Реферат тақырыбы: №1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру



бет2/8
Дата07.02.2022
өлшемі315,59 Kb.
#84158
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру

1.Жүннің морфологиялық құрамы

Жүн талшықтарының морфологиялық құрамы. Жүн өзектен, түбірден және жуашықтан тұрады.


Өзек — тері үстінде тұратын жүн талшығының қатты бөлігі. Жүн терінің қиылған бөлігінде шикі түрде өзектен тұрады.
Түбір — теріде қалыңдау болып келетін жүннің тірі бөлігі, бір жағынан (жоғарғы), өзекке жалғасқан, екінші жағынан, жуашыққа жалғасқан.
Жуашық — талшық түбірінің төменгі бөлігі. Онда жасушаның көбею нәтижесінен жүн талшығы өседі.
Емізікше талшықтың қоректенуін қамтамасыз етеді. Оның негізі көптеген капиллярдан тұратын біріктіруші ұлпалардан тұрады, ол қан арқылы қоректену, өсу дамуды қамтамасыз етеді.
Талшық түбірі теріде бірнеше қабыршақты эпидермалы жасушалармен қапталған. Бұл түтік талшықты қынап деп аталады, ол өз алдына талшықты қынапты құрайтын біріктіруші ұлпадан тұрады.
Жүн талшығының гистологиялық құрылысы.Жүн талшығының барлық типі. Қабыршақты және қыртысты қабаттардан, ал аралық талшық, қылшық келіп, песиг, және жабын шаштары және т.б. өзекті қабаттан (сурет 3.1.1) тұрады.

Жүн талшығының гистологиялық құрылысы
1- өлі талшық, 2-қылшық, 3- аралық талшық, 4- түбіт.
Қабыршақты қабат (кутикула), талшықтың сыртқы бетін түзіп, қоршаған ортаның биологиялық, химиялық, механикалық факторларын қорғайды және жүннің жылтырлығы мен ұйысуына әсер етеді.
Қабыршақты қабат көптеген жалпақ, дұрыс емес мүйізділген қабыршақтан тұрады, ол мөлшерімен өз ұзындығының 2/3 немесе жартысына дейін бірінің үстіне бірі орналасады. Қабыршақ пішіні бойынша: шатыр тәрізді және тәж тәрізді болып негізгі екі топқа ажыратылады. Қабыршақ пішіні мен орналасуына байланысты шаш типі мен қойдың өнімділік бағытын анықтауға болады. Қабыршақтың шет жақтары тегіс, тісті немесе толқынды жабынды болып келеді.
Қабыршақ орналасуына байланысты:

  1. сақина тәрізді - әрбір қабыршақ шаш маңайында толық сақина түзеді. Сондықтан төменгі қабыршақтың төбесін жоғарғының негізгі жабады да, бір сақина, екіншісіне киіліп тұрғандай болады. Мұндай қабыршақ формасы түбіт үшін тиімді.

  2. сақиналы – торлы – қабыршақ тор тәрізді және талшық маңына қатармен орналасады. Ол биязы жүн үшін тиімді.

  3. торлы – қабыршақ талшық бетіне тордың дұрыс емес пішінін түзеді. Қабыршақтың мұндай орналасуы – қылшықты жүнге тән. Талшық салмағының 2-3 % -ын қабыршақты қабат құрайды.

Әрбір қабыршақ 3 қабаттын: эндокутикула (ішкі бөлігі), экзо –кутикула (ортаңғы бөлігі) және эпикутикула (үстіңгі бөлігі) тұрады, олар кератин ерекшелігіне байланысты ажыратылады.
Эпикутикула (жуандығы 50-100 мкм) –қабыршақтың ең бірінші қорғаныс қабаты. Ол химиялық тұрақтылығы өте жоғары және жүнді зиянды химиялық әсерлерден сақтайды, мысалы, аммиактың және т.б. Ал талшықты механикалық зақымданудан көп дәрежеде: экзо және эндокутикулалары қорғайды.
Қыртысты қабат қабыршақты қабаттың астында орналасады, ұршық тәрізді көп түйіршікті клеткалардан (ұзындығы 80-150 мкм, жуандығы 4-10 мкм) тұрады. Қыртысты қабат клеткасы 2 типті: неғұрлым ірісі- ортокортекс (ортокор) және тығыз орналасқан біраз ірілеу келетін – паракортекс (паракор). Әр типтегі талшық клеткалары - доғалы құырылымды түзеді. Бұл бөлік түбітте ширатылған (спиральді), тұрақты иректің сыртқы жағында әрқашанда ортокортекс, ішкісінде –паракортекс.
Ал қылшықта және аралық талшықта олар әр түрлі жағдайда береді: ортокортекс – қылшықта, ал паракортекс шеткі аймақтарда біркелкі емес орналасуы мүмкін және жеке клеткалармен де болады.
Қыртысты қабат клеткаларында пигмент грануллары –меланин бар. Гранула ұзындығы 0,5-1,3 мкм, 0,16 -0,43 мкм, биіктігі –енінен қарағанда екі есе аз. Паракортекс клеткаларында ортокортекс клеткаларынан қарағанда меланин көп.

Меринос қойларының жүн талшығы (сызба – нұсқа)
1- қабыршақты қабат, 2- ұршық тәрізді клетка , 3 – қыртысты қабаттың ортокортикальді клеткалары, 4 – қыртысты қабаттың паракортикальді клеткалары, 5- өлі клеткалардың ядро дегенерациясынана кейін қалған бос кеңістік.
Түбітте қыртысты қабат 90 %, қылшықта – 60-70%, өлі талшықта тек 5-6 %.
Қыртысты қабатты күкірттің негізгі көлемі түзіледі. Сондықтан бұл қабат жүнді: мықтылық, созылғыштық, серіпімділік және т.б. қасиеттермен қамтамасыз етеді.
Өзек қабаты - бұл құрғақ клеткалар мен ауамен тастырылған талшық ішіндегі сызық. Ол үздіксіз түзу (қылшықта) және үзік-үзік сызық (аралық талшықта) болуы мүмкін. Түбітте өзек болмайды. өзек талшықтын беріктігін төмендетеді, бірақ, оның жылу сақтағыш қасиетін жоғарылатады. Өзек талшығы көбінесе әкті –ақ түсті болып келеді, ол бет жағындағы ауа, көпіршіктерінің жарықтың жақсы түсуінен.
Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшығы көбінесе кератинді белоктар тобынан тұрады. Кератинді басқа белоктардан көтеріңкі мөлшерде 3-5% күкірт түзуімен ерекшеленеді. Күкіртпен жүннің технологиялық қасиеттері белгілі, бір дәрежеде байланысты. Жүнден күкірттің жақсарады, жүн талшығының беріктігі жоғарлайды. Күкірт қылшық жүннен қарағанда меринос жүнінде көбірек.
Цистин – құрамына жүн талшығына қажет барлық дерлік күкірт кіретін, амин қышқылдары болып табылады. Қой организімінде цистин түзілмейді, ол азықпен түсіп отыруы қажет. Мұнадй азықатрға: көк шөп, сапалы сүрлем мен пішендеме, кұнжара жатады.
Жүн кератині құрамына 18 аминқышқылы кіреді.
Әр түрлі типтегі жүн талшықтары амин қышқылдарының түзілуіне байланысты ажыратылады. (3.1.1. кесте).
1 кесте. Жүндегі амин қышқылының түзілуі, (100 г жүндегі көлемі, г)

Жүн кератині: А кератині және С кератині болып екіге бөлінеді. А кератині қабыршақты қабат, С кератині – қыртысты қабат пен өзек заттарын түзеді. С кератині тирозин аминқышқылын, түзентіндігімен А кератинінен ерекшеленеді.
Жүннің химиялық құрамы (%): көміртегі -49,8 -52,0; сутегі 6,36 -7,37; азот 15,7 -20,8; оттегі 17,1-24,0, күкірт -2,0-5,0.
Сілтінің әсерінен жүн талшықтары бұзылады, ал өсімдік талшықтар (зығыр, мақта, вискоза және т.б.) сақталады. Әлсіз қылшық ерітіндіде жүн құрамы өзгермейді, ал өсімдік талшықтары бұзылады. Жануар мен өсімдік талшықтарының табиғатын осындай, жолдармен анықтауға болады. Өнеркәсіпте әр түрлі талшықтарға химиялық әдіспен әсер етуді пайдаланады. Мысалы, жүн қиын алынатын арамшөппен (ошағын т.б.) ластанған, оны 5-6 % күкірт қышқылы ерітіндісінде (H2SO4 ) жуса, жүн құрамы бұзылмайды, ал өсімдік қоспалары ериді. Бұл үрдіс жүн карбонизациясы деп аталады.
Қой малының тері жабынын құрайтын, жүн талшықтарының жиынтығы, қой шаруашылығында жабағы деп аталады. Ол қой малынан қырқылғанда алынған жүн өнімінің сапалық және сандық көрсеткіштерін сипаттайтын объект болып табылады. Жүн талшықтары өзара тек түзілу ерекшелігі мен қой төлінің жатырда даму кезеінде ғана емес, сонымен қатар жас төлдің және ересек қойлардың жүннің өсу үрдісі кезінде қалыптасатын морфологиялық белгідері мен техникалық қасиеттеті бойынша ажыратылады. Қой шаруашылығында, осыған байланысты жүн талшықтарын ең негізгі 6 морфо-техникалық типке жіктеу ұсынылған: 1. түбіт, 2. қылшық; 3. өтпелі немесе аралыө талшық; 4. өлі; 5. құрғақ ; 6. жабында шаш.
Түбіт – ең жіңішке, өзек қабаты жоқ талшық. Көбінесе қалыңдығы 15-25 микрометр (мкм), ал ұзындығы 5-15 см болады. Түбіт әрқашан толқынды немесе иректелген болып келеді. Ол қылшық жүнді және будан қой малдары жүнінің негізі болып табылады және көп жағдайда оның көлемі қабатын құрайды, сондықтан түбітті кейде, биязы жүн деп атайды. Түбіт жүннің ең құнды құрамды бөлігі.
Қылшық – біркелкі емес қылшық және ұяң жүннің құрамына кіреді. Ол түзу немесе өте аз иректелегн ірі талшық. Ұзындығы бойынша түбіттен ұзын, тек роман қой тұқымында ғана түбіт қылшық жүнмен ұзын. Қылшық 3 қабаттан: қабыршақты, қыртысты және өзектен тұрады. Неғұрлым дамымаған болса, жүн соғұрлым құнды. Жүн жуандығы 51-ден 155 мкм және одан көбірек ауытқиды.
Аралық талшық – жуандығы бойынша түбіт пен қылшық жүннің орташа аралығы болып таылады. Жуандығына байланысты егер өзек қабаты жақсы дамыса, қылшық жүнге, егер өзек нашар дамыса түбітке жақын келеді. Аралық талшық: қыртысты қабыршақты қабаттан және үзік-үзік өзек қабатынан тұрады.
Биязылау жүнді қой малдарының жүн жабының көбін аралық талшық құрайды, ал барлық қылшық және ұяң жүнді қойларда бұл талшық кездеседі. Аралық талшық техникалық жағынан- әр түрлі қасиеттімен құнды. Ол: иректілігімен, өте жақсы серпімділігімен және мықтылығымен ерекшеленеді. Аралық талшықтың орташа диаметрі көбінесе, 26 – дан 50 мкм-ге дейін ауытқиды.
Өлі талшық - өте ірі қатты, сынғаш, шыны түстен, боялмайды және иректілігі жоқ. Мата үшін өңдеуге жарамсыз. Өлі талшық жуандығын 100-ден 400 мкм және одан да жоғары. Өзек қабаты өте жақсы дамыған. Өзек қабатын микроскоппен қарағанда қара сызық түрінде көрінеді. Егер өзек каналынан, ауа шығарылса, онда өлі талшық ақшыл түсті болады. Жүн құрамында өлі талшықтың болуы жүн сапасын күрт төмендетеді.
Құрғақ талшық – бұл жоғары бөлігінде шайыры жоқ, ұзын қылшық. Соның салдарынан бұл талшық қалыпты қылшықпен салыстырғанда сыртқы орта әсерінен қатты, жылтырлығы жоқ және қатты болады. Жүннің құрамында құрғақ талшықтың көп болуы құндылығын төмендетеді.
Жүнді әр түрге бөлу ондағы талшықтың біркелкілік дәрежесіне, құрамына кірген талшықтарға және оның жуандығына негізделген.
Жүнді: биязы, биязылау, ұяң және қылшық деп төрт топқа бөледі.

Жүн дегеніміз кейбір жануарлардың тері жамылғысының мүйізтәрізді құрылымы дене түгі. Тоқыма өнеркәсібінде қойдың, түйенің , ешкінің, сиырдың жүні ж қоянның түбіті қолданылады.


Жүн талшығы (түк) түбірден және сабақшадан тұрады. Түбір терінің астына жатады. Сабақша тері жамылғының сыртында болады және кератин деген белоктан тұрады. Түктің сабақшасы үш қабаттан тұрады: қабыршақты, қабықты және өзекті.

. Жүн талшығының құрылымы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет