Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет68/114
Дата29.07.2024
өлшемі1,59 Mb.
#203652
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114
Байланысты:
Ташкенбаева Жалпы психология

Баќылау с±раќтары:
 
1.Түйсік дегеніміз не.
2.Түйсіктің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ілімі қалай түсіндіреді.
3.Адам түйсіктерінің табиғатын идеалистер қалай бұрмалайды.
4.Түйсікті материалистік тұрғыдан қалай түсіндіруге болады.
5.Сезгіштік пен табалдырық дегеніміз не.
6.Адаптация және сенсибилизация дегеніміз не.
7.Түйсіктердің өзара байланысы қалай.
8.Синестезия дегеніміз не.
9.Бір ізді образдар дегеніміз не.
 
20-
лекция 
 
 
 
Таќырыбы: 
Түйсіктердің түрлері
 
Жоспары: 
 
1.
Экстероцептор туралы түсінік.
2.
Интероцептор туралы түсінік.
3.
Проприоцептор туралы түсінік
Лекция маќсаты: 
Студенттерді түйсіну процесімен, олардың физиологиялық негіздерімен, 
түйсіну процесінің негізгі ерекшеліктерімен, түйсіктердің түрлерімен, “үш түсті 
көру”теориясымен, есту түйсігінің ерекшеліктерімен,иіс, дәм түйсіктерінің бір

бірінен 
айырмашылықтарымен таныстыру.
 
Лекция мєтіні
:
1. 
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөледі.
1.
Сырқы 
дүниедегі 
заттар 
мен 
қүбылыстардың 
жеке 
қасиеттерінің
бейнесі болып табылатын түйсіктер. Бұлардың рецепторлары
дененің 
бетінде, 
не 
оған 
жақын 
орналасқан. 
Осындай 
сыртқы
анализатордың 
рецепторларын 
экстероцептор
деп 
атайды. 
Бүған
көру, есіту, дәм, иіс, тері түйсіктері жатады.
2.
Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін түйсіктерге түрлі
органикалық түйсіктер жатады. Олардың рецепторларын
интероцептор
деп атайды.
3.
Дене мүшелерінің қозғалысы мен бір қалыпты орналасуын
қозғалыс
немесе 
кинестезиялық 
түйсіктер
хабарлап 
отырады. 
Бұл
проприоцептор
деп аталады.
Көру түйсіктері.
Көру
түйсігіне негізінен адамның көзі жатады.Адамның көзі негізгі 4 түрлі көрінісін 
ажыратады:
1.
Заттың қалпын .
2.
Заттың кеңістіктегі орны, түсі.


72 
72 
3.
Жарықтың қуаты.
Бұның бәрін көздегі
2 аппарат ажыратады:
1.
Колба (шақша)
2.
Таяқша
Колба аппараты көздің ортасында орналасқан, таяқша көздің шетіне орналасқан. Колба 
аппаратының саны орта есеппен алғанда 7000000, таяқша аппартының саны 130000000. 
Орта есеппен алғанда көздің үлкен
-
кішілігіне байланысты.
Колба аппараттары күндіз көрудің , таяқша қараңғы кезде көрудің аппараттары.Бұл 2 
аппарат заттардың түсінде ажыратады. Түстер хроматикалық,
яғни бояулы (қызыл, қошқыл 
сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық,
яғни бояусыз (ақ, қара және барлық сүр 
түстер) болып 2
-
ге бөлінеді.
Көру мүшесі 

көз. Оның негізгі бөлімі көз алмасы. Көз алмасы 3 түрлі қабықпен (ақ 
түсті, тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе. Ақ қабықтың түсі пісірілген 
жүмыртқаның ағына үқсас. Мұның алдыңғы жағы дөңестелген түссіз мөлдір қасаң қабыққа 
айналады.Мөлдір қасаң қабық арқылы көз алмасының ішіне жарық сәулесі енеді.
Тамырлы қабық ақ қабықтың астында жатады.Қасаң қабықтың артқы жағы, тамырлы. 
Қабықтың
алдыңғы бөлігі нұрлы
қабық
деп аталады. Көздің түсі осы нүрлы қабықтағы 
пигментке байланысты түрліше болып келеді. Нүрлы қабықтың ортасында қарашық 
орналасқан. Ең ішкі 3
-
ші қабықты торлы қабық
дейді. Мүнда жарық сәулесінің сезімтал 
таяқшасы таяқша мен шақшаның фоторецепторы орналасқан.
Есіту туйсіктері.
Еспу мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері 

дыбыс толқындары.Ауа
бөлшектерінің тербелістері тербелудің жиілігі, амплитудасы (құлашы) және 
тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған орай есіту түйсіктерінің үш жағы болады. 
Олар:
1.
дыбыстың жоғарлығы. Яғни
2.
дыбыстың қаттылығы. Яғни
3.
тембрі. Яғни
а)
бұл тербелу жиілілігінің сәулеленуі.
ә) бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі.
б)
бұл тербеліс түрінің сәулеленуі.
Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (1 секунда 
өтетін
ауаның толқыны )
Ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын (толқындарды ) 
тербелістерді құлақ шала алмайды. Өйткені, бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар, 16 
герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін 
инфрадыбыстар деп атайды. Дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын 
дыбыстар) және шулар (сан алуан, сықыр 

тықыр, тарсыл 

гүрсіл т. б) болып бөлінеді. 
Есіту мүшесі 
-
қүлақ
3 бөлімнен тұрады:
1.
сыртқы
2.
ортаңғы
3.
ішкі қүлақтан түрады.
Иіс түйсіктері.
Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың 
әсер
етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді 
сезгіш клеткалары бар. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б). Иіс 
түйсіктері адамның түрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Түрлі иістердің 
табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады. Иіс түйсіктері адамның 
көңіл
күйіне жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыру мүмкін.
Дәм туйсіктері
Дәмді ажырататын мүше 

тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп 
төртке бөледі. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған 4 түрін түрліше сезеді. 


73 
73 
Мәселен, тәтті дәмді 

тілдің үшы, ащыны 

тілдің түбі, қышқылды 

тілдің екі жақ шеті, 
түзды 

тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің арасына салса 
адам көпке дейін оның дәміін ажырата алмайды, өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің 
ортасында болмайды. 
Тері туйсіктері.
Тері түйсігінің рецепторы 

денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, 
сондай
-
ақ тілдің, мүрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсітерінің өзі бірнешеге 
бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым,
дуыл түйсіктері, емпература (жылыны, 
салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырғанды білдіретін түйсіктер, тері түйсігі 
рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 
мыңнан асып жатады. Терінің алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, денеге заттың 
тигенін тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін: 
арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін: саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып 
тұратын жерлері де ыстық пе суықты өте сезгіш келеді.
Сипай сезу түйсіктері.
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі 
-
сипай сезу 
(осязание) түйсігі. Мұның 2 түрі бар. Біріншісі 

пассив сипай сезу. Бұған тері түйсігі 
түгелдей кіреді, Екіншісі 

актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс 
түйсіктерінің үштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның 
қолында
(саусақ, алақан) орналаскан.
2. 
Органикалык түйсіктер.
Түйсіктердің екінші тобына 

органикалық түйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі 
мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т.б.) орналасқан. 
Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т.б. 
осындай жағдайларда болатын сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, дені 
сау
кезінде немесе іс
-
әрекет
үстінде
түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді.
3. 
Кинестезиялык түйсіктер.
Кинестезиялық түйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын 
білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Онын 
рецепторлары 

ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің үштары,
Тең басу түйсіктері.
Мүндай түйсіктерді статикалық түйсіктері деп те атайды. Статикалық түйсіктердің
рецепторлары ішкі қүлақтағы вестибулярлық аппаратта орналасқан. Статикалық түйсік

бастың қозғалысын, бастың кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын 
бейнелейді.
Вибрациялык түйсіктер.
Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқыуын бүкіл өн бойымызбен 
сезінген кезде пайда болады. Негзгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар 
көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   114




©engime.org 2025
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет