74
74
Таќырыбы:
Қабылдау
Жоспары:
1.
Қабылдау
туралы жалпы түсінік.
2.
Қабылдаудың
физиологиялық негіздері.
3.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктері.
Лекция маќсаты:
Студенттерді қабылдау туралы ұғыммен,
қабылдаудың негізгі
ерекшеліктерімен, қабылдаудың физиологиялық негіздерімен,
адамның бойындағы байқау және байқағыштық қасиеттермен, байқаудың оқыту
процесіндегі
дамуымен, қабылдау саласындағы дара айырмашылықтармен ,
қалыптасуымен
таныстыру.
Лекция мєтіні
:
1.
Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттері мен
сапаларының
миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен кұбылыстардың мида
тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Қабылдауда
заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы т.б.
қасиеттері
жатады. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мүнда біздің аналозаторымызға
оның қызыл түсі, хош иісі, тәтті дәмі т.б. осындай қасиеттері, бір
мезгілде әсер етеді де,
миымызда түтас зат күйінде бейне пайда болады. Қабылдау процесінде адамның өткендегі
тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сырқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.
Кісі бүлардың бәрін бірдей дүрыс қабылдай алмайды немесе үлгермейді. Егер бала өмір
бойы поезды көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды.Адамның сыртқы дүниенің
заттары мен қүбылыстарын қабылдауы селқос үңілу емес, белсенді қабылдау.
Белсенді
қабылдау
ғана
дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.
2.
Қабылдау
ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі.
Қабылдаудың
физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен
олардың қарым
-
қатынасында
пайда болатын уақытша нерв байланыстары жатады. Мүны
И.П. Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас
рефлексінің жасалуы заттың түрі, түсі, мөлшеріне қарамай
-
ақ оның түлғасын
тануға
мүмкіндік береді.
Сөйтіп қабылдау
-
түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес,
бірнеше
анализатордың бірлесіп қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен киноны көру екі
анализатордың /көру, есту/ өзара байланысып жүмыс істеуінен болады.
3.
Қабылдаудың
негізгі ерекшеліктері.
Қабылдаудың
түтастығы. Қабылдаудың обьектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке
бөліктерден түрғанымен , біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей
-
кезде бүрынғы тәжірибемізде үшыраған кейбір обьектілердің жеке бөліктері, шет
жағасы, үзінділері ғана қабылданса да, бүларды түтас зат формасында қабылдаймыз. Егер
"Дударай" операсындағы
Мариям әнінің басталуын ғана
қүлағымыз
шалса, осы әннің
мазмүнын түтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктіні де жеке ноқат
ретінде қабылдамайды. Мұны үш бұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өткені,
қабылдаудағы
жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін қурайды.
Достарыңызбен бөлісу: