1.К.Майдың гимназиясы: мектеп дәстүрін сақтау мен дамыту.
1856ж Санкт-Петербургте жас педагог Я:А.Каменскиді үлгі тұтатын, К.Д.Ушинский мен Н.И.Пироговтің идеяларын таратушы Карл Иванович Май ер балаларға жеке мектеп ашты. Бұған себеп болған гимназиялар мен училищелерге көңілі толмағандық еді. Мектеп кең танымал болды. Жаратылыс ғылымдарына қазыналық гимназияға қарағанда көп көңіл бөлінді. Мектеп бағдарламасы бастауыш кластарда бірдей болды. 5 кластан бастап ата-аналардың немесе оқушылардың қалауы бойынша , біреулері латын, грек тілдерін оқып үйренсе, ал біреулері тарих, сурет, математика, ағылшын, француз тілдерін оқып үйренді.
Мектептің жаны болып, оның қалыптасқанынан К.И.Май болды. Ол өз мектебінің тұжырымдамаларын жасап шығарып, үнемі дамытып отырды. Оның көптеген дәстүрлерін қалыптастырды, бір тәрбиелеуші ұжым жарты ғасырдай сол мектепті ұстап тұрды. К.И.Май тәрбиенің негізгі мақсаты адамның табиғи мүмкіндіктері мен күштерін үйлесімді дамыту деп санады.. Ол ұран ретінде чех педагогы Я.А.Каменскийдің «Алдымен жақсы көру-сосын оқыту» сөзін алды. Майдың өзі осы сөзді өзінің ұзақ өмірі барысында қалтықсыз орындады.
Гимназияның таңы директордың барлық оқушыларды Гимназияның таңы директордың барлық оқушыларды қол алып қарсы алуымен басталатын, тек кеше кінәлі болған оқушы ғана қол алысуға тұрмайтын. Майдың маңызды тұлғалық қыры әртүрлі оқушыларға бірдей қарауы еді.
1860 жылы «Тәрбие» журналында К.И.Май өзінің ойынша әр педагогтың өзінің алдына қоятын негізгі мақсаты мынандай болу керек дейді: «Ұстаздың басты мақсаты – жеткіншекті қоЀа пайдалы еңбекке даярлау.
К.И.Майдың педагогикалық принциптері:
«Мұғалімнің жеке ерекшелігіне байланысты жолдар әртүрлі бола берсін, бірақ оқушының білім алуы мен тәрбиесі әр оқытушының ең соңғы мақсаты болып қала бермек.
Тәрбиеде обьектілі қарым-қатынас емес, субьектілік қарым-қатынас орнату.
Оқытушының үлгісі ең әсерлі тәрбие құралы.
Тыным таппай жұмыс істей отырып біз мектептің маңызды міндетін шешеміз: біз тәрбиеленушілерді еңбекке баулыймыз.
Кластан, сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда С-Петербургтің айналасына жаяу экскурсия үлкен рөл атқарды.Мұндай серуендер мен саяхаттар кезінде оқушылар ботаникалық, зоологиялық және минералдық коллекциялар жинақтап, өз білімдерін толықтырып және жүйелеп өздерінің тарихи және жалпы мәдени дүниетанымын кеңітіп отырды. Бұл формальсыз қарым-қатынастың романтикалық және жұмбақ қырлары орманнан өткенде, шөпте ұйықтағанда, кешкі алауда арта түсті.
Майдың ізбасарлары оның ісін әрі қарай дамыта отырып, басқа да өзгерістер әкелді. Бастауыш кластарда үй тапсырмасы алынып тасталып, жоғары кластарда оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері қалыптастырылды.
Оқу жұмысының ауыр орталығы класс жұмысына ауыстырылды. Ал үй жұмысы қайталау және класта өткенді игеру қызметін атқарды.
Класта талданғанды, түсіндіріліп және жатталғанды үйге беру қажет.
Класс жұмысы тек жеке оқушыларды қамтымай, барлық класты қамту қажет.
Класс жұмысы үнемі жүйелі және әдістемелік жүру қажет. Мұғалім сұрау кезінде неге баса назар аудару керектігі мен нені өтетіндігін, нені сұрайтындығына назар аударуы қажет.
өткен бөлім түсінікті және игерілгеніне көз жеткеннен кейін жаңаны өту керек.
Мұғалім класс деңгейімен үнемі санасуы қажет, өз талаптарын классқа байланысты түрлендіріп, бағдарламаны қысқарта және кеңіте отырып, оқушылардың қабілетіне байланысты аз-кем көлемде талаптар қояды.
Айтылған принциптер гуманистік тұрғы гимназияда тек айтылып қана қоймай іске асқанын көреміз.
Баға оқушыға тек тоқсанға қойылды, ол да тек оқушыға басқа мектепке ауысқан жағдайда қорытынды құжаттар беру үшін жүзеге асырылды. Бағаның орнына мінездемелер қолданды, онда арнайы формада тәрбиеленушінің тұлғалық өсуі белгіленіп отырды.
№12 кредит сағат
№12 дәріс тақырыбы: Патша ауылындағы Е.С.Левицойдың мектебі: Ресейдегі «Жаңа мектепті» қалыптастыру тәжірибесі
Патша ауылындағы Е.С.Левицойдың мектебі: Ресейдегі «Жаңа мектепті» қалыптастыру тәжірибесі
Виккерсдорфтағы «Тәуелсіз мектеп қауымы»
Достарыңызбен бөлісу: |