Құрастырған п.ғ. к., доцент Ерғалиева Г. А



бет12/21
Дата06.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#64447
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
2.Құндылықтар – шешім қабылдаудың себебі. Құндылықтар проблематикасының бірнеше әлеуметтік- психологиялық аспектілері бар: әлеуметтану процесіндегі құндылықтарды игеру, әлеуметтік топтар әрекеттері интеграциясындағы құндылықтар рөлі т.б.
.Құндылықтар жүріс-тұрысты әлеуметтік реттеуші ретінде. Құндылықтар тұлға және қоршаған орта арасына тән, ол тек осы екеуінің қатынасында жүзеге асады. Тұлға құндылықтары – бұл тек қана индивид санасындағы құндылықтарды және материалдық бейнені емес; тұлға құндылықтары ретінде, қоршаған ортаның заттық компоненттерін де атауға болады. Тұлғаның киімі, тұрғын үйі, балалары, яғни У.Джемс «Материалды Мен» сферасына енгізгендердің бәрін жатқызуға болады. Тұлға құндылықтары топ құндылықтары тәрізді қоғам қатынастарының нақтылары болып табылады. Бұл жағдайда , нақтылық құндылықтар қатынасының неғұрлым аз абстрактіленген формасы ретінде алынып отыр.
Құндылықтың тағы бір маңызды сипаттамасы – құндылықтың идеалмен байланыстылығы. Көркем және публистикалық әдебиеттердегі басты кейіпкер образы эмпирикалық зерттеулерде маңызды құндылық ретінде қарастырылады. Дәл осы образдар педагогикалық үлгі ретінде идеалды өмір сүру стилінің моделі ретінде алынады.
Құндылық пен мақсат ұғымдарының қатынасы да өте күрделі болып табылады. Құндылықтың кейбір бөліктері мақсат ретінде түсіндірілуі мүмкін. Бірақта ол тек терминалды мақсат ретінде, яғни тұлға өмірінде мән – мағына берілетін бүкіл өмірлік іс - әрекетінде ғана түсіндіріледі. Көбінесе сананың кейбір элементтерін құндылық деп атайды, мәселен,тұлға диспозициясын. Бұл жағдайда құндылыққа неғұрлым жақын тұратын, құндылық бағдар ұғымы, себебі басқа шектеулі нұсқаулар мен аттитюдтер сияқты диспозициялардыңқажетті қоғамдастық деңгейі жоқ..Құндылық бағдарының тұлға жүріс – тұрысына деген бағдарлардың табиғатын, сыртқы орта жағдайлары жиынтығын, тұлға жүріс-тұрысының ішкі ерекшеліктерінен т.б. толық қамтып қарастыру керек.
6-апта
6 кредит сағат
№6 дәріс тақырыбы: Ұжымдық қарым-қатынас ізгіліктің көрінісі ретінде
1.Ұжымдық қарым-қатынас ізгіліктің көрінісіс ретінде.Тәрбиенің негізі болып саналатын жалпы әлемдік құндылықтардың бірі – тәрбиенің басқа адамға деген қажеттілігі, басқа адамдарды сүйе білу қажетгілігі болып табылады. Әр адамның тағдыры әрқашан әлсмдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты екенін өмірдің өзі көрсетуде. Сондықтан демократияландыру, адамның құқығы мен бостандығын сақтау жағдайларында ұжымдағы қарым-қатынас мәселелері бұл күнде ерекше маңызға ие болуда.
Ондаған жылдар бойына оқушының жеке басын ұжымдық ықпал ету арқылы қалыптастыру туралы мәселе отандық педагогикалық әдебиетте қарастырылмай келді десе де балады. Түлға ұжымға сөзсіз бағынуы керек деп саналды. Қазіргі кезде уақыт шешімінің рухына сәйкес адамның терең фйлософиялық тұжырымдары мен дүниежүзілік педагогикалық ойдың тәжірибесіне сүйене отырып жайалық іздестіру қажет болып отыр.
Оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсысы мәнді болып келетін үрдіс. Оқушылар, ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулғы жайымен, сыртқы пішінімен, мінез ерекшелігімен, көпшілдгімен, білімдерімен, біліктерімен жәнс басқа да көнтеген белгілерімен, қасисітерімен ерекшеленеді. Сондықтан олар карым-қатынастар жүйесіне әр түрлі болып енеді. Жолдастары тарапынан түрліше жағдайға тап болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.
Ұжымдық қатынастар жүйесінде жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болып келеді.
Мамандардың тұжырымдауынша, ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиалық негізін, онда қабылданған құндылықтар құрайтын, яғни, ұжым оның өмірі мен қызметінде, оқушының жеке басы меи мінез-құлқында аса маңызды және мәнді саналатын қасиеттер енетінін дәлелдеуде.
Бұл - ұжымдағы адамдардың көпішілігі жоғары бағалайтын жеке сапалар мен қылықтар. Сыныпта, мәселен, адамдық, қайырымдылық, ізгілік, батылдық ерекше бағалануы, тиісті тұлғалық сапалар басқаның еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осы арада оның күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн. Оны үш топқа бөлуге болады:
1. Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшылдық ортасы.

  1. Ұжымшылдық, - топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық;

  2. Ұжымшымлдық – көңілдестік, өздігінен түсінуішілік, бақаларға
    қамқорлық.

Бұл үш саланың ішінде барынша терең психологиялық және педагогикалық қарым-қатынастағы соңғы болып табылады. Атап айтсақ көңіл білдіру, өздігінен түсіну, өзара қамқорлық идеялары бүкіл ізгік жүйесінің арқауы болып табылады. Сондықтан осы заманғы тәрбиенің мақсаты - адамдарды жақсы көрс білу олармен шығармашылықта, сыйластықта, өзара қарым-қатынаста өмір сүре білу қажеттілігін қалыптастыра білу болуы керек. Өйткені адамдар арасындағы барлық қарым-қатынастың негізінде ұжымдық жағдайында өзара түсіністік жатыр. Олай болса, педагогтың алднда оқушылардың өздігінен, бірлескен дамуында, сондай-ақ басқалар арқылы өзін дамытуда қажеітіктер мен қабілеттерді дамытуға мақсаттылықпен ықпал ету міндеті тұр. Бұл орайда әрбір оқушының өзіндік пікірі бар өте сирек кездесетін тұлға ретінде қарастыру керек. Тәрбиәші кәз кәлгән баланы, тіпті ол оның көзқарасымсн келіспеген жағдайда құрметтей білуі керек. Құрмет адамдарға көтеріңкі көңіл күйін сыилайды, оған жеке басының құндылығын сезінуге мүмкіндік етеді. Басқаларды құрметтей білетін адамның бойында нақты қасиет болады, себебі ол өз бойындағы жылылықты басқаларға ұсына адады. Маңайндағылары құрметтей білмейтін адамның басқаларға ұсынар ештеңесі болмайды.
Құрмет бұл кейді оның бойында кемшіліктер бола тұрса да, біз бағалайтын қарым-қатынастық қасиет. Басқша айтқанда құрмет оның қателеріне қарамастан адамға деген оңды қарым қатынас болып табылады. Өз бойында адамдарға деген осындай құрметті тәрбиелеу, ол кез елген адамның ең алдымен оңды қасиеттерін көре білуді үйренген кезде ғана пайда болатын қасиет.
Кіріспе
Әлеуметтік мінез-құлықты және адамның кәсіби қызметін реттеудің негізінде құндылықты бағдарлар жүйесі тұр,ол өз кезегінде күрделі және динамикалық құрылу ретінде ұсынылады.
ХХ – ғасырдың соңында ғылыми танымның алдыңғы қатарына адамның болмыстық құндылықтарының мәнін түсіну мәселесі туындады, сол себептен ғылымды осы заманғы, аксиологиялық даму кезеңін белгіледі. Адамның құндылық бағдарлары философия,әдеп, әлеуметтану жеке саласы ретінде дамуында әрдайым зерттеу обьектілерірің ең маңыздысы болып табылады. Тұлғаның құндылықты бағдарлары көп мәнді пәнаралық ғылыми ұғым, ол әртүрлі авторлармен әр түрлі талқыланады.
Адамның өмірлік мақсаттарын анықтайтын құндылықты бағдарлар өзіне өте маңызды жеке тұлғалық мағынасына ие болуы қажет. Тұлға құндылықтарының жүйесі туралы көзқарас иерархия ретінде, өз жалғасын американдық әлеуметтік психологиясында орын алды.
Қазіргі таңда психологияда тұлғаның қандай бір құндылыққа бағытталуы бір мезгілде жеке әлеуметтік тәжірибеге негізделіп, екі жақты болып қарастырылады. Құндылықты бағдарлар жүйесінің дамуы бірқатар цикілдік процестердің паралельді өтуі ретінде ұсынылған. Яғни, құндылықты бағдарлар жүйесінің тұрақсыз дамуы бірқатар жеке тұлғалық процестердің қозғалысымен анықталады, ол өзінше спираль тәрізді дамиды, ал нақтылық бір адамның зерттеліп отырған процестердің циклдік фазалары
«резонасқа» байланысты.


7-апта
№7 кредит сағат
№7 дәріс тақырыбы: Білім беру парадигмасы.

  1. «Білім беру парадигмасы» түсінігі.

  2. Парадигмалар түрлері, білім беру мақсаттарына, мәдениетке ыңғайлар.

  3. Педагог пен оқушылардың арасындағы педагогиалық өзара әрекеттің сипаты мен мақсаттарына байланысты парадигмалардың ерекшеліктері.

«Парадигма»-(лат.- мысал) білім берудің концептуальдық моделі ретінде қолданады. Білім беруде көптеген парадигмалар бар, олардың ішінде кең тарағаны бесеу.

  1. Дәстүрлі- консервативтік (білімдік парадигма)

  2. Феноменологиялық (гуманистік парадигма)

  3. Рационалистік (бихевиористік, мінез-құлықтық(

  4. Технократиялық.

  5. Эзотериялық.

әр парадигма мынадай сұраққа жауап береді: не үшін тәрбиелейміз, жастарды қандай мақсатқа даярлаймыз, қандай құндылықтарға артықшылық беру керек. Бүгінгі күнде әлемдік білім беру үрдісінде негізгі білім беру парадигмалары бар, олардың салыстырсалы сипаттамасын В.Я.Пилиповский жасады. Парадигмалардың көптүрлілігі білім беру, мәдениеттің басты мақсатына әртүрлі тұрғылармен түсіндіріледі.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет