ғалымдары А.Байтұрсынұлы, Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Л.К.Жаналина, Б.Қасым,
А.Салқынбай, Г.Зайсанбаева, С.Сәменова, А.Сыбанбаева, Р.Лауланбекова, т.б. зерттеу
еңбектерінен орын алады. Қазіргі кезде ол ономасиологиямен, семасиологиямен,
философиямен,
психологиямен тұтасып, кешенді көптеген ғылымдардың тоғысуында
зерделенуде. Сондықтан туынды сөздердің уәждері мен семантикасын, метафоралық
құрылымын ашу үшін, ең алдымен ұлттық мәдени деректерге сүйенері анық, себебі тек
ұлттық дүниетанымда халықтың бұрынғы өмірінің бүкіл көрінісі сақталады.
Тілдің ойды қалыптастырушылық маңызын басты бағыт етіп алған А.А.Потебня
метафоралық ауысудың тілдік семантиканы дамытудың бір құралы ретінде таниды. В.Г.Гак,
В.Н.Телия метафораның аталымдық, когнитивтік қызметіне назар аударса, Н.Д.Арутюнова
бұл құбылыстың тілдік аспектілері: бейнелілігін,
қолданымдық сипатын ашады,
С.Г.Дудецкая медициналық терминология тұрғысынан метафоралану құбылысын
қарастырса, Т.И.Уткина медициналық дискурсты ғылыми тұрғыдан семиотикалық,
когнитивті-коммуникативтік және прагматикалық аспект негізінде талдап көрсеткен.
Профессор Б.Қасым: «...Метафора – тілде әмбебап құбылыс. Оның әмбебаптығы тілдің
құрылымында және қызметінде көрінеді. Ол тілдің аспектісі мен қолданыстық қызметін
қамтиды. Метафора ғылым тілінде бейнелілік немесе таза экспрессивтілік қызмет
атқармайды, сонымен қатар когнитивті (интерпретация, түсіндіру, вербалдану),
концептуалдық (танымдық) қызмет атқарады. Метафоралы ауыстыру – көптеген
терминжасам жүйесінде кеңінен таралған семантикалық түрі [Қасым, 2010, 177].
Метафоралану –
медициналық, экономика, саяси және т.б. ғылымдардың терминжасам
жүйесінде кеңінен қолданылады және терминжасамның семантикалық түрі саналады.
Ғылыми танымда метафора номинативті, болжамдық, бағалуыштық, түсіндірмелік,
информативтік, жинақтау т.б. қызметтерін атқарады. Ғылым тілінде метафора, ең алдымен,
таным қажеттілігін өтейді, болжамдық, жаңа білімді таныстыру мен түсіндіру қызметтерін
жүзеге асырады.
Метафора
– адамның әлемді тануы және
сол танылған білімді тілде
бейнелеудің бірден-бір тәсілі.
Сонымен концептуалды метафораның негізіне метафора тілдік
құбылыс ретінде бізді қоршаған таным әлемі туралы түсінік жатады» деп тұжырымдайды
[Қасым, 2010, 274]. Дәстүрлі лингвистикада тілдік жүйеден тыс шығу лингвистикалық
норманы бұзу деп табылса, когнитивті лингвистикада лингвистиканың шеңберін кеңейтудің
қажеттілігі мойындалды, себебі адамның ойлауы мен түсінігінде жасырынып жатқан
халықтық ерекшелікке тән ұлттық және тарихи тілдік жүйедегі өзіндік құбылыстарды
түсіндіру мүмкін емес, яғни әлемнің ұлттық суреті болады да оның негізінде әлемнің ұлттық
тілдік көрінісі жинақталады.
В.А.Маслова когнитизм туралы пікірінде: «Когнитизмнің басты зерттеу нысаны –
адамзаттық
когниция
. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы зерттеп қоймай, ментальді
репрезентациясын (ішкі танымын) білімнің негізін қалыптастырған символдар мен адамның
стратегиялық таңбаларын айқындау керек» сонымен қатар «концепт объективті жəне
субъективті əлемнің жекелей белгілерінен тұрады», - деп көрсетеді [Маслова, 2005, 53].
Соған сəйкес оларды жеке тұлғалық, жастық (бақыт, қуаныш) жəне жалпы ұлттық (орыс
мəдениетіндегі – жан, Отан, қайғы, мұң) деп бөледі. Ғалымның пайымдауынша, «концепті
көп қабатты құрылымнан тұрады, бұл құрылымдар оның əр
кезеңдегі тілдік көрінісінен
хабар береді», осыған орай ғалым концептінің мынадай ерекше құрылымын жіктеп
көрсетеді: 1)
негізгі белгісі
(актуалды); 2)
қосымша белгісі
(пассив, тарихи); 3)
ішкі формасы
.
Ішкі форма – сөздің негізгі өзек этимологиялық мағыналық негізі Осы айтылған
тұжырымдар тілдік деректерден анық көрініс табады.
Н.Д.Арутюнова метафораның бірінші қызметі сөйлеумен (речь), екінші қызметі –
тілмен қатысты екенін, метафора үздіксіз теңеумен өзара байланыста болатынын көрсетеді.
175
Тілші метафора лексиканың қайнар бұлағы екенін тұжырымдай келіп, тілдік метафораны
номинативтік метафора, образды метафора, когнитивтік метафора, когнитивтік
метафораның соңғы нәтижесі (жалпылауыш метафора)
деп бөледі [Арутюнова, 1979,
154]. Қазіргі лингвистикадағы метафоралық қолданыстағы өзгерістерді және ерекшеліктерді
анықтап, талдау, әсіресе метафораның
ұлттық ғылым
тілін қалыптастырудағы маңызы мен
үлесін теориялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды іс.
Л.В.Правикова: «Если посмотреть на когнитивную лингвистику не со стороны того, что
стимулировало ее появление (изучение мышления и познавательной деятельности,
когниции), а с точки зрения ее предметного места в системе языковых уровней языка, то
обнаружится, что она в целом занимается исследованием содержательных параметров языка.
Это области когнитивной семантики, пространственной семантики, фреймовой семантики.
Это изучение категорий, категоризации, концептов и концептуализации,
метафоры и
метафоризации, референции, информационных аспектов речевой деятельности (выдвижение,
активация, фигура-фон), ментального языка и др.» [Правикова,1999, 2] - деп көрсетеді. Автор
өз пікірімен танымдық тіл білімінде қазір тілді мазмұндық астарда қарастырып отырғанын
жеткізеді. Оның көрсетуінде, танымдық тіл білімінің бастапқы зерттеу әдісі тілді
ойлау
мен
танымдық
әрекет тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Қазіргі тіл ғылымында концептуалдық талдаудың қарастырылуы лингвистика мен
философияның өзара қарым-қатынасының тығыз байланысты. Логикада «концепт» термині
«ұғым, түсінік» терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Яғни, концепт ұғымын
«адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атауларды бар
ғаламның тілдік бейнесі» ретінде тани отырып, адам дүниетанымындағы әлем туралы ақиқат
болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде таныған жөн. Профессор Б.Қасым: «Уақыт
өткен сайын сөздің атау болып қалыптасуындағы
Достарыңызбен бөлісу: