Сұйық диэлектрикті тесіп өту. Қалыпты жағдайда сұйық диэлектриктердің газдарға қарағанда электр беріктігі бірнеше есе жоғарырақ кернеуге өтеді. Кірмелер болғандықтан, бұл заттардың тесіп өту теориясын қалыптастыру қиын. Сұйықтарды электрлік тесіп өту теориясы тек кірмелерден тазартылған сұйықтарға ғана байланысты. Сол электр өрісінің кернеулігінің өте үлкен мәндерінде электродтардан электрондар ыршып (жұлынып) шығуы мүмкін және зарядталған бөлшектердің келіп соғуынан, газдардағы сияқты сұйықтың молекуласы ыдырайды. Бірақ газға қарағанда сұйықтардың электрлік беріктігінің жоғарылығы электрондардың еркін жолының қысқаруымен анықталады. Газ қосқыштары бар сұйықтарды тесіп өтуі, сұйықтың бір жерінің қатты қызуымен түсіндіріледі. Өйткені газдың көбіршіктері сұйыққа қарағанда, өте жеңіл ионданады да, қосымша энергия туғызады. Осы энергияның арқасында екі электродтардың арасында газ каналы пайда болады.
Сұйық диэлектриктің электрлік беріктігін азайтатынын, оның құрамындағы ылғалдылығы мен температурасы осыларға қосылып электр беріктігін азайтатын және өрістің түрін өзгертетін қатты түрлі ластар, кірлер (күйе, шаң, күлдер, талшықтар, т.б.) Сұйық диэлектриктерді осы кірмелерден тазартса, электр беріктігі жоғарылайды.
Сұйық диэлектриктерде тесілудің келесі түрлері болуы мүмкін:
1) соқпа иондалу нәтижесіндегі электрлік тесілу;
2) диэлектрлік шығындардың лезде жоғарылауы кезіндегі және қоспа-лардың ең көп жиналған жерлеріндегі сұйықтықты қыздыру кезіндегі жылулық тесілу;
сұйықтықтың газды қосылулары, диэлектрлік шығындардың өсуі нәтижелеріндегі иондандырылған тесілу. Сұйық диэлектрдің кер-неулігін ( ) төмендететін ең маңызды себепші ылғал және де өрісті заттар мен ауаның қоспалары болып табылады.
2.3. Қатты диэлектриктер.
Достарыңызбен бөлісу: |