Реферат тақырыбы: Зияты зақымдалған оқушыларды сауат ашу кезеңіне дайындау. Диплом жұмысының көлемі: 60 бет


Артикуляциялық аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын дамыту



бет3/4
Дата27.07.2017
өлшемі0,91 Mb.
#22228
түріРеферат
1   2   3   4

2.5. Артикуляциялық аппараты мен қолдың ұсақ бұлшық ет қимылдарын дамыту

Арнайы мектеп оқушыларының көпшілігінде мүшелерінің, қимылы жеткілікті түрде дамымаған болып келеді. Балалардың бұл ерекшеліктері арнаулы мектеп бағдарламасында ескеріліп, оларды дамытуға әр түрлі талаптар қойылған. Сондықтан, әсіресе әліппеге дейінгі кезеңде, артикуляциялық жаттығуларға көп көңіл бөлінеді. Жақ,тіл, ерін бүлшық еттерін дамытатын төмендегі жаттығуларды күнделікті жүргізіп отыру қажет. Ерін бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар:

1.Төменгі, жоғарғы тістер түгел көрінетіндей етіп, ерінді күлгендегідей кереді. Осы қалыпта біраз уақыт ұстап тұруға үйретеді.

2. Ерінді дөңгелектеп алға қарай шығара ұстау.

Тіл бұлшықеттерін дамыту үшін:


  1. Тілді алға жылжытып жалпақ күйінде ұстау, содан кейін жіңішкерту.

  2. «Кімнің тісі таза?» деген жаттығуда балалар алдымен тілінің ұшымен жоғарғы тістерін, содан кейін төменгі тістерін тазалайды.

  3. «Барабаншылар» жаттығуы былай жүргізіледі. Ауызды кең ашып тұрып жоғарғы тістің астын соғу керек: «д-д-д».

  4. «Сылақшы» жаттығуында балалар аузын кең ашып, тілінің ұшын тандайға тірей отырып, артқа қозғайды.

  5. «Сағат» ойынында балалар тілін алға шығарып оңға, солға қозғалтып жаттығады.

  6. Тілін жалпақ ұстап жоғарғы, астыңғы ерінді жалау.

  7. Ауызды кең ашып, таңдай қағу.

Жоғарыда айтылған артикуляциялық жаттығуларды орындаған кезде есте сақтайтын жағдайлар:

1) Балалардың ынтасын арттыру үшін жаттығуларды ойын түрінде, ойын элементтерімен жүргізген жөн.

2)Сөйлеу мүшелерінің қимылын дұрыс сезіне, қадағалай білу үшін жаттығуларды айна алдында жүргізу керек. Тіпті кейбір жаттығу жұмыстары кезінде мүғалімнің сан санап тұруы пайдалы болады.

Зияты зақымдалған балалардың көп ерекшеліктерінің бірі - жалпы қимылы, оның ішінде саусақтың бұлшық ет қимылдары дамымаған. Ондай балалардың көпшілігі қалам, қарындашты дұрыс ұстай алмайды. Әсіресе, дәптер жолын сақтай отырып сызықшалар сызу оларға қиынға соғады. Сондықтан, әліппеге дейінгі кезеңде жүргізілетін жұмыстардың қажетті түрлерінің бірі - қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру. Ол үшін сурет, қол еңбек, жазу сабақтарында міндетті түрде арнайы жаттығулар өткізілуі қажет және олар төмендегідей ретпен жүргізіледі:



  1. Қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіруге арналған жаттығулар.

  1. Трафарет, контурлармен жұмыс жасау, Дәптер жолынан шықпай түзу, сынық сызықтардан тұратын оюлар салу.

  2. Әріп белгілеріне ұқсас заттар салу.

  3. Әріп элементтерін сызу.

Жаттығулардың кейбір түрлеріне тоқталайық. Қолдың ұсақ бұлшықетін жетілдіруде халық арасында кеңінен тараған сөздік ойындарды пайдалануға болады. Мысалы:

Қуырмаш


Қуыр-қуыр қуырмаш,

Тауықтарға бидай шаш,

Бас бармақ,

Балаңүйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек, -

деп санай отырып, қолдың саусақтарын бүктіреді.

Сен, жүр, қозыңа бар,

Сен, жүр, сиырға бар,

Сен, жүр, жылқыңа бар, -

деп саусақтарын ашады.

Сонымен қатар, әртүрлі дидактикалық арнайы ойындарды кең қолданған жөн. Мысалы, «Саусақтар сәлемдеседі», «Кім пирамиданы тез жинайды?», «Сиқырлы дорба», «Түрлі-түсті шар», «Кім жылдам?» (шашылған ұсақ заттарды жинау). «Кесілген суреттерді құрастыру» ойыны 3-4 бөлшектен тұратын суреттерден басталады. Алғаш бұл тапсырма берілгенде балаларға сурет-үлгі беріледі, кейіннен үлгісіз құрастыруға жаттығады. Бұл ойын барысында балалар саусақтарын жаттықтырумен қатар ойлау, сөйлеу қабілетін де дамытады. [52-56]
2.6. Көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін анықтау

Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылардың көру түйсігін дамыту бағдарламаның басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Өйткені, көру түйсігі негізінде балалар ұқсас әріп белгілерін (с-о, п-т, ш-п) ажырата білуге, оқуға, жазуға үйренеді. Аталған жұмыс түрі мынандай бағытта жүргізіледі:



  1. Заттардың ұқсастықтарын, ерекшеліктерін табуға дағдыландыру.

  2. Бірден көріп, дұрыс қабылдауға үйрету.

  1. Бүтінді бөлшектерге бөліп, бөлшектерден бүтін зат кұрастыруға үйрету.

  2. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге дағдыландыру.

5. Көру қабілетін күшейту.

Осы бағытта жүргізілетін жұмыс алдымен балаларды негізгі түр-түспен (ақ, қара, қызыл, көк, жасыл, сары) таныстырудан, ажырата білуден басталады. Зияты зақымдалған балалардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, көру түйсігі мен кеңістікті бағдарлау қабілетін қалыптастыруда, түрлі әдістемелік тәсілдермен бірге, ойын элементтері кең пайдаланылады. Солардың кейбір түрлерін қарастырайық:


а) Суретті ойындар:

Балаларға таныс суреттерді (жеміс, киімдер, ыдыстар, т.б.)іріктеу жұмысы әр алуан ойын түрінде жүргізіледі.

1.Берілген үлгі бойынша суретті табу (тақтада үлкен сурет, ал балаларда сондай кіші суреттер).

2.Мұғалімнің айтуы бойынша суретті табу.

З.Ұқсас суреттердің пішінімен бірдей суретерді табу. Мысалы, көйлектердің тек гүлдерін іріктеу.

4.Үлгі бойынша,үлгісіз, мұғалімнің айтуы бойынша,ойға сақтап суреттерді орын ретін өзгертпей тауып, айтып шығу. Сурет саны бірте-бірте көбейтіледі.

5.Мұғалім заттың атын атамай, ол туралы не жұмбақ, немесе затты сипаттайтын әңгіме, тақпақ айтады. Сол бойынша балалар затты тауып көрсетеді.
ә) Таяқшалармен, қағаз жолақшалармен, геометриялық фигуралармен жүргізілетін ойындар:

Мұндай ойындар әр түрлі мақсатпен жүргізіледі. Әріп-белгілерді сапалы меңгеру үшін қолданылатын ойын түрлері:

1.Үлгі бойынша үстел, орындық, баспалдақ сияқты заттарды құрастыру (конструирование).

2.Үлгі бойынша, мүғалімнің айтуымен геометриялық фигуралар тұрғызу.

З.Үлгі бойынша ұқсас фигуралар құрастыру.

Арнайы мектеп балаларының көпшілігі дәптер бетін, дәптер жолдарын бағдарлауға қиналады. Осы жағдайда әліппеге дейінгі кезеңде төмендегідей жаттығуларды әрдайым пайдаланған жөн.

1. Мұғалім балалардан тақтадағы суреттерді жақсылап қарап, есіне сақтап алуын өтінеді. Сол суретті окушылар дәптер бетінен шықпай жолақша, таяқшалардан құрастыру қажет.

2.Үлгі бойынша, мұғалімнің айтуы бойынша геометриялық фигураларды дәптер бетіне орналастыру. Мысалы: дәптердің жоғарғы оң жақ бұрышына шеңберді қой, төменгі сол жақ бұрышына үшбұрыш қой, ортасына төртбұрышты қой, т.б. геометриялық фигуралардың орнына суреттер, әр түсті жолақша, таяқшаларды пайдалануға болады.

З. Солдан оңға қарай жылжи отырып, бір жолдан екінші жолға көшуге жаттықтыратын тапсырмалар:

а) Балаларға таныс сурет, фигуралар бірнеше қатарға қойылады.


Оқушы көрсететін таяқшамен солдан оңға қарай көрсетіп суреттерді атап
шығуы керек.

ә) Сынып тақтасына бірнеше суреттерқойылады. Тақтаға шақырылған оқушы суреттердің сыңарын тауып, олардың астына солдан оңға қарай орналастырып, атап шығады.

б) Әр түсті таяқшалардан қағаз жолақшаларынан үлгі бойыншақорған
тұрғызу.

в) Тақтаға екі қатар торкөз сызылады. Бірінші қатар торкөзге


жануарлар суреті қойылады. Екінші қатар торкөзге солардың балаларын
тауып,солданоңға қарай орналастырыпанықтап айтып шығуы керек.

б) Бөлінген суреттерді қ ұ растыру

Тақтаға балаларға жақсы таныс заттардың үлгісі қойылады (үй, машина, балық, т.б.). Балалар заттың атын, бөлшектерін атап шығады да (шатыр, қабырға, терезе), сол ретпен құрастыруға жаттығады.

Екіге, үшке, төртке берілген суреттер екі данадан болуы керек.

Ертегі, әңгімелердің мазмұны бойынша макет жасау ойыны балалардың солдан оңғақарай жылжитын қимыл дағдыларын жетілдіруге зор көмегін тигізеді. Ол ойынды былай жүргізуге болады.

Мұғалім ертегінің мазмұнын айтады («Шалқан», «Жеті лақ», т.б.). Балалар мұғаліммен бірге үстел үстінде ертегі кейіпкерлерін солдан оңға қарай қойып отырады да, соңынан тағы да сол ретпен көрсетіп атап шығады

Арнайы мектеп оқушыларының арасында заттарды керісінше қоятын, ретін сақтап айта алмайтын (атағанда, кейбір заттарды тастап кетеді), бірден затты тани алмайтын, ұқсас суреттерді (фигураларды) ажырата алмайтындар кездеседі. Ондай балалармен жекеше, қосымша сабақ түрлерін жүргізу керек.

Аталған кемшіліктерді жетілдіру «Не өзгерді?», «Несі ұқсас?», «Бұл суретте не жетіспейді?», «Суретші нені ұмытты?», т.б. ойын түрлері көп септігін тигізеді. [57-63]

Жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін жаттығулардың түрлері:

1.Жобаны немесе үлгіні көшіру.

2.Нұсқаны көшіру.

З. Нүктелердің арасын қосу.

4. Түсті бояумен және түзу сызықтармен әр бағытта шегінен шығармай шимайлау.

Осындай жаттығу жұмыстардың дайындығынан өткеннен кейін балаға дәптер беріледі. Жазу кезінде партада қалай отыруды, дәптерді қалай пайдалануды, оны күтіп ұстау жолын балаларға алдын ала түсіндіріп айту қажет.

Дәптерді пайдаланудың алғашқы жаттығу жолы - өрнектеп сурет салу. Өрнектеп сурет салу жолының күрделілігіне қарай жүйеленіп былай көрсетіледі:


  1. Түзу, көлбеу. Сынық сызықтармен көмкерілген тігістің, жолдың жиегін және тағы басқа да заттардың ернеуін, өрнегін салу.

  1. Қисық сызықтарды салу.

  2. Әріптердің пішініне ұқсаған заттарды салу.

  3. Таныс заттардың суретін салу.

  4. Геометриялық нұсқалардан ою-өрнектер салу.

  5. Иректі шимай сызықтардан көмкерме салу.

Келесі жүргізілетін жаттығулар енді тікелей әріптердің таңбаларын жазбаша үйретуге бағытталады.

  1. Тікесінен тұрған түзу таяқшалар.

  2. Төменгі ұшы иілген түзу таяқшалар.

  3. Жоғарғы ұшы иілген түзу таяқшалар.

  4. Екіұшы екі жағына қарай иілген түзу таяқшалар

  5. Тұзақ.

  6. Жарты шеңбер.

  7. Толық шеңбер.

  8. Бас әріптің ұсқыны.

  9. Әріптердің нұсқалары.

Жазылған әрбір элемент жаттығуларының тәсілдері төмендегідей болады:

  1. Үлгіні кестеде көрсету, оны қарап шығу, талдау, көрсеткішпен біріктіру.

  1. Жазылған элементті және оны мұғалімнің тақтаға жазғанын түсіндіру.

  2. Оқушылардың элементті ауада жазуы

  1. Оқушылардың элементті дайын үлгі бойынша және өздігінен тақтаға жазуы.

  1. Мұғалімнің дәптерге дайындаған үлгісін қарап шығу

  2. Элементті дәптерге нұсқа бойынша жазу.

  3. Өздігінен жазу. [64-68]




    1. Анықтаушы экспериментін ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сипаттап, қорытындылау.

Зияты зақымдалған балаларды сауат ашуға дайындауда фонематикалық есту және дыбыстық талдау қабілетінің маңызы өте зор. Сондықтан осы зерттеу жұмысы балалардың фонематикалық түсініктерін тексеруге бағытталған.

Балалардың фонематикалық түсініктерін тексеру барысында мынадай көрсеткіштерге сүйендік:



  1. Тапсырманы орындау жылдамдығы;

  2. Нұсқауды түсінуі;

  3. Тапсырманы орындау іскерлігі;

Зияты зақымдалған балалардың фонематикалық түсініктерін, яғни дыбысты қабылдауы мен ажыратуын, жинақтауын және сонымен қатар дыбыстық талдауын анықтауға төмендегідей тапсырмалар берілді:

1.Фонематикалық қабылдауы мен ажыратуын тексеруге бағытталған тапсырмалар:
1-тапсырма. «А, О» дыбысын естігенде қолыңды көтер.

2-тапсырма. «У, Т » дыбысын естігенде шапалақта.

3-тапсырма. «Л, Т,» көк жалауды көрсет.

4-тапсырма. Буындарды қайтала: ат –ал от –ол, ут-ул. Буындарды талдау- жинақтау әдісімен айттық.

5-тапсырма. Сөздерді қайталап айтып бер: ата, ала, от, ол. Сөздерді буындарды қайталағанда талдау-жинақтау әдісін қолдандық. Оқушылардың жауаптарын хаттамаға жазып отырдым. Жауаптарын талдап кесте құрастырдым.

2.Фонематикалық талдауын тексеруге бағытталған тапсырмалар

Фонематикалық талдауды тексеру үшін Г.А.Мовкебаеваның әдістемесі қолданылды.

Ол әдіс зерттеуді дауысты дыбыстан бастауды ұсынады және де ол дыбыс сөздің басында дауысты және сөздің соңында дауыссыз дыбыс тұратынын көрсеткен:

1-тапсырма. Сөздің басында түрған дауысты дыбысты ата. «Әтеш, алмұрт, анар»

2-тапсырма. «Қасқыр» сөзіндегі соңғы дыбысты ата? Өзің бірге қосылып қасқыр деп айт.

3-тапсырма. Сөзде неше дыбыс бар екенін анықта: «Банан» сөзінде.

4-тапсырма. Сөзде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар екенін анықта: парта.

5-тапсырма. Сөзде неше буын барын анықта: алмұрт.




3.Фонематикалық жинақтауды тексеруге бағытталған тапсырмалар.

1-тапсырма. Берілген дыбыстардан сөз құрау. Б.А.Л дыбыстарынан қандай сөз шығады?


2-тапсырма. Сөздің басындағы дауысты дыбысты ата.

Алма. орман, ыдыс.

3-тапсырма. Сөз басындағы дауыссыз дыбысты ата.

Қалам, гүл, кітап,сағат

4-тапсырма.Берілген буындардан сөз құра. Ба, ла, пан, Қа, ла.

5-тапсырма. Тапсырма: Сөздегі дауысты дыбысты тап. Қас


Зияты зақымдалған баяу дамыған балалар, әдетте сөздің дыбыстық жағын жетік меңгеріп, дұрыс сөйлей алмайды. Олардың басым көпшілігі жеке дыбыстарды («с», «з», «ш», «ж», «р», «л», «к», «г») дұрыс айта алғанымен, сөз ішінде дыбыстарды алмастырып қиналады. Әсіресе, үяң, үнді дыбыстарды ажыратқанда, айтқанда қиналады.

Арнайы мектептің бірінші сыныбына келген оқушылар дыбыстық талдау жасауды, сөзді дыбысқа талдауды мүлдем білмейді.

Сауат ашу (оқу мен жазу) дыбыстық талдау-жинақтау әдісі арқылы жүргізілетіні баршаға мәлім. Сондықтан әліппеге дейінгі кезеңнің басты бір талабы - балалардың дыбыс есту қабілетін дамытып, тіліміздегі түрлі дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Жалпы біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты бойынша белгілі бір анықтама алу үшін зияты зақымдалған (арнайы мектеп оқушылары) балаларды сауат ашуға дайындығы, яғни фонематикалық түсінігін, анықтау үшін яғни арнайы эксперимент жүргізіледі.

Анықтаушы және бақылау эксперимент №7 арнайы (түзету) мектеп - интернатында жүргізілді. Экспериментке дайындық сыныптағы 10 оқушы, 1 сыныптағы 12 оқушы қатысты.

Барлық оқушылардың жауаптары қағазға түсіріліп отырды. Берілген барлық тапсырмалар бойынша оқушылардың орындаған тапсырмалары төмендегі кестелерде % - көрсеткішпен көрсетілген.



Кесте №1. Фонематикалық қабылдауы мен ажыратуының
көрсеткіші.


Сынып

1 тапсырма

2тапсырма

З тапсырма

4тапсырма

5тапсырма

0

10 оқушы


22,3

21,9

19,4

18,9

17,5

1

12 оқушы


23

22,4

20,6

19,5

18,3



Сурет 1 – Фонематикалық қабылдауы мен ажыратуының нәтижесі

Кесте және сурет бойынша жұмыстарды талдайтын болсақ, 1 және 2,

3 тапсырма балаларға жеңілдеу келді, өйткені кестеде көрсетілгендей балалардың жауаптары 22,3% және 23% көрсетіп тұр.4-5 тапсырма екі сыныптың да оқушыларына қиыншылық тудырды, өйткені «т» және «л» дыбыстарын шатастыра берді. Мысалы,«ат -ал» деген сөздің орнына «ат-ал» деп қате айтты. Яғни бала дыбыстарды шатастырғанда дыбысты бір сөзде қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылу жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе, алмастырып жібереді. Тапсырма күрделенген сайын, балалардың жауаптары төмендей береді.

Қорыта айтатын болсақ, зияты зақымдалған балалардың фонематикалық қабылдауы мен ажыратуы орташа деңгейде қалыптасқан.



Кесте №2. Фонематикалық талдау жағдайының көрсеткіші (%)

Сынып

1 тапсырма

2тапсырма

З тапсырма

4тапсырма

5тапсырма

0

10 оқушы


21,8

20,8

19

18,3

18,1

1

12 оқушы


22,4

21,9

19,9

19,4

19,6



Сурет 2 – Фонематикалық талдау жағдайының нәтижесі

Кесте және сурет бойынша талдай келе, 1 тапсырма бойынша 0-сынып окушыларының көрсеткіші 21,8%, ал 1-сынып оқушылары олардан жоғары 22,4% корсеткіш корсетті. 1 тапсырма екі сыныптың окушыларына да жеңілірек болды. Бүл тапсырмаға оқушылардың көп бөлігі мұғалімнің көмегінсіз жауап берді.

2 тапсырма бойынша «қасқыр» сөзіндегі соңғы дыбысты ата деген тапсырмаға балалардың көпшілігі «р» дыбысының орнына «л» дыбысын айтты, яғни «қасқыр» деген сөзді «қасқыл» деп, «р» дыбысының орнына алмастырып «л» дыбысын айтты. 2 тапсырма бойынша 0-сынып окушылары 20,8%, ал 1-сынып оқушылары 21,9% көрсеткіш көрсетті.

3 тапсырма бойынша балалар тапсырманы орындауда қиыншылықтар көп кездесті. Олар неше дыбыс бар деген сұраққа, дыбысты буынмен шатастырып, екі буын бар деп жауап берді, мұғалім буын мен дыбыстың айырмашылығын балаларға түсіндіргеннен кейін ғана балалардың көрсеткіші 0-сынып 19%, 1-сынып 19,9%-корсетті.

4 тапсырма бойынша балалардың жауабы мардымсыз болды. Олар дауысты дыбыспен дауыссыз дыбыстарды ажырата алмай қиналды, тек дауыссыз дыбыстан дауысты дыбыстың айырмашылығын түсіндіре отырып, яғни дауысты дыбыс - әндетіліп, созылып айтылатынын түсіндіргеннен кейін балалардың көрсеткіші 18,3%, 19,4% болды.

5 тапсырма балаларға 4 тапсырмаға қарағанда жеңілірек болды, олай дейтін себебіміз балалар сөзді буынға бөлгенде мұғалімнің көмегін көп қажет етпеді.

5 тапсырма бойынша балалардың жауаптарының көрсеткіші 0-сынып 18,1%, 1-сынып 19,6% болды.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет