70
70
2.
Түйсіктердің физиологиялық негіздері. Түйсік заттың сезім мүшелеріне әсер еткен
кезінде ғана пайда болады.
Сезім мүшелері дененің шет аймақтары мен ішкі мүшелерімізде орналасқан.Сезгіш
нервтердің үштары әр сезім мүшесінің басты бөлігі болып табылады.Ол рецептор деп
аталады. Көз, құлақ тәрізді сезім мүшелері ондаған рецепторлық үштықты біріктіреді.
Тітіркендіргіштердің рецепторға әсер етуі сезгіш нерв арқылы үлкен ми сыңары
қыртысының
белгілі бір бөліміне баратын нервтік импульстің пайда болуына әкеледі.
Түйсіктердің физиологиялық негізін жан
-
жақты дәлелдеген И.П.Павлов болды. Оның нерв
қызметі
туралы ілімі түйсіктерінің пайда болуын анализатор
деп аталатын анатомиялық
-
физиологиялық нерв аппараттарының
жүмысына байланысты түсіндіріледі.
Адамдар мен
жануарларда көптеген анализаторлар бар.Олар үш бөліктен күралады:
І.Сезім мүшесі (рецептор).
2.Миға баратын нерв талшықтары.
3. Мидағы түрлі нерв орталықтары.
Бұл анализаторлар бірімен
-
бірі тығыз байланысты,
бірінің жүмысын екіншісі басқаруға да
қабілетті
.
3.
Түйсіктердің негізгі заңдылықтарына жататындар:
1.
Сезгіштік пен талдырық.
2.
Адаптация.
3.
Сенсибилизация.
4.
Синестезия.
5.
Түйсіктердің өзара байланысы.
6.
Бір ізді образдар.
Сезгіштік
деп
-
адамның түйсіне алу қабілетін айтамыз. Сезгіштікті: 1) абсолюттік , 2)
айырма деп екіге бөлінеді.
Абсолюттік
сезгіштік деп
-
сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне
алуы. Мысалы, біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін салмақты үш граммнан
бастап сезетін болса, екінші біреу алты граммннан бастап сезеді.Бұдан соңғы адамның
түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді.
Егер тітіркендірудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, онда түйсік пайда
болмайды. Мысалы, адам денесіне
қонған шаңды сезе алмайды, қүлақ әлсіз дыбыстарды
естімейді.
Айырма
сезгіштік деп
-
сезім мүшелерінің тітіркендіргіштерінің арасындағы
болмашы айырмашылықтарды түйсіне алуын айтады. Мысалы, егер алақанға 100 гр. салмақ
салып , оған тағы 1 гр. қосса салмақтың арқаны білінбейді.Оны айыра білу үшін 3
-
4 гр.
керек.
Адаптация(лат. икемделу).
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргештерге біртіндеп бейімделуін
айтамыз. Көру, тері иіс түйсіктері де адаптація болады. Иіс түйсігінде адаптація түрліше
көрінеді.
Мысалы: камфараның иісі 1
-
2 м сезілмейтін болса, горшица мен нашатир спиртінің иісіне
адаптациялау тез барады.
Сенсибилизация
(лат. сезгіш).
Сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс болып табылады. Мысалы: қызыл түс басқа
түстерді (ақ, қара, т.б.) жақсы ажыратуға көмектеседі. Түнгі ұшуға дайн кезінде
ұшқыштардың
көздеріне 20
-
30 м бойына қызыл көзілдірік киетіндігі сондықтан.
Түйсіктердің
өзара байланысы
–
бұл қарама
-
қарсылық
(контраст) құбылысы. Мысалы:
дәм түйсігі көру түйсігін
арттырады, тұз ерітіндісін ішкен соң, қарасудың өзі тәтті сияқты
болып көрінеді.
Синестезия (грек қосарласқан)
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуіне ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте
басқа түйсіктердің пайда болуына жағдайц жасайды. Мысалы:
біреудің сөзінен екінші біреу
түрлі дәмдер мен түстерді сезінуі.
71
71
Бір ізді образдар.
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да түйсіктің өз күшінде
қалатын
кездерін бір ізді образ дар деп. атайды. Бұлар көру, есіту, иіс, дәм, дактиль
түйсіктерінде жиі кездеседі. Мысалы: адам 2
-
3 сек. Бойы көз алмай
шамға қарап отырып,
содан кейін көзін жұмса жарықтың ізін айқын көре алады. Бір ізді образдардың бұл түрі
он
бір ізді образдар
деп. аталады.
Қолымызға
екі парақ ақ қағаз Альп, бірін ақ күйінде қалдырып екеуінің ортасына
шаршылап қиылған қызыл қағаз жапсырып, осы қызыл қығызға көз алмай 20
-
30сек. Арап
отырып, көзімізді сәл ақ қағазға аударсақ, оның бетінен көгілдір түсті көруге болады. Бұл
теріс бір ізді образдар
деп
аталады.
Достарыңызбен бөлісу: