Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет34/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov
Sbornik Zholamanov, Біз туралы

Әдебиеттер:  

 

1. 



Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.  Үшінші (негізгі) деңгей. 

292 

 

2. 



Мирсеитова  С.  Оқыту  әзденіс  ретінде  және  ізденіс  оқыту  ретінде: 

оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. 

 

 

 



ЖЕКЕ ТҦЛҒАНЫҢ АДАМГЕРШІЛІК - РУХАНИ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ 

ДАМУЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ІЗГІЛІКТІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫН ҚҦРУ: 

ӚЗІН - ӚЗІ ТАНУ, ӚЗІН - ӚЗІ ІСКЕ АСЫРУ 

 

Шонова Б.А., Зулкарнаева Ж.А. 

Ш.Уалиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті 

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

Zhamilya1972@mail.ru

 

 



Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-

міндеттерінің  ең  бастысы  –  ӛзінің  ісін,  ӛмірін  жалғастыратын  салауатты, 

саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  12  жылдық  білім  тұжырымдамасында  «мақсаты-

ӛзінің және қоғамның мүддесінде ӛзін-ӛзі белсенді етуге дайын, ӛзгермелі даму 

үстіндегі  орташа  ӛмір  сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілетті  және  құзыретті, 

шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру»  - делінген. Осы 

мақсатты жүзеге асыруда «Бӛбек» қорының президенті Сара Алпысқызының 

«Ӛзін-ӛзі  тану»  рухани-адамгершілік  білім  жобасы  мектептерде  пән  ретінде 

оқытылуда.  Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек 

жақсылыққа-қайырымдылық,  мейірімділік,  ізгілікке  тәрбиелеп,  соны  мақсат 

тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. 

 

Жаңа  кезеңдегі  білім  берудің  ӛзекті  мәселесі  жас  ұрпаққа-адамгершілік-



рухани  тәрбие  беру,  ізгілікті  білім  беру  ортасын  құру.  Құнды  қасиеттерге  ие 

болу,  рухани  бай  адамды  қалыптастыру  оның  туған  кезінен  басталуы  керек. 

Халықта «Ағаш түзу ӛсу үшін оған кӛшет кезінде кӛмектесуге болады, ал үлкен 

ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтылмаған.  Сондықтан 

баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни 

адамгершілік  құнды  қасиеттерді  сіңіріп,  ӛз-ӛзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде, 

ӛзіндік  таңдау  жасауына  ықпал  етуде  отбасы  мен  педагогтар  шешуші  роль 

атқарады.  Рухани  -адамгершілік  тәрбие  -  екі  жақты  процесс.    Бір  жағынан  ол 

үлкендердің,  ата-аналардың,  педагогтардың  балаларға  белсенді  ықпалын, 

екінші  жағынан  -  тәрбиеленушілердің  белсенділігін  қамтитын  қылықтарынан, 

сезімдері  мен  қарым-қатынастарынан  кӛрінеді.  Адамгершілік  тақырыбы  - 

мәңгілік. Жас ұрпақтың  бойына  адамгершілік қасиеттерді  сіңіру  -  ата-ана  мен 

ұстаздардың  басты  міндеті.  Адамгершілік  әр  адамға  тән  асыл  қасиеттер. 

Адамгершіліктің  қайнар  бұлағы-  халқында,  отбасында,  олардың  ӛнерлерінде, 

әдет-ғұрпында.  Әр  адам  адамгершілікті  күнделікті  тұрмыс  -тіршілігінен,  ӛзін 

қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Кӛрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер 

балаға  қуаныш  пен  бақыт  бере  білсек,  ол  бала  солай  бола  алады»,  -  дейді. 


293 

 

Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің 



асыл  қасиеттерін  үздіксіз  ұялата  білсек,  ертеңгі  азамат  жеке  тұлғаның  ӛзіндік 

кӛзқарасының  қалыптасуына,  айналасымен  санасуына  ықпал  етері  сӛзсіз.  Қай 

заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын  ұлы  мұрат-міндеттерінің  ең 

бастысы  –  ӛзінің  ісін,  ӛмірін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ 

тәрбиелеу.  12  жылдық  білім  тұжырымдамасында  «мақсаты-ӛзінің  және 

қоғамның  мүддесінде  ӛзін-ӛзі  белсенді  етуге  дайын,  ӛзгермелі  даму  үстіндегі 

орташа  ӛмір  сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілетті  және  құзыретті,  шығармашыл, 

білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» - делінген. Осы мақсатты жүзеге 

асыруда  «Бӛбек»  қорының  президенті  Сара  Алпысқызының  «Ӛзін-ӛзі  тану» 

рухани-адамгершілік  білім  жобасы  мектептерде  пән  ретінде  оқытылуда. 

Рухани-адамгершілік  тәрбиесінде  алдымен  баланы  тек  жақсылыққа-

қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, 

ата-ананың  да  болашағы  зор  болмақ.  «Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  – 

депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен 

ештеңені  қызғанбадым.  Бұл  үш  қасиет  әркімнің  ӛз  құдайы.  «Ӛз  құдайынан 

айырылған адам бос кеуде, ӛлгенмен тең» деген екен. Шындығында бұл ақиқат. 

Олай  болса,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,  олардың  жан  дүниесіне  сезіммен 

қарап,  әрбір іс-әрекетіне  мақсат  қоюға,  жоспарлауға,  оны орындауға,  ӛзіне-ӛзі 

талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа 

жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына 

жас  кезінен  бастап  қалыптастыру  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізін 

қалайды.  «Еліміздің  күші  -  патшада,  сәбидің  күші  -  жылауында»  демекші, 

біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек. Ол 

үшін  Ақанның осы үш қасиетін бала  бойына дарыта  білсек-ұлы  жеңіс болары 

анық.  Рухани  адамгершілік  тәрбиенің  қайнар  кӛзі  саналатын  «Ӛзін-ӛзі  тану» 

пәні  баланы  жастайынан  отаншылдыққа,  әдептілікке,  достыққа,  тазалыққа, 

ұқыптылыққа, 

мейірімділікке, 

табиғатты 

сүюге, 


отбасын 

сыйлауға, 

ұйымшылдыққа  үйретуге,  ұрпақ  бойына  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды, 

адамгершілік  принциптер  мен  мұраттарды  ғұмыр  бойы  басшылыққа  алатын 

тұлға қалыптастыруға негізделген.  Біздің Жезқазған қаласындағы №10 жалпы 

білім  беретін  орта  мектебінде  «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәні  ӛз  мәнінде  берілуде. 

Мұғалімдер  даярланып,  арнайы  курстардан  ӛткен.  «Ӛзін-ӛзі  тану»  пәнінің 

арнайы  жабдықталған  пән  кабинеті  бар.  Ата-аналарды,  мектеп  ұжымын 

қатыстыра отырып, «Ӛзін-ӛзі тану» кабинеті талапқа сай жабдықталды. Мұнда 

бағдарламаның негізгі авторы – С.А.Назарбаеваның аналық жүрегінен шыққан 

жылы сӛзі, «Ӛзін-ӛзі тану» пәнінің оқытатын негізгі құндылықтары айқын және 

әдемі  етіп  жазылған.  Оқушылардың  сабақ  үстінде  ӛздерін  еркін  ұстауларына, 

демалуларына да жағдайлар жасалған.  Осы аз ғана уақыттан бастап, біздер ӛз 

тәжірибемізді  жинақтаудамыз.  Жұмыс  барысында  арнайы  дайындалған 

әдістемелік  құрал-жабдықтарға  жаңаша  кӛзқараспен  қарап,  саралап,  ӛз 

жетістігімізді  қосып  жұмыс  жүргізудеміз.  2012  жылдың  20-27  ақпаны 

аралығында  мектепте  «Ата-аналар  үшін  ӛзін-ӛзі  тану  мектебі»  тақырыбында 

ӛзін-ӛзі тану пәнінің апталығы ӛткізілді. Бұл апталық барысында ата-аналармен 



294 

 

әр  сыныпта,  шағын  орталықта  ашық  сабақтар,  тренингтер,  мейірімділік 



сабақтар ӛткізіліп, ата-аналардың ӛзін-ӛзі  тану  пәніне  деген  кӛзқарастарының, 

ынта-ықыластарының  жоғары  екендігін  байқадық.  Осы  іс-тәжірибемізді 

әріптестермен  бӛлісуді  мақсат  етіп,  ӛзін-ӛзі  тану  пәнінің  мұғалімі 

Г.Б.Ташетованың  8  сынып  оқушылары  арасында  ӛткізген  «Махаббат  тұнған 

әлемге 

мейірімділікпен 



қарайық» 

тақырыбында 

ашық 

сабағын, 



В.И.Кобелеваның  «Самопознание  –  гормония  души»  тақырыбындағы  ата-

аналармен  жүргізген  жұмысын  және  мектеп  психологы  К.Т.Алиякпарованың 

«Самопознание  и  духовно-нравственное  развития  личности»  тақырыбындағы 

тренингін  қалалық  семинарда  қала  мектептерінің  мұғалімдеріне,  ата-аналарға 

кӛрсеттік.  Семинарға  келген  әріптестер  де,  ата-аналар  да  бұл  пәнге  деген  оң 

кӛзқарастарын  білдірді.  Әсіресе  «ӛзін-ӛзі  тану»  сабағының  негізі  мазмұнында 

балалардың 

танымдық 

қызығушылықтарын 

қалыптастыру 

мен 

қанағаттандыруға, 



әлеуметтік 

дағдыларын, 

адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптастыруға  арналған  алуан  түрлі  ойындар  мен  жаттығуларды  кӛріп, 

ризашылықтарын  білдіріп,  ұсыныстарын  да  ортаға  салды.  Ӛзін-ӛзі  тануды 

оқыту үрдісінде, күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген тиімді әдістемелік 

тәсілдерге  тоқтала  кетсем:  «Шаттық  шеңбері»  -  сабақтың  бас  кезінде 

қолданылатын  әдістемелік  тәсіл.  Мұғалім  балалармен  бірге,  барлығы  бір-

бірімен  еркін  қарым-қатынас  жасайтын  шеңбер  жасайды,  әр  түрлі  ән  айтып, 

ӛлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні -әрбір бала ӛзіне таныс 

үлкен  достық  шеңберіне  қабылданғанын  сезінеді,  ӛзіне  сенімі  артып  және 

ӛзгелердің де сеніміне ие болады. «Ӛзіммен-ӛзім» - бұл тәсіл баланың ӛзін және 

ӛзінің  жүрегін  тыңдай  білуіне  септігін  тигізеді.  Ол  баланың  сезімі  мен 

эмоциясын,  жалпы  рефлексияға  қабілеттерінің  дамуын  ынталандырады.  Осы 

тәсіл  балаларға  жайлы  әсер  етеді,  олардың  қиялын  дамытады,  топтағы  мінез-

құлыққа  жағымды  ықпал  етеді  және  әдетте,  материалды  жаңадан  түсіну 

барысында  пайдаланылады.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  барысында 

мұғалімнің  сӛзімен  қатар,  сондай-ақ  аудиоқатарлар  (классикалық  музыка, 

табиғат  дыбыстары  және  т.б.)  қолданылады.  «Жағдаяттар  кезінде  ойлану»  - 

балалардың  нақты  ӛмірлік  жағдаяттарды  бағалай  білу  қабілеттерін  дамытуға, 

ӛзінің  ойы  мен  ісіне,  әрекеттеріне  жауапкершілігін  қалыптастыруға  ықпал 

ететін  әдістемелік  тәсіл.Жағдаяттарды  талқылай  балалардың  ойлауға 

бейімділіктерін,ӛзін  және  ӛзгелерді  бағалауға  икемділіктерін,  қоршаған 

әлеммен жағымды ӛзара әрекеттестікті құра білу іскерліктерін қалыптастыруға 

мүмкіндік  береді.  «Бейнематериалдар  кӛру  (фильмнен,  мультфильмнен, 

үзінділер және т.б.)» - оқу ақпараттарын жеткілікті кӛрнекілік нысанда ұсынуға 

мүмкіндік  беретін  әдістемелік  тәсіл.Айқын  кӛркем  бейнелер  балалардың 

ӛтілген  материалдардың  мазмұнын  қабылдауы  мен  меңгеруін  күшейтеді.  «Ән 

шырқайық, достар!» - сабақта қосылып ән айтуды ұйғаратын әдістемелік тәсіл. 

Ән  айту  балалардың  сезімдерін  сергітіп,  кӛңіл-күйін  жадыратады.  Бұл  тәсіл 

сабақтың  кез-келген  кезеңінде  қолданылады.  «Сергіту  сәті»  -  шаршағанды 

ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті тӛмендетуге қажетті 

ӛзін-ӛзі  тану  сабақтарының  компоненті.  Сергіту  жаттығулары  бір  әрекеттен 



295 

 

басқа  әрекетке  ауысуға  бағытталған  қысқа  ойындар  түрінде  жүргізіледі.  Осы 



тәсілді  қолдану  топта  жақсы  кӛңіл-күй  тудырады,  ұқыптылықты,  реакция 

жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді. «Жүректен-жүрекке» 

шеңбері  -  әдетте,  оқу  сабағын  аяқтайтын,  бір-бірімен  пікір  алмасу,  бір-біріне 

тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-

күйін,  олардың  сабақ  тақырыбын  түсіну  дәрежесін  анықтауына  мүмкіндік 

туғызатын  әдістемелік  тәсіл.  «Үй  тапсырмасы»  -  баланың  сабақ  тақырыбына 

және  сабақта  меңгерген  білім,  іскерлік  және  дағдыларын  бекітуге 

қызығушылығын  арттыратын  тәсіл.  Балалар  үй  тапсырмасын  дәптерлеріне  ӛз 

бетінше  немесе  үлкендермен  бірге  орындайды.  Бұл  балалар  мен  үлкендердің 

бірін-бірі  жақсы  түсінуіне  септігін  тигізеді.  Қорыта  айтқанда,  «Ӛзін-ӛзі  тану» 

бағдарламасының  мазмұнында  ескеріліп,  кӛзделген  эмоционалдық  тұрғыдағы 

ауқымды  жүргізілген  алуан  түрлі  іс-әрекеттер  баланың  адамгершілік  рухани 

дамуының  негізін  қалауға  және  ӛмірлік  дағдыларын  қалыптастыруға  ықпал 

етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында 

ең  басты  қажеттілік  ӛзін-ӛзі  дамытушылық  қажеттілігін  қалыптастыруы  тиіс. 

«Ӛзін-ӛзі  тану»  бұл  тек  баланың  ӛзін  ғана  танып,  білуімен  ғана  шектеліп 

қоймайды,  оның  мазмұны  тереңде.  Сол  себепті  де  «Ӛзін-ӛзі  тану»  курсының 

бүгінгі  таңда  барлық  адамзат  үшін  маңыздылығы  ӛте  зор.  Біз  болашақта 

Қазақстан  Республикасын  ӛркениетті,  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 

қосамыз  деп  үміт  етіп  отырған  халықпыз.  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 

қатарына  кіру  стратегиясында:  -  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның 

бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды  құралдардың  бірі.  Бізге  экономикалық  және  қоғамдық  жаңару 

қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет»  деген 

болатын.  Сондықтан  сол  елдердегі  бар  жетістіктер  бізде  де  болуы  керек, 

ӛйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.  Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, 

қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар 

қалыптастыру  кез  –  келген  мектептің  міндеті  болса,  баланың  ӛзін  тануына, 

басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Ӛзін  - ӛзі тану» пәні зор ықпал 

етеді. 

 

Әдебиеттер:  



 

1.  Грейс Крайг. Психология развития.- М., 1997. 

2.  Райс.Ф. Психология подросткого и юношеского возраста. – СПб., 

2000. 


3.  Хрестоматия по возрастной и педагогичесеой психологии \ под.ред. 

И.П.Ильясова, В.Я.Ляудис. – М., 1980. 

4.  Аверин В.А. Психология детей и подростков. Уч.посбие 2- е изд.Спб 

1998. 


5.  Абрамова Г.С. Возрастная психология.Екатиринбург. 1999. 

6.  Абрамова Г.С. Психология человеческой жизни: исследования 

геронтпсихологии М., 2001. 


296 

 

7.  Мухина В.С. Детская психология. – М, 1999. 



8.  Выготский Л.С. Собр.соч.,:В 6 т. – М. 1982-84. 

9.  Гальперин. П.Я. ,Запорожец А.В., Карпова С.Н. Актуальные 

проблемы возрастной психологии. – М.МГУ., 1978. 

10. Леотьев А.Н. Избр.психол.произв.: В 2т. – М.1986. 

11. Кон И.С. Психология ранней юности. – М.: Просвещение.1989. 

12. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. –М. 1986. 

13. Мұқанов М.М: Жас және педагогикалық психология. – А.,1982. 

14. Эльконин.Д.Б. Психология игры.– М.: Педагогика.1978. 

 

 

 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІКТІКТЕРІН АРТТЫРУ 

 

Шуюшбаева Н.Н., Алтаева Г.С., Танашева Н.К.  

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті,Кӛкшетау қ.  

nn_shuish@mail.ru

 

 

Мақалада  физикадан  олимпиадалық  есептерді  шығаруда  оқушылардың 



білім  деңгейінің    жоғарылуы,  ӛлшем  бірлік  жүйелерін  білуі,  негізгі 

формулаларды  қолдана  білуі    олардың  логикалық  және  абстрактілі  ойлау 

қабілетіне  зор  ықпалын  тигізетіндігі  айтылған.    Сонымен  қатар  есептерді 

шығаруда  қолданылатын  алгоритмдер    мен  қажетті  нұсқаулықтар 

келтірілген.  

 

Физикадан  олимпиада  есептері—  мектеп  оқушыларына  әр  түрлі 



деңгейдегі  физика  олимпиадасы  кезінде  берілетін  қиындатылған  есептер  [1].  

Мектеп  физика  және  математика  курсының  стандарты  бойынша  білімді 

анықтауда  осы  есептердің  шешілуі  жеткілікті.  Есептердің  қиындығы  - 

ұсынылып отырған құбылысты «сезіне білу», түсіну және осы жағдайда оқыған 

заңдарының қайсысын қолдануға болатындығын анықтауда жатыр. Физикадан 

олимпиадада  кездесетін  есептерді  бірнеше  топтарға  бӛліп  кӛрсетуге  болады: 

формулаларды  қолдануға  арналған  есептер,  физикалық  мағынасы  мен 

заңдардың  қолданылуына  байланысты  есептер,  ешқандай  мәні  берілмеген 

есептер, құбылысты толығымен сезінуге арналған есептер.  Әртүрлі логикалық 

ой  операциялары  мен  іс-әрекеттің  түрлі  амалдарына  үйретуде  оқушылар 

бойында  ізденушілік,  тапқырлық  қабілеттері  қалыптасып,  физикалық 

түсініктердің  мазмұны  тереңдейді.  Есептердің  қолайлы  іріктеліп,  таңдалып 

алынуы  оқушыларды  әртүрлі  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар 

арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелейді, оқу материалын 

кӛзсіз  жаттап  алудан  сақтандырады,  физикалық  ситуацияларды    талдау 

біліктілігін  қалыптастырады  және  есептерді  шешудің  түрлі  амалдарын  

бойларына сіңіреді. 


297 

 

Есеп  шығару  –  оқу  үрдісінің  бӛліп  алуға  болмайтын  бір  бӛлігі  болып 



табылады.  Себебі,  ол  физикалық  ұғымдарды  қалыптастыруға  оқушылардың 

физикалық құбылыстарды ойлау қабілетін дамытуға, оны практикада қолданып 

білуге  үйретеді  [2].  Физикадан  олимпиада  есептерін  шығаруда  физика  пәні 

бойынша негізгі заңдарды білу, абстрактілі және логикалық ойлау, физикалық 

интуиция және математикалық білімнің болуы қажет болып табылады. 

Есептерді  шығаруда  келесідей  алгоритм  бойынша  жұмыс  жасаған 

тиімдірек:  

1) 


Есептің берілгенін белгілеп, кӛз алдына елестету.  

2) 


Физикалық ӛлшемдердің қысқартылған жазбасын кӛрсету.  

3) 


Есепте  берілген  жағдайларды  сызба,  сызбанұсқа,  сурет,  

түсіндірмелі үрдіс ретінде бейнелеу.  

4) 

Теңдеулер жүйесін жазу.  



5) 

Векторлық ұғымдар болса, салыстырмалы түрде скаляр теңдіктерді 

қолдану.  

6) 


Берілген  есептің  нәтижесін  ӛлшемдері  мен  ерекшелігіне  қарай 

болжамдап шешу.  

7) 

Жауапты  алу  мақсатында  керекті  болған  жағдайда  зерттеулер 



жүргізу.   

8) 


Барлық  ӛлшемдерді  халықаралық  бірліктер  жүйесіне  (ХБЖ) 

келтіру.  

9) 

Бірнеше формулалар мен теңдіктер келтіргенде, жалпы формуланы 



қорытып, шығара білу.  

Бір  есеп  бірнеше  әдіспен  шығарылуы  мүмкін.  Кейбір  есептердің 

шешімінде  белгілі  бір  физикалық  ӛлшемдер  ескерілмей  қалып  жатады.  Олар: 

үйкеліс  күші,  кері  итеруші  күші,  атмосфералық  қысым,  беттік  керілу  күші, 

сұйықтардың  тығыздығы.  Осындай  жағдайда,  есеп  толық  емес  мағынада 

қолданылуы  мүмкін.  Есепті  шешу  барысында  есепті  талдап,  жоғарыда 

кӛрсетілген  сызбанұсқаның  талаптарын  қатаң  қадағалауға,  есепте  берілмеген 

ӛлшемдерді  табамын  деп  уақытты  зая  кетірмеуге,  есептің  шешімі  бола 

алатындай  теңдеу  жүйелерін  және  теңдеулерді  қолдану  керектігіне  кӛңіл 

аудару  қажет.  Берілген  есепте  бірнеше  күштер  кездесетін  болса,  онда  оны 

шешу барысында энергияның және айналу сақталу заңын қолданған тиімді.  

Оқушылардың  олимпиадалық  есептерді  шығаруына  қажетті  теориялық 

және  практикалық  біліктіктерге  жасалған  талдаулар  негізінде  және  «…есепті 

шығару  нақты  ой  операцияларынсыз  мүмкін  еместігін»  ескере  отырып, 

теориялық  және  тәжірибелік  олимпиадалық  есептердің  шығарылуына  қажетті 

амалдарға тоқталайық. 

1. Горизонталь жазықтықта жатқан сабанның бір ұшында шегіртке отыр.

ұзындығы    және  m  массасы  бар  сабанның  екінші  ұшына  секіру  үшін 

шегірткенің минимал жылдамдығы неге тең? (Үйкелісті ескермесе де болады). 

Шегірткенің массасы m

0

 . 


 

298 

 

Берілгені:  



l  - сабан ұзындығы  

m – сабан массасы  

m



– шегіртке массасы  



 

Табу керек:  υ

(минимал 



жылдамдық) - ?  

 

Талдау мен шешім:  

1. 

Шегірткенің    вертикаль  қозғалысы  кезіндегі  жылдамдығы  υ



2

  ,  ал 


горизонталь қозғалысы кезіндегі жылдамдығы υ

1

 тең болсын.  



2. 

Шегіртке  секіргенде  сабан  υ  жылдамдығына  ие  болады.  Бұл 

Ньютонның ІІІ заңына сәйкес. 

3. 


Ӛзара әрекеттесетін денелердің сақталу заңы:  

1

0



m

m

 , бұдан  



m

m

1

0



;  

4. 


Шегірткенің  вертикаль  қозғалыс  кезіндегі  жылдамдығы  арқылы 

ұшу уақыты анықталады:  



g

g

g

t

2

2



2

2

 ;      



g

t

2

2



 ;  

Осы  уақыт  ішінде  шегіртке  сабанның  екінші  ұшына  ұшуы  тиіс.  Ендеше 

сабанға қатысты   

t

l

1

 ;      



g

l

2

1



2

 ;    


g

m

m

l

2

0



2

 ;    


m

m

g

l

0

1



2

1

2



 ;     

     Бұдан,                        



m

m

g

l

0

2



1

1

2



  ;   

5. 


Пифагор теоремасы бойынша шегіртке жылдамдығы:  

2

2



2

1

0



 ,  ал  

2

1



 болса, жылдамдық минимал болады, сонда     

 

;



2

2

1



0

 

 



0

0

0



0

1

1



2

2

m



m

m

g

l

m

m

g

l

m

m

g

l

 ;   


299 

 

Жауабы:  

0

0

m



m

m

g

l

 ;   


Ӛлшем бірлігі:  

с

м

с

м

кг

кг

с

м

м

2

2



2

0

 . 

Тәжірибелік  есептердің  шешуі  оның  тапсырмасының  орындалуының 

теориялық  дәлелдеуін,  оның  шешуінің  әдісін  таңдайды,  ӛлшемдер  жүргізіу 

процесін,  қателіктер  бағалауын  жәнне  алынған  нәтиженің  талдауын 

қарастырады.  Олимпиадаға  қатысушы  оқушы  тек  қана  нәтижені  қалай  алуды 

түсіндіріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  ӛлшемдердің,  сол  сияқты 

қорытындының да қателігін бағалап, нақты түрде алу керек.     




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет