Реферат Тақырыбы: Өкпе аускультациясы



бет6/6
Дата16.11.2022
өлшемі88,5 Kb.
#158434
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
реферат аускультация Асель
Аралас пиодермиялар
Бронхофония
Бронхофония - кеуде қабырғаларынан, көмекейден дауыс дірілін анықтау. Бронхофония стетоскоп немесе фонендоскоппен сыбырлағандағы сөздерді есту арқылы жасалынады. Наукастан ызыңдаған, ысылдаған дыбыстары (ш, р) бар сөздерді сыбырлап айтуды сұраймыз («қырық төрт»). Фонендоскопты науқастың салыстырмалы аускультация жасаған орындарына қойып тыңдау керек. Сау адамдардан бұл сөздерді сыбырлап айтқанда, өкпе үстінен түсінбейтін, анық емес сөздердің дыбыстары естіледі. Бронхофония мен дауыс дірілін зерттеу әдістерінің физикалық негіздері бірдей. Өкпеде немесе өкпе қабы қуыстарында патологиялық үрдістер кезінде бронхофония күшейеді, кейде оның әлсіреуі де мүмкін.
Бронхофонияның күшеюі өкпе тінінің тығыздалуы кезінде (өкпе қабынуы, өкпе туберкулезі, өкпе инфаркті) немесе өкпеде қуыс пайда болған (каверна, абсцесс, ірі бронхоэктаз) шақта анықталуы мүмкін. Тығыз өкпе тіні дыбысты жақсы өткізеді, соған байланысты бронхофония да күшейеді. Плевралық қуыстың сұйықтыққа толуы бронхофонияның әлсіреуіне әкеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет