Қоғамдағы түрлі топтар қызметі. Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында батырлардың мәртебелігін ауыз әдебиеті шығармаларынан байқаймыз.
Көшпелі қазақ қауымындаабыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеологиясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілер, тіпті ханның өзі де құлақ асып, санасты.
Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі емдоммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, оташылар, сыныцшылар айналысты. Олар әріден келе жатқан халық медицинасының әдіс-тәсілдерін меңгерген шипагерлер болды. Жалпы, көшпелі тұрмыстық жылжымалылығы, халықтың бір орында топтаспай, бытырап орналасуы, әртүрлі індет, жұқпалы аурудың тарауынан сақтады.
Көшпелі қауымдастықтарда сол қоғам тіршілігіне қажетті барлық мамандық иелері болды. Олар — ұста, өрімші, үйші, ерші, атбегі, сыншы, құсбегі, есепші, бақсы, балгер, т.б. Ұста темірден таға, ауыздық, шалғы, орақ, күрек-сайман соқты. Көшпелі қазақ қоғамында темір ұсталарын, олардың дүниесін, көрігін қасиетті санаған. Сірә, олар отпен, металмен жұмыс істегендіктен қастерлесе керек. Жауынгердің қару-жарағын, сауыт-сайманын соғатын темір ұсталарының қоғамдағы бағасы да жоғары болды. Өрімші тері бұйымдарынан, қайыстан әртүрлі атәбзелдерін өрді. Үйші киіз үйдің ағаш сүйегін жасады. Ерші ер шауып, құрады. Атбегі ат баптады, сыншы асылтұқымды жүйрік аттың сынын анықтап, таңдады. Қцсбегі бүркіт, қаршыға, лашын құстарын қайырып, аңға, құсқа салды.
Бақсы-балгер емдом жасады. Жауырыншы жауырынға қарап бал ашты, жол кесті, болашақты болжады. Әнші, күйші халық көңілін көтерді. Шешен ел атынан дауға түсті. Варымташы елдің басқада кеткен кегін малын тартып, айдап алу арқылы қайтарды. Майрампаз елді күлдірді, ел ішінде әртүрлі күлдіргі әңгіме тудырды. Олар Еуропа елдеріндегі сайқымазақтар сияқты, әдетте, хан ордасында, үлкен байлардың қолында жүрді. Майрампаз тауып сөйлейтін, мазақтаушылық қабілеті бар адамдар болды. Олардың орынды сайқымазағын ханның өзі де ренжімей көтерді.
Қазақ жеріне ислам діні енгеннен кейін халықтың басқару жүйесінің идеологиясында қожа-молдалардың рөлі артты. Сопылар мен дәруіштер де өз тәлім-тәрбиелік қызметін атқарды, халықты имандылыққа, тақуалыққа, ынсап-тәубеге шақырды. Жалпы, қазақ жерінде мұсылман діні қызметшілері халықтың әдет-ғұрып, салт-санасымен санасты, соларды мұсылмандық жолмен үйлестіре отырып, өз саясатын жүргізді. Ислам діні мен оның идеологиясы жартылай көшпелі, отырықшы оңтүстік аймақтарда ықпалдырақ болды.
Қорытынды
Көшпенділер өркениеті адами құндылықтар тұрғысьшан қарағанда бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық мүдделерін бірқатар толығырақ қанағаттандыратын, қоғамда жайлы адамгершілік-моральдық ахуал жасап отыратын болды.Сонымен көшпелі дәстүрлі қазақ қоғамы — өзінің бірнеше сатылы этникалық құрылымы бар, саяси-потестарлық, әлеуметтік басқару жүйесі бар, этностың тіршілік қамын түгелдей қамтамасыз ететін нысандары бар қоғам.
Қолданылған әдебиеттер:
Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Жоғарыға көтеріліңіз↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |