3.Түйе жүні және түйе жүнінің өнімділігі
Түйе шаруашылығында бағалы өнім – ол жүн, сондықтан әртүрлі табиғи жүндер арасында өзінің технологиялық қасиеттері бойынша түйе жүні ерекше орын алады. Ол құрамы бойынша әртектімамықтан, өтпелі қылшықтан және қылтанақтан тұрады. Қылшықты қой жүніне қарағанда түйе жүнінде мамығы көп, өлі түгі және шайыры жоқ. Түйе жүні мамығының жіңішкелі 15-17мк (80-ші сапа). Мұндай жіңішке жүнді тек кейбір биязы жүнді қой тұқымдары береді. Түйе жүнінің қой жүніне тән ақаулары жоқ.Таза талшық шығымы бойынша түйе жүні қой жүнінің барлық түрінен асып түседі.
Өндірістік қайта өңдеу кезінде жүн маңызды көрсеткіштермен сипатталады: жіңішкелігімен, ұзындығымен және талшығының мықтылығымен. Түйе жүн жабындысының шайыры жоқ, сондықтан таза жүн шығымы 68-98%. Ортаңғы қабатынсыз мамық жіңішкелігі 15-20мк, қылтанағы 65мк, өтпелі түгі қорғаныс түктері арасында – сақалында, жалында және тізе шудасында кездеседі. Ең жақсы, мамығы көп жүнді бір жасар түйеден (тайлақтан) алады, оның мамығының жіңішкелігі 14-17мк. Мамық жіңішкелігі жасы ұлғая өзгереді. Бактриандардың бір жасында ол 15,13мк, ал 11-18 жасында –18,85мк. Дромедарларда тиісінше 15,8-20,09мк.
35-кесте. Әртүрлі түйелер мен олардың будандары мамығының талшықтар сапасы
Түйелер мен олардың
будандары
|
Мамық сапасы
|
Жіңішкелігі,мк
|
Ұзындығы,см
|
орташа
|
ауытқуы
|
орташа
|
Ауытқуы
|
Бактриан
Дромедар
Нар мая
Жарбай
Күрт(F2)
Күрт (F3)
Қоспақ (F2)
Қоспақ (F3)
Қоспақ (F4)
|
17,1
18,0
17,8
17,6
17,9
16,6
15,8
14,5
15,1
|
9-30
12-27
12-27
12-30
12-30
12-27
9-30
9-24
9-30
|
6,5
6,6
5,8
3,7
6,1
5,7
5,7
8,7
6,3
|
4,5-5,7
4,0-12,0
4,0-8,5
3,3-6,5
4,0-9,0
4,5-6,4
5,0-7,5
7,5-9,0
5,0-8,0
|
Нар мая, жарбай, күрт будандарында мамық жіңішкелігінің көрсеткіші дромедарларға жақын келеді. Мамық жіңішкелігінің тұқым қуалаушылығы бойынша дромедарлар алға шығады.
Қоспақтар мамығы бактриандарға қарағанда жіңішке. Талшықтардың ұзындығы бойынша ересек бактриандардың, дромедарлардың, нар маялардың, қоспақтардың және күрттердің мамығы камвольді жүн иіру әдістерінің талаптарына сәйкес келеді, ал жарбай будандарының мамығы өте қысқа және бұл иіру әдісіне жарамайды. Тығыздығы бойынша түйе жүні қой жүнінің барлық түрлерінен асып түседі. Тығыздығының көрсеткіштері 48-кестеде көрсетілген.
Түйе жүнінің тығыздығы жас малда ересек малға қарағанда жоғары. Жүн тығыздығының көрсеткіштері дромедармен салыстырғанда бактриандарда жоғары болып келеді. Будандарда бұл көрсеткіштер аралық орын алады. Түйе жүнінің таза шығымы тұрақты емес. Бұл шығымның орташа көрсеткіштерінен, әсіресе ауытқуларынан көрінеді 65-99%. Жүннің шығымына түлеу кезеңі, тікенек өсімдіктермен ластануы әсер етеді, сондықтан түйелерді тікенегі көп жерлерге бағуға болмайды.
. Жүннің беріктігі және талшық тазалығы
Түйелер мен олардың будандары
|
Тығыздылығы
|
Шығымы,%
|
бір жасар
|
ересек мал
|
орташа
|
Ауытқулар
|
Бактриан
|
9,2
|
8,4
|
82,0
|
73-89
|
Дромедар
|
10,1
|
7,4
|
86,2
|
65-90
|
Нар мая
|
-
|
7,7
|
84,3
|
81-89
|
Инэр мая
|
8,8
|
8,3
|
-
|
-
|
Қоспақ
|
8,5
|
7,7
|
-
|
-
|
Жарбай
|
-
|
-
|
83,7
|
77-99
|
Күрт
|
-
|
-
|
87,9
|
81-97
|
Түйе жүнінің класстылығы. Түйенің жүн жабындысы жабағы жүн және жал жүні деп бөлінеді. Жүнді класстарға бөлгенде жал жүні мен ұйысқан жүнді бөліп алып, қалған жабағы жүнді сорттайды. I мен II сортты жүн мөлшері негізінен малдың жасына және азықтандыруына байланысты. I сортты жүнді 4 жасар жас малдан алады. Бір жасар малдан 1,67кг жүн қырқылып алынады, бұл жалпы жабағы жүн мөлшерінің 63% құрайды. Жасы ұлғайған сайын I сортты жүн шығымы 3 жасқа дейін төмендейді де 4 жастан бастап күрт азаяды. II сортты жүн шығымы малдың жасы ұлғая жоғарылайды.
Мемлекеттік стандарт бойынша түйе жүнін төрт классқа бөледі: 1-жұмсақ , 2- қылшық , 3- жал және 4- ұйысқан жүн. 1-жұмсақ. Бұл қысқа және жіңішке өрімдер түріндегі, мамық пен өтпелі талшықтан тұратын және біраз өсіп кеткен қылшықтардан тұратын жүн. 2-қылшық. I класстық жүннен дөрекі. Мамығы аз, құрғақ түктері бар қатты өрімдерден тұрады. 3-жал. Мамығы аз, ұзын дөрекі және жіңішке қылтанақтардан тұрады. 4-ұйысқан жүн. I және II класстық тығыз ұйпаланған, жеке ұйысып қалған кесектерден тұрады.
Түйе жүні арнайы бекітілген эталонға сай болуы керек. Түйе жүнінің буылып-түйілуі, таңбалануы және тасымалдануы ГОСТ 6070-67 сәйкес жүргізіледі. Жүнді класстылығы мен күйі бойынша жеке-жеке буып-түйеді. Жүн бумаларын артқы жағынан жуылмайтын бояумен таңбалайды, осы жерде мыналар көрсетіледі: 1-республика, облыс, өңір; 2-дайындаған мекеме; 3-шаруашылықтың аты; 4-жүннің түрі; 5-жүннің классы және күйі; 6-буманың реттік нөмірі; 7-буманың салмағы (брутто және нетто); 8-таза талшық шығымы (%); 9-қазіргі таңдағы стандарттың нөмірі. Таңбалаудың мысалы: Қазақстан Республикасы, Алматы дайындау мекемесі, Сарытауқұм шаруашылығы, түйе, II сорт; лас, №13, бр.82кг, н-то 80 кг, шығ. 70 гр, ГОСТ 5108-67.
Достарыңызбен бөлісу: |