КӘСІБИ-ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
ККДД мақсаты - арнайы іс-әрекетке психофизикалык дайындык және кэсіби физикалык қажеттілік.
Студенттердің КҚДД айырмашылығы деп оның болашак маманның қалыпты жағдайда арнайы дене дайындығына күнделікті тексеру жүргізбей эсер етуін санауға болады. КҚДД міндеттері болаишқ мамандықтың ерекшеліктерімен анықталып, келесіге ұштасады:
арнайы білімді қалыптастыру, колданбалы ептілік пен дағдыны меңгеру;
кэсіби-тұлғалык қасиетті дене шынықтыру кұралдарымен тәрбиелеу және жетілдіру;
тіршілікте оқу-жаттыктыру және сауыктыру бағдарламасын жетістікті орындауға арнайы колданбалы психофизикалык қасиеттерді тәрбиелеу.
ККДД құралдарын келесі реттілікпен топтастыруға болады:
эр түрлі спорт түрлерінің колданбалы дене жаттығуларымен бөлек элементтері;
колданбалы спорт түрлері;
КҚДД бөлімі бойынша оқу процесін толыктыратын косымпіа спорт түрлері;
гигиеналык факторлар.
ЗАМАНАУИ САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Демалу гимнастикасы. Демалу үрдісін калыптастыру. Арнайы демалу жаттығулары. А. Стрельникова, К. Бутейко, К. Динейко және т.б. демалу жүйесі.
Релаксациялық гимнастика. Релаксациялык гимнастиканың ерекшелігі дене жаттығуларын босаңсумен үйлестіру.
Ритмикалык гимнастика. Гимнастиканың бір түрі, негізгі мазмұны эмоциялык-ритмикалык музыканы колдана отырып, жалпы дамыту жаттығуларын, жүгіруді, секіруді және би элементтерін орындау. Ритмикалык гимнастиканы сауықтыру дене шынықтырудың барлык формаларына енгізеді. Ритмикалык гимнастикада жалпы дамыту жаттығуларын колданады: мүсінге, тепе-теңдікке, гимнастикалык таякпен, резина және тығыздалған доптармен; эр түрлі бастапкы калыпта жасалынатын жаттығулар.
Аэробика (грек тілінен аэро - ауа, биос - өмір). Жүрек кантамырларының және демалу жүйелерінің функционалдық мүмкіншілігін жоғарлатуға багытталған және шыдамдылыкпен (жүру, жүгіру, жүзу және т.б.) байланысты циклдік спорт түрлерінің жаттығулар жиынтығының жүйесі.
Калланетика. 30 жаттығудан тұратын әйелдерге арналған багдарлама, көбінесе изометрикалык режимде орындалады және тереңде орналаскан бұлшык ет топтарын белсендіреді. Жаттығулар комплексі 4 бөлімнен тұрады.
Фитнес. Жалпы фитнес, физикалык және спорттық-бағдарлык. Фитнестің күралдары: аэробты бағыттардың түрлері (жүру, трусцамен жүгіру, жүзу, велосипед тебу, кимыл-қозғалыс ойындары); гимнастикалық жаттығулар (еңкею, денені бұру, айналу, таянулар, отырулар, сілтеулер); цикликалык түрдегі жаттығулар (тредбанда, велотренажерда және баска кұрылғыларда); күштік жаттығулар (салмак салумен, снарядпен, эластикалык заттармен, серіктесінің карсыласуымен); созылуға арналған жаттығулар; релаксация және рекреация жаттығулары.
Шейпинг (латын тілінен shaping - пішінін беру, пішіндеу). Әйелдермен қыздарға арналған ғылыми карастылыған дене шынықтырудың сауыктыру жүйесі, мүсінді коррекциялауға және ағзаның функционалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Оның мағынасы аэробика мен атлетикалык гимнастиканы үйлестіру.
ДАЙЫНДЫҚ ОҚУ БӨЛІМІ ТОПТАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТ АРДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
(курстыц жалпы сағат кәлемінен %)
Мазмүны
|
Курстар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
Жалпы дене дайындығы (дене касиеттерін дамыту)
|
30
|
25
|
20
|
20
|
Арнайы дайындау жаттығулар
|
10
|
10
|
15
|
15
|
Корригациялык гимнастика (көрсетілген ауруы колдану)
|
15
|
10
|
10
|
5
|
ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫН ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БАҚЫЛАУ
Диагностиканың негізгі түрлері: дэрігерлік бакылау,
диспансеризациялау, дэрігерлік-педагогикалык бақылау және өзін-өзі бақылау. Максаты — адам денсаулығының жақсаруына, оның үйлесімді дамуына әрекет ету.
Дене шынықтыруда диагностиканың міндеттері:
Дене шынықтырумен айналыскан студенттердің физикалык және функционалдык жағдайларын дәрігерлік педагогикалык бақылаумен жүйелеу.
Дене шынықтыруда колданылатын кұралдар мен әдістерге эффективті баға беру.
Қозғалыс мүмкіншіліктерінің даму деңгейінің
морфофункционалдык көрсеткіштерімен дене дайындығының сэйкестік дәрежесін анықтау.
Студенттің жағдайының жеке физикалык және функционалдык тесттеу көрсеткіштерінің негізінде оптимальді дене жүктемесі мен сауықтыру бағдарламасын болжау.
Физикалык және функционалды жағдайды бағалау индекстер әдісі және функционалды үлгі негізінде жүргізіледі (3 қосымша).
Спорт түрлері (аэробика, гимнастика, атлетикалык гимнастика, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, жүзу)
|
20
|
20
|
20
|
25
|
Қимыл-қозғалыс ойындары және эстафеталар
|
10
|
10
|
10
|
5
|
Кэсіби-колданбалы дене шынықтыру
|
|
5
|
10
|
15
|
Заманауи сауыктыру жүйелері
|
10
|
15
|
10
|
10
|
Дене шынықтыру сабағының процесін бакылау
|
5
|
5
|
5
|
5
|
Қорытынды
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Дайындык бөліміндегі топтармен практикалық сабақтар негізгі оқу топтарына арналған кұралдар мен әдістер негізінде студенттердің физикалық жағдайының деңгейі мен денсаулығының деңгейін ескере отырып өткізіледі.
Оқу материалының негізіне белгілі бір ауруларда колданылатын түзету гимнастикасы: омыртканың әр түрлі деформациясын, кеуде куысын, табанды түзетуге арналған жаттығулар; берілген бастапкы калыпта күш кернеуі мен созылғыштың үйлесімділігі жағдайында орындалатын, жергілікті әсері бар қозғалыстар енгізілген.
АРНАЙЫ ОҚУ БӨЛІМІ ТОПТАРЫНА АРНАЛҒАН
ТӘЖІРИБЕЛІК С АБАҚТ АРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ (курстагы сагатгардың жалпы келемінің %-ті)
Мазмүны
|
Курстар
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
Жалпы дамыту жаттығулары
|
20
|
15
|
10
|
10
|
Арнайы жаттығулар
|
20
|
15
|
15
|
10
|
Гимнастика (демалу, релаксациялык, ритмикалык), аэробика
|
15
|
15
|
15
|
10
|
Корригациялык гимнастика (көрсетілген ауруға колдану)
|
10
|
15
|
15
|
15
|
Заманауи сауыктыру жүйелері
|
15
|
15
|
25
|
30
|
Әр түрлі спорт түрлерінің элементтері (спорттық және кимыл-қозғалыс ойындар, жеңіл атлетика, шаңғы спорты, жүзу және т.б.)
|
15
|
15
|
10
|
10
|
Кәсіби-колданбалы дене дайындығы
|
|
5
|
5
|
10
|
Массаж және өзін-өзі массаждау (массаж және өзін-өзі массаждауды эр түрлі ауруға колдану)
|
2
|
2
|
2
|
2
|
Дене шынықтыру сабағының процесін бакылау
|
3
|
3
|
3
|
3
|
Барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
Денсаулық жағдайына байланысты арнайы оқу бөліміне бекітілген студенттермен өткізілетін дене шынықтыру сабақтары біртұтас дене тэрбиесі жүйесінің негізгі бөлімі ретінде карастырылуы кажет.
Арнайы оқу бөліміндегі оқу сабақтарының негізгі міндеттері:
аурудан калған белгілерді жою;
дені сау және физикалык дамуы жағдайындағы функциональді ауыткуларды жою;
организмді сауықтыра және шыныктыра отырып, денсаулықты калыптастыру және шынықтыру;
студенттердің физикалык еңбекке кабілеттілігін арттыру;
студенттерде таңдап алынған мамандығына қажетті кәсіби- колданбалы біліктілік пен дағдыны калыптастыру.
ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАР
Жалпы дамыту жаттығулары (ЖДЖ) құралдармен және кұралдарсыз. Жалпы дамыту жаттығулары бір орында және қозғалыста (жалғыз, екеулеп, топпен). Гимнастикальщ сатыда, скамейкада. Созылуға, босаңсуға бастапкы калыпты өзгерте отырып, белсенді және енжар кимылдарды араластыра отырып жасалынатын жыттығулар. ЖДЖ комплексіне акырындап координациясы жағынан анағұрлым киын жаттығулар енгізіледі, олардың қайталану саны және орындалу екпінділігі арта түседі. Ауырльщпен орындалатын жаттығулар (тығыздалған доп 1 кг. массалык эйелдер үшін және 2 кг. массалык ерлер үшін, гантельдер 1 кг. массалык әйелдер үшін және 2 кг. массалык ерлер үшін, амортизаторлар, тренажерлар).
АРНАЙЫ ЖАТТЫҒУЛАР
Арнайы жаттығулар дене мүсінін ары карай коррекциялауға, организм қызметін және компенсациясын калыптастыруға (тепе-теңдікке арналған, статикалык, релаксациялық, идеомоторлы, тыныс алу жаттығулары) бағытталған жаттығулар. Тыныс алу және релаксациялық жаттығулар.
ЗАМАНАУИ САУЫҚТЫРУ ЖҮЙЕЛЕРІ
Тыныс алу гимнастикасы. Астеникалык, вегетокантамырлык дистония жағдайларында, асказан-ішек жолдары ауруларында, физикалык және ойдың шаршауында, стрессті болдырмау үшін колданылады.
Релаксациялық гимнастика. Барлык бүлшык ет топтарының катысуымен және босаңсумен физикалык жаттығулардың астасуымен жасалынады. Релаксацияның екі түрі ұсынылады: жекелеген, шаршаудың алдын алудың кұралы ретінде; ол толык тек бұлшьщ еттің босаңсуына ғана емес, сонымен қатар стрессті жою үшін де колданылады, психикалык босаңсу, орталык және шеткі жүйке жүйесінің тынышталуы мен демалуы. Релаксацияны отырған калыпта және жаткан калыпта жасауға болады.
Ырғақгы гимнастика. Жалпыдамытушы жатгығулар, жүгіру, музыкамен орындалатын секіру және би элементтері, сонымен қатар, дене бітіміне, тепе- тендікке; гимнастикалык таякшалармен; резиналык және тығыз доппен арналған жатгығулар; бастапкы калыпта: отырған күйде; бүйірде; аркамен; ет бетімен; өкшеде отырған калыптан. Ырғақты гимнастиканы сауыктыру дене шынықтырудың барлык формасына тиімділікпен енгізу.
Аэробика. Тыныс алу және жүрек-кан тамыр жүйелерінің функционалдык мүмкіншіліктерін жоғарылатуға бағытгалған, төзімділікпен байланысты (жүру, жүгіру, жүзу және т.с.с.) циклдык спорпъщ түріндегі жаттығулар жүйесі.
Түзету гимнастикасы (осы ауыруына байланысты). Өз бетімен, сондай-ак сабак аясында орындалатын арнайы емдік дене шынықтырудың жаттығулар жиынтығы. Аранйы түзету жаттығулар. Координацияға арналған гимнастикалык жаттығулар. Тепе-тендікке арналған жаттығулар (вестибулярлы аппараттың эр түрлі кеңістікте жылжуларды кабьшдауы, тіреніш аумагының өзгеруі, тіренішке жалпы салмак нүктесінің жылжуы).
Жалпы сауыктыру бағыттағы түзету жаттығуларыжөзге, дене бітіміне, омырткаға, буындарға арналған жаттығулар және т.б.
Сауықтырушы фитнес. Төменгі интенсивті жаттығулар функционалды резервтің кем дегенде 50%-ы болуы үшін орындалуы кажет. Ауру және өте әлсіздерінен баска дайындығы жок студенттерге арналған. Төменгі интенсивті физикалык жаттығулар жалпы дамыту жаттығулар ретінде ұсынылады.
Физикалық фитнес (базалык) физикалык жағдайды дамытуға, ауру туу каупін азайтуға бағьпталған. Мүнда берілетін жүктеме орташа интенсивті болуы керек.
Шейпинг сабақтарының барысында физикалык жаттығулардың интенсивтілігі жеке бастылык ерекшелікке сай мөлшерленеді, тек сонда ғана ол айтарлыктай эффект береді.
Калланетика. Негізінен изометрикалык режимде және терең орналаскан бүлшык ет топтарының белсенділігін арттыратын әйелдерге арналған жаттығулар бағдарламасы. Жаттығуларды орындау барысында окыс кимылдардан, шексіз кернелуден сак болтан жөн. Негізінен иілулер, еңкею, шалкаю, жаткан қалыпта аякты және кеудені көтеру, жартылай шпагаттар, бұлшык етгі соза отырып, шайкатылу секілді жаттығулар пайдаланылады.
Терренкур. Жергілікті жерлерде әр түрлі иілу бүрыштарын және қозғалыс темпін жасай отырып мөлшерлеп жүру. Қозғалыс темпі минуттағы кадам мөлшерімен анықталады.
ӘР ТҮРЛІ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Спортгық және қозғалмалы ойындар. Спорттық ойындар: баскетбол, волейбол, футбол, бадминтон, үстел теннисі ойындарының элементтерінін техникасын үйрету. Ойыншының жалпы және арнайы жаттығулары. Жұптасып, үшеулеп жаттығу кезінде допты игерудің және баскарудың негізгі тәсілдері. Күштері сэйкес келмейтін құрамдағы ойындар.
Қозғалмалы ойындар кұралдармен және оларсыз, орын ауыстыру қарапайым тәсілдерімен, максимальді күш салуды және күрделі координацияльщ әрекеттерді кажет етпейді.
Женіл атлетика. Жүру және оның түрлері, жүруді тыныс алу жаттығуларымен, босаңсумен, ара кашықтыкка жүру уақытын өзгертумен сәйкестендіру. Жүгіру және оның түрлері. Секіру: бір аяқпен және кос аяктап, тереңге секіру, алға жылжи отырып, орнынан ұзындықка. Скакалкамен, артка айнала отырып.
Арнайы - жүгіру жаттығулары: санды жоғары көтере жүгіру, тірсекті артқа сермеп, кезектестіре отырып, ақырындап жүгіру. Теннис добын лактыру.
Шаңғы спорты. Шаңғыда түрып қатардағы командаларды орындау. Шаңғымен және шаңғыда түрып эр түрлі тәсілдермен оқу алаңында және оқу шаңғыларында козғалу. Еңістер мен сайлардан өту. Бір орында, қозғалыста тежелеу және бұрылу.
Белгіленген аймакта шаңғымен жүріп өту техникасы. Ара кашыктыкты баяу және орташа темппен уакытка жүріп өту. Шаңғыдағы эстафета. Еңіске шығу және сайта түсу, бүрылу мен тежелуді орындау техникасын бағалау, эр түрлі адымдар техникасын оқып білу.
Жүзу. Суды меңгеруге арналған дайындык жаттығулары. Жүзушінің жалпы дамытушылық және арнайы жаттығулары. Жүзудің негізгі әдістерінің (брасс, кроль) техникасын меңгеру. Судағы іс-эрекет дағдыларын калыптастыру. Судағы экстремальді жағдайларда калпында калу, сүңгу, калкып шығу, суға батушыны кұтқарудағы көмек корсету және іс-әрекет эдістерін көрсете алу. Судағы кедергілірден өту эдістері. Жүзудің таңдап алынған түріндегі, сауыктыру режиміндегі элементтерді игеру. Бортиктен, трамплиннен, мұнарадан суға секіру. Қолдың жұмысына аяқтың және тыныс алудың сай келуі. Бұрылу техникасына оқыту. Қолданбалы жүзу. Сүңгу. Суға батушыны кұтқару тәсілдері.
КӘСІБИ ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҚ (КҚДД)
Кэсіби енбек саласындағы арнайы физикалык дайындыкка койылатын талаптар. КҚЦД-тың жалпы және арнайы міндеттері. Таңдап алынған мамандыкка тән жеке бастылық және кәсіби-маңызды сапалар. Дене шынықтыру кұралдарымен (таңдап алынған мамандыкка сай) кәсіптік аурулардың алдын алу. Кәсіби-қолданбалы қозғалыс дағдыларын, физикалык және психологиялык сапаларды калыптастыру. Эмоциональді жағдайды және ерік жігер сапасын өздігімен реттеу және өзін-өзі тэрбиелеу. Студенттердің ККДД бағалау әдістері (КҚДД нормативтері және тесттер). КҚДД құралдарын меңгерудің әдістері. Жалпы дайындык және арнайы дайындык жаттығулары.
МАССАЖ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ МАССАЖДАУ
Организмнің эр түрлі жүйелеріне массаждың эсері. Массаж тэсілдерінің колданылу принциптері. Массаж жасауға көрсетілімдер және карсы көрсетілімдер.
Массаж тэсілдерінің орындалу техникасы. Сипау, ыскылау, илеп жұмсарту және дірілдету техникасы. Сегменторлы-рефлекторлы массаж. Аппаратты массаж. Қозғалыспен сәйкестендірілген массаж. Массаж жасауға көрсетілімдер және карсы көрсетелімдер.
Әр түрлі ауруларда: жүрек кантамырлары, тыныс жолдары және жүйке жүйесі, тірек-кимыл аппараты, асказан-ішек жолдары, гинекологиялык ауруларда, ойлау кемістігінде және физикалык кажуда колданылатын массаж ерекшеліктері.
Массаж тәсілдерінің: сипау, ыскылау, илеп жұмсарту және дірілдету әдістемесі. өзін-өзі массаждаудың реті. Әйелдерге және ерлерге арналған өзін-өзі массаждау.
Достарыңызбен бөлісу: |