Реферат тақырыбы: №1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру


Жүн талшықтарының түрлері және оның морфологиялық сипаттамасы



бет4/8
Дата07.02.2022
өлшемі315,59 Kb.
#84158
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№ 1 Әр түрлі малдардың жүн мен түбітінің және жасанды талшықтың морфологиялық ерекшелігінің сипаттамасын келтіру

2.Жүн талшықтарының түрлері және оның морфологиялық сипаттамасы
Қой жүнінде негізінен төрт түрлі жүн талшықтары болады:
1) қылқан тәріздес қысқа жүн талшықтары;
2) қылшық;
3) аралық қылшық;
4) түбіт.
Қылқантәріздес қысқа жүн талшықтарықойдың басы мен аяқтарында өседі. Олардың әрдайым жақсы жетілген өзегі болады, ортаңғы қабат бір-біріне тығыз түрде жабыса біткен клеткалардың қалың қабатынан түрады. Қылқан тәріздес қысқа жүннің үзындығы 1-2,5 см-ден аспайды, сондықтан да ол тоқыма маталар дайындауға мүлдем жарамсыз.
Қылшық- ирегі аз, толқынданып, көбінесе түзу, тік өсетін, түбітке қарағанда жуан ірі, беріктігі мен серпімділігі нашар жүн талшығы. Қылшық әр уақытта үш қабаттан - қабыршақты, ортаңғы қабаты және өзектен тұрады; өзегі жақсы жетілген. Ұзындығы жағынан қылшық түбіттен әрдайым артық түседі. Жүн талшықтарының жіңішкелігі микронмен (миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен) өлшенеді. Қылшықтың жіңішкелігі 40-тан 150 микронға дейін жетіп, тіпті одан да жоғары болады.
Қылшық жүнді қойдың жүні азды-көпті мөлшерде қылшықтан тұрады. Технологиялық қасиеті жағынан қылшық түбіттен әлдеқайда төмен бағаланады. Қылшық жүн төменгі сапалы маталар тоқуға және киіз басуға жұмсалады. Қылшықтың кейбір жуан түрлерін «құрғақ», «өлі» қылшық деп атайды.
«Құрғақ» қылшық тек қана қылшық жүнді қойларда кездеседі. Жаңбыр мен қардың әсерінен кейбір кездері қылшықты жүннің жоғарғы жартысындағы шайыры шайылып, жуылып кетеді. Шайыры кеткен қылшықтың сыртқы әсерлері төзімталдығы нашарлап, күн мен желдің әсерінен кеуіп құрғайды. «Құрғақ» қылшық қарапайым, жәй қылшыққа қарағанда тез сынғыш, жылтырлығы солғын, беріктігі босаңдау болып келеді.
«Құрғақ» қылшық өндіріске керексіз зат, сондықтан оның көп мөлшерде болуы жүннің бағасын төмендетіп жібереді.
«Өлі» қылшық - тым өрескел ірілігімен, қаттылығы және сынғыштығымен, жылтырлығының бәсеңдеу болып келуімен және боялмайтындығымен сипатталады. Сырт қарағанда ол ирегі жоқ, түзу болып келеді. Гистологиялық құрылысы жағынан алып қарағанда өзегі жақсы жетілген ал, ортаңғы қабаты нашар жетілген. Технологиялық қасиеті жағынан «өлі» қылшық төмен бағаланады, мата тоқуға жарамайды. Оның болуы жүннің құндылығын кемітеді және төменгі сортқа жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет