Реферат тақырыбы: №1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру



бет5/8
Дата07.02.2022
өлшемі315,59 Kb.
#84158
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру
№ 1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру, № 1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру, 3D3B8F52-0961-4667-886B-595299588E36, 2-skakova-r-a
Аралық талшық сапасы жағынан, яғни жуандығы, иректілігі және жұмсақтығына қарай қылшық мен түбіттің аралығынан орын алған, бойында қылдың да, түбіттің де белгілері бар жүн талшығы. Ол түбіттен жуан және ұзын қылшықтан жіңішке, қысқа, ирегінің саны түбіттен кем, қылшықтан артық келеді.
Гистологиялық құрылысы жағынан сипаттайтын болсақ, аралық талшығының жіңішке келген өзегі болады, бұл өзек көбінесе буылтық үзілмелі келеді; кейбір кездері өзек болмайды, мұндай жағдайда ол ірілеу келген түбітке ұқсастығы бар. Шикізаттық сапасы жағынан аралық қылшық түбітке көбірек жақындайды. Ағылшынның линкольн, бордер-лейстер, ромни-марш тұқымдас қойларының жүні тек қана аралық талшықтан тұрады.
Түбіт. Түбіт жүннің ең құнды құрамды бөлігі. Бұл қой жүнінің ең жіңішке талшығы болып есептеледі, оның жуандығы 10-нан 30 микрон аралығында болады; ұзындығы 5-15 см. Түбітте еш уақытта өзек болмайды. Эпидермис жасушаларының черепица тәріздес болып орналасуына байланысты түбіттің сырты микроскоппен қарағанда тегіс болмай, бұжырланып, кетікше болып келеді. Осы ерекшелігіне қарай, түбіт басқа жүн талшықтарына қарағанда бір-бірімен жымдаса жақсы байланысады, сондықтан ол жүннен түрлі бұйым, мата жасап шығаратын өндірісте жоғары бағаланады.
Қылшықтың басқа түрлеріне қарағанда, түбіт жұмсақ, биязы және созылмалы келеді, және ширатылып, бұйраланып тұрады. Түбіт неғұрлым көп болса, жүннің сапасы соғұрлым жақсы болады. Түбіттің жүн ішіндегі мөлшері қойдың тұқымына байланысты кейде аз, кейде көп болады. Мысалы, меринос қойлардың жүні түбегейлі түбіттен тұрады, сондықтан да оны биязы жүн деп атайды, қылшық жүнді қойлардың жүнінің құрамында да түбіт кездеседі, бірақ ол қысқа, қылшықты жүннің төменгі жартысынан аспайды.
Әрбір жүн талшығынан төменгі бөліктерін сабағы, тамыры және буылдығы деп белуге болады.
Сабағы деп жүн талшығының сыртқы, яғни тері үстіндегі бөлігін айтады.
Тамыры деп терідегі жүн талшығының төменгі бөлігін айтады.
Буылдыры деп тері ішіндегі жүн талшығының ең төменгі бөлігін, ұя тәрізді кеңістікті айтады. Буылдық жүн талшығының тікелей жалғасы, ол үрпікті қоршап жатады. Осы буылдықтағы клеткалардың көбеюі (клеткалар бөліну жолымен кебейеді) арқылы жүн талшықтары өседі.
Жүн талшығының үрпігі – талшықтың негізгі қоректенетін органы. Оның өзі дәнекер торшадан құралады, онда қоректік заттар жеткізіп тұратын толып жатқан тамыр капиллярлары бар; осы капиллярлардан қанмен келген қоректік заттар жүн талшығының буылдығына ауысып, сондағы клеткалардың, жүн талшығының қоректенуін, өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.
Жүн талшығының қынабы. Жүн талшығының тамыры тері ішінде бірнеше қабатты эпидермиялық клеткадан тұратын түтікпен қоршалған. Осы түтікті жүн талшығының қынабы деп атайды..
Май безі. Тері ішіндегі қыл қынабының сыртқы жақтарында орналасқан екі немесе үш май бездері болады, олардын. майы арнаулы жолдар арқылы қыл қынабының ішіне енеді. Осы май жүн талшықтарын майлап, оларды сыртқы әсердің әр түрлі ұнамсыз ықпалынан қорғайды. Май бездерінің майы тер бездерінен шыққан термен араласып шайыр құрайды. Жүндегі шайырдың мөлшері қой тұқымына, жынысына, дербес ерекшелігіне байланысты әр түрлі болып келеді. Шайырдың ең көбі биязы жүнді, ал ең азы қылшық жүнді қойларда болады.
Тер бездері – терінің ішкі жағында орналасқан, бірақ олардың өнімі арнаулы жолдар арқылы терінің үстіне шығарылады. Тер бездерінің физиоло-гиялық екі түрлі маңызы бар: біріншіден мал организміндегі жылуды реттеуге көмектеседі; екіншіден – зат алмасудан пайда болған, организмге жағымсыз заттарды термен бірге сыртқа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет