Сұйық диэлектриктер – формасы болмайды, бірақ анықталған көлемі болады. Олар әртүрлі себептерге байланысты бірнеше түрге жіктеледі:
1. Химиялық жағынан:
мұнайлы майлар
синтетикалық сұйықтар (хлорланған, фторланған, көміртекті, кремний оргоник)
шемекі май
Мұнайлы майлардың өзі қолданылуы бойынша:
трансформаторлы май, кабельді, конденсаторлы т.б.
касторовое масло (для трансфор., для охложд. пен изолятор)
(получают из семен клещевины)
совол
совтол
Сұйық электроқшаулағыш материалдардың негізгі қасиеттеріне:
Электрлі беріктігі Епр ; ылғалдылығы; тұтқырлығы; тығыздығы, қоюлану, қайнау температурасы, меншікті жылдамдылығы, өткізгіштігі жатады.
Сұйық диэлектриктер гигроскопты және ауа оттегінің, жоғары температура мен күн сәулесінің әсерінен әсіресе жылтырсырлы оқшаулама және металдармен жанасқанда тотығады. Бұл жағдайда пайда болатын және сырттан әкелінген қоспалар (әсіресе су, целлюлозды талшықтар, тұздар, сілтілер мен қышқылдар) электр беріктігін тез төмендетеді және электроқшаулама сұйықтардың тесіп өту механизмін күрделендіреді.
Сұйық диэлектриктер табиғатына байланысты табиғи және жасанды сұйық диэлектриктер болып екіге бөлінеді. Табиғи сұйық диэлектриктерге мұнай майлары және табиғи сұйық минералдық өсімдік майлары жатады. Мұнай майларына трансформатор, конденсатор және кабель майлары жатса, минералдық майларға тунга, мақта-мата майы, т. с. с. жатады. Мақта майлары лактар мен лакоткандар жасауда қолданылады. Өсімдік майларын тез құрғату үшін олардың құрамына сиккативтер, яғни, Pb, Ca, Mn, Co қосады. Мұнай майларының құрамында органикалық қышқылдар, смола және күкірт қышқылдары т. б. бөтен атомдар кездеседі. Олар майлардың электрлік техникалық қасиеттерін нашарлатады. Сол себептен де, олар арнаулы өңдейтін қондырғыларда әр түрлі тазартулардан өтеді, күкірт қышқылы мен сілтілер арқылы өңделеді, құрамындағы әр түрлі органикалық қышқылдар мен механикалық заттардан тазартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |