«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА
«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІ АРҚЫЛЫ
ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЗИКИРЯЕВ БАКБЕРГЕН ЖАНАДИЛОВИЧ
Алматы облысы, Райысбек ауданы “Ш.Уалиханов атындағы
орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен”коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пән мұғалімі
Қоғамдағы
ақпараттық инновациялар, жаһандық үрдістер, еңбек
нарығындағы жоғары сұраныстар, білім кеңістігіндегі бәсекелестік
креативті ойлайтын, жаңаша шешім қабылдайтын, шығармашыл тұлғаны
қалыптастыруды талап етеді. Бүгінгі білім беру парадигмасы өзгерді, «өмір бойы білім алу» моделі
тұлғаның іс-әрекеті мен өмірлік ұстанымын жаңаша қабылдауға мүмкіндік туғызды. Білім
мазмұнының жаңаруы, жаңа реформаның жүзеге асуы тұлғаның дамуы мен қалыптасу факторына
ерекше әсер етуде. Сондықтан да мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-әр адамның
табиғи бейімділіктері мен құндылық бағдарларын ескере отырып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі
дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге мүмкіндігі бар шығармашыл тұлғаны қалыптастыру.
Шығармашыл тұлғаны қалыптастыру күрделі әрі көпфакторлы процесс.
Философия
ғалымдарының пікірінше, шығармашылық танымдық іс-әрекеттің ең жоғары формасы болып
табылады, оның барысында объективті материалдық және рухани құндылықтар жасалады.
Шығармашылық ұғымы ғалымдардың зерттеулерінде әртүрлі аспектіде қарастырыла бастады.
Оның әдіснамалық деңгейі педагогика
ғылымында С.Лысенкованың, В.Шаталовтың,
Ш.Амоношвилидің еңбектерінде терең зерттелді. Олардың тұжырымы бойынша, жеке тұлғаның
толыққанды дамуына іс-әрекеттің екі түрі әсер етеді: оқу және шығармашылық.
С.И.Ожеговтың сөздігінде: «Шығармашылық- мәдени және материалдық құндылықтарды,
жаңа идеяларды құрастырудың жоғары формасы»- деп айтылған болатын[2].
Энциклопедиялық сөздікте шығармашылық ұғымына мынандай анықтама беріледі:
«Шығармашылық — ойлау іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы».
Шығармашылықты дамыту оқушылар төмендегі іс-әрекеттерді меңгереді:
көркем ойлаудың қарапайым дағдыларын меңгеруі;
көркем бейнелерді өзара салыстыра білуі;
кескіндеменің бейнелі мазмұнына эмоционалды көңіл бөлуі мен көркем бейнелердің көңіл-
күйін түсінуі;
халықтық-қолданбалы өнері туралы мағлұматты білуі;
сəндік іс-əрекеттің дағдыларының болуы
Жеке тұлға оқу үрдісінде қарым-қатынас
жасау арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны
қабылдайды жəне шығармашылық əрекеттер орындау негізінде өзінің мүмкіндіктерін жетілдіреді.
Шығармашылық құзыреттілік музыка, қолөнер, сурет салу т.б. іс-әрекеттің нəтижелі түрлері арқылы
қалыптаса бастайды. Баланың интеллектісін жан-жақты дамытуда көркем еңбек пәнінің маңызы
ерекше. Себебі, шығармашылық қабілеттің маңызды бөлігі еңбек арқылы дамыйды. Мектепте
оқытылатын әр пәннің мазмұны оқушының жан-жақты дамуына, оқушының шығармашылық
дағдысының қалыптасуына мүмкіндік береді. Сол пәндердің бірі «Көркем еңбек» пәні.
Бұл пән мектеп бағдарламасында кіріктірілген (интерактивті) пән болып табылады. Бейнелеу
өнері мен технологияның мазмұндық кешенін құрайды. Бұл пәннің мақсаты оқушыларға көркем
ойлаудың
қарапайым дағдыларын меңгерту, эстетикалық талғамын ояту, қолдаңбалы өнердің
түрлерінен мағлұмат беру, сәндік-қолдаңбалы технологияның маңызды бөлігімен таныстыру т.б. [3].
Бағдарлама мазмұны мектеп оқушыларының пәнаралық үйлесімділігін дамытуға негізделген.
Атап айтқанда, бейнелеу өнері мен технологияның тақырыптарын оқыту нәтижесінде білім алушы
әртүрлі біліктер мен дағдыларды игереді. Сонымен қатар бағдарлама мазмұнында заманауи
технологияның түрлері мен ерекшеліктеріне талдау жасалынған.
41
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қыз балаларды халық педагогикасының негіздері арқылы үй мәдениетінің элементтерімен
таныстыруға да ерекше мән берілген. Бұл ұлттық тәрбиенің үйлесімділігі мен сабақтастығын
дәріптеу, болашақ ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастыру болып табылады. Осындай тенденция
білім беру парадигмасының ұлттық сипатқа ие болуының бірден-бір кепілі болмақ.
Оқу пәнінің білім беру мазмұны төмендегі бес бөлімнен тұрады:
1) визуалды өнер;
2) сәндік-қолданбалы өнер;
3) дизайн және технология;
4) үй мәдениеті;
5) тағам дайындау мәдениеті[4].
Бағдарламадағы тақырыптар
оқушының көркем өнер, заманауи дизайн және технология
саласындағы білімдерін кеңейтеді. Әртүрлі ғылымдардың интеграциялық байланыстары арқылы
оқушылар көптеген мәліметтермен танысады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары оянып,
белсенділіктері пайда болады, жаңа затты әдемі жасауға деген ұмтылысы артады.
Визуалды өнер бөлімінде бейнелеу өнерінінің құралдары, классикалық бейнелеу өнерінің үздік
туындылары, қазақстандық суретшілердің шығармашылығы, бейнелеу өнерінің түрлері мен
жанрлары, натюрморт өнері, ұлттық сәндік натюрморт, пейзаж, табиғатпен үйлесімділік,
индустриалды пейзаж, қала пейзажы,
сызықтық перспектива, пластикалық пішіндер өнері, мүсін
өнері, шығармашылық жұмыс, көрме ұйымдастыру т.б. тапсырмалар беріледі.
Шығармашылық тапсырмаларды орындау оқушылардың зерттеушілік және креативті ойлау
мүмкіндігін дамытады. Визуалды өнер бөлімінде берілген бейнелеу өнерінің құралдары арқылы
оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Бейнелеу өнерінің құралдарымен танысып, олардың
ерекшеліктерін, түрлерін ажыратуға үйренеді. Нысананы елестету, санаға бейнелеу, зейінді бір арнаға
шоғырландыру сияқты үрдістер психологиялық қабілеттерді қажет етеді.
Классикалық бейнелеу өнерінің туындылары ұлттық болмысты, ондағы дүниетанымдық
көзқарасты бейнелейді. Креативті идеялар мен қиялдарды санада бейнелеуге мүмкіндік береді.
Пейзаждағы түстік үндестік керемет кескіндікдік колорит қалыптастырып, оқушының қиялы мен
арманын шыңдайды.
Тылсым табиғат әлемінің тұңғиық сыры мен шынайы болмысын
бейнелеу өнері арқылы
жеткізу оқушының дүниетанымын, табиғатқа деген ерекше қасиетін қалыптастырады.
Сәндік-қолданбалы өнер бөлімінде сәндік-қолданбалы өнердің мазмұны, негізгі формалары
мен ерекшеліктері, Қазақстан халқының сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы, сәндік-қолданбалы
өнердегі заманауи және дәстүрлі емес материалдар, сәндік бұйым, бұйым дайындау, өру өнері, өру
түрлері т.б. мәселелер берілген.
Қазақстан халқының өнерінен мағлұмат бере отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтеді.
Дизайн және технология бөлімінде оқушылар конструкциялық материалдарды өңдеуді
үйренеді. Әртүрлі сымдарды қолдану негізінде пішіндер жасайды.
Қарапайым нысандардың
дизайнын дайындау бойынша тапсырмаларды орындайды. Инновациялық және креативті әдістер
негізінде оқушылар жобалауды, жоспарлауды, графикалық сызуды үйренеді. Дизайн оқушының
шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болады. Дизайн пәнінің құрылымы мен принциптерін
үйрену арқылы оқушының шығармашылық ойы қалыптасады, белгілі бір пішінді немесе кеңістікті
өзгертуге әрекет жасайды. Оның әдемілікке, сұлулыққа деген ішкі түйсігі оянады. Сыртқы әлем мен
ішкі дүниенің арасындағы гармония маңызды болып табылады. Заманауи тенденциялар,
архитектуралық өзгерістер, интерьер құралдары, эстетикалық талғам т.б. бұл ғылымның өзектілігін
нақтылай түседі. Жаңа мәдени сұраныстар мен қажеттіліктердің пайда болуы заманауи мәдениеттің
дамуына ықпал етеді. Себебі, мәдениет қоғам дамуының алғышарты және шешуші факторы болып
табылады. Тамақтану мәдениеті бөлімінде адам ағзасына пайдалы және зиян заттармен танысады.
Дұрыс тамақтанудың ережелерін меңгереді. Жоғарыда аталған көркем еңбек пәнінің мазмұны
оқушылардың іскерлігі мен ептілігін дамытады.
Сабақта мұғалім оқушылардың еңбекке деген икемділігі мен
іскерлігін қалыптастырудың
әдістері мен технологияларын үйретеді. Еңбек етудің алғашқы белгілері отбасында қалыптасады.
Баланың тұрмыстық іс-әрекеттерді орындау барысында оның белгілі бір сапалары көріне бастайды.
Баланың бойындағы әртүрлі қабілеттерді ашу мұғалімдердің құзыреттілігінде.
42
«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Бейнелеу өнері мен Технология пәндерінің интеграциялануы арқылы пайда болған көркем
еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көркем еңбек пәнінің мазмұнына халықтың қолөнері, ою-өрнек түрлері, дизайн, витраж,
мозайка құрастыру сияқты қызықты тақырыптар беріледі.
Көркем еңбекте шығармашылық жұмыстарды орындау барысында қазақтың ұлттық мәдениет
элементтерін пайдаланады. Қолөнердің түрлерін жасау оқушының эстетикалық талғамын, іскерлігін,
еңбекқорлығын жетілдіреді.
Қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Еңбек әрекеті арқылы қоғамға қажетті қолөнер бұйымдарының сан алуан түрлерін өз
қолдарымен дайындап, оны өмір қажеттілігіне қолдануға мүмкіндік береді, ол біріншіден жеке
тұлғаның
шығармашылық идеясын дамытады, екіншіден жеке кәсіпкерлікті дамытуға ықпал
жасайды. Көркем еңбек пәні қолдың моторикасын жақсартады. Сонымен қатар психологиялық
процестері, атап айтсақ, түйсік, қиял, елестету т.б. дамыйды. Оқушы белгілі бір заттың бейнесін салу
үшін, ойша өзі образ жасайды, соны қағаз бетіне түсіреді.
Қорыта айтқанда, жаңартылған білім мазмұнында бұл интеграциялық пән ретінде,
оқушылардың шығармашылық, креативтілік, жаңаша ойлау, жоспарлау, жобалау т.б. мүмкіндіктерін
ашуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: