2.2. Сұйық диэлектриктер
Сұйық диэлектриктер – формасы болмайды, бірақ анықталған көлемі болады. Сұйық диэлектриктер гигроскопты және ауа оттегінің, жоғары температура мен күн сәулесінің әсерінен әсіресе жылтырсырлы оқшаулама және металдармен жанасқанда тотығады. Бұл жағдайда пайда болатын және сырттан әкелінген қоспалар (әсіресе су, целлюлозды талшықтар, тұздар, сілтілер мен қышқылдар) электр беріктігін тез төмендетеді және электроқшаулама сұйықтардың тесіп өту механизмін күрделендіреді.
Сұйық диэлектриктердің көлемі бар, бірақ пішімі болмайды. Сұйық диэлектриктер 3 топқа бөлінеді:
- мұнайдан жасалынған; (Минералды майды, мұнайды бөлшектеп айыру әдісімен алады. Олардың химиялық құрамы мұнайдан алынған майлар көмірсутектерінің қоспасы болып табылады.)
- синтетикалық сұйықтар; (Оған жататындар: хлорланған дифенил (совол, совтол және басқалары)
- өсімдік майлары. ( Электр оқшаулағыш техникада өсімдік майлары – тұтқырлы сұйықтар, маңызды мәнге ие және оларды лак, эмаль және қатты заттарды сіңдіруде қолданылатын әртүрлі өсімдік тұқымдарынан алады (зығыр, тунг, майсананың).
Сұйық диэлектриктер (мұнай майлары, совол, октал, калории – 2, кремний және фторорганикалық сұйықтар) газдарға қарағанда жоғары электр беріктікпен ерекшеленеді. Сұйық диэлектриктерді тесіп өтудің келесі негізгі түрлері бар:
а) иондалған тесіп өту (максималды тазартылған сұйықтар үшін);
б) жылулық тесіп өту (техникалық сұйықтар үшін);
в) электр өрісі күшімен молекулаларын бұзумен шартталған электрлік тесіп өту.
Диэлектрлік сұйықтардың көпшілігі электр жабдықта жұмыс істегенде салқындататын және доға өшіретін ортаның электр оқшалауламасы функцияларын орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |