НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1. Газ тәрізді диэлектриктер
Газ тәріздес диэлектриктер. Газдардың ішіндегі ең жиі кездесетін диэлектрик ол ауа, себебі ауа барлық сұйық және қатты заттармен бірге әрбір электр құрылғыларында қосымша оқшаулау болып келеді. Ауаның бір айтарлықтай кемдігі – оның электр беріктігінің төмендігінде. Сондықтан электротехникада ауадан басқа электр беріктігі үлкенірек, ішіне галогендер қосылған газдарды пайдаланады. Ол газдардың молекулаларының салмағы ауыр болғандықтан, ионизация болу үшін өрістің қуаты көбірек болу керек. Сондай газдарды электрлік беріктігі жоғары газдар дейміз.
Мысалы элегаз /SF6/ деген газдың электр беріктігі ауаға қарағанда 2,5 есе жоғары. Элегаздың сондай жоғары болғанынан оны конденсаторларда, кабельде де тағы да басқа газ тығыздығы жоғары болатын электр құрылғыларда қолданады. Электр беріктігі жоғары газдарға перфторланған көмірсутектері жатады, парфторланған дегеніміз көмірсутектерінің молекуласындағы сутегі атомдарының орнына фтордың атомдарын енгізеді, жалпы газдың құрамы СхҒу болады. Бірақта бұл газдарды түгелдей электротехникада пайдалануға болмайды, өйткені кейбір газда доғаның әсерінен құрамынан фтор шығады да, адамның денсаулығына әсер етеді.
Электр техника үшін ең қызық тудыратын сутегі. Бұл өте жеңіл газ және жақсы қасиеттермен белгілі. Оны ауаның орнына суытқыш ретінде пайдаланады. Айналатын машиналарда сутегіні пайдаланғанда электр машинасының суынуы жақсарады. Сонымен бірге ауаны сутегімен ауыстырғанда машинаның роторы газға үлкейгенде қуаттың азайғаны байқалады, бұл азаю газдың қысымына тура пропорцианал. Ауаның кислородтың тоттану қасиеті болмаған жағдайда машинаның орамасы (обмоток) оқшауламаны тоздырмайды және машинаның ішіндегі тұйықталуды өрт қауіпін болғызбайды. Соның нәтижесінде сутегі ауасында щөтканың жұмыс істеу қабілетінен жақсарады. Сондықтан сутегінің суыуы машинаның қуатын күшейтеді.
Газ тәрізді диэлектриктер туралы негізгі мәліметтер : газ тәрізді диэлектриктерге барлық газдар және ауа жатады. Көптеген газдарды газ толтырылған конденсаторларда, жоғары кернеуліктегі ауа ажыратқыштарда және басқа электртехникалық қондырғыларда диэлектриктер ретінде қолданады. Ауа барлық электрлік қондырғыларды айнала қоршайды және диэлектрик сияқты олардың жұмысының сенімділігін анықтайды. Сол сияқты, фарфорлы немесе әйнекті изоляторлар көмегімен діңгекке бекітілген жоғары кернеуліктегі электрбергіш сым тораптары бір-бірінен ауа қатпарымен оқшауланған. Кейде ауа қатпарында ашық күлгін жарық - электрлік тәж бақыланады. Электрлік тәж ауаның электризоляциялық қасиеттерінің нашарлауы барысында немесе жоғары кернеуде ауаның әрекет етуі барысында пайда болады және энергияның шығынына әкеледі. Бұл құбылыспен күресу қажет. Әсіресе, жұмыстың жарамсыз жағдайында қатты изоляцияның ішінде газды қосылғыштар (ауа көпіршіктері) пайда болады. Көптеген газдардың диэлектрлі өткізгіші 1-ге жақын, ал қатты диэлектриктердікі 2-8-ге дейінгі аралықта. Мұның нәтижесінде қатты изоляция ішіндегі газды қосылғыштар кернеулер әсерінде болады, бүл олардың иондалуына әкеледі, яғни, электрлік зарядталған бөлшектер көп түзіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |