы «Тәуелсіз мектеп қауымы» «жаңа мектептерден» педагогикалық тұжырымдамасы бойынша, мектептің ішкі ұйымдасуы бойынша, оқушыларға мектеп өмірінің мәселелерін өздеріне шешуге мүмкіндік берілгенімен, оқу мен демалысқа қатысты мектепішілік қарым-қатынасты реттеуімен айырмашылығы болмады.
Ал өз мектебінің Г.Литцаның «ауыл **питомники» , Германиядағы «жаңа мектептерден» қандай айырмасы барын өзінің «Мектеп және жеткіншек мәдениеті» (1913) атты кітабында ащып көрсетеді. Онда тәрбиенің жаңа жүйесінің негізі діни немесе ұлттық иделл емес, өзіндік ерекшелігі бар балалардың және жеткіншектердің мәдениетін атап көрсетеді. Винекеннің ойынша бөлек мектеп реформалары мәнді нәтижеге жетпейді, сондықтан да «жаңа ұрпақ» тәрбиелеу керек. Мұны тек өзі жасаған Виккерсдорфтағы «Тәуелсіз мектеп қауымында» жүзеге асыруға болады деп санады.
Алғашында Винекен Ницшенің философиясының әсерінде болды, бірақ кейін ницщенің күшті тұлғасы «әлеуметтік толықтыруды» қажет етеді деген қорытындыға келді. Сондықтан да Винекен тұжырымдамасынан индивидуализм мен коллективизм синтезі көрінеді. Мектептегі білім берудің жаңа идеясын Винекен жеткіншектіктің өзіндік құндылық идеясында құрады. Дәстүрлі педагогика жеткіншектіктен балалықтан ересектікке өтпелі кезеңді ғана көреді және оның адам өміріндегі өзіндік құндылығын ескермейді. Сондықтан да үлкендер жастарға өздерінің дүниетанымын, өмірді өзіндік түсінуін және өмірлік қалпын таңуға тырысады. Бұл әр ұрпақтың өзінен кейін өзінің қайта жаңғыртуын қалдырады, ал бұл шексіз бірдейлік шегіне әкеле бермек. Бұл жерде бөтен өмір сүру қалпын күшпен тықпалаудың нәтижесінде жеткіншектік жапа шегсе, ал ересектік үнемі өзін балаларға арнаудан жапа шегеді. Бұл жерде шексіз шеңбер пайда болмақ: жеткіншектік ересектік шаққа құрбан болса, ал өз кезегінде ол жеткіншектікке құрбан болады. Мұндай шетсіз шеңберді бұзу үшін мектеп мақсаты болашақ өмірге даярлау емес, жеткіншектікке тән ерекше мәдениет, өмірлік стиль. Мектеп жеткіншектік рухты сезініп қана қоймау керек, сонымен қатар оны көтеріп, жеткіншектік мәдениеттің ошағы болу керек. Өмірге даярлауды мақсат көздеген оқу орындарына қарағанда, ол өзі өмірдің орталығы болуы қажет.
Винекеннің дүниетанымына оның балалар мен жеткіншектер қозғалыстарымен байланысы көп әсер етті. Виккерсдорфтағы гуманистік бағыттағы тәрбие жүйесі оның мқсатында көрініп тұр:адамгершілік тәуелсіздікті тәрбиелеу, гуманистік жоғары мәдениетті тәрбиелеу. Жоғары мәдениетті адамды тәрбиелеу Винекен бойынша,- оны әлеуметтік өмірге даярлау , кәсіби бағытта емес, жоғары интеллектуальдық деңгейде, рухани байлық пен адамгершілік жақсылық жасаушы ретінде.
«Жаңа жас» жұмысында Г.Винекен . Виккерсдорфтағы тәрбиенің жетекші принципін көрсетеді – бұл тәрбиеленушілер мен тәрбиешілердің өзара сыйластығы. . Виккерсдорфтағы әр оқушы мектеп өмірі, оқудан тыс жұмыстардың кейбір аспектілері, сабақтың ұйымдастырылуы туралы өз пікірін білдіруге және кез-келген авторитеттік қысымнан бас тарту заңды деп саналды.
Винекеннің пікірі бойынша осындай өмір стилі әр баланың сөзбен емес, іспен адамгершілік жетілуіне мүмкіндік береді. . Виккерсдорфтағы мектептің педагогикалық ұжымы баланың жеке өмірінің құқы идеясын басшылыққа алды. Сондықтан да бұл мектепте жоғары адамгершілік құндылық болып демократиялық негіздер


13-апта
№13 кредит сағат
№13 дәріс тақырыбы: Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі

  1. Саммерхилл мектебі – тәуелсіз тәрбие жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет