2.Дамыған елдердің әлеуметтік-мәдени саясатының контекстінде білім берудің мәселелері ХХІ ғасырдың табалдырығында әлемдегі білім беру терең және көп аспектілі қазіргі цизилизацияның дағдарысы фонында дамуда. Бүгінге дейін біздің планетаның тұрғындары алдындағы ең маңызды сұрақтар шешілген жоқ: жүздеген миллион адамдардың минимальды қажетті жағдай деңгейі қамтылмаған, бірқатар елдерде азаматтар элементарлды құқ пен бостандықтан шектелген, массалық жою құралдарын пайдаланыумен жүретін кең көлемді әскери дау-жанжал мүмкіндігі жоққа шықпаған, Экологиялық дағдарыс глобальды сипатты алды.
Адамның өмірі мен қызметін қалыптастыруда қайшылықтар тез өршіп кетті. Олардың арасында:
өмір мен еңбек жағдайының тез өзгеруі, стресстік жағдайлардың артуы- адамның адекватты бейімделуге жеткіліксіз қабілеттіліг.
Индивидтің адамгершілік жоғарылауының маңызды өзектіленген міндет болуы- адамдардың санасы мен құлқында «этникалық дәреженің» төмендеуінің симптомдарының артуы;
Халықтың қоғамдық мәденет деңгейінің жоғарылауына деген обьективті қажеттілік- көптеген миллион адамдардың арасында псевдомәдениет, тіпті мәдениетке қарсы тенденциялардың дамуы.
Мұның барлығы алдымен жастарға күшті әсер етеді.
Балалар қылмысы
Ақпараттық құралдардағы тәрбиеге кері әсер ететін хабарлар
Жанұялардың аз құрылуы мен олардың ажырасуынң көбеюі
Ұрпақтардың сабақтастығының азаюы.
Функциональдық сауатсыздық.
ХХ ғасырдың трагедиялық тәжірибесі өркениеттің дағдарысын әлеуметтік-экономикалық қатынас пен саяси жүйені тек күштеп түрлендірумен жеңе алмайтынын көрсетіп отыр. Қоғамдық қатынастардың прогрессивті трансформациясы жүруі үшін адамның өзінің санасы мен құлқында терең өзгерістер қажет. Мұндай ойды қазіргі философтар, әлеуметтанушылар, педагогтар қолдауда.
«Адамзаттың болашағы қоғамның гуманисмтік бағытталуы жүзеге асуымен байланысты»-деп біздің жүз жылдықтың ірі әлеуметік ойшылы Э.Фром санайды. Оның ойынан батыстық қоғамтанушыларға, білім беру туралы ғылымға мәнді әсер етті.
1968 жылы Ф.Г.Кумбстың «Білім берудің әлемдік дағдарысы» атты кең танылған кітабы жарық көрді. Мұнда алғашқы рет білім берудің шешілмеген мәселелеріне глобальдық масштабта талдау жасалынды.Ол: «Әр елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты дағдарыс әртүрлі формада, күті немесе әлсіз көрінеді. Бірақ оның ішкі серіппелері барлық елде бірдей көлемде жүруде»-деп жазды.
3.Білім беруді ізгілендіру – басым міндет Жалпы білім берудің мазмұнын жаңартудың маңызды аспектісі- ізгілендіру, адамгершілік және эстетикалық құндылықтарды, идеологиялық парадигмалардың өзгеруіне ұшырамаған жоғары қоғамдық идеалдарды сақтау мен дамытуға бағыт. Мектептегі білім берудің ізгілік бағдарының күшейту міндеті бірқатар ұлттық және халықаралық құжаттар мен көптеген баспа құралдарда көрініс тапқан.
Білім беру мазмұнын ізгілендіру барлық оқу пәндеріне қатысты, алайда олардың ізгілік «салмағы» бірдей емес. Жаратылыстану мен математика адамгершіліктен нейтальды. Ал олардың мектепте оқылу басқа іс. Жаңа нұсқау адамзаттық факторға көп зейін аударуды ұысынады, адамдар өміріне ғылыми жаңалықтардың қалай әсер ететінін көрсету, бұл курстардың тәрбиелік мәнін пайдалану, оқушыларды ғалымдардың өмірімен, олардың ғылыми ақиқатты таныту жолындағы күресін таныстыра отырып қолдану. Екінші жағынан қазіргі жаратылыстану философияның дамуына, ғылыми танымда әмбебап әдістерді іздеуге бағасыз үлес қосады.
Бірақ білім берудің мазмұнын ізгілендіруде алғашқы рөлді гуманитарлық пәндер ие. Оған қандай мектептегі пәндер жатады дегн сұраққа әртүрлі көзқарастар бар және бүгінгі күнде екі жақты бағыттағы ғылымдар дамуда, олар жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың қилысында пайда болуда. «Физиктер» мен «лириктердің» арасындағы бәсеклестік ҒТТ дәуірінде пайда болды деп санамау қажет. Бұл мәселе тамырын терең тарих қойнауынан алады.
Жарты ғасырлық тарихы бар мысалға жүгінейік. 1837 жылы француз парламентінде орта мектепте жаратылыстану ғылымын оқытуды кеңейту туралы заң жобасын талқылауда атақты диспут болған физик Д.Ф.Араго мен ақын А.Ламартин арасындағы диспут болды. Араго гуманитарлық пәндерді жаратылыстану пайдасына ысыруды талап етті.: «Өнеркәсіп әдемі сөздер мен өлеңдердің көмегімен дамымайды. Білім әрекеттің иқұралы болуы қажет. Сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарын оқу тек материальдық қызығушылықтан емес. Жаратылыстану білімінің жарығы көптеген тұманды сейілтеді, оның әсерінен халық белін жаза алмауда...». Ламартин керісінше заңшығарушыларды мектеп білімінде гуманитарлық пәндердің басым рөлін сақтауды адамгершілік құндылықтарды негізгі сақтаушы ретінде сақтауды жақтады.: «Егер біз оқыстан барлық жаратылыстану білімдерінен айрылып қалсақ, материальды әлем сақталып қалған болар еді, әрине үлкен шығынға кенелген болар еді. Ал егер адам гуманитарлық білім беру сақтайтын ең болмаса бір моралдық ақиқатты жоғалтса, адам және барлық адамзат өлер еді».
Гуманитарлық және жаратылыстану білімдерінің үйлесімі мәселесін танымал ағылшын ғалымы және жазушы Ч.Сноу «Екі мәдениет»мәнерлі формуламен белгіледі, және ол біздің кезімізде өзінің өзектілігі артып отыр. Ол білім берудің мазмұнын анықтауда қиын сұрақтар қойып отыр. Болашақ гуманитар қандай деңгейде жаратылыстану білімінің негіздерімен таныс болуы қажет? Инженер мен агрономның минимальды қажетті гуманитарлық білімі қандай болу қажет?
Бұл мәселенің айналасында ғылыми-техникалық төңкеріс пен оның әлеуметтік салдарын қарама-қарсы бағалауы да көрініс алды.
Технологиялық детерминизмнің жақтаушылары мектептің оқу жоспарында жаратылыстану пәндерінің салмағының әлемдік артуын жақтайды. Олардың ойынша басқа білім аймақтары мифология болып табылады.
Білім берудің мазмұнында гуманитарлық білімінің дәстүрлі рөлін қайта қарауды Ж.Фрустье де жақтады. Оның пікірі бойынша Еуропаның басына түскен трагедиялық жағдайларға (кейбір елдерге тоталитарлық режимнің, екінші дүниежүзілік соғыстың келуі) үлкен жауапкершілікті классикалық гуманитарлық мәдениет ие; ол шындыққа сәйкес емес құндылықтар жүйесін жасады, мифтер мен иллюзиялар таратты, ал оларды жүзеге асыру бұрынғы ғасырларда болмаған жабайы зорлық пен варварлықты тудырды. Сондықтан да жаңа тұлға типі дәстүрлі мәдениет әсерінен біршама босаға дәрежеде болу қажет. АҚШ-та білім беруді ізгілендіру тұжырымдамасының жақтаушылары (Ч.Паттерсон, К.Винберг, А.Комбе) тұлғаның эмоциялық сферасының қалыптасуынңы бірінші дәрежелі маңыздылығын баса көрсетіп еді. Олардың пікірі бойынша интеллекттің дамуы баланы жақсы да, бақытты да қылмайды, ол керісінше тұлғаны кедейлендіреді. Ал эмоцияның дамуы гумандық импульстардың дамуына әсер етеді және күрделі өмірлік жағдайларда этикалық дұрыс шешім таңдауға көмектеседі. Бастысы- сезімді тәрбиелеу, альтуризм мен эмпатияның бекуі. Мұны мектеп бағдарламасын құраушылар мен педагог-практиктер басшылыққа алуы қажет. Осындай көзқарасты американдық мәдениеттанушы Т.Роззак ұстанады. Өзінің «Тұлға-Планета» кітабында ол үлкендер өздерінің балаларының интеллектуальтдық дамуын ғана ойлайды, болашақ қызметке тар функционализм тұрғысынан даярлайды, эмоциональдық тәрбиенің міндеттерін дұрыс бағаламай отыр. Американдық мектепті сынау Роззак байқағанындай неге Джонни жылдам оқи алмайды және сауатты жаза алмайдыға тіреледі. Бұл әрине жаман, бірақ неге адамгершілік-эмоциональдық сферасын ойламаймыз? Неге бізді үнемі Джоннидің жүйке қысымымен жүретіні, босай алмайтыны, агрессиясын және қызғанышын баса алмайтыны, сенім мен нәзіктігін бейнелей алмайтыны, өзін-өзі жүзеге асрыра алмауы толғандырмайды?
4.Білім берудегі интеграциялық үрдістер: халықаралық ұйымдардың рөлі Ұлттық білім беру жүйесінің ерекшелігін сақталуына қарамастан халықаралық интеграция бұл аймақта дамуда. Оқытудың әдістері мен құралдарын, мазмұнын модернизациялаудағы, білім берудің экономикалық тиімділігін жоғарылатуда қол жеткен табыстар бір елден екінші елг ауысуда. Білім беру мен тәрбиенінің теоретиктерінің ең жақсы еңбектері қай жерде жасалса да әлемдік педагогикалық ойдың байлығын толықтыруда. Сонымен қатар білім берудің дамуындағы кейбір негативті тенденциялар мен құбылыстар глобальдық сипат алуда.
Интеграция геосаяси аймақтардың масштабында, тарихи дамуы ұқсас біріккен елдерде және бір біріне жақын әлеуметтік-экономикалық құрылымда интенсивті жүреді.
Дезинтеграцияға қарағанда, интеграциялық үрдістер тиімді болу үшін ұйымдастырылған және мақсатқа бағытталған әрекеттерді талап етеді.