Реферат тақырыбы : Сапалық талдау әдістері Орындаған: Көшербаева А.Қ. химия-31 студенті Мамандығы


Ерітіндіде иондарды табудың негізгі шарттары



бет6/7
Дата19.04.2023
өлшемі44,88 Kb.
#174956
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
3апта нир

2.Ерітіндіде иондарды табудың негізгі шарттары
Химиялық талдаулар аналитикалық реакциялар нәтижелері бойынша жасалынады. Талданатын заттың немесе қосылыстың ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттерін аналитикалық қасиеттер деп атайды. Бұл аналитикалық қасиеттер оның сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді.
Ал, мұндай қасиеттерін аналитикалық реакциялар нәтижесінде көруге болады. Аналитикалық реакцияларды тұнба түсуі немесе еруі, зерттелетін ерітінді бояуының өзгеруі, газ бөліну сыртқы эффект құбылыстары арқылы көруге болады.
Аналитикалық реакциялар сезімталдығы деп тұнба немесе түсті қосылыстардың түзілуін, газдың бөлінуін және т.б. айтамыз. Белгілі затқа тән аналитикалық реакциялар – ерекше реакциялар деп аталады. Ол реакциялар таңдамалылығы (селективтілігі) бойынша бөлінеді.
Кез-келген ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп атайды. Реагенттің әсерінен аналитикалық өзгеріс түріндегі хабар, белгі – сигнал пайда болуы мүмкін.
Сапалық талдауда аналитикалық реакциялар қолдану аймағы бойынша топтық және дара болып бөлінеді.
Нақты жеке затты зерттеуде дара (жеке) реакциялар қолданылады.
Топтық реакциялар күрделі құрамды қоспадан белгілі аналитикалық топты бөліп алуға негізделеді. Мұндай реактивтерді топтық реагенттер деп атайды. Мысалы, катиондарды күкіртсутекті жіктеу әдісінде катиондарды бөліп алуда келесі топтық реагенттері қолданылады: (NН4)2СО3 – ІІ аналитикалық топ, (NН4)2S – ІІІ топ, Н2S – ІV топ, НСl – V топ.
Топтық реагенттер кеңінен:
а) Белгілі аналитикалық топтарды анықтау үшін;
б) Жүйелі талдауда басқа топтардан аналитикалық топтарды толық бөліп алу үшін;
в) Аз мөлшерлі заттарды концентрлеу үшін;
г) Талдауға кедергі жасайтын топтарды бөліп алуда қолданылады.
Сонымен қатар, сапалық талдаулар әдісі жүйелі және бөлшектік болып екіге бөлінеді.
Жүйелі талдаулар зерттелетін затқа толық талдаулар жасайды. Бастапқы аналитикалық жүйелерді белгілі ұқсастығы және жүйедегі компоненттердің аналитикалық қасиеттерінің ерекшілігі бойынша бірнеше топтарға бөліп жүйеге біріктіреді.
Жүйелі талдау әдісінің ерекшелігі – тұндыру, сүзу, жуу, суалту, қыздыру, бөліп алу үрдістеріне байланысты ұзақ орындалады. Мұндай операцияларды орындағанда ерітінділер талдау барысында өте сұйылып кетеді, бұл әсіресе, зерттелетін сынама өте аз мөлшерде болғанда анықталатын иондардың жоғалуына алып келеді.
Қазіргі таңда катиондарды анықтауда жүйелі талдаудың қышқылдық-негіздік, аммиакты-фосфатты, күкіртсутекті әдістері қолданылады. Жүйелі талдау әдісінде алдымен ерітіндінің рН мәнін өлшеп, сәйкес еріткішті таңдайды. Кейбір катиондарды өздеріне тән реакциялармен анықтайды.
Бөлшектеп талдау әдісінің негізін орыс ғалымы Н.А.Тананаев ашты. Бұл әдісте ионды арнайы реакциялармен анықтайды, өте тез орындалады.
Сапалық талдау әдістерінде қолданылатын химиялық реакциялар келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1) Тез немесе жылдам жүреді;
2) Реакция қайтымсыз болуы;
3) Түсі өзгеріп, тұнба түзілуі, газдың бөлінуі тәрізді сыртқы эффект байқалуы қажет;
4) Арнайылығымен және сезімталдылығының жоғарылығымен ерекшелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет