Аяқ. Аякдан (бірқалыпты) жүру (бір орында тұрып жүруге де болады).
Керілу жаттығулары . Аяқты бірге немесе иық ендігіне сай қояды. Әуелі екі қолды желнеге қойып, содан кейін бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін жайға қарай созады, одан соң керісінше осы ретпен кезек-кезек қайталайды. Бұл жаттығу тыныс алу органының жұмысына жақсы әсер етеді. Жаттығу кезінде екі иық пен басты артқа қарай шалқайта тұрып, дененің барлық бұлшық еттерін қозғалысқа келтіру қажет. Жаттығу барысында қолды жоғары көтерген сәтте саусақ ұшына қарап тұрған жөн. Керілу кезінде аяқтың ұшымен тұру арқылы жаттығуды күрделілендіруге болады. Жаттығу баяу, ақырын жасалуға тиіс.
Ырғақ: 1—2 — керілу — тыныс алу; 3—4 —бастапқы қалыпқа оралу дем шығару.
қолды бір иіп, бір жазып, серпінді қимыл жасау; #бір қолды жоғары көтеріп, екіншісін кейін серпиді де, осы қимылдар бірнеше қайталанады; #екі қолды алма-кезек алға қарай сілтейді («бокс»);
қолды жоғары көтеріп тұрып төмен түсіру, керісінше қайталау; қолды түзу ұстап, алға, жоғары, төмен т. б. түрлі бағыттарға созу. Мұндай қозғалыстарды барлық бағытта істеген жөн.
Дене тұлғасына арналған жаттығулар . Гимнастика бастарда аяқтың арасын алшақтау ұстап, қолды мықынға немесе иыққа қояды;
Іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар . Бастапқы қалып — орындықтын шетіне отырып, жиегінен ұстанды;
тізекі бүгіл, аяқты тік көтереді, одан кейін жазады (жоғарырақ) да, біртіндеп төмен түсіреді; #аяқты тік созған қалпы жоғары көтеріп, қайтадан төмен түсіреді. Осы жаттығуды жерде (кілемде) жатып та жасауға болады;
аяқты алма-кезек тізекі бүкпей жоғары көтеріп, қайшылай қозғайды.